Алматы қаласы 2005 жылғы 29 қазан №134



жүктеу 1.16 Mb.
бет1/6
Дата15.05.2019
өлшемі1.16 Mb.
  1   2   3   4   5   6


ҚР Әділет Министрлігімен 12.12.05 г. № 3971 тіркелген


Алматы қаласы

2005 жылғы 29 қазан

134


Қазақстан Республикасында

валюталық операцияларды

жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

“Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесі (осы қаулыға 1-қосымша) бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, екінші деңгейдегі банктерге, “Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігіне, “Активтерді Басқарушылар қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігіне және сауда-саттық ұйымдастырушыға жіберсін.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы Ә. Сәйденов


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі

Төрағасы Б. Жәмішев
______________________________

2005 жылғы «___»______________



«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы


Статистика агенттігі

Төрағаның бірінші орынбасары

Ю. Шокаманов
______________________________

2005 жылғы «___»______________




«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Төрағасы
_______________________

2005 жылғы «___»______________




«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Төрағасы
_______________________

2005 жылғы «___»______________




«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Төрағасы

_______________________

2005 жылғы «___»______________


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Төрағасы
_______________________

2005 жылғы «___»______________





Қазақстан Республикасының


Ұлттық Банкі Басқармасының
2005 жылғы 29 қазандағы
№134 қаулысына

1-қосымша



Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды

жүзеге асыру ережесі
Осы Ереже «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) лицензияларды, тіркеу куәліктерін беру тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ Ұлттық Банкке валюталық операцияларды жүргізу туралы хабарлау тәртібін белгілейді.

1-бөлім. Жалпы ережелер


1-тарау. Негізгі ұғымдар және терминдер
1. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) көрсетілген мәндерде пайдаланылады.

2. Осы Ереженің мақсаттары үшін сондай-ақ мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

көшірме – ксерокөшірме, факсимильді көшірме;

инвестициялау объектісі – бағалы қағаздары (қатысушылардың дауыстары) сатып алынатын (сатып алынған) заңды тұлға, сондай-ақ инвестициялық пай қоры. Депозитарлық қолхаттармен операциялар жүргізген жағдайда олардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаздар эмитенті инвестициялау объектісі болып табылады;

тікелей инвестициялау объектісі – дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызы (қатысушылардың жалпы дауыс санының он және одан көп пайызы) тікелей инвесторға тиесілі заңды тұлға;

резидент емес инвестициялық қордың пайы – активтерін басқаруды резидент емес жүзеге асыратын инвестициялық пай қорының пайы;

валюта шартын қайта тіркеу – валюта шартын осы Ережеде көзделген жағдайларда кез келген келесі тіркеу;

тікелей инвестор – инвестициялау объектісіне тікелей инвестициялауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) заңды немесе жеке тұлға;

өз операциялары –валюта шартының тарабы болып табылатын резиденттердің өз атынан және меншікті қаражаты есебінен жасайтын валюталық операциялары;

басқарушы компания – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясы бар заңды тұлға;

бағалы қағаздар нарығына резидент емес қатысушы - ол тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығы бар резидент емес.

3. Осы Ереженің мақсаты үшін тауар (жұмыс, қызмет көрсету) экспорты немесе импорты күні болып мыналар табылады:

Қазақстан Республикасында тауарларды негізгі кедендік ресімдеу күні;

тауарды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтуді көздемейтін валюта шартының талаптарына сәйкес тауарға меншік құқығының көшкен күні;

жұмыс (қызмет көрсету) орындауды растайтын құжаттарға қол қою (қабылдау) күні;

жұмыс (қызмет көрсету) орындауды растайтын құжаттар жасауды көздемейтін жұмыс (қызмет көрсету) орындау шарттары бойынша шот-фактуралар, инвойстарды ұсыну күні;

өзге жағдайларда валюта шартының талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындаудың басталған күні.

4. Егер осы Ережеде өзгеше жазылмаса, заңды тұлғаларға қатысты белгіленген нормалар сондай-ақ олардың филиалдарына және өкілдіктеріне де қатысты қолданылады.




2-тарау. Валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу тәртібі

5. Валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізген кезде резидент (резидент емес) уәкілетті банкке мынадай құжаттар ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін);

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (жеке тұлғалар – шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін), егер болса;

3) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу (есепке алу) туралы куәлік (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшін), егер осы құжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уәкілетті органы берген сәйкестендірілген бірегейлендіру коды берілгенін растайтын құжат (бұдан әрі – КҰЖЖ коды) (Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелген заңды тұлғалар үшін), егер осы құжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;

5) салық төлеушінің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат, не салық органының осы тұлғаның Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде тұрмағаны туралы құжаты, егер осы құжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;

6) валюта шарты;

7) осы Ережеде көзделген жағдайларда лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік;

8) мәміле паспорты (мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) экспортына немесе импортына байланысты мәмілелер бойынша);

9) міндеттемелердің орындалғанын растайтын не соның негізінде орындалуы қажет құжаттар (экспортпен немесе импортпен байланысты мәмілелер бойынша).

Мәміленің жағдайларын нақтылау және операцияны және оның қатысушыларын жіктеу мақсатында резидент және резидент емес заңды тұлғалар сондай-ақ уәкілетті банктердің талап етуі бойынша құрылтай құжаттарын ұсынады.

Резидент (резидент емес) осы тармаққа сәйкес талап етілетін құжаттарды және мәліметтерді ұсынбаған жағдайда уәкілетті банк осы Ереженің 6-тармағының екінші абзацында, 7 және 9 тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізбейді.

6. Резидент лицензия және/немесе тіркеу куәлігі және (немесе) хабарлама туралы куәлік талап етілетін валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізген кезде резидент уәкілетті банкке осындай құжаттардың түпнұсқасын және көшірмесін береді. Оларды салыстырғаннан кейін көшірмелері уәкілетті банкте қалады, ал түпнұсқалары резидентке қайтарылады. Осы Ереженің 79-тармағында көзделген жағдайларда тіркеу куәлігінің түпнұсқасының орнына нотариат куәландырған немесе Ұлттық Банк растаған тіркеу куәлігінің көшірмесін ұсынуға рұқсат етіледі.

Хабарлама туралы куәлік болмаған жағдайда уәкілетті банк оны алу қажеттігі туралы резидентке хабарлай отырып, операцияны жүргізеді.

Лицензия және (немесе) тіркеу куәлігі талап етілетін валюталық операциялар жүргізу нәтижесінде алынған ақша резиденттің пайдасына түскен кезде уәкілетті банк резидентке осындай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды және түскен ақшаны резиденттің банктік шотына лицензия және (немесе) тіркеу куәлігін ұсынғаннан кейін ғана есептейді. Уәкілетті банк лицензияда белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімі өткен жағдайда ақшаны осы Ереженің 37-тармағында белгіленген талаптарды есепке ала отырып резиденттің банктік шотына есептейді.

7. Уәкілетті банктерде ашылған карт-шоттардан жүзеге асырылатын валюталық операциялар бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары, валюталық операциялар жүргізу үшін осындай карт-шоттардан қолма-қол ақша алу, сондай-ақ резиденттердің және резидент еместердің валюталық операциялар бойынша чек, вексель беру (өткізу) арқылы төлемдері уәкілетті банктерге осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алдын ала ұсынбай жүзеге асырылады.

8. Резидент заңды тұлға валюталық операциялар бойынша карт-шоттан ақша аударымын жүргізген, валюталық операцияларды жүргізу үшін карт-шоттан он мың АҚШ доллары баламасынан асатын мөлшерде қолма-қол ақша алған жағдайда резидент-заңды тұлға уәкілетті банкке осы Ереженің 5-тармағының 6) және 9) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады. Көрсетілген құжаттарды резидент-заңды тұлға жоғарыда көрсетілген операциялар жүргізілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде ұсынады.

9. Осы Ереженің 5-тармағының 6) және 9) тармақшаларына, сондай-ақ резидент емес жеке тұлғалар үшін осы Ереженің 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес талап етілетін валюталық операциялар бойынша құжаттарды жеке тұлға ұсынуы мүмкін болмаған жағдайда уәкілетті банк ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын (ақша беруді) мақсатын көрсеткен кезде ғана, сондай-ақ ақша аударуға (ақша алуға) тапсырмада (өтініште):

1) осы ақша төлемі және (немесе) аударымы жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне, лицензия, тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлік алуды, мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін валюталық операцияларды оның жүзеге асыруына байланысты еместігін растайтын (осы Ереженің 5-тармағының 6) және 9) тармақшаларына сәйкес талап етілетін құжаттар болмаған жағдайда ғана);

2) уәкілетті банкке осы ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке олардың талап етуі бойынша беруге рұқсат ететін жазбалар болған жағдайда жүзеге асырады.

Ақша аударымына (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) көрсетілген шынайы емес деректерді ұсынғаны үшін жауапкершілік ақша жіберушіге (алушыға) жүктеледі.

10. Егер бір уәкілетті банк арқылы осы Ереженің 5-тармағының 6) және 9) тармақшаларына, сондай-ақ резидент емес жеке тұлғалар үшін осы Ереженің 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбай жеке тұлғалар жүргізетін ақша төлемдерінің және (немесе аударымдарының) немесе өздерінің карт-шоттарын пайдалана отырып, валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерінің және (немесе) аударымдарының жалпы сомасы күнтізбелік ай ішінде елу мың АҚШ доллары баламасынан асатын болса, уәкілетті банк күнтізбелік ай өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке өзі жүргізген ақша аударымдары туралы мынадай ақпаратты ұсынады:

жіберушінің (алушының) аты-жөні;

жіберушінің (алушының) салық төлеушісінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) не осы тұлғаның Қазақстан Республикасында салық органдарында тіркеу есебінде тұрмайтыны (болған кезде) туралы ақпарат;

банктік шот нөмірі;

жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы белгі;

аударым сомасы;

ақшаны алатын (жіберетін) ел;

осындай аударымдарды алушы (жіберуші) туралы қолда бар ақпарат.

11. Уәкілетті банктер арқылы резиденттердің және резидент еместердің міндеттемелерін орындау есебіне резидент үшінші тұлға жүргізетін ақша төлемдері және (немесе) аударымдары резидент үшінші тұлға мен атынан ақша төлемдері және (немесе) аударымдары жүзеге асырылатын тұлғаның арасындағы өзара міндеттемелердің сипатын анықтайтын шартты ұсынған жағдайда, егер бұл осының негізінде осындай ақша төлемдері мен аударымдарының орындалуы жүзеге асырылатын валюта шартында көрсетілмесе, жол беріледі.

12. Шетелдік банктердегі резидент еместердің шоттарынан резиденттердің міндеттемелерін орындау есебіне жүзеге асырылатын резиденттің валюталық операциялары бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдарына мынадай жағдайларда:

1) резидент резидент еместен алған қаржылық заемды үшінші тұлғалардың шотына есептеуге;

2) бағалы қағаздар нарығында резидентке ол тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығы бар резидент еместің қаржылық қызмет көрсетуіне;

3) резидент еместің тапсырма шарты бойынша резидентке қызмет көрсетуіне жол беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет