Алгебра 7 сынып Сабаќ №1 Мерзімі



жүктеу 0.64 Mb.
бет1/5
Дата26.04.2019
өлшемі0.64 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Алгебра 7 сынып Сабақ № 1 Мерзімі

Тақырыбы:Оң және теріс сандарға амалдар қолдану

Мақсаты :

  • 5 сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, жүйелеу оқушылардың алған білімдерін жинақтау, ойлау, танымдық қабілетін арттыру.

  • логикалық сауаттылығын, пәнге деген қызығушылығын дамыту.

  • Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке тәрбиелеу.




  1. Ұйымдастыру бөлімі. (2 мин.)



  1. Қайталау сұрақтарына жауап беру. (Сынып оқушылары сұрақтарға қол көтеріп жауап береді.)

  • Бөлшек қандай элементтерден тұрады?

  • Дұрыс бөлшек деген не? Бұрыс бөлшек деген не?

  • Аралас сан деген не? Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырады?

  • Ондық бөлшек деген не?.

  • Бөлшекті қысқарту деген не?

  • Бөлшектерге қандай амалдар қолданылады?

  • Ондық бөлшектерді қалай бөлшекке айналдырамыз?

(Егер оқушылар қандай анықтама немесе ережені естеріне түсіре алмаса, мұғалім көмекші сұрақтар беру арқылы көмекке келеді)

  1. Ауызша есептер: Есеп тізбек бойынша беріледі. Әр амалды бір оқушы орындайды. Бұл тапсырма тақтаға орындалады.

1-есеп: Жауабы: 1/8

2-есеп: х=0,7; 1,1.





4 . Тапсырмалар орындау. (15 мин.)

1 тапсырма: Қосуды орында





Азайтуды орында:


Көбейтуді орында:



Бөлуді орында:

2 тапсырма: Берілген санға кері санды жаз:


3 тапсырма: «Есептейік»

  1. Қай құсты аңыз құсы деп атайды?(ләйлек, тырна, фламинго)

Амалдарды орындап жауабы сол құс шығады


2.Патшаның бөркі қай аңның терісінен тігілген? (құндыз,сусар, қамшат)

Есепті шешіп ,жауабын табасын






Футбол қақпасының ауданы м2. Оның ені м. Футбол қақпасының биіктігін табыңдар.
3. Ең үлкен улы жылан...(қарашұбар, ақ жылан, сарлан)

Теңдеуді шешіп, жауабы улы жылан болады





4.Ежелгі үнділер қай аңды пір тұтқан?(қабылан, барыс, ілбіріс)


Сыныпта орындалатын есептер: № 1(б), 2(в). № 6, 7, 10, 34. Тақтаға үш оқушыдан шығарып, қалған оқушыларға орындарынан шығару ұсынылады.
Сабақты қорытындылау. (3 мин.)
Үй тапсырмасын беру. (2 мин.)

Алгебра 7 сынып Сабақ № 2 Мерзімі

Тақырыбы:Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері
Мақсаты :

  • 5 сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, жүйелеу оқушылардың алған білімдерін жинақтау, ойлау, танымдық қабілетін арттыру.

  • логикалық сауаттылығын, пәнге деген қызығушылығын дамыту.

  • Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке тәрбиелеу.


Алгебра 7 сынып Сабақ № 4 Мерзімі
Тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже ұғымы
Мақсаты:

  1. «Натурал көрсеткішті дәреже» ұғымын таныстыру. Оның ережесін қорытып шығаруға үйрету, есеп шығаруда қолдана білуге баулу;

  2. Әртүрлі деңгейлі есептер шығару арқылы білік дағдысын қалыптастыру;

  3. Өз бетімен жұмыстануға, табандылыққа, ақыл-ой белсенділігін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі. (Ауызша жаттығулар)

  2. Жаңа сабақ.

  3. Жаңа сабақты бекіту.

  4. Өзіндік жұмыстар.

  5. Үйге тапсырма.

  6. Бағалау.

  7. Сабақты қорытындылау.

САБАҚ БАРЫСЫ




  1. Ұйымдастыру бөлімі. (5 минут)

Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау. Бұл бөлімде оқушылар жаңа сабаққа дайындық мақсатында алынған ауызша жаттығулар орындайды.

  1. 222= 2) (1/5)(1/5)= 3) 33333= 4) (-10)(-10)(-10)= 4) аааааа

жаттығуларды орындағанан кейін.

Сұрақ: Осы өрнектерді қысқаша жазуға болама?

Дәптерге жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.


II. Жаңа сабақ. (10 минут)

Дәреже ұғымы енгізіледі. Дәреже деген ұғым бізге таныс па?» жалпыға ортақ сұрақ қойылады. Оқушылар өз ойларын айтады.



Натурал көрсеткіштің дәреженің жазылуына тоқталып, негізі, дәреже көрсеткіші туралы айтылады.

Сұрақ: Дәреже негізі қандай сандар болуы мүмкін ?
Ж: Натурал, бүтін, бөлшек.

Сұрақ: Дәреже көрсеткіші қандай сан болады?
Ж: Натурал.

Сұрақ: егер көбейткіш біреу болса, дәреже түрінде жазуға болама?
Ж: Ия. а=а1

Жауаптарын жүйелей отырып. Дәрежеге анықтама беру .



а п =ааа ааа (n-рет) мұндағы а кез келген сан, n –натурал сан

Анықтаманың көмегімен балалар тақтадағы өрнектердің ішінен дұрысын табады.



Натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасы айтылады..


III. Сабақты бекіту. (20 мин.)

№ 43, 45 (тақтаға тек дұрыс жауаптары ғана жазылады. Оқушылар өздігінен орындайды),

44 (ауызша), 48, 64.(тақтаға орындалады)


ІV . Өзіндік жұмыс. (5 мин)

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.




А деңгейі


В деңгейі

С деңгейі

Өрнек түрінде жазыңдар:

а) адәреже негізі, в – дәреже көрсеткіші.


б) 8 – дәреже көрсеткіші, в – дәреже негізі.
в) 7 – дәреже негізі, 3 – дәреже көрсеткіші.
г) 4 – дәреже көрсеткіші, 5 – дәреже негізі.


Төмендегі өрнектің ішінен мәні 81-ге тең болатын өрнектерді теріп жаз:

а) З4;

б) (- 9)2;

в) - З4;

г) - 92;

д) -(-9)2;

е) -(-З)4;

ж) - (-81)1.

Жауап: А, Б, Ж


1-тапсырма: теңдікті қалай түсіндіруге болады. Оқушылар өз ойларын айтады.

2-тапсырма:Есептелер жүргізбей өрнектің мәні қандай санмен аяқталатын анықта






V. Үйге тапсырма. (2 мин.) № 16 (4,5,6),№22(2,4,6),№20

VІ. Оқушыларды бағалау. (1 мин.)
VІІ. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. (3 мин)

Алгебра 7 сынып Сабақ № 5-6 Мерзімі
Тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері: дәрежелерді көбейту және бөлу

Мақсаты:

  • Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерімен танысу;

  • Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін есептер шығару барысында тиімді қолдана білуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру;

  • Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ұжымдық мәдениетін қалыптастыру;


Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Қайталау сұрақтары

  3. Үй тапсырмасын тексеру.

  4. Жаңа сабақ

  5. Жаңа сабақты бекіту.

  6. Карташамен жұмыс.

  7. Үйге тапсырма.

  8. Бағалау.Сабақты қорытындылау.

САБАҚ БАРЫСЫ

    1. Ұйымдастыру бөлімі. (2 минут) Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.

Сынып оқушылары топқа бөлініп, бір оқушы топ басшысы болып тағайындалады. ( топ мүшелері 4 адамнан аспауы тиіс)
ІІ. Қайталау сұрақтары: (3 мин)(Мұғалім сұрақтар қояды, сынып оқушылары жауап береді)

  • Натурал көрсеткішті дәрежеге анықтама беріңдер.

  • Натурал көрсеткішті дәреже қандай элементтерден тұрады ?

  • “1383” өрнегі қалай оқылады?

  • Дәреже негізі мен көрсеткіштерін атаңдар.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (8 мин)

А) Үйге берілген есептердің кейбірулерін тақтаға шығару.


Б) Ауызша есептер: 1)1,52 2)32 + 22 3) (–5)2 4)(- 10)2 5)(– 4)2 + 42

6)4∙52

В) Өрнектің мәнін 0 салыстырыңдар:а) (-2)³ б) (-7)² в) -1² г) -8²

IV. Жаңа сабақ. Дәптерге сабақтың тақырыбы жазылады. (Оқулықпен жұмыс. Әр топқа бірдей тапсырма беріледі. Оқулықтың 8-10 бетіндегі натурал көрсеткішті дәреженің 1-5 қасиетттерін оқиды, мысалдардың шығарылуын қарайды, түсінеді. ) Әр топқа тапсырмалар беріледі, топ тұжырым жасап, топ басшысы қорғайды.

Топтарға берілетін тапсырмалар: Топ мүшелері қасиеттерді тұжырымдап, ережеге үш мысалдан дәптерге жазады. ( оқушының жауабы ауызша сұралады).



Санның 1 дәрежесі туралы қасиетті тұжырымда. Санның 0 дәрежесі неге тең?

Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу ережесін тұжырымда

Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту ережесін тұжырымда

Дәрежені дәрежеге шығару ережесін тұжырымда

Көбейтіндіні дәрежеге шығару ережесін тұжырымда

Бөліндіні дәрежеге шығару ережесін тұжырымда




10 . а1 = а.

Кез келген санның 1 дәрежесі, сол санның өзіне тең.

а0 = 1

Кез келген санның 0 дәрежесі 1-ге тең.

20

аnm =a n+m

Ереже: негіздері бірдей дәрежелерді бөлген кезде, дәреже негізі жазылып, дәреже көрсеткіштері азайтылады.



30

аn•аm =a n+m

Ереже: негіздері бірдей дәрежелерді көбейткен кезде, дәреже негізі жазылып,дәреже көрсеткіштері қосылады.



40

(an)m=anm

50

(ab)n=anbn

60



V. Сабақты бекіту. Тақтаға есептер шығарылады. № 5,8, (ауызша)№4 (тақтаға шығарылады) №6,(5,6) 10,12,15 (оқушылар өздері орындайды.)

VІ. Карташамен жұмыс. Әр оқушыға 10 тапсырмасы бар жеке карточка беріледі.Топ басшысы тексереді.

  1. а7* а2 * а3

  2. в1* в2* в

  3. х10 : х7

  4. у30 : у12 : у6

  5. 22 * 2 * 22

  6. 47 : 43

  7. а26 : а12 : а3

  8. 512 : 57 : 53

  9. n * n * n * n * n

  10. в12 : в : в : в5

VІІ. Үйге тапсырма. №6(1,2,3,4),№9,№11,№24. .

VІІI. Сабақты қорытындылау.

Бағалау (топ басшыларының көмегімен).

Алгебра 7 сынып Сабақ № 7-8 Мерзімі

Тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері: көбейтіндіні және бөліндіні дәрежеге шығару

Мақсаты:

  • «Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері» тақырыбы бойынша алған білімдерін жалпылап, тиянақтау, қосымша мәліметтер беру;

  • Тиімді әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың ой- өрісін кеңейту , өздігінен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Оқушыларды нақтылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.


Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Ауызша жаттығулар

  4. Миға шабуыл

  5. Жұптық жұмыс

  6. Оқулықпен жұмыс.

  7. Тест тапсырмалары.

  8. Үйге тапсырма.

  9. Бағалау.Сабақты қорытындылау.

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру бөлімі. Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Мақсаты: өткен сабақты меңгеру деңгейін анықтау. №6(1,2,3,4),№9,№11,№24. Үй тапсырмасы оқушылардың дәптерлерінен тексеріледі. Осы кезде 2 оқушы тақтада үлестірме карточка бойынша жұмыстанады.

1

а4 . а15
а12 : а4
(а2)5
(а2 b3)6
а0

 №2

а12 . а4
а18 : а9
(а4)8
(а6b4)3
а0

III. Ауызша жаттығулар

1) Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін айтыңдар.

 2) Амалдарды орындаңдар: 1) а . а3; 2)а4 : а2; 3) (а6)2; 4) (2а3)3; 5) а0.

3) х-тің қандай мәнінде теңдік орындалады?



56 . 5х = 510
(а4)х = а8

10х : 102 = 10
(аxb2) =  а35b10

4) Өрнектің таңбасын анықтаңдар: (–3)5,  –192, –(–15)2 , (–8)6 , – (–17)7

5) Ықшамдаңдар: а);  б) (а4)6 : (а3)3



IV. Миға шабуыл (Тез шығаруға арналған тапсырмалар, сайыс түрінде ұйымдастырылып,тақтаға орындалады.)

а2 . а3; а10 . а15а6 . а4; а12 . а5; а6 : а4; а10 : а3 (а2)2; (а3)3;  (а4)5;  (а0)2. (2а2)2;  (–2а3)3;  (3а4)2;  (–2а2b)4.

V. Жұптық жұмыс (Оқушылар жұп болып жұмыстанады. Дұрыс жауаптар графопроектор арқылы көрсетіледі, оқушылар өзерін тексереді)

1) Өрнекті ықшамда: а) ; б) ; в)  .

2) Есептеңдер: а)     ә)  б)  в)  д)  

VІ. Оқулықпен жұмыс. № 18( ауызша) , № 17, (1,3), 19(2,4,6),№25, қабілетті оқушылар үшін№31,№37(1)

VIІ .Тест тапсырмалары:


І  нұсқа

ІІ нұсқа

1) Өрнекті ықшамда:

2) Есепте:

3) Өрнектің мәнін тап:


1) Өрнекті ықшамда:  

2) Есепте:   

3) Өрнектің мәнін тап:    



 

А

Б

В

Г

1

а7

а2

а9

а12

2

18

16

64

4

3

3

9








 

А

Б

В

Г

1

m10

m4

m2

m8

2

1

5

25

3

3



8

2

1




Каталог: uploads -> doc -> 0936
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет