Алғашқы рет ШҚО «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері арасында спартакиада болып өтті



жүктеу 29.7 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі29.7 Kb.

Алғашқы рет ШҚО «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері арасында спартакиада өтті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің 100 қызметкері спорттың 5 түрі бойынша сынға түсті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директоры Азамат Есембуловтың айтуы бойынша, бұл жарыстың мақсаты- корпоравтік рухты көтеру және салауатты өмір салтын насихаттау .

Айта кетсек, облыстық спартакиада алдында ШҚО-ның аудандары мен қалаларында іріктеу туры болып өтті. Жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Жарысқа ШҚО бойынша мемлекеттік корпорациялардың яғни, «Жер кадастры ғылыми- өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» және «ХҚКО» Департаменттерінің 100 қызметкері қатысты.

* Бүгін біздің мамандарымыз волейбол, футбол, шахмат, арқан тарту және эстафета сындары бойынша жарысқа түссе, ал ең мықты спортшыларымыз Алматы қаласында өтетін Республикалық жарыстарда ШҚО танытатын болатынын- Азамат Есембулов атап айтты.

Глубокое ауданы ХҚКО бөлімінің басшысы Пернебек Жорабаев спортқа жаңа келген адам емес. Ол мектеп қабырғасынан бері классикалық күреспен айналысқан. Қазіргі жарыстарда, ол өзінің әріптестерімен ең мықты волейбол ойыншыларының үштігіне енуді көздеген еді, өкінішке орай олай болмады. Екі жыл бұрын ХҚКО қызметкерлері арасында өткен республикалық спартакиадада ШҚО командасы жеңіске жеткен болатын.

ШҚО «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері арасында өткен алғашқы спартакиада қорытындысы

Футбол

3 орын – ШҚО бойынша «ХҚКО» Департаменті



2 орын – ШҚО бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» Департаменті

1 орын – ШҚО бойынша «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Департаменті

Волейбол

3 орын – ШҚО бойынша «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Департаменті

2 место – ЩҚО бойынша «ХҚКО» Департаменті

1 место – ШҚО бойынша «Жер кадастры ғылыми- өндірістік орталығы» Департаменті

Шахмат

3 орын – ШҚО бойынша «ХҚКО» Департаменті



2 орын – ШҚО бойынша «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Департаменті

1 орын – ШҚО бойынша «Жер кадастры ғылыми- өндірістік орталығы» Департаменті

Арқан тарту

3 орын – ШҚО бойынша «Жер кадастры ғылыми- өндірістік орталығы» Департаменті

2 орын – ШҚО бойынша «ХҚКО» Департаменті

1 орын – ШҚО бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» Департаменті

Эстафета

3 место – ШҚО бойынша «Жер кадастры ғылыми- өндірістік орталығы» Департаменті

2 место – ШҚО бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» Департаменті

1 место – ШҚО бойынша «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Департаменті

Жалпы командалык есеп бойынша:

3 место - ШҚО бойынша «ХҚКО» Департаменті

2 место - ШҚО бойынша «Жер кадастры ғылыми- өндірістік орталығы» Департаменті

1 место - ШҚО бойынша «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Департаменті

* Әрине, біз қуаныштымыз! Командамызға облыстық филиалдар мен аудандық бөлімшелерден ең мықты деген спортшыларды жинадық. Біздің қатысушыларымыз – спорт әуесқойлары болса да, өздерін мықты жақтарынан көрсетті. Жарыста бізге ең қиын түсені арқан тарту болды, бірақ футбол мен эстафетада алғаш рет орын алып отырмыз. Нәтижемізге өте ризамыз - дейді, -ШҚО бойынша «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Департаменті атынан қатысып, жалпы есеп бойынша бірінші орын алған команда капитаны Ринат Байдиндаев.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мамандарынан құралған спортшыларымыздың келесі сыны Алматы қаласында, қыркүйек айында өтетін республикалық спартакида да жақсы өнер көрсету.



Мемлекеттік корпорация «Жер кадастры ғылыми- өндірістік орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы»РМК, «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» РМК және «ХҚКО» РМК қосылуымен қайта құрылып өз жұмысын 11 сәуірден бастағандығын атап өткен жөн болар.

Қазіргі уақытта, мемлекеттік корпорация арқылы 530 мемлекеттік қызмет қол жетімді болып отыр. Соның ішінде, әлеуметтік маңызды төлемдер яғни, зейнетақы төлемдері, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін төлемдер және мүгедектерге төленетін мемлекеттік әлеуметтік төлемдер де бар.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет