ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесі Нағима Есқалиеваға ренжіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

  Фото: Өнер иелерінің жеке парақшаларынан алынды 

Нағима Есқалиева 70 жас мерейтойын атап өтіп, өнердегі әріптестерінің басын қосты. 

“Қазақ эстрадасында ортажастағы қыз-келіншектердің арасынан үш-ақ әйел “Халық әртісін” алдық. Бірі – Нағима, екіншісі – Мақпал, үшіншісі – мен”, – деді Роза Рымбаева.

Оны естіп тұрған туған күн иесі: “Мақпал “Халық әртісі” емес”, – деді. 

Өз кезегінде Мақпал Жүнісова да үнсіз қалмады. Жеке парақшасына жазба жариялап, әріптес-әпкесіне ренішін жеткізді.   

“Нағима әпше, ішіңіз күйсе тұз жалап жіберіңіз, мен өз еліме құрметтімін. Мен апамды жақсы білемін. Менен жасы үлкен ғой деп көрген жерде сәлем беремін. Маған Нағимадай әнші болу арман болған жоқ. Талай жерде “Сен “халық әртісін” менен ерте алып қойдың” деп айта береді. Ол үшін халықтың алдына көбірек шығып, қазақ әніне еңбек етсін! Менімен қалжыңдайтын менің досым емес, құрбым емес. Әуелі Зәкең өмірден озғанда да бір жылдан соң концертте көңіл айтқан. Жақсы көрсе мерейтойына шақырмай ма?!”, – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары Нағима Есқалиеваның сөзіне шамданып, түрлі пікір жазып жатыр. “Мақпалдай болу қайда саған?!, “Нағиманың бір әнін жатқа білмейміз”, “Біз бәрібір Мақпалды жақсы көреміз”, “Роза айтқан тілегіне өкініп қалған шығар”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.