Алматы қаласы 2005 жылғы 29 қазан №134



жүктеу 1.16 Mb.
бет3/6
Дата15.05.2019
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6
6-тарау. Коммерциялық кредиттер

35. Ұлттық Банк (Ұлттық Банктің аумақтық филиалы осы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда) резиденттің резидент емеске 180 күннен астам мерзімге коммерциялық кредит беруіне лицензия береді (Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген тауарлар тізбесі бойынша 365 күн – бұдан әрі – тауарлардың жекелеген тізбесі).

Резиденттің резидент емеске он мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын мөлшерде коммерциялық кредит беруі Ұлттық Банкте лицензиялауға жатпайды.

Ұлттық Банк коммерциялық кредит сомасына, ал лицензиялауға жататын операцияның нақты сомасын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда – мәміленің талаптарына сәйкес импорт бойынша аванстық төлемдердің немесе экспорт бойынша тауар жеткізудің жалпы сомасына лицензия береді.

36. Резиденттің резидент емеске 180 күннен астам мерзімге немесе 365 күннен астам мерзімге коммерциялық кредит беруіне арналған лицензия біржолғы болып табылады. Лицензияда тараптардың міндеттемелерді орындау мерзімі мәміленің талаптарына сәйкес өтініште көрсетілген мерзімдерді негізге ала отырып белгіленеді.

37. Лицензия берілген операция бойынша валюталық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банк ол лицензияда көрсетілген мерзімде аяқталмаған жағдайда бұл факті туралы жеке тұлғаның тұрақты тұратын орны не заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына осы Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша лицензияда көрсетілген міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.

38. Резиденттің резидент емеске коммерциялық кредит беруіне арналған лицензияны алу үшін Ұлттық Банкке “Лицензиялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған және 8), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды қоспағанда Заңның 10-бабында көзделген құжаттар ұсынылады.

Өтініш осы Ереженің 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша көрсетілген қосымшаның 1-бөлімін толтыра отырып ұсынылады.

Валюта шарты бойынша міндеттемелердің пайда болуын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттар ретінде мыналар ұсынылады:

осы Ереженің 42-тармағында көзделген операциялар үшін – осы Ереженің 26-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;

осы Ереженің 35-тармағында көзделген операциялар үшін (тауарлардың жекелеген тізбесі бойынша) – осы Ереженің 26-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;

өзге операциялар үшін – осы Ереженің 26-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар;

39. Осы Ереженің 35-тармағында көзделген операцияларды жүргізуге лицензия алған лицензиат Ұлттық Банкке тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 20 күніне дейін (қоса алғанда) мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін тауарлар экспортын (импортын) көздеген жағдайларды қоспағанда, осы Ереженің 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп ұсынуы қажет.

Мәміле тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) экспортын және (немесе) импортын көздеген жағдайда есеп мәміле паспортын ресімдеуді талап етпейтін мәміленің бір бөлігіне ұсынылады.

40. Тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсету) өзара экспорты және импортының үздіксіз тізбегін және коммерциялық кредит сомасын алдын ала белгілеуге мүмкіндік бермейтін талаптарды өзара есептеу қағидаты бойынша есептесулерді жүзеге асыруды көздейтін резидент еместермен бірыңғай көлік жүйесі шеңберінде әрекет ететін резиденттердің ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) мәмілелері бойынша Ұлттық Банк мынадай ерекшеліктерді есепке ала отырып лицензия береді:

1) лицензия резиденттің жалпы тауар (жұмыс, қызмет көрсету) экспортының жоспарланатын сомасына тиісті күнтізбелік жылдың аяғына дейін беріледі. Лицензияда көрсетілген барлық сомаға операцияларды жүргізгеннен кейін лицензиат Ұлттық Банкке бірінші лицензияның мерзімі шегінде қосымша сомаға жаңа лицензия алу үшін өтініш беруге тиіс;

2) міндеттемені орындау мерзімін өтініш беруші резидент еместің берешекті ақшамен немесе тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсету) қарсы импортымен өтеуі үшін жеткілікті, бірақ тауар (жұмыс, қызмет көрсету) экспортталған жыл өткеннен кейін бір күнтізбелік жылдан артық емес уақытты негізге ала отырып айқындайды.

41. Келісім-шарт бойынша импортер болып табылмайтын үшінші тұлға импорттық келісім-шартқа ақы төлеген кезде лицензия алу үшін Ұлттық Банкке импортердің өтініш беруі қажет.

Келісім-шарт бойынша экспортер болып табылмайтын үшінші тұлға тауарларды (жұмыс орындау, қызмет көрсету) тиеген кезде лицензия алу үшін Ұлттық Банкке экспортер өтініш беруі қажет.

Экспортер (импортер) экспорт (импорт) жөніндегі мәміле бойынша резидент емеске талап ету құқығын басқа резидентке толық көлемде берген жағдайда және бірінші резиденттің лицензиясы болмаған жағдайда лицензия алу үшін экспорт (импорт) мәмілесі бойынша резидент емеске талап ету құқығы өткен резидент өтініш береді.

Экспортер (импортер) экспорт (импорт) жөніндегі мәміле бойынша резидент емеске талап ету құқығын басқа резидентке ішінара берген жағдайда және бірінші резиденттің лицензиясы болмаған жағдайда лицензия алу үшін экспорттер (импортер) және талап ету құқығы ішінара берілген резидент - әрқайсысы өз талаптары бөлігінде өтініш береді.

Экспортер (импортер) экспорт (импорт) бойынша мәміле бойынша резидент емеске талап ету құқығын басқа резидентке толық немесе ішінара берген жағдайда бірінші резиденттің лицензиясы болған кезде осы лицензияның қолданылуы тоқтатылады. Резидент (резиденттер) әрқайсысы резидент емес орындамаған міндеттер бөлігінде лицензия алу үшін өтініш береді.

42. Мәміле паспорты ресімделген коммерциялық кредиттер бойынша аяқталған операцияларды лицензиялауды жеке тұлғаның тұрақты тұратын орны не заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалы осы Ережелердің 43-44 тармақтарында көзделген ерекшеліктерді есепке ала отырып жүзеге асырады.

43. Мәміле паспорты ресімделген коммерциялық кредиттер бойынша операциялар мынадай жағдайларда аяқталған болып саналады:

1) экспорт бойынша:

уәкілетті банкке ақы төлеу мерзімі 180 күннен асатын (тауарлардың жекелеген тізбесі жағдайда 365 күн) экспортталған тауардың барлық құнына экспорттық түсім түскен кезде не резидент емес экспортталған тауарды экспортталған күннен бастап 180 күн өткеннен кейін (тауарлардың жекелеген тізбесі жағдайда 365 күн) барлық құнына қайтарғанда;

уәкілетті банкке ақы төлеу мерзімі 180 (тауарлардың жекелеген тізбесі жағдайда 365 күн) күннен асатын экспортталатын тауарға экспорттық түсімнің бір бөлігі түскен кезде және резидент емес экспортталған күннен бастап 180 күн өткеннен кейін (тауарлардың жекелеген тізбесі жағдайда 365 күн) экспортталған тауардың, жиынтығында коммерциялық кредиттің толық сомасын құрайтын бір бөлігін қайтарғанда;

2) импорт бойынша:

мерзімі 180 күннен асатын Қазақстан Республикасына аванстық төлемнің барлық сомасына тауар түскен кезде не резидент емес төлем күнінен бастап 180 күннен асатын мерзімде міндеттемесін орындамаған жағдайда аванстық төлемнің барлық сомасын қайтарғанда;

аванстық төлем күнінен бастап 180 күн өткеннен кейін Қазақстан Республикасына тауардың бір бөлігі түскен кезде және аванстық төлемнің жиынтығында коммерциялық кредиттің толық сомасын құрайтын бір бөлігін қайтарғанда.

44. Осы Ереженің 42-тармағында көзделген операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына Заңның 10-бабының 5) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

7-тарау. Жарғылық капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен операциялар


45. Ұлттық Банк Заңның 22-бабында айқындалған мынадай операцияларды лицензиялауды жүзеге асырады:

резиденттердің резидент еместердің бағалы қағаздарын сатып алуы;

резиденттердің резидент еместердің инвестициялық қорлары пайларын сатып алуы;

резиденттердің резидент еместердің жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз ету мақсатында салымдар салуы;

резиденттер мен резидент еместер арасындағы туынды қаржы құралдарымен операциялар.

46. Осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген операцияларды жүзеге асыруға берілген лицензиялар, брокерлерге және (немесе) дилерлерге, басқарушы компанияларға берілетін, сондай-ақ резидент емес бағалы қағаздар нарығына қатысушы арқылы көрсетілген, операциялық болып табылатын операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін лицензияларды қоспағанда, бір жолғы болып табылады.

47. Осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген операцияларды жүзеге асыруға арналған біржолғы лицензияны алу үшін «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттарды және 9), 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды қоспағанда, Заңның 10-бабында көрсетілген құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.

Өтініш көрсетілген Қосымшаның 2-бөлімнің 1-бөлігін толтыра отырып, осы Ереженің 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

48. Осы Ереженің 47-тармағында көзделген лицензияны алған Лицензиат, тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) осы Ереженің 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті Ұлттық Банкке ұсынуы қажет.

Лицензиат есептерді активті игерудің барлық кезеңінде ұсынады.

49. Брокерлер және (немесе) дилерлер, басқарушы компаниялар операциялық лицензия алу үшін «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттарды және 2), 8)-10) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды қоспағанда, Заңның 10-бабында көрсетілген құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.

Өтініш көрсетілген Қосымшаның 2-бөлімінің 2-бөлігін толтыра отырып, осы Ереженің 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

50. Брокерлер және (немесе) дилерлер, сондай-ақ басқарушы компаниялар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар шеңберінде операциялық лицензия негізінде мынадай операцияларды жүргізе алады:

1) халықаралық қаржы ұйымдары эмиссиялаған, Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберілген бағалы қағаздарды сатып алу;

2) “Fitch”, “Standard & Poor's”, “Moody's Investors Service” рейтинг агенттіктерінің біреуінің жіктеуі бойынша Қазақстан Республикасына тағайындалған егеменді рейтингтен төмен емес рейтингі бар шетелдік эмитенттердің облигацияларын және өзге борыштық бағалы қағаздарын сатып алу;

3) “Fitch”, “Standard & Poor's”, “Moody's Investors Service” рейтинг агенттіктерінің біреуінің жіктеуі бойынша Қазақстан Республикасына тағайындалған егеменді рейтингтен төмен емес кредиттік рейтингі бар шетелдік эмитенттердің акцияларын сатып алу;

4) резидент еместердің тиісті лицензия негізінде өзге резиденттің бұрын сатып алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасына айналысқа жіберілген бағалы қағаздарын сатып алу;

5) базалық активі резидент еместердің бағалы қағаздары болып табылатын қазақстандық депозитарлық қолхаттарды сатып алу;

6) туынды қаржы құралдары бойынша резидент еместермен операциялар;

7) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын өзге операциялар, нәтижесінде бағалы қағаздардың нарықтық құны (инвестициялық қорлардың пайлары, резидент еместердің жарғылық капиталына үлестері) әр күнтізбелік айдың аяғында тиісті күнгі меншік активтерінің құнының 60 (алпыс) пайызынан аспайтын бөлігін құрайды;

8) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, инвестициялық қордың қаражаты есебінен басқарушы компаниялар жүзеге асыратын өзге операциялар;

9) клиенттердің қаражаты есебінен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары жүзеге асыратын өзге операциялар.

51. Лицензиат осы Ереженің 50-тармағында белгіленген талаптарды бұзған жағдайда есепті кезең аяқталғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде активтер құрылымын осы талаптарға сәйкес келтіруге не біржолғы лицензия алу үшін Ұлттық Банкке өтініш жасауға тиіс.

52. Осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген операцияларды резидент емес бағалы қағаздар нарығына қатысушы арқылы жүзеге асыруға арналған операциялық лицензия алу үшін «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Заңның 10-бабында көзделген құжаттар, осы баптың 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, Ұлттық Банкке ұсынылады.

Валюта шарты ретінде резидент емес бағалы қағаздар нарығына қатысушының бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсетуге арналған шартының көшірмесі ұсынылады.

Резиденттің (бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан басқасы) және резидент емес бағалы қағаздар нарығына қатысушысының арасындағы мәмілелердің осы Ереженің 45-тармағында көзделген операцияларды резидент емес бағалы қағаздар нарығына қатысушысының резидент клиенттің тапсырмасы бойынша, мүддесімен және қаражаты есебінен жасауды көздейтін шарттары мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) валюта шарты өзі тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығы бар резидент емес заңды тұлғамен жасалған (өзі тіркелген аймақта бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі беріледі);

2) валюта шарты өзі тіркелген аймақта, “Fitch”, “Standard & Poor's”, “Moody's Investors Service” рейтингтік агенттіктердің біреуінің жіктеуі бойынша Қазақстан Республикасына тағайындалған егеменді рейтингтен төмен емес рейтингі бар елдің резидент емес бағалы қағаздар нарығына қатысушымен жасалған;

3) валюта шарты мәмілелер жасаудың мынадай талаптарын көрсетеді:

резидент емес бағалы қағаздар нарығына қатысушының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасауы;

резидент емес бағалы қағаздар нарығына қатысушыдан заемға алынған ақша қаражатын және (немесе) бағалы қағаздарды пайдалана отырып мәмілелер (маржалық мәмілелер) жасаған жағдайда маржаның шектеулі деңгейі, егер маржаның жоғарырақ шектеулі деңгейі резидент емес бағалы қағаздар нарығына қатысушының стандарттық шарттарында көзделмеген жағдайда, елу пайызды құрайды.

Резидент емес бағалы қағаздар нарығына қатысушы және (немесе) валюта шарты осы тармақтың шарттарына сәйкес келмеген кезде резидент осы Ереженің 47-48-тармақтарына сәйкес біржолғы лицензия алу үшін өтініш жасайды.

53. Операциялық лицензия алған лицензиат есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-не дейін (қоса алғанда) ай сайын Ұлттық Банкке:

1) осы Ереженің 7-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті;

2) лицензия алу үшін бұрын ұсынылған құжаттардағы барлық жүзеге асырылған өзгерістер туралы ақпаратты;

3) қайта құрылған инвестициялық қорлар туралы, сондай-ақ инвестициялық қорлардың (басқарушы компаниялар үшін) қызметін белгілейтін құжаттарға барлық енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынуы қажет.

8-тарау. Резиденттердің шетел банктерінде шоттар ашуы
54. Резиденттердің шетел банктерінде шоттар ашуға арналған лицензиялары заңды тұлғаларға Ұлттық Банктің орталық аппаратында беріледі.

Резиденттердің шетел банктерінде шоттар ашуға арналған лицензиялары жеке тұлғаларға жеке тұлғаның тұрақты мекен-жайында орналасқан Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында беріледі.

55. Резиденттердің шетел банктерінде шоттар ашуға арналған лицензиялары операциялық болып табылады.

Шетелдік банкте шот ашуға арналған лицензияны алу үшін «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттарды және 2), 9), 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды қоспағанда, Заңның 10-бабында көрсетілген құжаттарды Ұлттық Банкке (Ұлттық Банктің аумақтық филиалына) ұсынады. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар сондай-ақ Заңның 10-бабының 8) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынбайды.

Өтініш көрсетілген Қосымшаның 3-бөлімін толтыра отырып, осы Ереженің 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

Резидент уәкілетті банктердегі шоттар арқылы валюта операцияларын жүзеге асырудың мүмкін еместігіне негіздеме ретінде шетелдік банкте шоттар ашу қажеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

56. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) лицензиаттар осы Ереженің 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша шоттағы қаражат қозғалысы туралы есепті лицензия алған орны бойынша ұсынады.

Ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) лицензиат (заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға) шетелдік банкте ашылатын шот бойынша үзінді-көшірмелердің түпнұсқаларын Ұлттық Банкке ұсынады. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға үзінді-көшірмелерді Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ұсынады.

57. Заңды тұлғаға, сондай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаға резиденттің лицензия алуға арналған өтінішінде ұсынылған негіздемені ескере отырып қаражат қалдығының лимиті және шотты пайдалану режимі белгіленеді.

Заңды тұлғаның, сондай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның айдың аяғында лицензияда белгіленген лимит сомасынан асатын шетелдік банктегі шотының қаражат қалдығы лицензиаттың Қазақстан Республикасының уәкілетті банкінде ашылған шотына отыз күнтізбелік күн ішінде аударылуы тиіс.

4-бөлім. Валюта операцияларын тіркеу режимі
9-тарау. Жалпы талаптар
58. Ұлттық Банк осы Ереженің 66-тармағында көрсетілген операцияларды қоспағанда, мынадай жағдайларда:

1) мүліктің (қаражаттың) Қазақстан Республикасына түсуін және (немесе) резидентте мүлікті (қаражатты) резидент емеске қайтару міндеттемелерінің туындауын көздейтін валюта операциясының сомасы баламасы үш жүз мың АҚШ долларынан асып кеткенде;

2) Қазақстан Республикасынан қаражат аударуды (мүлікті беруді) және (немесе) резидентте мүлікті (қаражатты) резидент еместің қайтаруы талаптарының туындауын көздейтін валюта операциясының сомасы баламасы он мың АҚШ долларынан асып кеткенде Заңның 20-24-баптарында айқындалған валюта операцияларын тіркеуді жүзеге асырады.

59. Валюта шартын тіркеу (қайта тіркеу) үшін (бұдан әрі - тіркеу) валюта шартының резидент қатысушысы жеке тұлғаның тұрақты мекен-жайы бойынша және заңды тұлғаның мекен-жайы бойынша орналасқан Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасайды.

Осы Ереженің 9-қосымшасында белгіленген нысан бойынша тіркеу куәлігі не оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап өтініш берушілер барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.

Тіркеу куәлігі жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Резидент заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) осы филиал (өкілдік) жүзеге асыратын валюта операцияларын тіркеуге өтініш жасаған кезде тіркеу куәлігі тиісті филиалды (өкілдікті) көрсете отырып, резидент заңды тұлғаға беріледі. Осы операциялар бойынша есептерді одан әрі филиал (өкілдік) береді.

60. Тіркеу куәлігі тараптар міндеттемелерін (оның ішінде валюта шартының қолданылу мерзімі аяқталатын күнге орындалмаған міндеттемелер) толық орындағанға дейін қолданылады.

61. Резидент қолданылу кезеңінде туындайтын тіркелген валюта шартына барлық өзгерістер мен толықтыруларды мұндай өзгерістер мен толықтырулар енгізген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей тіркелген орны бойынша хабарлайды.

62. Валюта шартын қайта тіркеу бұрын берілген тіркеу куәлігінде көрсетілген мынадай көрсеткіштер өзгерген кезде талап етіледі:

валюта шартының жалпы сомасының көбеюі;

валюта шартының валютасы;

валюта шартының қатысушылары;

валюта шартының мәні;

валюта шартының қолданылу мерзімі – қысқа мерзімдіден (бір жыл және одан кем) ұзақ мерзімдіге (бір жылдан астам) өту кезінде;

резиденттің тұрақты тұратын (болатын) мекені – басқа облысқа қайта орналасу кезінде;

резидент еместің тұрақты тұратын (болатын) мекені – басқа елге қайта орналасу кезінде (жеке тұлғаның тұрақты тұратын елінің өзгеруі немесе заңды тұлғаны тіркеу).

63. Валюта шартын қайта тіркеу кезінде құжаттарды қайта тапсыру Ұлттық Банкке оларды соңғы ұсыну кезінен бастап өзгермеген болса талап етілмейді.

64. Валюта шартын қайта тіркеу тараптардың валюта шартын мерзімінен бұрын бұзған, кредитордың борышты толық немесе ішінара есептен шығарған (кешірген) жағдайларда талап етілмейді.

65. Тіркеу куәлігі мынадай жағдайларда күшін жойған деп саналады:

валюта шартын қайта тіркеу кезінде және жаңа тіркеу куәлігін берген кезде;

егер валюта операциясы заңнамада белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылса;

Ұлттық Банк резиденттен тараптардың міндеттемелерді толық орындағаны, кредитордың борышты толық немесе ішінара есептен шығарғаны (кешіргені) және (немесе) тараптардың валюта шартын бұзғаны туралы хабарлама алғаннан кейін;

Ұлттық Банк резиденттен шетел банкінде шотты жабу туралы жазбаша хабар алғаннан кейін;

Ұлттық Банк резиденттен қаржыландыру үшін шетелдік банкте шот ашылған филиалды және (немесе) өкілдікті жабу туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін;

заңды тұлғаны таратуға байланысты міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі немесе құқықтық мұрагері болмаған кезде жеке тұлғаның қайтыс болуы.

66. Осы Ережеге сәйкес тіркеуге мыналар жатпайды:



  1. мемлекеттік сыртқы заемдар, мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес сыртқы заемдар туралы келісімдер, сондай-ақ осы келісімдер шеңберінде жүзеге асырылатын операциялар;

  2. валюта шартының толық сомасына мәмілелер паспорты ресімделген тауарлардың экспортына (импортына) байланысты коммерциялық кредиттер;

  3. осы Ереженің 5-бөліміне сәйкес хабарлау режимінде жүзеге асырылатын банктердің өз операциялары;

4) резидент еместердің Қазақстан Республикасында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы;

5) резидент еместердің қазақстандық депозитарлық қолхаттарды сатып алуы;

6) резидент брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын резиденттердің бағалы қағаздарын резидент еместердің сатып алуы;

7) қайталама нарықта басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және олардың аумағында шығарылған резиденттердің бағалы қағаздарын (резиденттердің бағалы қағаздарына шығарылған депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда) резидент еместердің сатып алуы;

8) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жүзеге асыратын валюта операциялары.

Осы тармақтың 3) тармақшасындағы ереже резидент еместің банк болып табылмайтын резиденттен банктің акцияларын сатып алуына, сондай-ақ банк болып табылмайтын резиденттің банктен резидент еместің акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуына қолданылмайды. Бұл жағдайларда банк болып табылмайтын резидент тіркелуге өтініш жасайды.

Осы тармақтың 6) тармақшасындағы ереже резиденттердің бағалы қағаздарды халықаралық капитал нарықтарына бастапқы орналастыруына және резиденттердің бағалы қағаздарына арналған депозитарлық қолхаттарды шығаруына қолданылмайды.

10-тарау. Қаржылық заемдар және коммерциялық кредиттер


67. Резидент қаржылық заемдарды және коммерциялық кредиттерді тіркеу үшін 5), 8), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды қоспағанда, Заңның 10-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

Тіркеуге арналған өтініш көрсетілген қосымшаның 1-бөлімін толтыра отырып, осы Ереженің 10-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

68. Резидент тоқсан сайын келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда), осы Ереженің 11-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті валюта шартын тіркеген жерге ұсынады.

69. Резидент еместердің барлық жеткізулері (төлемдері) бойынша резиденттің берешек сомасы валюталық шарт шеңберінде баламасы үш жүз мың АҚШ долларынан асып кетсе не резиденттің барлық жеткізулері (төлемдері) бойынша резидент еместің берешек сомасы валюталық шарт шеңберінде баламасы он мың АҚШ долларынан асып кетсе тіркеуден өткізіледі.


11-тарау. Тікелей инвестициялар, жарғылық капиталға қатысу, бағалы қағаздармен операциялар


70. Резидент тікелей инвестицияларды, жарғылық капиталға қатысуды, бағалы қағаздармен операцияларды тіркеу үшін 5), 8), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды қоспағанда, Заңның 10-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

Тіркеуге арналған өтініш көрсетілген қосымшаның 2-бөлімін толтыра отырып, осы Ереженің 10-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

71. Жарғылық капиталға қатысуға байланысты мәмілелер бойынша инвестициялау объектісі немесе тікелей инвестор болып табылатын резидент тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда), осы Ереженің 12-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті валюта шартын тіркеген жерге ұсынады.

72. Өзге жағдайларда резидент валюта шарты бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) осы Ереженің 13-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті валюта шартын тіркеген жерге ұсынады.


12-тарау. Резиденттердің шетелдік банктерде шоттар ашуы
73. Резидент Заңның 25-бабының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шетелдік банктерде шоттар ашуды тіркеу үшін 5), 8), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды қоспағанда, Заңның 10-бабында көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.

Тіркеуге арналған өтініш көрсетілген қосымшаның 3-бөлімін толтыра отырып, осы Ереженің 10-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

Валюта шарты ретінде резиденттің филиал (өкілдік) ашу туралы бұйрығы немесе өзге құжат және ол туралы ереже, сондай-ақ шетелдік банкпен шот ашуға шарт (ол болған кезде) ұсынылады.

74. Шетелдік банкте ашылуына тіркеу куәлігі алынған резидент заңды тұлғаның шотына оның филиалының (өкілдігінің) шығыстарын қаржыландыруға арналған мынадай қаражат есептелуі мүмкін:

уәкілетті банктердегі резидент заңды тұлғаның шотынан аударымдар;

резидент заңды тұлға, оның филиалдары (өкілдіктері) жүзеге асырған экспорттан түсімдердің түсуі.

75. Резидент заңды тұлға тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) осы Ереженің 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті валюта шартын тіркеген жерге ұсынады.

13-тарау. Капитал қозғалысының басқа операциялары


76. Резидент капитал қозғалысының басқа операцияларын тіркеу үшін 5), 8), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды қоспағанда, Заңның 10-бабында көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.

Тіркеуге арналған өтініш көрсетілген қосымшаның 4-бөлімін толтыра отырып, осы Ереженің 10-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

77. Резидент тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда), тараптар міндеттемелерін толық орындағанға дейін осы Ереженің 13-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті валюта шартын тіркеген жерге ұсынады.

14-тарау. Жеке жағдайлар


78. Қатысушылар (тараптар және үшінші тұлғалар) ретінде бірнеше резиденттер болатын валюта шартын тіркеу кезінде тіркеу үшін валюта шарты (валюта операциясы) сомасының басым бір бөлігі тиесілі валюта шартының резидент тарабы, мұндай тарап болмаған кезде резидент еместің алдындағы міндеттемелерді орындауды бірінші бастайтын валюта шартының резидент тарабы өтініш беруі қажет. Өзге жағдайларда валюта шартының резидент тараптарының біреуі валта шартының басқа резидент тараптарының жазбаша келісімімен тіркеуге өтініш береді.

Егер валюта шартында резидент тарап жоқ болса, онда тіркелу үшін қаражат алушы (жіберуші) болып табылатын немесе резидент еместің алдында міндеттемелері немесе резидент емеске талаптары туындайтын валюта шартының резидент қатысушысы өтініш жасауы қажет.

Тіркелу үшін валюта шартының тарабы болып табылмайтын кез келген резидент қатысушы валюта шартының басқа резидент қатысушылардың жазбаша келісімімен өтініш жасауына болады.

Тіркеуге арналған тиісті өтініште және тіркеу куәлігінде барлық резиденттер және (немесе) резидент еместер - валюта шартының қатысушылары (кредитор – заемшы – төлеуші, кредитор – заемшы – гарант, инвестор – сатушы – инвестициялау объектісі, депозитарлық қолхатты шығарудың бастамашысы - депозитарлық қолхаттың эмитенті - базалық актив эмитенті, сатып алушы – сатушы – алушы, сондай-ақ валюта шартының өзге қатысушылары) көрсетіледі.

79. Қатысушылары бірнеше резиденттер болып табылатын валюта шарты бойынша тіркеу куәлігі Ұлттық Банкке тіркеуге өтінішті бірінші берген резидент қатысушыға беріледі. Шарттың өзге резидент қатысушылары резидент еместің пайдасына төлемді жүзеге асырған және (немесе) мұндай валюта шарты бойынша резидент еместен қаражат алған кезде уәкілетті банкке тіркеу куәлігінің нотариат куәландырған немесе Ұлттық Банк растаған көшірмесі ұсынылады.

Тіркеу куәлігінің түпнұсқасын алған валюта шартының резидент қатысушысынан тіркеу куәлігінің көшірмесін алу мүмкін емес болған жағдайда валюта шартының өзге резидент қатысушылары валюта шартының тіркелген жері бойынша тіркеу куәлігінің көшірмесін беру туралы еркін нысанда жазбаша өтініш жасай алады.

Тіркеу куәлігінің түпнұсқасын алған резиденттің жазбаша келісімімен басқа резидент қатысушы тиісті нысандағы әр тоқсандық мәліметтерді ұсына алады, бұл жөнінде валюта шарты тіркелген жерге жазбаша хабарлайды. Ұлттық Банктің тіркеу куәлігін берген аумақтық филиалының жазбаша келісімімен валюта шартына резидент қатысушылардың дербес резидент емеспен өзара міндеттемелерін орындауға қатысты бөлігінде әр тоқсандық мәліметтерді ұсынуға рұқсат беріледі.

Тіркеу куәлігі Ұлттық Банк валюта шартының барлық резидент қатысушыларынан міндеттемелерді толық орындағаны туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін күшін жойған деп саналады.

80. Осы Ереженің 4-бөлімінің 2-тарауына сәйкес:

резидент (резидент емес) міндеттемелерді (жалдау затын беру) орындағанға дейін 180 күн бұрын резидент емес (резидент) жалға алу ақысын жүзеге асырған жағдайда резидент еместер (резиденттер) жылжымайтын мүлікті (кәсіпорынды қоса жалпы мүліктік кешен) уақытша иелену және пайдалану құқығына ақы төлегенде;

180 күннен астам мерзімге сатып алынатын активтерге (тауарларды (жұмыс, қызмет көрсетуді) қоспағанда) ақы төлеу бойынша берешек туындағанда тіркелуі тиіс.

5-бөлім. Валюта операциялары туралы хабарлама


81. Банктер Ұлттық Банктің орталық аппаратына:

1) баламасы үш жүз мың АҚШ долларынан астам сомадағы мүліктің (қаражаттың) Қазақстан Республикасына түсуін және (немесе) резидентте мүлікті (қаражатты) резидент емеске қайтару міндеттемелерінің туындауын көздейтін өз операциялары туралы;

2) баламасы он мың АҚШ долларынан астам сомада Қазақстан Республикасынан қаражат аударуды (мүлікті беруді) және (немесе) резидентте мүлікті (қаражатты) резидент еместің қайтаруы талаптарының туындауын көздейтін өз операциялары туралы хабарлайды.

82. Өзге резиденттер, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары өз операциялары туралы жеке тұлғаның мекен-жайы бойынша не заңды тұлғаның тұрған жері бойынша:

Заңның 22-бабының 5-тармағына сәйкес туынды қаржы құралдарының базалық активіне қатысты құқықтар мен міндеттемелерді іске асырған;

резидент жеке тұлғалар Заңның 25-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шетелдік банктерде шоттар ашқан;

резидент заңды тұлғалар Заңның 25-бабының 4-тармағының 2), 4), 5) тармақшаларына сәйкес шетелдік банктерде шоттар ашқан жағдайларда Ұлттық Банктің аумақтық филиалына хабарлайды.

83. Жеке тұлға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға байланысты ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізген кезде жеке тұлғаға Ұлттық Банкке валюта операцияларын жүргізу туралы хабарлау қажет емес. Жеке тұлғаның көрсетілген ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы осы Ереженің 91-тармағына сәйкес уәкілетті банк хабарлайды.

84. Резидент өз операциялары туралы хабарламаны қосымшаның 1-4 бөлімдерін толтыра отырып, осы Ереженің 10-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банкке ұсынады.

Резидент хабарламада барлық қажетті ақпарат болған кезде осы Ереженің 14-қосымшасында белгіленген нысан бойынша белгіленген үлгідегі хабарлама туралы куәлікті алады.

Хабарламада барлық қажетті ақпарат болмаған кезде, сондай-ақ мәмілелердің жағдайларын және операция жіктеулерін және оның қатысушыларын нақтылау үшін Ұлттық Банк валюта шартының көшірмесін сұратуға құқылы.

85. Хабарлама туралы куәлік тараптар міндеттемелерін (оның ішінде валюта шартының қолданылу мерзімі аяқталатын күнге орындалмаған міндеттемелер) толық орындағанға дейін қолданылады.

86. Резидент қолданылу кезеңінде туындайтын тіркелген валюта шартына барлық өзгерістер мен толықтыруларды мұндай өзгерістер мен толықтырулар енгізген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей валюта операциясы туралы хабарламаның орны бойынша хабарлайды.

Хабарлама туралы жаңа куәлік бұрын берілген хабарлама туралы куәлікте көрсетілген мынадай көрсеткіштер өзгерген кезде талап етіледі:

валюта шарты сомасының көбеюі;

валюта шартының валютасы;

валюта шартына қатысушылар;

валюта шартының мәні;

валюта шартының қолданылу мерзімі – қысқа мерзімдіден (бір жыл және одан кем) ұзақ мерзімдіге (бір жылдан астам) өту кезінде;

резиденттің тұрақты тұратын (болатын) мекені – басқа облысқа қайта орналасу кезінде;

резидент еместің тұрақты тұратын (болатын) мекені – басқа елге қайта орналасу кезінде (жеке тұлғаның тұрақты тұратын елінің өзгеруі немесе заңды тұлғаны тіркеу).

87. Хабарландыру туралы куәлік мынадай жағдайларда күшін жойған деп саналады:

егер валюта операциясы заңнамада белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылса;

хабарлама туралы жаңа куәлік берген кезде;

Ұлттық Банк резиденттен тараптардың міндеттемелерді толық орындағаны, кредитордың борышты толық немесе ішінара есептен шығарғаны (кешіргені) және (немесе) тараптардың валюта шартын бұзғаны туралы хабарлама алғаннан кейін;

Ұлттық Банк резиденттен шетел банкінде шотты жабу туралы жазбаша хабар алғаннан кейін;

Ұлттық Банк резиденттен қаржыландыру үшін шетелдік банкте шот ашылған филиалды және (немесе) өкілдікті жабу туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін;

заңды тұлғаны таратуға байланысты міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі немесе құқықтық мұрагері болмаған кезде жеке тұлғаның қайтыс болуы.

88. Банк хабарландыру куәлігін алмай-ақ бағалы қағаздар туралы халықаралық операциялар, сыртқы қаржылық активтер және міндеттемелер туралы мемлекеттік статистикалық есеп беру шеңберінде мынадай өз операциялары туралы Ұлттық Банкке хабарлайды:

180 күннен астам мерзімге резидент еместерге берілген коммерциялық кредиттер және қаржылық заемдар;

резидент еместердің бағалы қағаздарын сатып алу, резидент еместермен туынды қаржы құралдарымен операциялар, сондай-ақ туынды қаржы құралдарының базалық активіне қатысты құқықтар мен міндеттемелерді іске асыру;

бірлескен қызметке қатысушының міндеттемелерін орындау маққсатында ақшаны және өзге мүлікті өткізу және алу.

89. Резидент (банктер мен жеке тұлғаларды қоспағанда) алынған хабарлама туралы куәліктері бойынша тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда), осы Ереженің 8,13-қосымшаларында белгіленген нысандар бойынша есептерді валюта операциясы туралы хабарлама берген жерге ұсынады.

Банк өздері алған хабарлама туралы куәліктері бойынша тоқсан сайын резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша халықаралық операциялар туралы, сыртқы қаржылық активтер және міндеттемелер туралы, тартылған сыртқы заемдар туралы мемлекеттік статистикалық есеп беру шеңберінде мәліметтерді валюта операциясы туралы хабарлама берген жерге ұсынады.

Резидент жеке тұлға Ұлттық Банктің сұратуы бойынша шетелдік банктің шоттың жай-күйі туралы үзінді-көшірмелерін валюта операциясы туралы хабарлама берген жерге ұсынады.

90. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары клиенттердің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын операциялар туралы бағалы қағаздар бойынша халықаралық операциялар туралы мемлекеттік статистикалық есеп беру шеңберінде Ұлттық Банктің орталық аппаратына хабарлайды.

91. Уәкілетті банк тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) резидент клиенттердің тапсырмасы бойынша өткізілетін мынадай операциялары:

егер резидент еместің бастапқы сатып алғаны осы Ережелерге сәйкес тіркеуге жатпайтын болса, резиденттің резидент еместен басқа резиденттің акцияларын (қатысу үлестерін, инвестициялық қорлардың пайларын) сатып алуы;

егер резиденттің бастапқы сатып алғаны осы Ережелерге сәйкес тіркеуге жатпайтын болса, резиденттің басқа резидент еместің акцияларын (қатысу үлестерін, инвестициялық қорлардың пайлары) резидент емеске сатуы;

егер резиденттің бастапқы сатып алғаны осы Ережелерге сәйкес тіркеуге жатпайтын болса, резиденттердің шекарадан тыс жерлерде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алумен байланысты резиденттерге аударымдары туралы есепті осы Ереженің 13-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банктің орталық аппаратына ұсынады.

92. Уәкілетті банк, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда), мұндай клиенттерде хабарлама туралы куәлігі болмаған кезде, клиенттердің тапсырмасы бойынша жүргізілетін операциялар туралы есепті осы Ереженің 13-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банктің орталық аппаратына ұсынады.

6-бөлім. Өтпелі ережелер


93. Осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін Ұлттық Банк берген лицензия лицензияланатын операциялар бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады және осы Ережелерде және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздемелер бойынша өзінің қолданылуын тоқтатады.

Осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін Ұлттық Банк берген тіркеу куәліктері валюта шарты бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады және осы Ережелерде көзделген негіздемелер бойынша күшін жойған деп саналады.

Валюта операцияларын жүргізуге, шоттар ашуға осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін лицензия, тіркеу куәлігін алған резидент осы Ережеде белгіленген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімде есепті ұсынады.

Осы Ережелерге сәйкес лицензиялауға, тіркеуге жатпайтын валюта операциясын жүргізуге, шотты ашуға осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін лицензия, тіркеу куәлігін алған резидент ерікті түрде лицензияны, тіркеу куәлігін қайтара алады және осы Ережелерде көзделген жағдайларда тиісті валюта операциясына тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлігін алуға өтініш жасайды. Қайтарылған тіркеу куәліктері күшін жойған деп саналады.

94. Осы Ережелерге сәйкес лицензиялауға, тіркеуге жатпайтын валюта операциясын жүргізуге, шотты ашуға осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін лицензия, тіркеу куәлігін алуға өтініш берген резиденттердің, егер валюта операциясына, шотты ашуға қатысты осы Ережеде валюталық реттеудің өзге режимі қолданылатын болса, тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлікті алуға арналған өтінішті қайта беруі қажет емес.

Бұл ретте осы резиденттерге осы Ережелерде көзделген тәртіппен тиісті тіркеу куәліктері, хабарлама туралы куәліктер беріледі.

95. Резидент еместердің осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін тіркеу куәлігі берілген резиденттерге берген және валюта шартының толық сомасына мәміле паспортын ресімдеуді қажет ететін экспортты (импортты) көздейтін коммерциялық кредиттер бойынша берілген тіркеу куәліктеріне сәйкес есеп беруді қажет етпейді.

Бұл ретте резидент валюта шарты бойынша міндеттемелерді толық орындаған жағдайда бұл жөнінде Ұлттық Банктің тіркеу куәлігін берген аумақтық филиалына жазбаша хабарлайды.


Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесіне

1-қосымша

200 __ жылғы ___________ айдағы

Ұлттық Банктің тіркеу куәліктері және хабарлама туралы


куәліктер бойынша қаражаттың қозғалысы туралы есеп

Уәкілетті банктің атауы _____________________

КҰЖЖ коды __________________



Р/с№

тіркеу куәлігінің/ хабарлама туралы
куәліктің

нөмірі


Ақша жіберуші

Бенефициар

Төлем белгі-леу коды (ТБК)

Төлем күні

Төлем валю-тасы

Төлем сома-сы

(мың төлем валюта-сымен)



Ес-кер-ту

Рези-дент-тік бел-гісі

Атауы/аты-жөні

Рези-дент-тік бел-гісі

Атауы/аты-жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11





































































































































Бас бухгалтер ________________________________________________

(аты-жөні) (қолы)

Орындаушы ________________________________________ ___________

(аты-жөні) (қолы)
200 ___жылғы “____”_____________


Мөр орны

1-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау


“Ұлттық Банктің тіркеу куәліктері және хабарлама туралы
куәліктер бойынша қаражаттың қозғалысы туралы есепті” уәкілетті банктер Ұлттық Банкте тіркелген немесе оларға Ұлттық Банктің хабарлама туралы куәліктері алынған валюта шарттары негізінде жүзеге асырылған барлық төлемдер (түсімдер) бойынша ұсынады. Есептің 3-10-бағандары ақша аударуға берілген өтініш және өзге төлем құжаттары негізінде, Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану туралы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес толтырылады. Егер төлем сомасына банктің (алушы банкінің және/немесе жіберуші банкінің) комиссиясы кірсе, комиссия сомасы “Ескерту” 11-бағанында көрсетіледі. Ескертуде сондай-ақ төлемнің өзге де ерекше талаптарына сілтемелер болады.
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесіне

2-қосымша


200 ___жылғы “____”_____________

№ _______ ЛИЦЕНЗИЯ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі “Лицензиялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 200 ___жылғы “____”_____________ № _____ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесіне сәйкес

________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы / резиденттің аты-жөні)

______________________________________________ лицензия береді.

(мәмілені жіктеу немесе мақсаты)


Валюта шарты туралы / шетел банкіндегі шот туралы мәліметтер (бар болса):
1. Валюта шартының аты, нөмірі, күні
2. Валюта шартының қатысушылары:

_____________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы / резиденттің аты-жөні)

(заңды тұлғаның атауы / резидент еместің аты-жөні, елі)



(өзге заңды тұлғалардың атауы / аты-жөні, елі)


3. Лицензияланатын операцияның жалпы сомасы (бар болса) / шоттағы қаражат қалдығының лимиті _______________________________________

(шарт/шот валютасымен сандармен және жазумен)


4. Шарттың/шоттың валютасы _______________________________________

Жоғарыда көрсетілген операция бойынша ақша төлемдері мен аударымдары (операциялық лицензияларды қоспағанда) олар бойынша валюталық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндет жүктелетін уәкілетті банк ____________________________ арқылы жүргізілуі тиіс.

Лицензияланатын операциялар жөніндегі міндеттемелер 200 _жылғы “____”_____________ дейінгі мерзімде толық көлемде орындалуы тиіс (коммерциялық кредиттер үшін).

Осы лицензия ____________________ болып табылады және қолдану


(бір жолғы/операциялық)

________________________________________________________________

(тараптар міндеттемелерді орындағаннан кейін/ активті иелену

____________________________________________ тоқтатылады.

аяқталғаннан кейін/ шот жабылғаннан кейін)

Лицензиат _______________________ есептік кезеңнен (қоса алғанда) (тоқсан сайын/ай сайын)

кейін ____ күнге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы “____”_____________ № _____ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесінің _____ қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп ұсынады.

Лицензиат (заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға) ай сайын, ____ күнге дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банкке шетелдік банкте ашылған шот бойынша үзінді-көшірмелердің түпнұсқаларын ұсынады.


Қосымша талаптар: _________________________________

Ескерту:________________________________________________

Лицензиат осы лицензия берілген талаптарды сақтауға міндетті.

Осы лицензияның шарттарынан туындайтын құқықтар үшінші тұлғаларға берілмеуі тиіс.

Лицензия Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан берілген лицензия негізінде жүргізілген операция бойынша қандай да болмасын міндеттемелерсіз берілген.

Төрағаның ______________ _____________________

орынбасары (қолы) (аты-жөні)


Мөр орны

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесіне

3-қосымша


Коммерциялық кредиттер бойынша резиденттер және резидент еместер арасында төлемдер жүргізу көзделетін лицензияланған операция бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің аяқталғаны туралы ақпарат


Лицензиаттың атауы




Лицензиаттың КҰЖЖ коды (заңды тұлғалар үшін)




Лицензиаттың СТН




Почталық мекен-жайы, телефоны, факсы




Ұлттық Банк лицензиясының нөмірі және берілген күні




Ұлттық Банктің лицензиясын қолдану мерзімі




Лицензияның валютасы және сомасы




Мәміленің түрі (экспорт/импорт)




Мәміле жөніндегі қарсы агенттің атауы және орналасқан жері




Келісім-шарттың деректемелері



____________________________________________________ осы арқылы

(уәкілетті банктің /уәкілетті банк филиалының атауы)

көрсетілген лицензиаттың лицензияда белгіленген мерзімде, резиденттер және резидент еместер арасында коммерциялық кредиттер бойынша төлемдер жүргізу/жеткізілімдер, лицензияның мерзімі аяқталғаннан кейін төлемдердің түсуі (қажетсізін сызып тастау керек) көзделетін лицензияланған операциялар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етпегені туралы хабарлайды.


Мәміле жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер төменде келтірілген:


Резидент төледі/жеткізді

Резидент емес төледі/жеткізді

Күні

Валютасы және сомасы

Күні

Валютасы және сомасы





































№___ __________________________________________________________

(бар болған кезде)

лицензия бойынша бұрын жіберілген хабарлардың нөмірі және күні
(Филиалдың/ банк бөлімшесінің

басшысы) _____________________ ___________

(аты-жөні) (қолы)

Орындаушы ________________________________ ______________ (аты-жөні, телефоны) (қолы)

200 ___жылғы “____”_____________


Мөр орны

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесіне

4-қосымша
__________________________

(мәміленің жіктелуі және мақсаты)

лицензия алуға арналған өтініш
______________________________________________________________ (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы/жеке тұлға өтініш берушінің аты-жөні)

КҰЖЖ коды ___________________


Өтініш берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) _____________
Мекен-жайы

Байланыс телефоны




  1. арасында жасалған 200 ___жылғы “____”_____________№______ шарт.

2. Лицензиялауға жататын операцияның сомасы (шоттағы қаражат қалдығының ай соңындағы болжамды лимиті)

________________________________________________________________

(шартың (шоттың) валютасымен сандармен және жазумен)

3. Шарттың / шоттың валютасы

4. Ұлттық Банктің осы шарт бойынша бұрын берілген лицензияларының нөмірлері:

5. Ұлттық Банктің осы шарт бойынша бұрын берілген тіркеу куәліктерінің нөмірлері:

6. Ұлттық Банктің осы шарт бойынша бұрын берілген хабарламалар туралы куәліктердің нөмірлері:


7. Өтініш берушінің шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатынын растайтын жазба (шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін).
Иә _____ Жоқ _______

Одан әрі өтініш берілетін валюталық операцияға сәйкес келетін бөлім ғана толтырылады


1-бөлім. Коммерциялық кредиттер



1.

Лицензиялауға жататын операция бойынша валюталық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банктің атауы




2.

Мәміле паспортының нөмірі (экспорттық-импорттық валюталық бақылауға жататын мәмілелер үшін)




3.

Өтініш беруші лицензияда белгілеуді өтінетін, аяқталғанға дейін лицензияланатын операция бойынша міндеттемелер толық көлемде орындалатын мерзім (нақты мерзім - күн, ай, жыл көрсетіледі)




4.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды (кодтары) (тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жекелеген тауарлардың экспорты көзделетін келісім-шартқа лицензия алу үшін)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет