Альманах Сто лиц столицы



жүктеу 69.2 Kb.
Дата25.10.2017
өлшемі69.2 Kb.

Альманах Сто лиц столицы. – 2011. - №1. – С.13-14

Ерсінғазықызы Н.


Көшбасшы білім ордасы

Бұлашев Айтбай Қабыкешұлы - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор. Ақмола облысының тумасы. Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген.

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыдан көрініп келді және мемлекеттің экономикалық әрі қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып, жоғары сатыдан көріне бермек. Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы мал шаруашылығының дамуына да ерекше әсер етеді. Ауыл экономикасын кетеру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы ресурстарымен бекітілген агроөнеркәсіптік кешенмен қатар ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданған.

Міне, жарты ғасырдан астам уақыт бойы елімізді ауылшаруашылық мамандарымен қамтамасыз етіп отырған Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін тілімізге тиек етпекпіз. Өмірі мен қызметі бір арнаға тоғысқан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетітің ректоры Айтбай Қабыкешұлымен оқырманды жақын таныстыра кеткенді жөн көрдік.

Бұлашев Айтбай Қабыкешұлының балалық шағы Шінет ауылында өтеді. Бастауыш мектепті тәмамдаған соң, көрші орналасқан Ағанас ауылындағы 8 жылдық мектепке қысы-жазы жүк машинасымен қатынап оқуын жалғастырады. Ол заманда қазақ мектептері саусақпен санарлықтай болғандықтан, жастар Шалқар, Киров совхоздарындағы және 1907 жылы Целиноград қаласында ашылған жалғыз қазақ мектептерінде ғана білім алатын. Айтбай Қабыкешұлы жеті бала тәрбиелеп өсірген үлкен отбасынан шыққаң үйдің түңғышы. Сөйтіп, ата-анасы ұлдарын қаладаға оқуға жібереді. 1973 жылы 16 жасында Целиноград ауылшаруашылығы институтына оқуға түседі. Ауылда мал бағып өскен баланың таңдауы да мал дәрігері мамандығына түскендігі аса ешкімді таңқалдыра қоймады. «Бұл мамандықты «адамзат дәрігері» деп те атайды, қай заманда болмасын өте тапшы мамандық болып отыр. Ал дамыған батыс елдерінде мәртебесі бойынша бес мамандық қатарына енген. Бұл мамандық бойынша білім алу ете қиын, сондықтан да болар төрт жылдық бакалавриат жоғары медициналық және ветеринарлық білім алу стандартына кірмейді, бүкіл дүниежүзі бойынша бұл маман иелерін 5-7 жыл оқытады», - дейді Айтбай Қабыкешұлы.



Айтбай Қабыкешұлы қатардағы оқытушыдан университет ректоры лауазымына дейінгі өмір мектебінен өтеді. 1978 жылы оқуды үздік дипломмен тәмамдап, ғылым жолына түседі. Ассистент болып жүргенінде әскер қатарына шақырылады, қайтып оралған соң аспирантурада білімін жалғастыра түседі. Кандидаттық диссертациясын Н.Э. Бауман атындағы Қазан ветеринарлық институтының кеңесінде қорғап шығады. Кейін Мәскеудегі атақты М.М.Шемякин атындағы Биоорганикалық химия институтында ғылыми жұмыспен айналысады. Кеңес Одағындағы АШМ-ның он айлық ағылшын тілі курсын бітіріп, АҚШ-дағы АШМ-ның Жануарлар ауруларының ұлттық институтында (Эймс қ., Айова штаты) тағылымдамадан өтеді. Институтқа қайтып келген соң доцент, зертхана меңгерушісі, биотехникалық орталығының бөлімше меңгерушісі болып, 1993 жылы Айтбай Қабыкешұлы ғылыми жүмыстар бойынша проректор болып тағайындалады. Осы кезде докторлық диссертация қорғап, профессорлық ғылыми атаққа ие болады. Ад 2004 жылы конкурс негізінде университет ректоры болып сайланады. Кейінгі жылдары астанамыздың қоғамдық-саяси мәселелерінің оңтайлы шешілуіне де қалалық мәслихаттың депутаты ретінде атсалысып жүр. Астана мәртебесі қаламыздың тұңғыш жоғары оқу орны болып саналатын унивеситет ректорына үлкен жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз. «Ежелгі білім ордасы өзіне тән ұрпақтар сабақтастығын, жоғары ғылыми әлеуетін, сапалы білім беру ісін сақтап қана қоймай, бүл дәстүрлерімізді заман талабына сай икемдеп, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда астанамызға лайық болуы керек» дейді сөз кезегінде. Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, аясы тар бағытта емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 50 мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыс, қала және аудан әкімдері, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, ірі кәсіпорындар мен агроқүрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар. Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшыларының бірегейі болып саналады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштіктің қатарында. «Аграрлық менеджмент» атты Қазақстан-Алмания магистратурасы, қазақ-қытай білім және ғылым орталығы жүмыс істейді. Қытай, Моңғолия, Ресей, Украина, Молдавия, Грузия, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Армения, Өзбекстанның студенттері білім алуда. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді конкурстық іріктеуге оқытушылар мен студенттер белсене қатысады. Жыл сайын университет жанында салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптармен алмасу бойынша АҚШ, Канада, Филиппин, Англия және Голландия студенттерінің қатысуымен жазғы мәдени-лингвистикалық бағдарлама жұмыс істейді. Университет оқу үдерісінде дәстүрлі академиялық процесс пен еңбек нарығының шынайы сүранысы есебімен оқытудың жаңа технологиялары мен жаңа оқу пәндерін енгізу мәселесін сәйкестендіріп, білім берудің көп деңгейлі үлгісін іске асырады. Университеі білім мен ғылымды органикалық байланыстыруға баса назар аударылады. Аталмыш оқу орны біз республикамыздың ауыл шаруашылығы ғылымдарын жетекші орталықтарының бірі болып есептеледі. Мұнда түрлі нысандағы, бағыттағы тәрбие жұмысы жүргізіледі. Білім ордасында студенттердің қоғамдық жұмы үйлестіруші болып табылатын жастар ісі жөнін комитет құрылған. Қоғамдық кәсіптер факультеті жұмыс істейді, оның бөлімшелерінде жыл сайын 600-ден астам студент өздерінің рухани құндылықтарын байыта түседі. «Студенттік кектем» республикалық фестивалі жүлдегері, қалалық музыкалық КТК фестивальдері бірнеше дүркін жеңімпазы, Астана әкімі кубогінің иегері «Аграрка сарбаздары» КТК командасы университет мақтанышы. Халықаралық «Шабыт» конкурсының лауреаты. Университетте спорттық клуб жұмыс істейді, оның құрамында спорттың 15 түрінен секция бар : қазақша күрес, кір кетеру, қол күресі, баскетбол, футбол, волейбол, үстел теннисі. Жыл сайын студенттер түрлі спорттық шараларға қатысады. Университеттің құрама командасы Астана қаласының жоғары оқу орында арасындағы спартакиаданың жеңімпазы. Баскетбол командасы 2005 жылдан бері универсиада Қазақстан Республикасының чемпионы болып табылады. «Қазақ халқы ежелден мал өсірумен айналысқан және оның қыры мен сырын жетік меңгерген. Тұрмысы мен мәдениетін де сол төрт түлікке орай сәйкестендіре білген. Сондықтан халықтың әл-ауқаты да, тұрмыстық өмірі де мал өсіруге байланысты болған. Олардың қаражаты да, қатынас-көлігі де, киім-кешегі де, тағамдары да осы мал мен оның өнімдеріне сәйкес, ыңғайлас келеді. Қазақстан біріншіден аграрлы ел, атам қазақ малмен күн көрген. Ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал біздің негізгі күн көрісіміз, ұлттық мақтанышымыз. Небір ұлы данышпандарымыз ауылдан шыққаң, сол себепті де қазақ баласы ауылды мәпелеп «Ауылым-алтын бесігім» деп, Елбасымыз ауылшаруашылығына, агроөнеркәсібіне баса назар аударып, әрқашан қолдау көрсетіп отыратыны қуантады», - дейді менің кейіпкерім. Жалпы алғанда, ректоратта қызмет етіп жүргеніне он жеті жыл, ал оның ішінде он бір жылын ғылыми жұмыстар мен халықаралық байланыстар жөніндегі проректорлық қызметке арнапты. Елімізге белгілі университет ректорына жүктеліп, талап етілетін шаруалар да ауқымды. Айтбай Қабыкешұлы - білікті, тәжірибелі басшы. Жоғары оқу орнының жұмын сауатты да дұрыс жоспарлай білетін іскер ұйымдастырушы. Бір жеңнен қол, бір жағадан шығарып, үйлесімді жүмыс жасайтын үлкен ұжымның жемісті еңбек етуі, алға қойылған мақсатқа қол жеткізуі, кадр саясатының ұтымды жүргізілуі, менеджменттің үнемі жетілдірілуі, жеке құрамның қабілет-қарымын арттыруы, осының бәрі Айтбай Қабыкешұлының көреген басшы, талантты ғалым ретіндегі парасат пайымының биіктігінің нәтижесі деп айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет