Алматы. Конструкциясын және дайындау технологиясын жетілдіру бойынша жүйелі жүргізілетін жұмыстарға байланысты өндіруші осы пайдалану жөніндегі басшылықта келтірілмеген



жүктеу 79.71 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі79.71 Kb.

«GREENPRO» ЦИРКУЛЯЦИЯЛЫҚ СОРҒЫЛАРЫ

GR(RS)370, GR(RS)550, GR(RS)750, GR(RS)1100

Пайдалану жөніндегі басшылық



Алматы.

Конструкциясын және дайындау технологиясын жетілдіру бойынша жүйелі жүргізілетін жұмыстарға байланысты өндіруші осы пайдалану жөніндегі басшылықта келтірілмеген және пайдалану сипаттамаларын нашарлатпайтын бұйымның конструкциясына өзгертулерді енгізуге құқылы.



1. Бұйымның арналуы

Циркуляциялық сорғы — жылыту және ыстық сумен қамту жүйесінің басты құраушыларының бірі. Тұйық контур (циркуляция) бойынша сұйықтықтың мәжбүрлі қозғалысын қамтамасыз етуге арналған. GR(RS) циркуляциялық сорғысының бірқатар тиімді артықшылықтары бар, атап айтқанда: олар шағын және тұмшаланған, төмен деңгейлі шумен жұмыс істейді, қазіргі заманғы циркуляциялық сорғыны қолдану жылы немесе сумен қамту жүйесін жалпы арзандатады, бұл жылу тасымалдағышты қыздыру үшін қолданылатын отынды 30% дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

2. Сорғылардың техникалық сипаттамалары және мөлшері

Моделі

Қуаты, Вт

Ең жоғары

өнімділігі, м³/сағ



Ең жоғары

қысымы, м



Жалғау түрі

Шартты өту

Массасы, кг

GR(RS) 370

400

7,5

11

Бұрандалы, ернемектері бар

2"

7,0

GR(RS) 550

550

12

12

ернемекті

2"

11

GR(RS) 750

750

18,6

17

ернемекті

2"

17

GR(RS) 1100

1100

23

20

ернемекті

2"

19

3. ОРНАТУ ЖӘНЕ МОНТАЖДАУ



  • Сорғыны орнатуды барлық дәнекерлеу жұмыстарынан және құбырларды шайғаннан кейін ғана жүргізу қажет.

  • Сорғыны тез тексеру немесе ауыстыру жұмыстарды жүргізу үшін қол жетімді жерге орнатыңыз.

  • Монтаждау тікелей құбырда, ең дұрысы тігінен жүргізіледі; ешқандай жағдайда төменгі нүктеде жүргізуге болмайды (сорғыда шөгінділердің жиналуының және оның бұғатталуының алдын алу үшін).

  • Мотор корпусындағы көрсеткіш ағын бағытын көрсетеді.

  • Тығындаушы клапандарды қызмет көрсету, тексеру, ауыстыру және т.б. жұмыстарды жеңілдету үшін сорғыға дейін және сорғыдан кейін орнату қажет. Бұл уақытта сондай-ақ ағатын су моторға және басқару блогына түспейтіндей түрде орнату қажет.

  • Циркуляциялық сорғыны сорғы жұмысы уақытында жоғары шуды тудыратын сору ағынында турбулентті құйындардың пайда болуын болдырмас үшін мүмкіндігінше құбырдың иілімдерінен, иіндерінен және тармақталу түйіндерінен қашық орнату қажет.

  • Циркуляциялық сорғыны орнату алдында жүйені жақсылап жуыңыз. Бұл мақсат үшін ТЕК температурасы 80°С жылы суды ғана қолданыңыз. Содан кейін циркуляция контурынан кез келген зиянды қосылыстарды жою үшін суды жүйеден ағызып жіберіңіз.

  • Циркуляциялық сорғыны сорғы валының осін көлденең жағдайға, ал клеммалы қораптарды – үстіңгі немесе бүйір жағынан орнатыңыз.

  • Монтаждау жұмыстарын орнату кезінде, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету уақытында сұйықтық тамшысының клеммалы қорапқа енуін болдырмайтындай түрде жүргізіңіз.

  • Егер электр қозғалтқышты сорғы қаптамасынан алып тастау қажеттілігі туындаса, онда оны орнына орнатқан кезде тығыздама жағдайының дұрыстығын мұқият тексеріңіз.


4. Электр қуаты желісіне қосу

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Электр қуаты желісіне қосуды тек білікті мамандар қолданыстағы жалпы және жергілікті қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтаумен орындауы тиіс.

  • Электр қуаты желісінің кернеуі және жиілігінің фирмалық тақташада көрсетілген мәндерге сәйкес келетіндігін тексеріңіз.

  • Электр қуаты параметрлерінің сәйкес келмеуі электр қозғалтқышты толығымен істен шығаруы мүмкін.

  • СОРҒЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖЕРМЕЛЕНУІ ТИІС.

  • Жарақаттану және электр тоғының соғуын болдырмас үшін электр қуаты желісіне қосу жұмыстарының барлығы, соның ішінде жермелеу электр қуаты сөндірілген суық сорғы кезінде жүргізілуі тиіс.

  • Қосуды аяқтағаннан кейін клеммалы қорапты жабыңыз.

  • Сорғы туралы толық электротехникалық ақпарат насос тақтайшасында келтірілген.

  • Желідегі кернеудің кез келген ауытқуы электр қозғалтқыштың бүлінуін тудыруы мүмкін.


5. ПАЙДАЛАНУҒА ЕНГІЗУ

Жүйені сумен толтыру және ауаны шығару.

Сорғыны орнатқаннан кейін жүйені сумен толтырыңыз, одан ауаны шығарыңыз.

  • Егер жүйенің контуры сумен толтырылмаған болса, циркуляциялық сорғыны қоспаңыз.

  • Жүйені контурындағы сұйықтық жоғары температураға дейін қызған, қысым астында және тіпті булануы мүмкін. Күйіп қалу қауіпі туындайды!

  • Циркуляциялық сорғыны ұстаған жағдайда туындайтын күйіп қалу қауіпі бар.

  • Егер электр қозғалтқыштан ауаны шығару қажет болса, ауаны шығару бұрандасын ақырын бұрап, бірнеше секунд бойы сұйықтықты ағызыңыз.

  • Бұранданы өте тез бұрамаңыз, себебі жүйе контурындағы сұйықтық жоғары температураға дейін қыздырылған, қысым астында және күйдіруі мүмкін.


6. Ықтимал бүлінулер және оларды жою тәсілдері

Бүліну

Ықтимал себебі

Жою тәсілі

Сорғы қосылмайды

Электр қуатының кернеуі жоқ

Электр жалғаулары және сақтандырғыштарды тексеріңіз.

Желінің кернеуі дұрыс емес

Сорғының фирмалық тақташасында келтірілген деректерді тексеріңіз және дұрысын растаңыз.

Конденсатор бүлінген (бір фазалы сорғыларда)

Конденсаторды алмастырыңыз.

Ротор мойынтіректегі шөгінділердің салдарынан бұғатталып қалған.

Вал еркін айналатындығын тексеріңіз.

Кермек тұздардың шөгінділері және (немесе) ластанулар болған жағдайда тазалаңыз.

Сорғы жағынан шудың жоғары деңгейі

Жүйеде ауа бар.

Жүйеден ауаны шығарыңыз.

Сорғыда ауа бар.

Сорғыдан ауаны шығарыңыз.

Сору жағынан төмен қысым.

Сору жағынан қысымды арттырыңыз.

Сорғы қосылады және қысқа уақыттан кейін өздігінен тоқтайды

Ротор және статор немесе қалақтары мен сорғы корпусы арасында шөгінділер немесе ластанулар бар.

Вал еркін айналатындығын тексеріңіз.

Кермек тұздардың шөгінділері және (немесе) ластанулар болған жағдайда тазалаңыз.

7. Өндіруші кепілдемесі

Өндіруші тұтынушы пайдалану ережелерін орындаған кезде циркуляциялық сорғының қалыпты жұмысына кепілдік береді.

Кепілдемелі сақтау мерзімі – 1 жыл. Кепілдемелі пайдалану мерзімі – циркуляциялық сорғыны пайдалануға енгізген сәттен бастап 1 жыл, бірақ дайындалған күннен бастап 1,5 жылдан аспайды. Кепілдемелі мерзім ішінде зауыт-өндіруші зауыттың кінәсінен туындаған ақауларды жояды немесе тұтынушы пайдалану, сақтау және тасымалдау ережелерін орындаған жағдайда өнеркәсіптік тауарларды алмастыру ережелеріне сәйкес айырбастайды.
КЕПІЛДЕМЕЛІК СЕРВИС ОРТАЛЫҚТАРЫ:

АЛМАТЫ, Бөкейханов к-сі, 233, тел: 8(727) 258-45-61

АСТАНА, Ауэзов к-сі, 39 үй, тел.: 8 (7172) 55-93-94, 55-93-96

ҚАРАҒАНДЫ, Пичугин к-сі, 249, 19, 20-пәтер, тел: 8(7212) 47-76-35



АҚТӨБЕ, Жургенов к-сі, 177А, тел.: 8 (7132) 70-46-90, 70-46-92

050014, Алматы қ., Бөкейханов к-сі, 233, «Келет» АҚ, тел.: 8 (727) 298-83-45, 258-89-46, 298-88-69

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет