Алматы қаласы 2005 жылғы 29 қазан №134



жүктеу 1.16 Mb.
бет2/6
Дата15.05.2019
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6

3-тарау. Шетел валютасын сатып алу және сату тәртібі

13. Резидент заңды тұлғалар ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға шетел валютасын резидент еместердің пайдасына, сондай-ақ Заңның 13-бабының 1)-5), 8) және 11) тармақшаларында белгіленген жағдайларда резиденттердің пайдасына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мақсаттары үшін ғана сатып ала алады.

14. Ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алуға тапсырысты ресімдеген кезде Заңның 13-бабының 2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, резидент заңды тұлғалар сатып алу мақсатын көрсетеді, сондай-ақ орындау үшін шетел валютасы сатып алынатын валюта шартын қоса береді және банкке оны пайдаланбаған жағдайда банктің бағамы бойынша осы валютаны ұлттық валютаға сатуға уәкілеттік береді.

Шетел валютасының пайдаланылмаған бөлігі оны сатып алған күннен кейін отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін уәкілетті банктің ұлттық валютаға міндетті түрде сатуына жатады.

Резидент емес (резидент) резидент заңды тұлға алдындағы өз міндеттемелерін орындамауына, резидент заңды тұлғалар бұрын ұлттық валютаға сатып алған шетел валютасын төлем тапсырмасындағы қате деректемелер көрсетуге не қолма-қол алынған шетел валютасын пайдаланбауға байланысты қайтарған жағдайда оны резидент заңды тұлғаның банктік шотына есептеген күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін банктің бағамы бойынша ұлттық валютаға міндетті сатуға жатады.

Көрсетілген мерзім өткенге дейін банкке соған сәйкес шетел валютасы сатып алынған тапсырысқа сілтемесі бар өтініш-хатты және валюта шартын ұсынған кезде ұлттық валютаға сатып алынған шетел валютасы осы Ереженің 13-тармағында көзделген өзге де мақсаттарға қолданылуы мүмкін. Бұл ретте осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген мерзім ұзартылмайды.

15. Резидент заңды тұлғаларға аккредитивті есептесу нысанын көздейтін келісім-шарттар бойынша есептесу үшін қажетті шетел валютасы аккредитив бойынша төлем күні өткенге дейінгі мерзімге сатып алынады.

Резидент заңды тұлға шетел валютасын сатып алуға өтінімді ресімдеген кезде аккредитив бойынша ақы төлеу мерзімі өткен не есептесу нысандарын ақшаны пайдалануды көздемейтін өзгелеріне өзгерту күнінен бастап осы валютаны он күнтізбелік күн ішінде банктің бағамы бойынша ұлттық валютаға сатуға уәкілеттік береді. Аккредитивті есептесу нысанын ақшаны пайдалануды көздейтін өзге нысанға өзгерткен жағдайда шетел валютасы резидент заңды тұлғаның ағымдағы шотына есептеуге (аударуға) жатады және осы Ереженің 14-тармағында белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген мерзімде пайдаланылуға тиіс.

16. Резидент заңды тұлға ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға сатып алынған шетел валютасын басқа уәкілетті банктегі өз шотына аударған кезде ақша жіберуші банк аударым жасаған кезде бенефициар банкке көрсетілген шетел валютасы ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға сатып алынғаны туралы хабарлайды және оны сатып алу мақсаты мен күнін көрсетеді. Заңды тұлғаның осы тараудың талаптарын сақтауына бұдан әрі бақылау жасауды бенефициар банк жүзеге асырады.


4-тарау. Қолма-қол валютаны алу (есептеу) және пайдалану тәртібі

17. Резиденттер және резидент еместер банктік шоттардан қолма-қол ұлттық валютаны, сондай-ақ Заңның 16-бабының 1-тармағында көрсетілген валюталық операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін жеке тұлғалар қолма-қол шетел валютасын алған кезде осы Ереженің 5-тармағының 6)-9) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

18. Уәкілетті банктердегі заңды тұлғалардың банктік шоттарынан қолма-қол шетел валютасы Заңның 16-бабының 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мақсатында алынуы мүмкін.

19. Заңды тұлғалар қолма-қол шетел валютасын алу үшін уәкілетті банкке валюта шарты ретінде қызметкерлерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу туралы бұйрықты, іссапар шығыстарының сметасын, жалақы төлеу туралы бұйрықты (өкімді) ұсынады.

20. Заңды тұлғалар қызметкерлерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды төлеуге бұрын алынған қолма-қол шетел валютасының пайдаланылмаған бөлігі қызметкерлерді іссапарға жіберу мерзімі аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде заңды тұлға уәкілетті банктегі өзінің банктік шотына міндетті есептеуге жатады.

21. Осы Ереженің 18-20 тармақтарында жазылған нормалар Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер, консулдық мекемелеріне қолданылмайды.

22. Уәкілетті ұйымдар, қолма-қол шетел валютасына бөлшек сауданы және қызмет көрсетуді жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар, сондай-ақ өз қызметін Қазақстан Республикасының кеден аумағында кедендік бақылауда әуежайларда, порттарда және халықаралық қатынастар үшін ашылған шекара өткелдерінде жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар валюта шартын ұсынбастан уәкілетті банктердегі өздерінің банктік шоттарынан Заңның 16-бабының 1-тармағының 3), 4) және 7) тармақшаларында көзделген төлемдерді жүзеге асыру үшін қолма-қол шетел валютасын алуға құқылы.


2-бөлім. Валюталық реттеу режимдері туралы жалпы ережелер

23. Резидент, тиісінше Заңның 7-бабының 2-тармағына, 8-бабының 3-тармағына, 9-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын мерзімде Ұлттық Банкке лицензия, тіркеу куәлігін алуға өтініш береді, валюталық операция туралы хабарлайды.

24. Егер валюта шартына қол қою күні (ол болмаған жағдайда – күшіне енген күні) осындай шарт бойынша жүзеге асырылатын операцияларға валюталық реттеу режимдерінің қолданылуын айқындау үшін қажетті сома және (немесе) өзге де жағдайлар болмағанда валюталық реттеу режимдерінің операцияларға қолданылуы резиденттердің және резидент еместердің валюта шарты бойынша міндеттемелерінің нақты орындалуын негізге ала отырып айқындалады.

Коммерциялық кредиттер мен қаржылық заемдар жағдайында, егер 180 күннен астам мерзімге жасалған валюта шарты шеңберінде тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) экспортын немесе импортын (бұдан әрі - жеткізу) және (немесе) төлемдерді бөліп-бөліп жүзеге асыру әрқайсысы бойынша міндеттемелер 180 күннен аспайтын мерзімде орындалатыны көзделсе, валюталық операция лицензиялауға, тіркеуге, хабарлауға жатпайды.

Тараптардың коммерциялық кредиттер бойынша нақты орындалған міндеттемелері бойынша әрбір келесі төлем (жеткізу) неғұрлым ертерек күнмен жүзеге асырылған жеткізу (төлем) бойынша берешекті өтеу есебіне есептеледі. Төлемнің (жеткізудің) қалған бөлігі келесі төлем (жеткізу) бойынша берешекті өтеу есебіне есептеледі.

Лицензиялау мақсаты үшін, егер валюта шартының талаптарында төлемдерді жеткізу есебіне есептеудің өзге тәртібі айқындалмаса, осы тармақтың үшінші абзацында айқындалған коммерциялық кредиттер бойынша лицензияланатын операциялардың сомасын есептеу тәртібі қолданылады.

Резиденттің резидент еместі кредиттеу мерзімін есептеу мақсаты үшін лицензиялау кезінде әрбір жеткізу (төлем) күні есепке алынады, ал лицензияланатын операция сомасы резидент еместің барлық жеткізулері (төлемдері) бойынша 180 күн ішінде өтелмеген берешегінің сомасы ретінде айқындалады.

Жеткізу (төлем) бойынша берешекті толық өтеу кезінде коммерциялық кредиттер және қаржылық заемдар бойынша тіркеу, хабарлау мақсаты үшін 180 күнді есептеудің басталуы ол бойынша өтелмеген берешек бар келесі жеткізу (төлем) күніне ауысады. Берешек сомасын есептеу барлық жеткізулер (төлемдер) бойынша ол бойынша берешек бар валюта шарты шеңберінде 180 күннен кем мерзімге берешекті қоса алғанда, барлық жеткізулер (төлемдер) бойынша жүргізіледі.

25. Өзге валютада көрсетілген және шарт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін АҚШ долларына қатысы бойынша айырбастау бағамына нұсқауы жоқ шарттар бойынша АҚШ долларындағы валюта шарты сомасының баламасын айқындау үшін соманы қайта санау валюта шартына қол қойылған күнгі (ол болмаған жағдайда – күшіне енгізілген күнгі) Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп мақсатында қолданылатын бағам бойынша жүзеге асырылады.

Осы Ереженің 24-тармағында көрсетілген жағдайларда шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін өзге валютада көрсетілген және АҚШ долларына қатынасы бойынша айырбастау бағамына нұсқаулары жоқ валюта шарттары бойынша нақты орындалған міндеттемелер сомасының АҚШ долларындағы баламасын айқындау үшін соманы қайта санау операцияларды жүргізу күнгі Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп мақсатында қолданылатын бағам бойынша жүзеге асырылады.

26. Валюталық реттеу режимдерінің шеңберінде ұсынылатын және (немесе) тиісті есептерде көрсетілетін мәліметтердің шынайылығына бақылау жасау мақсатында осы Ережеде белгіленген жағдайларда және (немесе) Ұлттық Банктің сұратуы бойынша резидент Ұлттық Банкке валюта шарты бойынша міндеттемелердің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:

1) төлем жүргізу не тауар жеткізудің (жұмыс, қызмет көрсету), сондай-ақ активтерді берудің негізділігін растайтын құжаттардың көшірмелері (төлем құжаттарының, жүк кеден декларацияларының, шот фактуралардың және басқаларының көшірмелері);

2) уәкілетті банктің ақша төлемдері мен аударымдары жүргізілгені туралы анықтамасы;

3) мәміле паспорты ресімделген мәміле бойынша тауарлар қозғалысы (экспорт, импорт) туралы кеден органының анықтамасы;

4) мәміле паспорты.

27. Ұлттық Банк келісілген тәртіппен банкке, кеден ісі мәселелері бойынша уәкілетті органға (тауарлардың орнын ауыстыруды көздейтін мәмілелер бөлігінде), салық қызметі органдарына берілген және күші жойылған лицензиялар, тіркеу куәліктері, хабарлау туралы куәліктер туралы ақпарат ұсынады.

28. Банктер ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне дейін (қоса алғанда), Ұлттық Банктің орталық аппаратына осы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша банктерді қоспағанда, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке тұлғаларға тіркеу куәліктері, хабарлама туралы куәліктер берілген валюта шарттары бойынша қаражаттың қозғалысы туралы есепті ұсынады.

29. Резидентке тіркеу куәлігінің, хабарлама туралы куәліктің түпнұсқасы жоғалған кезде ол өтінішпен хабарласқан жағдайда жоғалған құжаттың дубликаты беріледі.

Резидент дубликатты алу үшін валюта шарты немесе валюталық операциялар туралы хабарламаны тіркеу орны бойынша жоғалту себебі мен жағдайын көрсете отырып, өтініш береді. Ұлттық Банк өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дубликатты ресімдейді және береді. Дубликат бастапқы тіркеу куәлігінің, хабарлама туралы куәліктің бастапқы нөмірімен және күнімен «Дубликат» деген сөзді және дубликат берілген күнді көрсете отырып беріледі.

Лицензияның дубликатын беру «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

30. Лицензиялауды, тіркеуді, хабарлама туралы растауды Ұлттық Банк тарапынан тиісті валюталық операциялар (валюта шарттары) бойынша қатысушылардың міндеттемелеріне қатысты қандай да болмасын міндеттеме алмай Ұлттық Банк жүргізеді.

Лицензияның, тіркеу куәлігінің, хабарлама туралы куәліктің болуы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершіліктен босату үшін негіз болып табылмайды.

3-бөлім. Валюталық операцияларды лицензиялау режимі
5-тарау. Жалпы талаптар
31. Жүз мың АҚШ доллары баламасынан жоғары сомада осы Ереженің 45-тармағында көзделген операцияларды жүргізуге бір жолғы лицензиялар алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалардың осы Ереженің 3-бөлімінің 4-тарауында көзделген шетелдік банкте шоттар ашуға берілетін операциялық лицензияларды алуға арналған біліктілік талаптарына мыналар кіреді:

1) салық берешегінің болмауы;

2) бюджет қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша, үкіметтік сыртқы заемдардың және мемлекеттік кепілдіктерді орындаудан туындаған талаптар бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы.

32. Өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ретінде лицензия алуға өтініш берген күнге дейінгі отыз күнтізбелік күннен аспайтын уақытта тиісті мемлекеттік органдар берген мынадай құжаттар ұсынылады:

салық төлеушінің бюджет алдында салық берешегінің жоқ екені (бар екені) туралы салық қызметі органы берген белгіленген нысандағы құжат. Салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімінің өзгергені туралы шешім болған кезде – салық қызметі органының осы фактіні растайтын құжаты;

салық төлеушінің бюджет алдында салық берешегінің жоқ екені (бар екені) туралы кеден органы берген белгіленген нысандағы құжат. Кеден төлемдерін төлеу мерзімінің өзгергені туралы шешім болған кезде – кеден органының осы фактіні растайтын құжаты;

Қазақстан Республикасының бюджеттің орындалуы жөніндегі орталық уәкілетті органының республикалық бюджет қаражаты және үкіметтік сыртқы заемдар есебінен берілген кредиттер бойынша және мемлекеттік кепілдіктерді орындаудан туындаған талаптар бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы құжаты;

жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы құжаты.

Ұлттық Банктің (Ұлттық Банктің аумақтық филиалының) сұратуы бойынша толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда өтініш беруші салық төлеушінің бюджет алдындағы неғұрлым кеш мерзімді салық берешегінің жоқ екені (бар екені) туралы салық қызметі органының, сондай-ақ кеден органының құжаттарын ұсынады.

33. Лицензияларды, Ұлттық Банктің аумақтық филиалы жеке тұлғаның тұрақты тұратын орны бойынша не заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша беретін, осы Ереженің 43, 54-тармақтарында көзделген операцияларға лицензияларды қоспағанда, Ұлттық Банктің орталық аппараты береді.

34. Осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша лицензия, не лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауабы өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде беріледі (осы Ереженің 43, 49-тармақтарында көзделген операциялар бойынша – он бес күнтізбелік күн ішінде).

Осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша лицензия, не лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауап шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын резидентке резидент барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде беріледі. Бұл ретте өтініште заңды тұлғаның шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатынын көрсететін жазба жасалуы тиіс.

Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

Осы Ереженің 43-тармағында көзделген операцияларды резидент лицензия алу үшін Ұлттық Банктің орталық аппаратына өтініш бергеннен кейін аяқтаған жағдайда Ұлттық Банктің орталық аппараты резидент барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жалпы талаптарға сәйкес береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет