Алға ауданының 2017 жылдың 1-тоқсаны бойынша әлеуметтiк — экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндама



жүктеу 196.64 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі196.64 Kb.
түріҚұрамы

Алға ауданының 2017 жылдың 1-тоқсаны бойынша әлеуметтiк — экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндама


2017 жылдың 1 - тоқсаны ауданның макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуімен сипатталып отыр.
Аудан халқының саны ағымдағы жылдың 1 сәуіріне шұғыл мәліметтер бойынша 40397 адамды құрады.

Бүгінгі таңда ауданның 31 елді мекенінің барлығы Ақтөбе агломерациясының құрамына енгізілді.


Салық саясаты

2017 жылдың 3 айына жоспарланған аудандық бюджетке түсетін салық көлемі 191,4 млн.теңгені құрайды деп жоспарланып, тоқсанның қорытындысы бойынша 237,3 млн.теңге көлемінде түсім түсті, немесе жоспар 124,0 пайызға орындалды.

Ағымдағы жылдың 1-сәуіріне ауданға тартылған инвестиция 2016 жылғы көлемінен 195,1 пайыз артқан немесе 635,9 млн.теңгені құрады.
Өнеркәсіп

2017 жылдың 3 айына өнеркәсіп өнімінің көлемі 2387,9 млн.теңгені құрады /2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119,2 пайыз/.

Бұл салада 2017 жылы «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасына 1 жоба енгізіледі «КазЦКУБ Нитрохим» ЖШС-нің «Эмульсиялық жарылғыш заттар өндіру цехының құрылысы» жобасы. Жобаның кұны 2500 млн.тенге, жобаның қуаттылығы жылына 5000 тонна жарылғыш заттар шығару. Ашылатын жұмыс орны - 25. Жоба 2017 жылы шілде айында іске қосылады деп жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы

Бұл салада «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы тиімді жүзеге асырылып, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізуде.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 айда 3149,3 млн.теңгені құрады (2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,0 пайыз).

Мал мен құс та қарқынды өсуде. Өткен жылмен салыстырғанда ірі- қара -37160 бас (121,5 пайыз); қой мен ешкі – 75192 бас ; жылқы- 5898 (110,4 пайыз) ; түйе- 104 бас (100 пайыз); шошқа – 36240 бас (101,1 пайыз); құстар – 181389 (102,2 пайыз) артқан.

Мал шаруашылық өнімдері де өткен жылмен салыстырғанда көп өндірілген. Есепті кезеңге 5 мың тонна ет (118,7 пайыз), сүт 3,0 мың тонна (100,5 пайыз), жұмыртқа 0,7 млн.дана (100,0 пайыз).

Ауданда ет өндіру бойынша 4 ауылшаруашылық тауар өндірушілері жұмыс жасайды («Актеп» ЖШС, «Парижская коммуна» ЖШС, «Аққұс» құс фабрикасы, «Реймкул» ш/қ).

«Актеп» ЖШС қазіргі таңда 7953 бас ірі қара өсірілуде.1 сәуірге өндірген ет көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 174,1 пайызға артып, 1138,3 тоннаны құрады.

«Парижская коммуна» ЖШСнде 35900 бас шошқа бар, 1 тоқсанда 2307,1 тонна ет өндірген (100,0 пайыз).

«Аққұс» құс фабрикасында 557,3 тонна құс еті өндірілді (150,2 пайыз).

«Реймкул» ш/қ 1444 бас ірі қара, 322 бас жылқы өсірілуде, 1 сәуірге дейін өндірілген ет көлемі 155,4 тоннаны құрады (121,7 пайыз).

Асыл тұқымды мал басын арттыру бағытында ауданда «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» секілді ауыл шаруашылық бағдарламалары іске асырылуда. Ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 200 бас аналық ірі қара , «Алтын асық» бойынша 270 бас қой, «Құлан» бойынша 40 бас жылқы сатып алу жоспарланып отыр.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда:



  1. «Орандж» ЖШС Маржанбұлақ а/о 31,3 гектарға жылыжай кешенін салуда. 2019 жылы іске қосылады;

  2. «Маржанбұлақ – А» ЖШС ешкі сүтін өндіру цехының құрылысы. Ағымдағы жылы іске қосылады деп күтілуде;

  3. «Айтпаев» ЖК сүт-тауарлы ферма құрылысын салуда. Осы жылы іске қосуды жоспарлайды.

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысына тоқталатын болсақ:

Ағымдағы жылы барлығы 61,8 мың га алқапқа көктемгі далалық жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 15,0 мың га арпа, 1000га тары, 500 га сұлы, 1250 га күздік дақылдар, 100 га дәнді бұршақ, 4,5 мың га майлы дақыл. Сонымен қатар, 30 мың га мал азықтық екпе шөптер, 560 га картоп, 540 га көкөніс, 273 га бақша өнімдерін отырғызу жоспарланды.

7 ауыл шаруашылық құрылымдары 272 тн азот-фосфорлы кешенді минералды тыңайтқыштар сатып алуға сұраныс берді, қазіргі таңда 3000 тн органикалық тыңайтқыштар шығарылса, ерте көктемде қосымша 4-5 мың тн шығарылатын болады.

Егілетін тұқымдар бойынша, 1 сәуірге дейін 4462 тонна ауылшаруашылық дақылдарының тұқымы, оның ішінде бидай 935 тонна, арпа 1575 тонна, тары -20 тонна, сұлы 50 тонна, майлы дақылдан 22,5 тонна, мал азығы дақылдарынан 394,0 тонна бір жылдық шөп және 1800 тн картоп тұқымы дайындалып құйылды.

Жетіспей тұрған 100 га бұршақ дақылына 16 тн тұқым «Энергия» ш/ бұршақ дақылын егуге тұқымын Ресейдің Орынбор облысынан сатып алуға келісім шарт жасалып сәуір айында тасылатынын хабарлайды.

Аудан бойынша 3105 га суармалы егіс алқабы бар. 2016 жылы 2779 га пайдаланылды. Қазіргі таңда Бестамақ а/о ауданның жер қорына тиесілі қосалқы 300 га суармалы жерлерді қалпына келтіру мақсатында, Ақтөбе су қоймасынан су тартуға ЖСҚ дайындалды.Осы 300 га және қосымша 26 га суармалы жерлерге мал азықтық дақыл, картоп, көкөніс, бақша өнімдері отырғызылатын болады. Ағымдағы жылы есепте тұрған 3105 га суармалы жердің барлығы 100 пайыз қолданылып, толық игеріледі деп күтілуде.

Көктемгі далалық жұмыстарына қажетті 748 тонна жағармай алуға ауыл шаруашылық құрылымдарының тізімі жасалып, облыстық басқармаға жіберілді. Қазіргі таңда 155 тонна жанармай алуға келісім шарт жасалып, 76 тоннасы тасылып алынды.

Егін жұмыстарына ауылшаруашылық техникаларының 60-70 пайызы дайын. Қалғандарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Көктемгі далалық жұмыстарына несиелік қаржы алуға (48,0 млн.теңге) 6 шаруашылықтан өтінім түсті. Бұл Алға – Несие серіктестігі арқылы жүзеге асырылатын болады.
Шағын және орта бизнес

Шағын және орта бизнесте 2017 жылдың 1 сәуіріне 1881 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның ішінде: заңды тұлғалар саны - 188, жеке кәсіпкерлер - 1139, шаруа кожалықтар – 554. Оның ішінде: жұмыс жасап тұрғандар саны 1740 бірлік, заңды тұлғалар – 152. Жеке кәсіпкерлер – 1059, шаруа қожалықтары – 529 бірлікті құрады. Немесе жұмыс жасап тұрғандардың үлесі 92,5 пайыз.

2017 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша өтініштер түскен жоқ.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның Алға ауданына инвестиция тарту, бизнес инкубатор құру мәселелері бойынша семинар өткізілді. Аталған шараға Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, облыстық кәсіпкерлік басқармасы, облыстық ауылшаруашылық басқармасы, «Аумақтық орталық «Мемлекеттік жеке серіктестік»ЖШС өкілдері қатысты;

Ақпан айында Алға қаласы және 12 ауылдық округтарда кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды тұрғындарға түсіндіру мақсатында дөңгелек үстелдер өткізілді.

Наурыз айында 8-Наурыз халықаралық Әйелдер мерекесі қарсаңында ауданның кәсіпкер әйелдеріне мерекелік шара ұйымдастырылды.

Бағаны тұрақтандыру бойынша:

Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтерудің бір бағыты тұрғын халықты азық- түлікпен қамтамасыз ету және оның бағасын тиімді түрде тұрақты ұстау болып табылады. Тұтыну нарығында бағаны тұрақтандыру бойынша облыстық штабтың хаттамаларында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында, Алға ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылған тұрақты әрекет етуші аудандық штабтың ағымдағы жылы 6 отырысы өткізілді. Штабтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес қала және селолық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, бағаны тұрақтандыру мақсатында жыл басынан 4 жәрмеңке өткізіліп, онда 1,3 тонна сүт өнімдері, 4,0 тонна ет өнімдері 5,4 млн.теңгеге сатылды. Мұндағы ет және сүт өнімдерінің бағасы нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен.

Ауданда халыққа қызмет көрсететін 160 азық түлік дүкені жұмыс істейді. Оның ішінде Алға қаласы бойынша 75 азық-түлік дүкені бар. Яғни сауда саттықта бәсекелестік болуына байланысты, бағаны тұрақтандыру мүмкіншілігі артады.

Негізгі азық-түлік тауарларына 10 пайыздан артық үстем ақы қоспауы жөнінде аудандағы 100 сауда дүкендерімен меморандумдарға қол қойылды. Оның ішінде Алға қаласы бойынша 42, селолық округтер бойынша 58. Меморандум шарттарының орындалуы ұдайы бақылануда.

Ауданда 2 жанар- жағар май және 4 газ құю стансалары жұмыс жасайды. Жанар- жағар майдың және газ бағалары тұрақты.

Алға қаласында 4 әлеуметтік дүкен ашылып, жұмыс жасауда.

Жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын халыққа таныстыру мақсатында қала тұрғындары мен кәсіпкерлердің қатысуымен, ағымдағы жылдың 3- ақпанда « Дружба» сауда үйінде «Тәттіқұмар» кондитерлік цехының өнімдеріне промо-акция өткізілді.

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында «Қазақстанда жасалған» акция логотипінің 255 данасы 85 дүкенде орналастырылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2017 жылы 709,8 млн.теңгеге несие алуға 143 адам ниет білдіріп, өтініш тапсырды.
Көгалдандыру және абаттандыру бойынша

Ағымдағы жылдың 15 наурызында Алға ауданы әкімдігінің ауданның елді мекендерін көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі үш айлық өткізу бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілді. Ауданның әр елді мекені бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жауапты тұлғалар белгіленді. Аудан бойынша үш айлықты өткізу 2017 жылдың 15 наурызы мен 15 маусымы аралығына жоспарланды.



2016 жылы егілген ағаш көшеттеріне түгендеу жүргізіліп, көктемей қалған көшеттердің орны толтыру жоспарлануда. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 22 сәуірінде біркүндік «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу» ақциясын өткізу жоспарлануда.
Инфрақұрылымды дамыту

Инфрақұрылымды дамытуда ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша аудандағы 31 елді мекеннің 16-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған немесе 89,2% құрайды. (Алға, Бестамақ, Есет батыр Көкіұлы, Тамды, Үшқұдық, Қарабұлақ, Амангелді, Қарақобда, Самбай, Қайнар, Сарықобда, Болгарка, Ақай, Маржанбұлақ, Бесқоспа және ст. Тоқмансай).

Биыл Алға қаласының сумен жабдықтау жүйесін кеңейтуге республикалық бюджеттен 332,7 млн.теңге және обл.бюджеттен 37,0 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда бір көзден сатып алу әдісімен «Информстройсервис» ЖШС шақыру жоспарлануда.



Бүгінгі таңда ауданның 31 елді мекенінің 15-і көгілдір отын пайдаланылуда, бұл жалпы халықтың (40397 адам) 88,3 % (35682адам) құрайды.

2016 жылы «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен жасалған меморандум негізінде 276,8 млн.теңгеге Үшқұдық ауылының жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Мердігер - «VR Group» ЖШС, газ құбырының жалпы ұзындығы 23,4 км-ді құрайды.

Бұдан басқа бір бағытта орналасқан Ақай, Көлтабан, Көктоғай (Голубиновка), Тікқайың (Ивановка), Қарақобда ауылдарының жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының құрылысына ЖСҚ даярланды. Жобаның жалпы құны 1 116,3 млрд.теңгені құрайды (Ақай, Көлтабан – 668,7 млн.тг, Көктоғай, Тікқайың, Қарақобда – 447,6 млн.тг). Аталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы қаражат көздерін қарастыруға облыстық бюджетке және меморандумға тапсырыс берілді.

Маржанбұлақ ауылының «Западный» жаңақұрылыс ауданының ауылішілікгаз құбырларының құрылысына ұлттық қордан 150 млн.теңге, обл.бюджеттен 10,0 млн.теңге бөлінді. Жұмыстар 2017-2018 жылдарға жоспарланды.

Қарақұдық ауылының инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысына ағымдағы жылы ұлттық қордан 200,0 млн.теңге, обл.бюджеттен 10 млн.теңге бөлінді. 2017-2018 жылдарға жоспарланды. Ашық конкурс жарияланып, «АктобеНефтеГазСтрой» ЖШС мердігер атанды.

Үшқұдық ауылының инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысына ағымдағы жылы ұлттық қордан 200,0 млн.теңге, обл.бюджеттен 10 млн.теңге бөлінді.
ЖСҚ дайындау бойынша келесі жобалар жүзеге асырылуда:

  • Үшқұдық ауылының тұрғын массивіне газ құбырлары желісін салуға2,6 млн.теңге бөлінді;

  • Бесқоспа ауылының тұрғын массивіне газ құбырлары желісін салуға2,6 млн.теңге бөлінді;

  • Алға қаласында (Подхоз ауд.)жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының құрылысына12,0 млн.теңге бөлініп, «Гипрогаз Актобе» ЖШС – мен келісім шарт жасалды.

Келесі жобларды мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен 4,0 млн.теңге бөлінді:

  • Қайыңдысай ауылының тұрғын массивіне газ құбырларын өткізуге 800,0 мың теңге бөлінді. Конкурс 30.04.2017 ж.жарияланатын болады.

  • Алға қаласының № 2 тұрғын массивін газбен жабдықтау құрылысы – 1200,0 мың теңге;

  • Алға қаласының № 2 тұрғын массивін электрмен жабдықтау құрылысына конкурс 29.04.2017 жылы ашылады.

  • Алға қаласының № 2 тұрғын массивін сумен жабдықтау құрылысына конурс 29.04.2017ж ашылады.

  • Қарақұдық ауылының жаңа құрылыс ауданын газбен жабдықтау құрылысына аудандық бюджеттен 2000,0 мың теңге бөлінді.

Электрмен жабдықтау Алға аудандық электр желілері учаскесі бойынша бүгінгі күнге барлығы 16,4 млн.теңгеге 13,5 км электр желілері, 298 тірек бағандары орнатылды.

Соның ішінде:

1. Көктоғай ауылы - 859 мың теңге: 2 км электр желілері, 20 электр тірек бағандары.

2. Бестамақ ауылы - 432 мың теңге: 700 метр электр желілері, 11 тірек бағандары.

3. Ерназар ауылы – 1,3 млн.теңге: 300 метр электр желілері, 12 тірек бағандары.

4. Құмсай ауылы – 5,3 млн.теңге: 500 метр электр желілері, 164 тірек бағандары,

5. ВЛ-35 кВ «Карабулак-Бессарабка» электр желісінің бойында 3,5 млн.теңгеге 30 дана тірек бағандары.

6. Есет батыр ауылы – 5,0 млн.теңге: 10 км электр желілері, 61 тірек бағандары ауыстырылды.

Биыл Алға қаласының (жаңақұрылыс ауданын) № 1 тұрғын массивін электрмен жабдықтау жобасын аяқтауға республикалық бюджеттен 37,7 млн.теңге, обл.бюджеттен 0,9 млн.теңге бөлініп игерілді. Нысан а.ж. 3 наурызында іске қосылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2017 жылы республикалық бюджеттен 17,7 млн.теңге бөлініп, ол қаражат 12 ауылдық округте абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, балалар ойын алаңдарын салу, мектеп пен балабақшаларды ағымдағы жөндеуден өткізу секілді бірқатар жұмыстарды атқаруға жұмсалмақ.

Ағымдағы жылы Самбай ауылына әкімшілік ғимарат салуға 24,4 млн.теңге қарастырылып, конкурс нәтижесінде «МБ Лашын» ЖШС мердігер атанды.

Бестамақ ауылына әкімшілік ғимарат құрылысына 23,6 млн.теңге бөлініп, конкурс жарияланды. «МБ Лашын» ЖШС мердігер атанды.
Жол

Алға ауданында Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 99,0 км, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 98 км және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы – 266,27км құрайды.

Аудандық маңыздағы жолдардың күтіміне ағымдағы жылы аудандық бюджеттен – 19,8 млн.теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда ауданымыздың аумағында конкурс арқылы «Алға-Бестамақ-Ақтөбе», «Қайнар-Алға» және «Есет батыр Көкіұлы-Алға», «Тоқмансай-Ақтөбе», «Маржанбұлақ-Ақтөбе» бағыттарындағы тұрақты жолаушылар тасымалдары атқарылып келеді.

Тұрақсыз жолаушылар тасымалы бойынша Серкештаев У.К., Сексенбаев Е.Н., Нурмагамбетов Н.А., Мурзин Н.К., Жаксыбаев А.К., Изтлеуова Г.К., Жумагазин А.Б. жеке кәсіпкерлері такси қызметін ұйымдастырып, халыққа қызмет көрсетуде.

Ағымдағы жылы Алға қаласының ішкі жолдарын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 50 млн.теңге бөлінді.

2016 жылы жалпы құны 942,4 млн.теңге, ұзындығы 40 км құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолының Алға – Қарабұлақ аралығындағы учаскесінің орташа жөндеу жұмыстарына республикалық бюджет есебінен 165,066 млн.теңге бөлініп, «АктобеГорДорСтрой» ЖШС арқылы 7,3 км асфальт жабындысы төселді. Қалған жұмыстарды ағымдағы жылы жалғастыру үшін облыстық бюджеттен 400,0 млн.теңге бөлінді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына, соның ішінде: Есет батыр Көкіұлы-Қайнар – 150,0 млн.тг, Маржанбұлақ ауылына кіреберіс автомобиль жолына – 20,5 млн.тг көлемінде облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстарына мердігерді анықтау мақсатында конкурстық процедуралары жүргізілуде. Конкурс ұйымдастырушысы – «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-і болып табылады.


Тұрғын үй құрылысы

3 айдың ішінде 3460 ш.м. 21 тұрғын үйлер пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 126,7 пайызды құрайды.

Алға қаласында үй алу кезегінде 1433 адам, үй салу үшін жер телімін алу кезегінде- 3707 адам тіркелген.

Аудан орталығының даму перспективасы қаланың бас жоспарына сәйкес салынатын 5 – шағын ауданның құрылысымен байланысты болмақ. Биыл Алға қаласында 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы салынады. Бұған ұлттық қордан 612,5 млн.теңге бөлінді.

Бұдан басқа, 2 шағын ауданда 2 қабатты 8 пәтерлі тұрғын үйлердің үшеуі салынды. Біріншісі 2013 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Екіншісі 2014 жылы және үшінші үй 2016 жылы салынды.

Ағымдағы жылы Жерұйық елді мекенінің оңайлатылған бас жоспарын дайындауға 3,0 млн.теңге бөлініп, 30.04.2017 жылы конкурс ашылады.

Маржанбұлақ ауылының детальді жоспарлау жобасын дайындауға конкурс жарияланды. 30.04.2017ж ашылады.

Халықты әлеуметтік қорғау

Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы кең ауқымда жүргізілуде. 2017 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту бөлiмiне жұмыс iздеп келушiлер саны 372 адам, тiркелген жұмыссыздар саны 199 адам; яғни ресми тiркелген жұмыссыздар деңгейi 1,0 пайызды құрап, өткен жылдың осы мерзіміндегі деңгейден 0,5 пайызға көбейді.

Аудан бойынша жыл басынан 72 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл 2015 жылғы осы мерзiм көрсеткiштерiмен салыстырғанда 102,9 пайызға орындалды.

Жыл басынан бері 125 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды немесе барлық тіркелген жұмыс іздеушілердің 33,6 пайызға, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,6 пайызға орындалды.

«Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша жоғарғы және орта оқу орындарын бітіріп келген жас түлектер қатарынан 22 адам, оның ішінде 18 адам жергілікті бюджет қаржысынан және 4 жас маман республикалық бюджет қаржысы есебінен әр түрлі мекемелерде тәжірибеден өтуге жолданды.

Жұмыссыздардың мақсатты тобына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында әлеуметтік жұмыс жұмыс орындарына 21 адам, оның ішінде 19 адам жергілікті бюджет қаржысынан, 2 адам республикалық бюджет қаржысынан орналастырылды.

Жыл басынан жұмыссыздар арасынан 35 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіптік оқуға жолданды.

Сонымен қатар жыл басынан 114 жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмыстар атқаруға жiберiлiп, олар экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк тиiмдiлiгi бар жұмыстар атқаруда.

Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жәрдемақылар туралы Заңдарын іске асыру және құжаттарды қабылдауды аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында селолық округтер және қала округі мамандарының қатынасуымен, барлық аумақтық округтерде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аумақтық округтерде 13 учаскелік комиссиялар қажетті жұмыстар жүргізуде. Есептік мерзімде ауданда аз қамтылған 9 отбасы, құрамында 31 адам анықталды.

Аз қамтылған құрамында 31 адамы бар 9 отбасына, 322,9 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Жиынтық табысы төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін 651 отбасылардың 18 жасқа дейінгі 1852 балаларына 13154,7 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді, бұл өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда құрамында 1114 баласы бар 453 отбасыға, жәрдемақы көлемі 5217,7 мың теңгеге азайғанын көрсетеді.

Жергілікті өкілді органдарының шешімдері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу үшін сегіз мың теңге көлемінде ай сайын қаржылай әлеуметтік көмек белгіленді. 2017 жылдың 1 сәуіріне Ұлы Отан соғысының 3 ардагерлері мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 64,0 мың теңге төленді.

Тұрғын үй көмегі Алға ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларына беріледі. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 792 отбасына 8240,9 мың теңге тұрғын-үй көмегі төленді.

Мүгедектерді оңалту шаралары бойынша 2017 жылы қаңтардан бастап 21 мүгедекке 4 жеке жәрдемші келісім шарт бойынша бекітілді.



Білім беру

Ауданда «Білім беруді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 6920 балаға білім беретін 32 жалпы білім беру мектептері (19 орта,8 негізгі және 5 бастауыш) жұмыс жасайды.

Аудандағы 2084 бала тәрбиеленетін 15 балабақша мен 673 бала тәрбиелейтін 21 шағын орталық «Балапан» бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыруда. 3-6 жасар балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98,6 пайызды құрайды (0-6 жас – 78,9 пайыз). 100 % балаларды қамту Алға қаласында 5 шағын аудандағы 320 орындық балабақша салынған соң болады деп күтілуде. Сондай-ақ, қосымша білім беретін аудан бойынша 4 мекеме бар («Жастық жігер»-1200 бала, «Нұр талап»- 1100 бала, балалардың өнер мектебі-335 бала, «Тамды» аула клубы-290 бала). Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту білім беру мекемелерінің негізгі бағыты болып табылады.барлық 6920 оқушының 1094-і ыстық тамақпен қамтылған(15,8 пайыз).

Есепті кезеңге аудан бойынша 0-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар саны 244 адам, оның ішінде 109 бала мүгедек, 28 бала медициналық көрсеткіштерге байланысты үйден оқытылады, 13 бала № 3 Алға балабақшасының түзету тобында тәрбиеленуде.

Ағымдағы жылы материалдық техникалық базасын жаңартуға облыстық бюджеттен 34753,0 мың теңге бөлінді. Олар мектептерге интерактивті тақталар мен компьютерлер сатып алуға жұмсалады.

Биыл Алға қаласында 600 орындық мектеп (100 орындық интернатымен) ғимараты бой көтеруде. Жоба 2 жылға жоспарланған. Ағымдағы жылы ұлттық қордан және облыстық бюджеттен 1253,0 млн. теңге бөлініп, жер дайындау жұмыстары басталды.

Үшқұдық мектеп-бақшасына автономды газ қазандығының құрылысының ЖСҚ-ын мемлекеттік сараптамадан өткізуге жергілікті бюджеттен 500,0 мың теңге бөлініп, 1 сәуірге дейін 113,7 мың теңге игерілді.
Денсаулық сақтау

«Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының нәтижелі жүзеге асырылуына байланысты денсаулық сақтау саласы бойынша барлық көрсеткіштер қанағаттанарлық деңгейде.



Денсаулық сақтау саласында 1 орталық аудандық аурухана, емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 2 ФАП және 19 медициналық пункттер халыққа үздіксіз қызмет көрсетуде. Барлық медицина мекемелері компьютермен, телефон желісімен және қажетті орг.техникалармен қамтамасыз етілген.

Аудан бойынша дәрігерлер саны-60 адам, орташа мед.қызметкерлері – 258 адам.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша демографиялық көрсеткіштерге тоқталатын болсақ,

Туу – 151 адам (3,8 %о);

Өлім - 69 адам (1,7 %о);

Табиғи өсім - +2,0 %о

Туберкулезбен ауыру – 4 адам (10,1 %ооо);

Туберкулезден өлу – 0 (0 %ооо);

Онкоаурулармен ауыру – 9 (22,7 % ооо);

Онкоаурулардан өлу- 3 адам (7,6 % ооо);

Аудан бойынша ағымдағы жылдың 1-сәуіріне дейін сәбилер шетінеуі 13,2%ооо құрады, ана өлімі тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау саласы тікелей облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы қаржыландырылады. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша ақысыз медициналық көмек беруге 766,6 млн.теңге бөлініп, 3 айда 222,3 млн.теңгесі немесе 29,0 пайызы игерілді. Сонымен қатар медициналық құралдар сатып алуға 2,6 млн.теңге бөлініп, игерілді. Оған ЭКГ арақашықтықтан қабылдайтын диагностикалық, телеметрлік кешен сатып алынды. Санитарлық автокөлік сатып алуға 4,3 млн.теңге бөлінді. Халыққа ақылы қызмет көрсету барысында 4,9 млн.теңге көлемінде қаражат түсті, ол ИФА анализатор сатып алуға жұмсалды.

Мәдениет

Ауданның мәдениет саласы да жоспарлы түрде дамып келеді. Қазіргі таңда 27 мәдениет ошағы бар. (12 кітапхана,1 аудандық орталықтандырылған кітапхана желісі, 11 клуб пен мәдениет үйі, Алға музей, қалалық саңырау-сақау клубы және «Есет батыр мемориалдық кешені» МКК). Олардың 26-ы мемлекеттік жүйеде жұмыс жасайды. Аудан бойынша мәдениет қызметкерлерінің саны 109 адам.

Есепті мерзім ішінде 220 мәдени шаралар өткізілді.

Ағымдағы жылы Бестамақ ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге және Алға қаласындағы мәдениет үйін ағымдағы жөндеуге ЖСҚ дайындалуда. Ақай ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындалды. Мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Аудан бойынша кітап қоры – 296181 дана. Оның ішінде қазақ тілінде – 72976 дана.

Дене шынықтыру және спорт

Ауданда 113 спорттық құрылым жұмыс жасайды. Дене шынықтыру мен спортпен айналысушылар саны 9800 адамды құрайды. (жалпы халықтың 24,0 пайызы). Жыл басынан 20 спорттық іс – шара өткізіп,соның ішінде 1 облыстық чемпионат,2 республикалық деңгейде жарыс, қалғаны аудандық жарыстар. Қамтылған адам саны 1280 адам.Барлық шаралар шара Есет батыр атындағы спорт кешенінде өтті. Тамды ауылында қысқы спорт түрінен биатлон жарысы өткізілді.

Ағымдағы жылы 61,0 млн.теңгеге Алға қаласындағы орталық стадионды күрделі жөндеу жоспарлануда.
Тәртіп сақтау

2017 жылдың өткен мерзімінде ІІБ жеке құрамымен өмірді қорғау, адамдар мен азаматтардың бостандығымен құқықтарымен қылмыстық қол сұғушылықты ескерту мен қылмыс пен құқық бұзушылықты ашу бағытында нақты жұмыстар жүргізілді.

2017 жылдың 3 айында автоматтандырылған сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне -76 арыздар мен хабарламалар тіркелген. Солардың ішінде СДТБТ-ға-58 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Өндіріспен 66 қылмыс аяқталып, олардың ішінде 15 сотқа жолданып,қылмыстық құқықбұзушылықтың құрамы болмауына байланысты 31 қылмыстық іс қысқартылған.

Талдау жасау кезеңінде 1 аса ауыр санаттағы қылмыстар тіркелді, 2016 жылы – 2 оқиға.

Ауыр санатты қылмыстар 5 тіркеліп (2016 ж.-6), соның ішінде 3 қылмыстық іс аяқталып сотқа жолданды. Орта дәрежелі қылмыстардың 43 тіркелді, ал 2016 жылы 42 тіркелген. Соның ішіндегі 40 қылмыстық іс аяқталды. Ауырлығы орташа санаттағы 9 (2016 жылы-28) қылмыс тіркелді.(сотқа-1,қысқартылды-7). Есептік кезеңде қарақшылық оқиғалары тіркелмеген. Тонау – 1, 2016 жылы -2 тіркелген.

Өткен, 2017 жылдың 3 айында Алға ауданы ІІБ-де қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және құқықтық тәртіпті нығайту барысында аудан көлемінде бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Ал, мынандай көрсеткіштер бойынша, атап айтқанда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 32-ден 10-ға, көшелерде жасалған қылмыстар саны 25-тен 7-ге азайып, ал мас күйінде жасалған қылмыстар18-ден 19-ға көбейіп, бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстар саны 7-ден 36-ға, көбейіп отыр.

Бірнеше рет отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қайталап әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, аудандық сотына құқық бұзушыны жолдау барысында 42 құқық бұзушылардың мінез құлықтарына ерекше талаптар белгілеу үшін ұсыныс енгізілді.

2017 жылғы 3 айдың ішінде Алға ауданы ІІБ УПИ-мен 128 адам профилактикалық есепке қойылды, оның ішінде 41 қорғау нұсқамасы, 42 ерекше талаптар, 14 адам мерзімінен бұрын шарты түрде босатылғандар, әкімшілік қадағалауда 20 азамат.

ІІБ –нің ЖПҚ қызметкерлерімен жүргізген профилактикалық жұмыстарының жеткіліксіздігі нәтижесінде, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны 0-ден 3-ке көбейіп, яғни 300% құрады.

Сонымен қатар, профилактикалық және тізімдік есепке қою азайған. Профилактикалық есепке-9 (2016 жылы-8), комиссияға материал жолдау-2 (2016-5). Бұл бағыттағы жұмыстар жандандырылды.

Есептік кезеңде Алға ауданында 4 ЖКО тіркеліп, оның ішінде 4 адам дене жарақатын алған, қаза болғандар жоқ.2016 жылы 4 ЖКО тіркеліп, 12-адам дене жарақатын алып, қаза болғандар болған жоқ.

Алдағы уақытта жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысын жақсарту мақсатында орын алған кемшіліктерді жою, қылмыстың алдын алу, оны анықтап ашу, әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау және аудандағы құқықтық ахуалдың жақсаруы үшін жоспарлар құрылып, іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Ішкі істер Органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тәртіпті нығайту және заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары күнделікті жұмыста қадағаланды.


орын: С.Байтакова

тел:4-19-65




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет