Алматы агломерациясын қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспары



жүктеу 0.72 Mb.
бет1/4
Дата22.04.2019
өлшемі0.72 Mb.
түріҚұрамы
  1   2   3   4


№ исх: 26-2/5631//733п.9 от: 04.06.2018

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2018 жылғы « »

қаулысымен бекітілген




Алматы агломерациясын қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспары

1-тарау. Ағымдағы жағдай
Алматы агломерациясының құрамына Алматы қаласынан бөлек, Есіқ қаласы мен Еңбекшіқазақ ауданының 14 ауылдық округі, Жамбыл ауданының 6 ауылдық округі, Өтеген батыр ауылы мен Іле ауданының 8 ауылдық округі, Қаскелен қаласы мен Қарасай ауданының 10 ауылдық округі, Талғар қаласы мен Талғар ауданының 10 ауылдық округі, Қапшағай қаласы мен Қапшағай қала әкімшілігіне әкімшілік тұрғыдан бағынысты 2 ауылдық округ, сондай-ақ жоспарланып жатқан GateCity қаласы кіреді. Аталған аумақтар Алматы қаласынан 1,5-сағаттық көліктік жетімділік изохронасына (яғни магистральдық қатынас жолдарының бойымен 110 км-дан немесе өзге учаскелерде 75 км-дан аспайтын) кіреді. Аталған изохрона өзек қалаға іргелес елді мекендерден күн сайынғы белсенді еңбек көші-қонының халықаралық практикасына сәйкес келеді.

Алматы агломерациясы аймағына кірген елді мекендер тізбесі және елді мекендер бөлінісіндегі Алматы агломерациясы халқының 2030 жылға дейінгі болжамды саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы


24 мамырдағы № 302 қаулысымен бекітілген Алматы агломерациясының өңіраралық аумақтық даму схемасында айқындалған.

Алматы агломерациясының ауданы (орталық қала мен шеткері аймақ) 9,4 мың ш.км. Алматы қаласының қала маңы аймағының және ерекше қала құрылысын реттеу аймағының шекаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1097 қаулысымен бекітілген. Қазіргі уақытта 151 елді мекен бас жоспарлармен қамтамасыз етілген, 38-і әзірлеу сатысында.

Алматы агломерациясын тиімді басқару мақсатында 2012 жылдан бастап Астана және Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия жұмыс істейді. 2013 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдері арасында Алматы агломерациясын үйлесімді дамыту бойынша меморандум жасалған.

Алматы агломерациясы халқының саны 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2 984,5 мың адамды құрайды, оның ішінде Алматы қаласында 1 801,7 мың адам тұрады.

Алматы агломерациясының көші-қон сальдосы соңғы 10 жылда оң серпінге ие және 2017 жылдың қорытындылары бойынша Алматы қаласы бойынша 21,3 мың адамды, шеткері аймақ бойынша 12,1 мың адамды құрады. Агломерация құрамыа кіретін Алматы облысының аудандары арасында Жамбыл, Іле, Қарасай және Талғар аудандарында осы кезеңде оң көші-қон серпіні бар.

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына (бұдан әрі – Бас схема) сәйкес ел халқының саны 2020 жылы 18 704,4 мың адам деңгейінде жоспарланып отыр, оның ішінде, Алматы агломерациясында - 3 057,9 мың адам, ал 2030 жылы - 20 585,8 мың адам және тиісінше 3 596,6 мың адам. Осылайша, ел халқының санындағы Алматы агломерациясының үлесі 2020 жылы 16,3%-ды және 2030 жылы 17,5%-ды құрайды. Алайда Алматы агломерациясында ықтимал халық саны туралы 2030 жылға қарай


5 млн. адамға дейінгі барынша оптимистік болжамдар да бар.

Алматы қаласының 2017 жылғы жалпы өңірлік өнімінің (бұдан әрі – ЖӨӨ) көлемі 11 340,9 млрд. теңгені құрады немесе соңғы 10 жылда 1,7 есеге ұлғайды. Алматы қаласы бойынша 2017 жылдың қорытындылары бойынша жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші 6 383,8,5 мың теңгені немесе 19,6 мың АҚШ долларын құрады (ҚР бойынша орташа - 2 881 мың теңге немесе 8,8 мың АҚШ доллары). Алматы елдегі ЖӨӨ көлемі бойынша


1-орынға ие (2017 жылы елдің ЖІӨ-нен 21,8% ) және шағын және орта бизнесті дамыту орталығы болып табылады.

Қызмет көрсету саласы Алматы қаласының экономикасындағы басым сектор болып табылады және айтарлықтай сараланған. Көрсетілетін қызметтер саласының айрықша белгісі: қаржы секторының - 10,9%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардың – 10,8%, кәсіби және ғылыми-техникалық қызметтің - 6,3%, туризм және мейрамхана бизнесінің - 1,5%, өзге де көрсетілетін қызметтердің - 13,8%, көлік және байланыстың - 9,5% басымдығы болып табылады.

Алматы қаласының инновациялық белсенді кәсіпорындарының саны 2016 жылы 7,7 мың бірлікті құрады, олар 17 186,3 млн. теңгеге инновациялық өнім шығарды және 2015 жылмен салыстырғанда құлдырау байқалады.

2016 жылы агломерацияның шағын және орта кәсіпорындарында шығарылған тауарлар, көрсетілетін қызметтер көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 19,1%-ға өсті.

Агломерацияның орталық қаласы мен шеткері аймағындағы жалпы және жан басына шаққандағы бөлшек сауда айналымының көрсеткіштері айтарлықтай ерекшеленеді, бұл ретте оның негізгі көлемі (99,0%) Алматы қаласына тиесілі.

Жалпы, агломерацияның еңбек нарығы экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының өсуімен сипатталады. Алматы облысы бойынша экономикалық белсенділік деңгейі 2017 жылы 74,2%-ды құрады, ал Алматы қаласы бойынша - 68,2%.

2017 жылдың қорытындылары бойынша Алматы қаласының жұмыссыздық деңгейі 5,3%-ды, агломерацияның шеткері аймағында 4,7%-ды құрайды, бұл ретте ең төмен көрсеткіш Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар және Қарасай аудандарында тіркелген - 4,4%.

2017 жылы Алматы қаласы бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халық үлесі соңғы 10 жылда 12,1%-дан 0,8%-ға төмендеді, Алматы облысы бойынша 21,3%-дан 2,0%-ға төмендеді.

Соңғы 5 жылда Алматы қаласында номиналды жалақы 1,3 есе артты және 2016 жылы 178,7 мың теңгені құрады, шеткері аймақта 1,4 есе артты және 115,3 мың теңгені  құрады. Алайда, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар аудандарында және Қапшағай қаласында номиналды жалақы Алматы облысы бойынша орташа жалақыдан төмен (109,7 мың теңге).

Сонымен бірге, Алматы қаласындағы орташа айлық жалақы АҚШ долларымен есептегенде Үрімші қаласындағы (ҚХР) жалақыдан 471 долларға және тиісінше 895 АҚШ долларына кем. Бұл Қазақстаннан, оның ішінде Алматы қаласынан Үрімші қаласына жас мамандардың кетуіне алып келуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Алматының тұрғын үй қоры 1 адамға 26 ш.м. қамтамасыз етілуімен 44,4 млн. ш.м. құрайды. Алматы қаласындағы тұрғын үй құрылысын салу проблемасы құрылыс салудың ықшамдығы болып табылады - пайдалануға енгізілетін барлық ауданның 45%-ы жеке тұрғын үй болып табылады. Бұл ретте 2016 жылы пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үй құрылысын салудағы пәтерлер саны 14,2 мың бірлікті, ал жеке тұрғын үй құрылысын салуда 4,7 мың бірлікті құрады. Тұрғын үй құрылысын салудағы коммуналдық құрылыс үлесі 2016 жылы пайдалануға негізгі берілген тұрғын үйдің 16%-нан кем. Ағымдағы тұрғын үй қорындағы муниципалды құрылыс салу үлесі қазіргі уақытта 1,8%-ды құрайды. Қала бойынша авариялық тұрғын үй барлық тұрғын үй қорының 2,6%-ын немесе 1 млн.ш.м. артықты құрайды. Алматы қаласының құрылыс салуының төмен ықшамдығы жалпы тұрғын үйді абаттандырудың құлдырауына алып келді.

Алматы қаласы медицина, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Көші-қон ағынына және қаладағы халық санының өсуіне байланысты мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінде орындардың тапшылығы байқалады.

Алматы облысында туризмді дамыту жағдайлары Қазақстанның басқа облыстарынан ерекшеленеді, себебі өңірдің туристерді қабылдауы үшін кең мүмкіндіктері бар. 2016 жылдың қорытындысы бойынша әрбір екінші шетелдік турист Алматыға және агломерацияға келеді.

Өңірде Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы қорығы, Қапшағай су қоймасы, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Шарын шатқалы, «Таңбалы» археологиялық ландшафты, мәдени-тарихи кешендер орналасқан. Аталған объектілер экологиялық, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылыққа ие.

Алматы агломерациясының көлік инфрақұрылымы метрополитен желілері, автобус және троллейбус бағдарлары болып табылады. Алматы қаласында тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 538,4 мың бірлікті құрады, оның ішінде қаладағы азаматтар меншігіндегі жеңіл автокөлік саны 2017 жылы 476 мың бірлікке және облыста 460 мың бірлікке, азаматтар меншігіндегі жүк көлігінің саны 19,5 мың бірлікке, ауылдық жерлерде
33,1 мың бірлікке жетті. Автомобиль жолдарына жалпы жүктеме қарбалас сағаттарда 1 шаршы метрге кемінде 744-1000 бірлік көлікті құрайды.

Алматы қаласында жолаушыларды тасымалдаудың жалпы көлемі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 37 130,9 млн. жкм құрады, бұл ретте негізгі үлес автобус тасымалдарына - 23 377,9 млн. жкм, әуе тасымалдарына - 8 206,9 млн. жкм және троллейбус тасымалдарына және басқаларға - 93,2 млн. жкм тиесілі.

Алматы агломерациясының аумағында қоршаған ортаға жылжымалы және стационарлық ластау көздерінен атмосфераға зиянды заттардың жыл сайын шығарылуы, қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың жиналуы антропогендік жүктеме түсіреді.

Алматы агломерациясының аумағында тұрмыстық қатты қалдықтардың жабдықталған полигондары жоқ, ал іс жүзінде барлары санкцияланбаған қоқыс үйінділері болып табылады. Осыған байланысты тұрмыстық қатты қалдықтар қоршаған ортаны ластау көзі болып табылады, ол қауіпті заттардың таралуына ықпал етеді.



2-тарау. Пайымы
Алматы агломерациясы бәсекеге қабілетті экономикасы бар, өмір сүру мен қоршаған ортаның сапасы жоғары және еларалық және экономикалық байланыстар жүйесіне интеграцияланған көпфункционалды өңір ретінде дамитын болады.

3-тарау. Ұзақ мерзімді жоспарды іске асырудың мақсаттары, стратегиялық бағыттары және нәтижелер көрсеткіштері
Ұзақ мерзімді жоспардың негізгі мақсаты Алматы агломерациясын жаһандық қосылған құн тізбегіне енгізілген, адами капитал деңгейі жоғары өңір ретінде қалыптастыру болып табылады.

Қойылған мақсатты шешу үшін мынадай даму векторларын (стратегиялық мақсаттарды) шешу көзделеді:

1)адами капиталды және өмір сапасын дамытуды;

2)бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды;

3) экологиялық тұрақтылық және ресурстар;

4) агломерацияны дамытуды.

1-стратегиялық бағыт. Адами капиталды және өмір сапасын дамыту

Жалпы, агломерацияның негізгі капиталын - адами капиталды дамыту бойынша шаралар кешені қабылданады. Адами капитал агломерациялардың экономикалық дамуын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Адами капиталды дамытудың негізгі мәселелері - білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, қауіпсіздік және басқалары.

1.1-міндет. Денсаулық сақтауды, білім беруді және мәдениетті дамыту

Алматы агломерациясының қалаларында халықаралық практиканы ескере отырып, қала ортасының базалық объектілерінің - бала бақшалардың, ауруханалардың/емханалардың, жалпы білім беру мектептерінің, сауда инфрақұрылымының және көрсетілетін қызметтер салаларының - 20 минутта жетуге болатын қолжетімділігінің тұжырымдамасы енгізіледі.

Жалпы, агломерацияға әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық сараланған жүйесі бас орталық, агломерацияның кіші орталықтары және жергілікті маңызы бар жергілікті орталықтар құрамында қалыптастырылатын болады. Әр елді мекенде күнделікті қызмет көрсетудің әлеуметтік объектілері орналастырылады (мектептер, бала бақшалар, медициналық пункттер және амбулаториялар, дене шынықтыру-емдеу бастапқы объектілері, клубтар). Агломерацияның кіші орталықтарында - аудан орталықтары мен ірі АЕМ-дерде - барынша жоғары деңгейде қызмет көрсету мекемелері орналастырылады (ауруханалар, жедел медициналық қызмет көрсету станциялары, мәдениет үйлері, техникалық және кәсіби білім беру орындары, жалпы пайдаланымдағы спорт залдары және басқалар), олардың қызметтерін ауданның барлық тұрғындары мерзімді түрде пайдаланады. Халыққа қызмет көрсету объектілерінің барынша толық кешені бар бас орталық функцияларын агломерация орталығы ретінде Алматы қаласы атқарады.

Алматы қаласына және басқа ірі елді мекендерге әлемдік ЖОО-ның кампустарын және дарынды оқытушылар мен мамандарды тарту бойынша шаралар кешені қабылданады. Жетекші білім беру университеттері және шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының негізінде цифрландыру стратегиясы (E-Learning) шеңберінде Қазақстанда еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың жаңа денгейіне көтеруге мүмкіндік беретін оқыту жүйесін құру.

Бірінші кезекте сырттан келген жастар үшін техникалық және кәсіби білімді дамыту бойынша бірқатар шаралар қабылданады.

Алматы қаласының жетекші денсаулық сақтау ұйымдарының негізінде цифрландыру стратегиясы (E-Медицина) шеңберінде бірлескен қашықтықтан операциялар жасау бойынша онлайн көпірлер және қашықтықтан дәрігерлік консультациялау жүйелері құрылады.

Қала құрылысы кадастрының құрамына тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізілімі енгізіледі. Мәдени-сауықтыру және спорттық-бос уақытты өткізу объектілерінің желісін кеңейту жоспарланып отыр.

1.2-міндет. Тұрғын үй құрылысын дамыту және сапалы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету

Алматы агломерациясы үшін орталық қала аумағының өсуі тән. Тұрғын үй құрылысында негізгі бағыт 5 млн.адамға дейін халқы бар, өңірге антропогендік жүктемені арттыра отырып, қала аумағын айтарлықтай кеңейтусіз ықшамды мегаполисті жайластыруға бағытталатын болады. Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік қолдаудың барлық шараларымен қамтамасыз етіледі - елді мекендер аумақтарының шегінде жер учаскелерін беру, инженерлік инфрақұрылым тарту, «энергия үнемдейтін» ғимараттарды жобалау, құрылысты индустрияландыру, авариялық тұрғын үйді бұзу және басқалар.

Реновациялау шеңберінде мөлшеріне қарамастан жылдам өсіп жатқан мегаполистер тәжірибесін пайдалану қажет. Қала аудандарында ескі ғимараттарды бұзу немесе жаңғырту және салу бойынша реновациялау бағдарламасы енгізіледі (Мәскеулік реновациялау бағдарламасының мысалында).

1.3-міндет. Қоғамдық көлікті дамыту және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Агломерацияның шеткері аймағында қоғамдық көлікті дамыту бөлігінде белсенді және нысаналы түрде автомобиль қозғалысына балама ретінде Алматы қаласынан батыс (Ұзынағаш кентіне дейін), солтүстік (Қапшағай қаласына дейін) және шығыс (Шелек кентіне дейін) бағыттарда арнайы салынған «жинақтау» автовокзалдары бар Bus Rapid Transit (бұдан әрі ­ BRT) және Light Rail Transit (бұдан әрі ­ LRT) желілерін дамыту қалыптастырылады. Сондай-ақ өзек қаладан өтіп, серіктес қалалар мен контрмагниттер арасында өзара жүйрік қатынасты дамытуға ерекше назар аударылады.

Өзек қаланы, серіктес қалаларды және контрмагниттерді қоса алғанда, агломерацияның ірі елді мекендері ішінде заманауи көше-жол желісін салу, әлемнің ірі мегаполистерінің тәжірибесін ескере отырып, қоғамдық көлікті дамыту, жолаушылар және велосипед қозғалысын қамтамасыз ету басым болады.

1.4-міндет. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту

Агломерация аумағында инженерлік инфрақұрылымды дамыту бөлігінде жаңа заманауи технологияларды пайдалана отырып, дәстүрлі энергетика инфрақұрылымын жаңғырту, балама энергетиканы дамытуға басымдық беріледі. Халықтың және экономиканың өсуіне байланысты 2030 жылға қарай елдің Шығысы арқылы Солтүстік-ОҢТҮСТІК 500 кВ ВЖ электр беру әуе желілері құрылысын аяқтау, Мойнақ және Кербұлақ СЭС кеңейту, үлкен Алматы арнасында, Есік және Шелек өзендерінде СЭС каскадын салу, ғимараттарда күн панельдерін пайдалану арқылы оның тапшылығын өтеу жоспарланып отырған электр энергиясының ықтимал тапшылығы болжанып отыр.

2030 жылға қарай Алматы агломерациясының барлық елді мекендерін газбен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады.

Агломерацияның елді мекендерін сумен жабдықтау топтық су құбырларына қосылатын су құбыры желілерін салу, сондай-ақ жер асты суларының жаңа учаскелерін барлау арқылы жергілікті сумен жабдықтау көздері арқылы шешіледі. Агломерация аумағында кәріздік тазарту құрылыстарын салу ең жаңа жүйелер мен тиімді технологияларды пайдаланумен жүзеге асырылады.

Жалпы Алматы агломерациясын Smart city (қоғамдық қауіпсіздік, көлік қозғалысын ұйымдастыру, тұрғын үй-коммуналдық сала) технологиясы бойынша кешенді дамыту жоспарланып отыр, ол халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, үздік әлемдік практиканы пайдалана отырып, басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігінің өсуіне ықпал етеді.

2-стратегиялық бағыт. Бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту

Алматы агломерациясының жаһандық жалпы қосылған құн тізбектеріне кірігуі адами капиталды және қаланың индустриялық-инновациялық инфрақұрылымын барынша пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Алматыдағы адами капиталдың жоғары деңгейі өңдеу өнеркәсібінің жоғары технологиялық секторларын және негізгі капиталға (өндіріс құралдары) инвестицияларға үлкен шығыстары бар агросектордағы дамытуға мүмкіндік береді. Трансұлттық компаниялармен бірлесіп «Жасыл экономика» үшін жабдық жасау бойынша шаралар қабылданады (сирек кездесетін металдарды пайдалана отырып, күн панельдері, гибридті қозғалтқыштарды жинау бойынша зауыт пен орнату орталықтары, LRT/BRT жобалары үшін қоғамдық көлікті жинауды ұйымдастыру және метрополитенді кеңейту, сондай-ақ гибридтті қозғалтқыштарда жүретін автокөлік және басқалары).

Жалпы, Алматы агломерациясының экономикасын дамытуды Қытайдың (Синдзянь-Ұйғыр Ұлттық Ауданы, Үрімші қаласы) және Өзбекстанның (Ташкент қаласы) жақын орналасқан өңірлері арасында бәсекеге қабілеттілігі және көрші елдердің ірі нарықтарымен тауар айналымы көлемдері тұрғысынан қарау қажет.

Алматы агломерациясы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі, оның күрделілігі (экономикалық күрделілік индексі, ECI) сатылатын кластерлердің болуы мен дамуына байланысты болады.

Бұл ретте Алматы агломерациясының экономикалық мамандануы әлемдік деңгейдегі қаржы, білім беру (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі), туристік-рекреациялық және көлік-логистика қызметін көрсету, инновациялық өндірісті дамыту.

2.1-міндет. Индустриялық аймақтарды дамыту

Алматы агломерациясында өнеркәсіптік өсуді қарқындату үшін мыналар белсенді дамытылады:

Алматы қаласы Алатау ауданының индустриялық аймағы (490 га);

Қапшағай трассасындағы «Арна» (1303 га) және «Береке» (383,3 га) индустриялық аймақтары;

Алматы қаласының Медеу ауданындағы «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА (364 га);

Іле ауданының Байсерке ауылындағы «Даму-Алматы» индустриялық парктері (210 га), Қарасай ауданының Боралдай ауылындағы «Даму-Ақсеңгір» (602 га), Талғар ауданының Жаңалық ауылындағы «Даму-Қайрат» (198 га).

2.2-міндет. Кластерлер мен жоғары технологиялық өндірістерді дамыту

Жоғарыда аталған индустриялық аймақтарға, сондай-ақ агломерацияның шеткері аймағының аумағында өзек қаладан ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бірте-бірте шығарылады. Бұл ретте, Алматы қаласының өзінде біліктілігі жоғары персоналды тартатын тек жоғары технологиялық өндірістер (кәсіпорындар) орналастырылады.

Алматының серіктес қалаларын (Қаскелен, Талғар, Есік), сондай-ақ контрмагниттерді - Қапшағай қаласы, Ұзынағаш пен Шелек кенттерін экономикалық нығайту бойынша шаралар қабылданады.

Алматы қаласының «Қазақфильм» және «Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Академиялық қалашығы» базасында қалаішілік кластерлік салалық парктерді құру мәселелері пысықталады.

Алматы қаласы өзінің жаһандық қосылған құн тізбектеріне енгізілуінен, сондай-ақ мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттардың, халықаралық компаниялардың және провайдерлердің жоғары шоғырлануынан пайда табумен инновациялар катализаторына айналады.

Алматы дистрибуцияның орталығы бола отырып, Оңтүстік макроөңір және барлық Қазақстан үшін хаб функцияларын іске асырады.

2.3-міндет. Алматы қаласының азық-түлік белдеуін дамыту

Ауыларалық аумақты дамыту кезінде үш өзара байланысқан еңбектің күш жұмсайтын бағыттарына – тамақ өнеркәсібі, оны жайластыру құрылыс индустриясының және көлік-логистика жүйесінің дамуы арқылы анықталады. Бұл аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша агроөнеркәсіптік кешендерді, ал ауылдық округ орталықтары мен тірек ауылдарда сервистік-дайындау орталықтарымен кешенді түрде бастапқы өңдеу кәсіпорындарын орналастыра отырып, Алматы қаласының азық-түлік белдеуін құруды қамтамасыз етеді. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жемістер мен көкөністерді, етті (ет өнімдерін шығару), балықты өңдеу және консервілеу, сүт өнімдерін, ұн өнеркәсібі өнімдерін, крахмал өнімдерін, темекі өнімдерін, жүн бұйымдарын және басқаларды шығару сияқты кластерлер дамиды.

Алматы агломерациясының дамуы және көпмиллионды халқынын болуы ауылшаруашылығы өнімдерін өткізудің тұрақты сыйымды нарығын қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл Алматы мен республиканың басқа облыстырының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің экономикасын жақсартады.

2.4-міндет. Туризмді, рекреацияны және спортты дамыту

Алматы агломерациясының аумағы бірегей рекреациялық әлеуетке және әлемдік маңызы бар туристік ресурстарға ие. Қолайлы географиялық орналасу, туризмнің барлық түрлерін дамытудың кең мүмкіндіктері, өңірлік туристік өнімдердің болуы аталған өңірдің туристік-рекреациялық инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

Алматы агломерациясы Алматы облысына іргелес аумақтармен бірге (Көлсай, Қайыңды, Түрген, Қапшағай, Алтын-Емел, Шарын, Таңбалы-Тас және басқалары) халықаралық деңгейдегі туристік-рекреациялық қызметтерінің орталығы ретінде позицияланады.

Алматы агломерациясының аумағында туристік саланы дамыту мақсатында бастапқы табиғи процестер мен құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерін, типтік және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерттеу және оларды қалпына келтіру бойынша шаралар кешені қабылданады.

Сондай-ақ, экологиялық туризмге артып жатқан сұранысты ескере отырып, туризм инфрақұрылымын дамыту, туристік объектілерді реконструкциялау және салу, экологиялық жолдар мен бағдарларды әзірлеу, экологиялық туризмді ішкі және сыртқа нарықтарға Қазақстанның инвестициялық имиджін қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сайттарында жарнамалық-ақпараттық қамтамасыз ету және ілгерілету бойынша шаралар кешені қабылданады.

2.5-міндет. Көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту

Алматы агломерациясының аумағында өзек қалаға дейін 1,5-сағаттық қолжетімділік (изохрона) радиусында заманауи көлік байланысы қамтамасыз етіледі, оның шегінде агломерацияның даму кезеңіне байланысты қарқынды, белсенді және әлсіз агломерациялық процестер аймақтарын бөліп көрсетуге болады.

«Астана-Алматы», «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистральдарын, «Жетіген-Қорғас» темір жол учаскесін, жаңа әуежай мен темір жол вокзалын салу сияқты ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру агломерацияның көлік қаңқасын одан әрі дамытуға бағытталған. Сондай-ақ көрсетілген жобалар жоғарыда аталған автомагистральдар бойынан сервистік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Алматы агломерациясында Қапшағай қаласын басқа жақын орналасқан қалалармен (Қаскелен, Есік, Талғар) тікелей көлік қатынасы бар, агломерацияның өзек қаласы мен іргелес аумақтары үшін контрмагнит ретінде дамытуға басты назар аударылады.

2030 жылға қарай «Жетіген – Қазыбек-Бек» (75 км) жаңа темір жол учаскесі, «Алматы-Шу» және «Алматы-Жетіген-Қорғас» учаскелерінде екінші жолдар (электрмен жабдықтай отырып), Жетіген темір жол станциясының базасында ірі тораптық көлік-логистика орталығы, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) салынады.

Алматы қаласының маңында жүктер мен азық-түлік қорларын сақтау үшін көлік-логистика орталықтарын салу жоспарланып отыр.

Жалпы Алматы агломерациясы сауда-логистика орталығы («Қорғас» ХШЫО дамуы мен басқа ірі жобалардың іске асырылу перспективаларын ескере отырып), Қазақстан мен жалпы Орталық Азия аумағына инновациялар дистрибуциясының орталығы ретінде дамиды. Өзек қала, оның серіктестері және одан әрі облыс бойынша логистика үшін рельстік жолдар мен жүйрік автобус желілерін қосымша пайдалану үшін жағдайлар жасалады.

3-стратегиялық бағыт. Экологиялық тұрақтылық және ресурстар

3.1-міндет. Агломерация аумағын экологиялық сауықтыру

Алматы агломерациясында өмір сүру сапасын жақсартудың негізгі міндеті бірқатар қосымша шаралар арқылы әуе бассейінін тазарту және санитарияны жақсарту болып табылады:

- шаңның ұсақ бөлшектері құрамдауыштарының әуе кеңістігін мониторингілеу жүйесін құру (2,5 мкм және одан аз);

- барлық жылу электр станцияларын отын ретінде көмірден бірте-бірте бас тарта отырып, Голландиядағы GreenPortInternational мысалы бойынша агломерацияның 6 индустриялық аймақтарында өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтарына бу мен тазартылған СО2 берудің орталықтандырылған инфрақұрылымын ұйымдастырып, табиғи газға ауыстыру, сондай-ақ қауіпті өндірістерде тазарту жабдығын қайта жарақтауды не оларды ауыстыру мүмкіндігінсіз барлық агломерация аумағы бойынша толық жабуды ынталандыру;

- дизельдік және бензиндік қозғалтқыштарды гибридттік қозғалтқыштарға немесе сұйықталған газға ауыстыруды субсидиялай отырып, автокөлікті белсенді ауыстыру;

- қоғамдық көлікті сұйытылған газға толық ауыстыру және газ толтыру желілерін дамыту;

- 3 негізгі кіші бағдарлама арқылы жалпы электр энергиясы өндірісінде жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесін 50%-ға дейін арттыра отырып, корпоративтік және тұтынушылық деңгейге жасыл экономиканың дамуын экологиялық ынталандыру:

тұрғын үйлерді және басқа да ғимараттарды, әсіресе агломерацияда жылына 1900 млн. кВат/сағат жиынтық өндіріске қол жеткізгенде дейін 5 жыл ішінде 0,5-тен 1,5 млн. м2 өтеумен ірі коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерін салу, жаңғырту мен жөндеу кезінде жылу мен электр энергиясы үшін тиімді күн панельдерін орнату бағдарламасын ынталандыру;

ірі мал шаруашылығы базаларының негізінде электр энергиясы мен жылуды шығару бойынша биогаз қондырғыларының желісін дамыту, сондай-ақ Алматы агломерациясының энергия айналмасы бойынша каскадты және шағын су электр станцияларын жедел дамыту;

МЖӘ шарттарында халықаралық инвесторларды тарта отырып, озық еуропалық технологиялар бойынша жұмыс істеп тұрған қоқыс өңдеу зауытын қоқыс өртейтін зауыт ретінде жаңғырту және кемінде 2 жаңа заманауи қоқыс өңдеу зауыттарын құру.

3.2-міндет. Агломерация аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында маусымдық су тасқыны мен селдерге, өртке, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларына қарсы іс-қимыл инфрақұрылымы объектілерін реконструкциялау мен салу, сондай-ақ ғимараттарды сейсмикалық күшейту бойынша жобалар іске асырылады, бұл 2030 жылға қарай агломерация аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың толыққанды инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ 2030 жылға қарай Алматы агломерациясының табиғи-экологиялық қаңқасын дамыту бойынша іс-шаралар кешені аяқталады. Агломерацияның табиғи-экологиялық қаңқасының құрамына экологиялық белгісі мен өзгеру болжамы бойынша қала құрылыстық реттеудің ерекше мәртебесімен барлық негізгі аумақтар кіретін болады.

4-стратегиялық бағыт. Агломерацияны дамытуды басқару

Алматы қаласында орталығы бар агломерацияны аумақтық-кеңістіктік дамытуды жоспарлау, өндірістік қуаттарды, индустриялық, рекреациялық және өзге жоспарлау аймақтарын, көлік-логистикалық және өзге коммуникациялық инфрақұрылымның тірек қаңқасын сауатты орналастыру 2030 жылға дейінгі кезеңде жобалық шешімдері бар Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы негізінде жүргізіледі.

Осы Ұзақ мерзімді жоспардың іске асырылуын бақылау үшін жалпы агломерациялық мәселелерді шешу бойынша өкілеттіктерді ұсына отырып, Алматы агломерациясын басқару жөніндегі арнайы кеңес құрылады.

Кеңестің құрамына қала мен облыс әкімдерінен бөлек, әкімдердің орынбасарлары, барлық орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелер басшылары, мәслихаттар хатшылығының және өзге мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді. Бұдан басқа Кеңестің құрамына тұрақты немесе уақытша негізде әкімдіктер басқармаларының басшылары, аудандар мен шағын қалалардың әкімдері кіреді.

Бұл ретте, Кеңес отырыстары тұрақты сипатқа ие болады (мысалы, айына кемінде 1 рет).

Кеңестің негізгі міндеттері (өкілеттіктері) Ұзақ мерзімді жоспарды тиімді іске асыру, агломерацияның өңіраралық проблемаларын шешу және басқалар болып табылады.

Агломерацияны дамытудың кез келген мәселелері (қала құрылысы, жер, көлік-логистикалық және басқасы) Кеңеспен келісіледі, яғни Кеңес шешімдері бұрын қабылданады және қала мен облыс әкімдерінің шешім қабылдауына негіз болады.

Кеңестің тиімді қызметі үшін жұмыс органы-Хатшылық құрылады (құрамында 10-15 адам), оның негізгі міндеті-Кеңес отырыстарына материалдар, құжаттар дайындау болып табылады.

Бұл ретте Кеңестің ішінде қажет болған жағдайда салалық бағыттар жөніндегі комитеттер (көлік, ТКШ, әлеуметтік мәселелер және басқалар) жұмыс істейтін болады.

Кеңес шешімдері консенсуспен қабылданады. Консенсуске қол жеткізілмеген жағдайда мәселе өңірлік даму саласындағы уәкілетті орган бекіткен комиссияның ережесін басшылыққа алумен Астана мен Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия қарауына шығарылады.

Кеңеспен бір мезгілде Алматы агломерациясының Іскерлік кеңесі құрылады, оның құрамына өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, «Даму» КДҚ» АҚ, салалық кәсіпкерлер одақтарының басшылары және басқалар кіретін болады.

Алматы агломерациясының Іскерлік Кеңесін құру мақсаты Алматы қаласы мен Алматы облысының бизнес құрылымдарын Алматы қаласын дамытудың ең өзекті мәселелерін талқылау және шешу үшін тарту.

Осы Ұзақ мерзімді жоспарды іске асыру нәтижесінде тікелей инвестицияларды тарту және индустриялық-инновациялық даму үшін жағдай жасалады, көлік-коммуникациялық, сауда-логистикалық, инженерлік-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымның бірыңғай кешені, агломерацияның тірек қаңқасы (секторлар бойынша «жасыл экономикаға» көшу тәсілдерін сақтай отырып, қала құрылысы, көлік және экологиялық-табиғи) құрылады, Алматы агломерациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері және жалпы дамытуды басқару жүйелері қалыптастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет