«Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» мм алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының Кербұлақ ауданының 2018 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебі



жүктеу 324.42 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі324.42 Kb.


«Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының Кербұлақ ауданының 2018 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебі (жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды)

Жауапты орындаушы :

Тексеру комиссия мүшесі Б. Мұхамеджанов

Бас маман мемлекеттік аудитор Ғ. Қазақбеков


Талдықорған 2019ж

КІРІСПЕ
I БӨЛІМ. ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ


II БӨЛІМ. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ
2.1. Жергілікті бюджетке түскен түсімдердің атқарылуын бағалау

2.2. Жергілікті бюджет кірістерінің атқарылуын бағалау

2.2.1. Салықтық түсімдерді талдау

2.2.2. Салықтық емес түсімдерді талдау

2.2.3. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді талдау

2.2.4. Трансферттер түсімдерін талдау

2.3. Жергілікті бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау

2.3.1. Жергілікті бюджет шығындарының атқарылуын талдау

2.3.2. Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын талдау

2.3.3. Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарды талдау

2.3.4. Дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдау

2.4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын талдау

III БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ
3.1. 2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау

3.2. Өңірде басқа да бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы ақпарат


IV БӨЛІМ. ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ
4.1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау

4.2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау

4.3. Мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау

4.4. Квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау


V БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК

5.1. Тұжырымдар

5.2. Ұсынымдар
ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР


  1. Қосымша материалдар (кестелер)

  2. Тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі жұмысы туралы ақпарат

КІРІСПЕ



Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 51-бабына және Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысына сәйкес Кербұлақ ауданының 2018 жылғы жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды есебі әзірленді.

Қорытынды есебі тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараларының нәтижелері, Кербұлақ ауданының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, ауданның 2018 жылғы даму бағдарламасының орындалу туралы ақпараты, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебі, жергілікті атқарушы органның және басқа да бюджеттік процеске қатысушылардың ақпараттары, статистикалық деректер негізінде дайындалған.

Есептің бірінші бөлімінде Кербұлақ ауданының 2018 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы көрсетілген.

Екінші бөлімінде ауданның бюджетінің атқарылуына талдау жүргізілген. Бөлімде кіріс түсімдері (салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен, трансферттер түсімдері), жергілікті бюджет шығындарының орындалуы, мемлекеттік қаржылық активтерді сатып алу, бюджеттік кредиттердің пайдаланылуы, бюджеттің тапшылығын (профицитін) қаржыландыру, оның қаржыландыру көздері ауданның бюджетінің дебиторлық және кредиторлық берешектері бойынша талдау деректері көрсетілген.

Үшінші бөлімде 2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуы, ауданның бюджетінің негізгі параметрлерінің орындалуын бағалау және өңірде басқа да бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы ақпарат ұсынылған.

Төртінші бөлімде жергілікті мемлекеттік органдармен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігін, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі, мемлекет активтерінің пайдалану тиімділігін бағалау ұсынылған.

Бесінші бөлім аудит объектілерімен бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру, бюджеттік және өзге де заңнамаларды сақтау бойынша Тексеру комиссиясының негізгі тұжырымдары мен ұсыныстарынан тұрады.


I БӨЛІМ. ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Кербұлақ ауданының территориясы 11,5 мың шаршы шақырымды немесе Алматы облысы территориясының 5,2 пайызын құрайды. Кербұлақ ауданы құрамына 15 ауылдық округ кіреді. Елді мекендердің саны 63. Әкімшілік орталығы - Сарыөзек ауылы болып табылады.

2018 жылдың 1 қаңтарына Кербұлақ ауданының халқы 49,4 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы - әрбір 1 шаршы шақырымға 2,4 адамнан келеді.

Кербұлақ ауданы салалық мамандандыру бойынша аграрлық аймақ болып табылады. Богара және суармалы жерлерде бидай және майлы дақылдар егіледі. Қой өсіру, сүтті-етті ірі қара өсіру, жылқы өсіру дамытылған.

Кербұлақ ауданының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының басты міндеттері:


  • 1-ші бағытта (экономика сферасында): 5 мақсатқа қол жеткізу, оның ішінде: өнеркәсіпті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, АӨК субъектілерінің бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау, шағын және орта кәсіпкерлікті және сауданы дамыту, инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту, экономикалық өсім орталықтарын дамыту.

  • 2-ші бағытта (әлеуметтік сала): 8 мақсатқа қол жеткізу, оның ішінде: білім сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру, халықтың денсаулығын жақсарту, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, халықтың әл-аухатын арттыруға жәрдемдесу, мәдениет саласының бәсеке қабілеттілігін арттыру, бұқаралық спортты дамыту және туризм индустриясын үдемелі дамыту, үш тілділікті дамыту үшін жағдай жасау.

  • 3-ші бағытта (қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету): қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

-4-ші бағытта (инфрақұрылым): 4 мақсатқа қол жеткізу, оның ішінде: азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануға ауысуына ықпал ету, тұрғын үй құрылысын дамыту, көлік инфрақұрылымын жақсарту, коммуналдық секторлың инженерлік инфрақұрылымын жаңарту.

  • 5-ші бағытта (экология және жер ресурстары): 2 мақсатқа қол жеткізу, оның ішінде: ауданның экологиялық жағдайын жақсарту және жер ресурстарын тиімді пайдалану, су, балық, орман және аңшылық шаруашылықтарын үдемелі дамыту үшін жағдай жасау.

  • 6-ші бағытта (мемлекеттік басқару): мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және құзыретті корпусын қалыптастыру.

2018 жылы өнеркәсіп саласында 1 888,9 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Өңдеу өнеркәсібі саласында 455,5 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

Ауылшаруашылығы саласында 33 038,6 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Шағын және орта кәсіпорындардың өндіретін өнімдері көлемі 14 153,9 млн. теңгені құраған. Бөлшек тауар айналымы 6 805,1 мың теңгені құраған.

Ауданға 9 632,4 млн. теңге инвестициялар тартылған.

2018 жылы бағдарлама арқылы 43 698,0 мың теңге Д.Қонаев атындағы орта мектебі мен Ақбастау негізгі мектебін ағымдағы жөндеуге, Қарымсақ ауылындағы Қарымсақ орта мектепті, Жаналық ауылындағы Жаналық орта мектепті, Доланалы ауылындағы Доланалы орта мектептерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлінді. Аудан экономикасына тартылған инвестициялар көлемі 9632,4 млн теңгені құраған. Оның ішінде кәсіпкерлердің өз қаржысы 2959,4 млн теңгені құраған.

Аудан бойынша автокөлік жолдарының ұзындығы 555,4 шақырым:

Республикалық мәні бар жол – 162 шақырым, оның ішінде Алматы-Өскемен – 68 шақырым, Сарыөзек-Хоргос – 94 шақырым. Облыстық мәні бар жол – 270 шақырым, жергілікті мәні бар – 123,4 шақырымды құрайды.

- Сарыөзек ауылының 14 (он төрт) көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 6360,0 мың теңгенің жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.

- Сарыөзек, Жоламан, Қызылжар, Қоянкөз, Басши, Қарағаш, Қоғалы ауылдарының 16 (он алты) ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3000,0 мың теңге қаражатқа жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.

- Жоламан, Қызылжар, Жайнақ батыр, Басши, Қарағаш, Қоғалы, Сарыбастау, Шұбар ауылдарының 16 (он алты) ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3840,0 мың теңге қаражатқа жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.

- Сарыөзек ауылының ішкі 8 (сегіз) көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 114 270,0 мың теңге бөлініп, 94703,0 мың теңге қаражатқа 7,7 шақырымды құрайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

- Жоламан, Қызылжар, Қоянкөз, Басши, Қарағаш, Қоғалы ауылдарының 7 көшесіне жалпы ұзындығы 6,3 шақырымды құрайтын ішкі көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 100 000,0 мың теңге қаражат бөлініп, 75 999,0 мың теңге қаражатқа орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Облыстық маңызы бар Сарыөзек-Қорғас-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ жолының 43 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы бойынша 2018 жылға 529 136,0 мың теңге қаражат бөлінді. Сарыөзек ауылына кәріз жүйесіннің құрылыс жұмыстарына 515 44,0 мың теңге қаржы бөлінді.

«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 6 755,0 мың теңге бөлінген.

«Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру» бағдарламасы бойынша Сарыөзек, Қоғалы, Шанханай ауылдарында түнгі көше жарықтарына және қызмет көрсетуге 13 229,0 мың теңге, Қарашоқы, Көксу, Жайнақ батыр, Сарыөзек ауылдарына түнгі көшеледі жарықтандыруға жобалық сметалық құжаттарына 8 598,0 мың теңге қаражат бөлініп игерілген.

«Сарыөзек ауылындағы 18 жалгерлік тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірлеу жұмыстарына» 2018 жылға жергілікті бюджеттен 3 722,0 мың теңге қаржы бөлінді.

«Сарыөзек ауылындағы 18 жалгерлік тұрғын үйлерді абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысын ЖСҚ әзірлеуге» нысан бойынша 2018 жылға жергілікті бюджеттен 7 343,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Қосағаш ауылындағы 80 орындық орта мектебінің құрылыс жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 10 597,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Сарыөзек ауылындағы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 124-га жер телімінің инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы бойынша ауыз су жүйесіне 2018 жылы республикалық бюджеттен 258 761,0 мың теңге қаржы бөлінді.
II БӨЛІМ. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ


    1. Жергілікті бюджетке түскен түсімдердің атқарылуын бағалау

Кербұлақ ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті аудандық мәслихатының 21.12.2017 жылғы №22-123 шешімімен 2018 жылға келесі көрсеткіштермен бекітілген:

  1. Кірістер - 7 212 035,0 мың теңге, оның ішінде трансферттер түсімдері - 6 775 385,0 мың теңге, оның ішінде 4 732 760,0 мың теңгесі субвенциялар.

  2. Шығындар- 7 212 035,0 мың теңге.

  3. Таза бюджеттік несиелендіру- 29 973,0 мың теңге.

  4. Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо- 0 мың теңге.

  5. Бюджет тапшылығы (профициті)- (-) 29 973,0 мың теңге.

  6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)- 29 973,0 мың теңге.

Жыл бойы аудандық мәслихаттың шешімдерімен аудан бюджетінің көлемі 4 рет нақтыланып, аудан бюджетінің кірістері 995 476 мың теңгеге ұлғайтылған, оның ішінде: салықтық түсімдердің көлемі 4 438 мың теңгеге және облыстық бюджет есебінен түсетін трансферттері 1 000 061 мың теңгеге, салықтық емес түсімдердің көлемі азайтылды 7 110 мың теңгеге, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 1 913 мың теңгеге азайтылды.

Аудан бюджетінің шығындары 1 017 255 мың теңгеге ұлғайтылған. Бюджет тапшылығы және бюджет тапшылығын қаржыландыру сомасы 3 608 мың теңгеге ұлғайтылған.

Нақтыланған аудан бюджетінің көлемі төмендегі көрсеткіштер бойынша бекітілген:


  1. Кірістер - 8 124 132,0 мың теңге, оның ішінде трансферттер түсімдері- 7 671 603,0 мың теңге, оның 4 732 760,0 мың теңгесі субвенциялар.

  2. Шығындар – 8 145 911,0 мың теңге.

  3. Таза бюджеттік кредиттеу – 33 581,0 мың теңге.

  4. Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо- 0 мың теңге.

  5. Бюджет тапшылығы (профицит)- (-) 55 360,0 мың теңге.

  6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)- 55 360,0 мың теңге.

Кербұлақ ауданының 2018 жылға арналған аудан бюджетінің кірістері түзетілген бюджет жоспары бойынша қаралған 8 124 132,0 мың теңгенің орнына 8 169 200,1 мың теңге болып орындалып, аудан бюджетіне жоспардан тыс 45 068,1 мың теңге қаражат артығымен түсіп, кірістер бөлігі 100,6 пайызға орындалған. Оның ішінде жергілікті бюджеттің меншікті кіріс жоспары қаралған 452 529,0 мың теңгенің орнына 497 597,1 мың теңге болып 110 пайызға орындалған, немесе 45 068,1 мың теңге қаражат артығымен түскен. Жергілікті бюджеттің меншікті кірістері аудан бюджеті кірістерінің 6,0 пайызын құраған. Облыстық бюджет есебінен 100 пайызда түскен трансферттер түсімдері 7 671 603,0 мың теңгені құраған, оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер 1 619 833,0 мың теңге; нысаналы даму трансферттер 1 319 010,0 мың теңге және субвенциялар 4 732 760,0 мың теңгені, немесе аудан бюджеті кірістерінің 94,0 пайызын құраған.

Өткен жылмен салыстырғанда 2017 жылғы артығымен орындалған бюджет кірістерінің үлес салмағы 0,2 пайызды құраса, 2018 жылғы артық орындалған бюджет кірістерінің үлес салмағы 0,6 пайызды құрайды немесе



0,4 пайызға ұлғайған және аудан бюджеті есебіне артығымен түскен кірістері 45 068,1 мың теңгеге ұлғайған.


    1. Жергілікті бюджет кірістерінің атқарылуын бағалау

2.2.1. Салықтық түсімдерді талдау

2018 жылға арналған аудан бюджетінің кірістерінің түзетілген бюджет жоспары бойынша салықтық түсімдер бөлігі қаралған 409 178,0 мың теңгенің орнына 448 615,3 мың теңге болып 109,6 пайызға орындалған, немесе 39 437,3 мың теңге қаражат артығымен түскен. Салықтық түсімдер аудан бюджеті кірістерінің 5,5 пайызын құраған. Оның ішінде:

- табыс салығы қаралған 50 756,0 мың теңгенің орнына 56 578,0 мың теңге болып 111,5 пайызға орындалған, немесе 5 822,0 мың теңге қаражат артығымен түскен. Табыс салығы салықтық түсімдердің 12,6 пайызын құраған және аудан бюджеті кірістерінің 1,0 пайызын құраған;

- меншікке салынатын салықтар, оның ішінде: мүлікке салынатын салықтар, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, бірынғай жер салығы қаралған 285 057,0 мың теңгенің орнына 309 268,1 мың теңге болып 108,5 пайызға орындалған, немесе 24 211,1 мың теңге қаражат артығымен түскен. Меншікке салынатын салықтар салықтық түсімдердің 68,9 пайызын құраған және аудан бюджеті кірістерінің 3,8 пайызын құраған;

- салықтық түсімдердің 3,5 пайызын және аудан бюджеті кірістерінің 0,2 пайызын құраған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар, оның ішінде: акциздер, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер, кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар 15 002,0 мың теңгенің орнына 15 862,2 мың теңге болып 105,7 пайызға орындалған, немесе 860,2 мың теңге қаражат артығымен түскен.


  • қаралмаған басқа да салықтар 58 912,9 мың теңге сомасында орындалған.

  • заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер, оның ішінде мемлекеттік баж қаралған 7 050, мың теңгенің орнына 7 994,2 мың теңге болып 113,4 пайызға орындалған, немесе 944,2 мың теңге қаражат артығымен түскен. Мемлекеттік баж салықтық түсімдердің 1,8 пайызын құраған және аудан бюджеті кірістерінің 0,1 пайызын құраған.


2.2.2. Салықтық емес түсімдерді талдау

Ауданның бекітілген бюджеті бойынша 13 795,0 мың теңге сомасында қаралған салықтық емес түсімдер аудан мәслихатының шешімі негізінде 32 564,0 мың теңгеге дейін көбейтіліп нақтыланған.

Салықтық емес түсімдердің түзетілген көрсеткіштері 32 564,0 мың теңгенің орнына 37 121,1 мың теңге болып 114 пайызға орындалған, немесе 4 557,1 мың теңге қаражат жергілікті бюджетке артығымен түскен. Салықтық емес түсімдер аудан бюджеті кірістерінің 8,3 пайызын құраған. Оның ішінде:


  • мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер қаралған 3 984,0 мың теңгенің орнына 7 787,3 мың теңге болып 195,5 пайызға орындалған, немесе 3 803,3 мың теңге қаражат жергілікті бюджет есебіне артық түскен. Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер салықтық емес түсімдердің 21 пайызын құраған және аудан бюджеті кірістерінің 0,09 пайызын құраған.

  • мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар қаралған 1 057,0 мың теңгенің орнына 1 499,8 мың теңге болып 141,2 пайызға орындалған, немесе 435,3 мың теңге қаражат артығымен түскен. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар салықтық емес түсімдердің 4 пайызын құраған және аудан бюджеті кірістерінің 0,02 пайызын құраған.

  • басқа да салықтық емес түсімдер қаралған 27 523,0 мың теңгенің орнына 27 833,5 мың теңге болып 101,1 пайызға орындалған, немесе 310,5 мың теңге қаражат артығымен түскен. Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер салықтық емес түсімдердің 75 пайызын құраған және аудан бюджеті кірістерінің 0,34 пайызын құраған.


2.2.3. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді талдау

Ауданның бекітілген бюджеті бойынша 12 700,0 мың теңге сомасында қаралған жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер аудан мәслихатының шешімі негізінде 10 787,0 мың теңгеге дейін нақтыланған. Нақты түскен түсімдері 11 860,7 мың теңгені құраған. Оның ішінде:



  • Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан 5033,8 мың теңге;

  • Жердi және материалдық емес активтердi сатудан 6826,9 мың теңге;


2.2.4. Трансферттер түсімдерін талдау

2018 жылға арналған бюджетімен трансферттер түсімдері 6 775 385,0 мың теңге болып бекітілген, оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер – 1 149 462, мың теңге; нысаналы даму трансферттері – 893 163,0 мың теңге; субвенциялар - 4 732 760,0 мың теңге.

Нақтыланған аудан бюджетімен трансферттік түсімдері 7 671 603,0 мың теңге болып нақтыланған, оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер- 1 619 833,0 мың теңге; нысаналы даму трансферттері - 1 319 010,0 мың теңге; субвенциялар - 4 732 760,0 мың теңге.
2.3. Жергілікті бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау

Кербұлақ ауданының 2018 жылға арналған аудан бюджетінің шығындары түзетілген бюджет жоспары бойынша қаралған 8 145 911,0 мың теңгенің орнына бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелерді атқару мәліметі бойынша 8 140 935,1 мың теңгеге орындалған.

Аудан бюджетінің шығындары түзетілген бюджет жоспары бойынша 99,9 пайызға орындалған, немесе орындалмаған сомасы 4 975,9 мың теңгені құраған.

Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет Кодексінің 82, 104 баптарының талаптары сақталмай, бюджеттік бағдарлама әкімгерлері тарапынан төмендегі шығындарға бөлінген қаражаттың толық игеруі қамтамасыз етілмеген:



  • Аудандық ветеринария бөлімі бойынша - «Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» - 2242,7 мың тенге алушылардың салықтық қарыздары болуына байланысты есеп шоттары ашылмаған себептен игерілмеді.

  • Аудандық білім бөлімі бойынша- «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» - 1182,0 мың теңге сатып алынған негізгі кұралдарды толық жеткізілмеген себептен игерілмеді.

  • Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі бойынша- «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» - 542,1 мың теңге Қызылжар ауылындағы спорт кешені ғимаратын күрделі жөндеу нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттарын кешенді ведомостводан тыс сараптамалық жұмыстарын орындауға ашық конкурстын нәтижесі тек 08.12.2018 ж шығуына байланысты мердігер келісім шартка қол қоймады.

«Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру» - 378,8 мың теңге Қоғалы ауылдық округі бойынша елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша үнемделген себептен игерілмеді.

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» - 343,1 мың теңгесі туберкулез ауыруына шалдыққан адамдардын төлемдерінен үнемделген қаржы.

Өзге бағдарламалардағы қалдықтар - 287,2 мың тенге.

2.3.1. Жергілікті бюджет шығындарының атқарылуын талдау

Аудан бюджеті шығындарының функционалдық топтар бойынша орындалғаны:



1 функционалдық топ «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша шығындар қаралған 539 747,0 мың теңгенің орнына 539 541,3 мың теңге болып 99,9 пайызға орындалған.

Жергілікті резерв есебінен аудан әкімдігінің қаулысының негізінде қыс-көктемгі айларында қар көшкіні, жер көшкіні және су тасқынына қарсы іс-қимылдар және зардаптың алдын алуды қамтамасыз ету үшін 1 040,0 мың теңге жанар-жағар май қорын құруға, Шұбар ауылдық округінің бюджетіне округ әкімі аппаратының ғимаратын өрт салдарынан қалпына келтіру жұмыстарына 2000,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілген.



2 функционалдық топ «Қорғаныс» шығындары 2 431,0 мың теңгенің орнына 2 430,7 мың теңге болып 99,9 пайызға орындалған, орындалмаған сомасы- 0,3 мың теңге.

4 функционалдық топ «Білім беру» шығындары 4 835 568,0 мың теңгенің орнына 4 834 367,5 мың теңге болып 99,9 пайызға орындалған.

6 функционалдық топ «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» шығындары қаралған 410 853,0 мың теңгенің орнына 410 501,6 мың теңге болып 99,9 пайызға орындалған, немесе орындалмаған сомасы туберкулез ауыруына шалдыққан адам саны азайуына байланысты 343,1 мың теңгесі үнемделген қаржы.

7 функционалдық топ «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» шығындары 1 518 333,0 мың теңгенің орнына 1 517 922,4 мың теңге болып 99,9 пайызға орындалған, орындалмаған 410,6 мың теңгенін 378,8 мың теңгесі Қоғалы ауылдық округі бойынша елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша үнемделген қаржы.

8 функционалдық топ «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» шығындары 243 052,0 мың теңгенің орнына 242 504,0 мың теңге болып 99,8 пайызға орындалған, орындалмаған 548,0 мың теңгенін 542,1 мың теңгесі Қызылжар ауылындағы спорт кешені ғимаратын күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттарын кешенді ведомостводан тыс сараптамалық жұмыстарын орындауға ашық конкурстын нәтижесі тек 08.12.2018 ж шыққанына байланысты мердігер келісім шартка қол қоймаған себептен игерілмеді.

10 функционалдық топ «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар,қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» шығындары 255 355,0 мың теңгенің орнына 253 109,3 мың теңге болып 99,1 пайызға орындалған, орындалмаған 2245,7 мың теңгенін 2242,7 мың теңгесі «Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша алушылардың салықтық қарыздары болуына байланысты есеп шоттары ашылмаған себептен игерілмеді.

11 функционалдық топ «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» шығындары 27 355,0 мың теңгенің орнына 27 353,5 мың теңге болып 99,9 пайызға орындалған.

12 функционалдық топ «Көлік және коммуникация» шығындары 234 583,0 мың теңгенің орнына 234 582,8 мың теңге болып 99,9 пайызға орындалған.

13 функционалдық топ «Өзгелер» шығындары 57 991,0 мың теңгенің орнына 57 981,3 мың теңге болып 99,9 пайызға орындалған.

14 функционалдық топ «Борышқа қызмет көрсету» шығындары 62,3 мың теңге сомасында 97,5 пайызда орындалған.

15 функционалдық топ «Трансферттер» шығындары 20 578,3 мың теңгеге, яғни 100 пайызға орындалған, оның ішінде:

  • 1 523,3 мың теңге - нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттер аудан әкімдігінің қаулысы негізінде облыстық бюджет есебіне қайтарылған.

  • 19 055 мың теңге - жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер.

16 функционалдық топ «Қарыздарды өтеу» шығындары 27 746,8 мың теңгеге, яғни 100 пайызға орындалған, оның ішінде:

- 27 746,8 мың теңге- жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу барысында қайтарылған

01.01.2018 жылғы аудандық бюджет қаражатының бос қалдығы 24 279,0 мың теңгені құрады.

Есепті кезеңнің соңына бюджет қаражатының қалдықтары 59 390,6 мың теңгені құрады.



2.3.2. Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын талдау

2018 жылы Кербұлақ ауданы бойынша бюджеттік кредиттер бөлінбеген.



2.3.3. Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарды талдау

2018 жылы Кербұлақ ауданы бойынша қаржы активтерін сатып алуға қаражат қарастырылмаған.


2.3.4. Дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдау

1. Кербұлақ ауданы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына есептілік бойынша дебиторлық берешек сомасы 33 431,1 мың теңгені құраған, оның ішінде:

122001000 бағдарламасы бойынша коммуналдық төлемдер бойынша 352,9 мың теңгені;

123001000 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде техникалық қызметкердің еңбек ақы төлемдеріне 16,0 мың тенге, салық төлемдері бойынша 5,6 мың тенгені;

12400100 бағдарламасы бойынша коммуналдық төлемдер бойынша 6,2 мың теңгені;

452001000 бағдарламасы бойынша коммуналдық төлемдер салыстыру актісі бойынша 0,7 мың теңгені;

464003015 бағдарламасы бойынша «Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу» 32862,2 мың теңгені - білім беру мекемелерінің жылыту жүйелері үшін дизельдық жанар-жағармай сатып алу(сот шешімі бойынша);

465007000 бағдарламасы бойынша өзге де ағымдағы шығындар 162,0 мың теңгені құраған.

47300100 бағдарламасы бойынша коммуналдық төлемдер 21,2 мың теңгені;

2. 2019 жылдың 1 қаңтарына есептілік бойынша кредиторлық берешек 224,3 мың теңгені құраған. Оның ішінде:

124001000 бағдарламасы бойынша коммуналдық төлемдерге 0,3 мың теңгені;

473007000 бағдарламасы бойынша есепті кезеңнің соңына өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу бойынша 224,0 мың теңгені құраған.

2.4 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын талдау.

Кербұлақ ауданы бойынша 15 ауылдық округтың 10 округі 4 деңгейлі бюджетке өткен.

4 деңгейлі бюджетке түскен түсімдердің атқарылуы «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Кербұлақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 22-130 шешімімен Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттері 2018 жылға мынадай көлемде бекітілген.

Кірістер – 584608,0 мың теңге, салықтық түсімдер – 114678,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 0 теңге, трансферттер түсімі – 469930,0 мың теңге, шығындар – 584608,0 мың теңге, таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, бюджеттік кредиттер 0 теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0 теңге.

2018 жылдың аралығында аудандық мәслихаттың сессияларында 4 рет аудандық бюджетті нақтылау жасалды. Осы нақтылаулар есебінен бекітілген бюджетпен салыстырғанда нақтыланған бюджетте кірістер 98336,0 мың теңгеге немесе 85,6 есе артты.

2018 жылы түзетілген аудандық бюджеттің кірістер болжамы (қарыздардың түсімі мен несиені өтеуді есепке алғанда) барлығы 682944,0 мың теңге, 703185,9 мың теңгеге немесе 102,9 % орындалып, 20241,9 мың теңге болжамнан артық түскен.

2018 жылғы бюджеттің атқарылуы барысында аудандық бюджеттің өз кірістерінің нақтыланған болжамы 135142,0 мың теңге 155383,9 мың теңгеге немесе 115% орындалып, 20241,9 мың теңге артық түскен.

2018 жылғы бюджеттің атқарылуы барысында салықтық түсімдердің жоспары 109263,0 мың теңге, 128655,9 мың теңгеге немесе 117,7% құрады. Салықтық түсімдерден, оның ішінде:

- табыс салығы түсімдерінің жоспары 31447,0 мың теңге, орындалуы 35040,1 мың теңге немесе 111,4%, 3593,1 мың теңге артық түскен,

- меншікке салынатын салықтын түсімдерінің жоспары 689,0 мың теңге, орындалуы 832,5 мың теңге немесе 120,8%, 143,5 мын теңге артық түскен,

Салықтық түсімдердің жоғарыда көрсетілгендей болжам жоспары 19392,9,0 мың теңге артық орындалды.

Салықтық емес түсімдердің болжамы 25879,0 мың теңге 26728,0 мың теңгеге немесе 103,3% құрады.

- мемлекеттік меншіктен түсетін кірістерінің жоспары 0 мың теңге, орындалуы 19,4 мың теңге,

- басқа да салықтық емес түсімдердің жоспары 25879 мың теңге, орындалғаны 26708,6 мың теңге немесе 103,2%;

Салықтық емес түсімдерден жоғарыда көрсетілген болжам жоспары 829,6 мың теңге артық орындалды.

2018 жылғы Кербұлақ аудандық 4 деңгейлі бюджетінің өз кірістер болжамының орындалуы туралы

мың теңге






Бекітілген жылдық жоспар

Нақтыланған жылдық жоспар


Нақты

түскені


Жоспардың

орындалуы,+ -



Жергілікті бюджет

114678

135142

155383,9

-20241,9

оның ішінде:













Салықтық түсімдер

114678

109263

128655,9

- 19392,9

Салықтан тыс түсімдер

0

25879

26728

- 849

Кестеден көріп отырғандай, бекітілген бюджетпен салыстырғанда салықтық түсімдер болжамының 20464,0 мың теңгеге артық, бюджетке түсетін түсімдер болжамы 40705,9 мың теңгеге артық орындалған.

2018 жылы трансферттердің түсімі түзетілген бюджет жоспары 330925,0 мың теңге, түскені 100%, оның ішінде:

- субвенциялар 216877,0 мың теңге, түскені 100%.

Бекітілген бюджеттен түзетілген бюджет трансферттердің түсімдері 96037,0 мың теңгеге немесе 140,1% көбейген.

4 деңгейлі бюджетінің шығындары 2018 жылы 4 функционалды топтардан құралды, олар 10 бюджеттік бағдарлама әкімшісімен іске асырылған.

Бюджеттің функционалдық топтары бойынша шығындар құрамы мынадай:

1) «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» фунционалдық тобының жоспары 253 577,0 мың теңге, игерілуі 253 442,7 мың теңге немесе 99,9%, игерілмегені 134,3 мың теңге (жалпы шығыстардың жоспарынан 37,0 %);

2) «Білім беру» фунционалдық тобының жоспары 352 207,0 мың теңге, игерілуі 352 204,4 мың теңге немесе 100,0%, (жалпы шығыстардың жоспарынан 51,3 %);

3) «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобының жоспары 39 215,0 мың теңге, игерілгені 38 835,0 мың теңге немесе 99,0 %, игерілмегені 380,0 мың теңге(жалпы шығыстардың жоспарынан 5,3 %);

4) «Басқалар» функционалдық тобының жоспары 40 985,0 мың теңге, игерілуі 40 975,6 мың теңге 100,0 %, игерілмегені 9,4 (жалпы шығыстардың жоспарынан 6,0 %).

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша қаражаттың игерілуі келесі көрсеткіштермен айқындалады.

2018 жылы жоспарланған шығыстар бойынша 4 деңгейлі бюджет 685 984,0 мың теңге шығындарды игеру мақсатында бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан 685 472,3 мың теңгеге міндеттемелер қабылданып, оның 685 457,7 мың теңгесі игеріліп, 526,3 мың теңгесі игерілмеген, 14,6 мың теңгесіне міндеттемелер қабылданбаған.

Есепті кезеңде бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражаттарын игермегендер:

- Қоғалы ауылдық округ әкімнің аппаратында 378,8 мың теңге- «Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру» - Қоғалы ауылындағы көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша үнемделген себептен игерілмеді.

- барлық әкімшілер бойынша – 147,5 мың теңге барлық ерекшеліктерден үнемделгені.

2018 жылдың шығыстары 99,9% орындалды. Игерілмеген қаражат 526,3 мың теңге болды.

Кербұлақ ауданының 2018 жылғы түзетілген бюджет бойынша кірістер жоспары 682944,0 мың теңге, ал орындалуы 703185,9 мың теңге болып, 102,9%-ды құраған.

Жалпы аудан бюджетінде кірістер 12 бюджеттік сыныптама кодтары бойынша жоспарланып, 6 бюджеттік сыныптама кодтары бойынша жоспар орындалған, 5 бюджеттік сыныптама кодтары бойынша жоспардан артық түскен. Сонымен қатар жоспардан тыс 1 бюджеттік сыныптама кодтары бойынша кірістер тіркелеген.

Түзетілген бюджет бойынша шығыс жоспары 685 984,0 мың теңге, ал кассалық орындалу 6850457,7 мың теңгені құраған немесе 99,9 пайызға орындалған, жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қаражаттардың игерілмеуі орын алған.

Аумақтық даму бағдарламасының орындалуын нақтыланған жоспармен салыстырғанда 4 көрсеткіш бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізілген.


III БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ
3.1. 2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес бекітілген Кербұлақ ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы бойынша 2018 жылға 6 бағыттағы 21 мақсат пен 79 нысаналы индикаторлары белгіленген. Оның ішінде 2 мақсаттың 2 нысаналы индикаторларына қол жеткізілмеген, яғни белгіленген мақсаттар мен нысаналы индикаторларының 2,5 пайызы орындалмаған:

1) 2-ші бағытта (әлеуметтік сферасы): 2.3. мақсаттын Халықтың денсаулығын жақсарту, нысаналы индикаторы - Тірі туылғандарға шаққанда сәби өлім-жітімін 1000-ға төмендету жоспары бойынша 6,78 пайызға түсірудің орнына 8,83 пайызға көбейген.

2) 6-ші Бағыт. (мемлекеттік басқару): 6.1. мақсаттын Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және құзыретті корпусын қалыптастыру салаларында бір нысаналы көрсеткіші қарастырылып, орындалған;

Мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалылығын (мемлекеттік қызмет жүйесінен кету) жоспар бойынша 6,1 пайызға төмендету болса, орнына 10,3 пайызға көбейген.

Орындалған нысаналы индикаторларға келіп тоқталсақ:

Оның ішінде 21 мақсаттын 77 нысаналы индикаторларына қол жеткізілген, немесе белгіленген мақсаттар мен нысаналы индикаторларының 97,5 пайызы орындалған:

1-ші Бағыт. Экономика.

1.1.мақсат. Өнеркәсіпті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету салаларында екі нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 105,6 пайызға орындалған;

1.2.мақсат. АӨК субъектілерінің бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау салаларында алты нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100 пайызға орындалған;

1.3.мақсат. Шағын және орта кәсіпкерлікті және сауданы дамыту салаларында үш нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100,8 пайызға орындалған;

1.4.мақсат. Инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту салаларында бес нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100 пайызға орындалған;

1.5.мақсат. Экономикалық өсім орталықтарын дамыту салаларында тоғыз нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100 пайызға орындалған.

2-ші Бағыт. Әлеуметтік сала.

2.1.мақсат. Білім сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету салаларында бес нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 102,5 пайызға орындалған;

2.2.мақсат. Балалардың заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру салаларында бір нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100 пайызға орындалған;

2.3.мақсат. Халықтың денсаулығын жақсарту салаларында үш нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, оның ішінде екуі 100 пайызға орындалған;

2.4.мақсат. Халықтың денсаулығын жақсарту, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау салаларында екі нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100 пайызға орындалған;

2.5.мақсат. Халықтың әл-аухатын арттыруға жәрдемдесу салаларында алты нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100 пайызға орындалған;

2.6.мақсат. Мәдениет саласының бәсеке қабілеттілігін арттыру салаларында бір нысаналы көрсеткіштері қарастырылып,100 пайызға орындалған;

2.7.мақсат. Бұқаралық спортты дамыту және туризм индустриясын үдемелі дамыту салаларында бес нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 104,7 пайызға орындалған;

2.8.мақсат. Үш тілділікті дамыту үшін жағдай жасау салаларында үш нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100 пайызға орындалған.

3-ші Бағыт. Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

3.1.мақсат. Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету салаларында бес нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100 пайызға орындалған.

4-ші Бағыт. Инфрақұрылым

4.1.мақсат. Азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануға ауысуына ықпал ету салаларында үш нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100 пайызға орындалған;

4.2.мақсат. Тұрғын үй құрылысын дамыту салаларында төрт нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100 пайызға орындалған;

4.3.мақсат. Көлік инфрақұрылымын жақсарту салаларында екі нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100 пайызға орындалған;

4.4.мақсат. Коммуналдық секторлың инженерлік инфрақұрылымын жаңарту салаларында үш нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100,4 пайызға орындалған.

5-ші Бағыт. Экология және жер ресурстары

5.1.мақсат. Ауданның экологиялық жағдайын жақсарту және жер ресурстарын тиімді пайдалану салаларында алты нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100 пайызға орындалған;

5.2.мақсат. Су, балық, орман және аңшылық шаруашылықтарын үдемелі дамыту үшін жағдай жасау салаларында екі нысаналы көрсеткіштері қарастырылып, 100 пайызға орындалған.

Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдарға 49 жас маман тартылған. 31 маманға көтерме жәрдем ақы берілсе, 18 жас маманға тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несие берілді.

Кербұлақ ауданының 2018 жылға арналған аумақтық даму бағдарламасының орындалуы туралы мәлімет есепке қосымша берілген 1-ші кестеде көрсетілді.

3.2. Өңірде басқа да бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы ақпарат

Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасағанда 2018 жылға арналған аумақтық даму бағдарламасы бойынша барлық түсімдердің орындау индексі жоспарланған 9 460 983 мың теңгенің орнына 11 761 483 мың теңге болып, немесе 124,3 пайызға орындалған. Оның ішінде жергілікті бюджеттің меншікті кіріс жоспары қаралған 6 476 750 мың теңгенің орнына 8 386 750 мың теңге болып 129,5 пайызға орындалған.


IV БӨЛІМ. ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

4.1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау

  • ауданға тартылған инвестициялар- 1 327 603,0 мың теңгені құраған, орындалғаны 1 327 590,0 мың теңге, немесе 99,9 пайыз болып анықталған.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалаумен анықталғаны:

2018 жылы 487 029 - «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламаласы бойынша жалпы 529 136,0 мың теңге бөлініп, 529 125,5 мың теңгесі игерілді. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен Жаңалық ауылының ауыз су жүйесі қайта жаңғырту мен құрылысы жұмыстарына 120 000 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Жергілікті бюджеттен 487 029 015 - «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламалары бойынша 409 136,0 мың теңге бөлініп, 409 125,6 мың теңге игерілді, оның ішінде:

1. Архарлы ауылының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарына 44 224,0 мың теңге бөлінген.

2. Тастыбастау ауылының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарына 78 990,0 мың теңге бөлінген.

3. Қаспан ауылының ауыз су жүйесі қайта жаңғырту мен құрылысы жұмыстарына 167 771,0 мың теңге бөлінген.

4. Шанханай ауылының су жүйесін ауыз су жүйесі қайта жаңғырту мен құрылысы жұмыстарына 65 000,0 мың теңге бөлінген.

5. Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылына сумен жабдықтау жүйесін салу және су ірекуіш ғимараттарын жаңғырту (4-ші кезең) «нысана жобалау – іздестіру құжаттамасын даярлау жұмыстарына 48 558,0 мың теңге бөлінген.

6. Онжас ауылының су жүйесінің қайта жаңғырту мен құрылысы жұмысының жобалық-сметалық құжаттарын түзету қайта санау жұмыстарына 2 593,0 мың теңге қаражат бөлінген.

7. Доланалы ауылының су жүйесінің қайта жаңғырту мен құрылысы жұмысының жобалық-сметалық құжаттарын түзету қайта санау жұмыстарына 2000,0 мың теңге қаражат бөлінген.

487 028 000 - «Коммуналдық шаруашылықты дамыту» бюджеттік бағдарламаласы бойынша Сарыөзек ауылының кәріз жүйесін қайта жаңғырту мен құрылысы жұмыстарына республикалық бюджет есебінен 515 044,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

467 003 015 «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау» бағдарламасы бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджет есебінен 3722,0 мың.теңге бөлінді.

«Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында 18 жалгерлік тұрғын үйлердің құрылысы» нысанының ЖІЖ 2712,0 мың теңге бөлінген.

467 004011 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бағдарламасы бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес республикалық бюджет есебінен «Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы» нысанына 258761,0 мың теңге бөлінген.

467 004015 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бағдарламасы бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджет есебінен 7343,0 мың.теңге бөлінді.

«Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында 18 жалгерлік тұрғын үйлерді абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы» нысанының ЖІЖ бөлінген 6382,0 мың теңгенің 6381,6 мың теңгесі игерілді.

Қаражаттың 961,0 мың теңгесі есебінен «Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында 18 жалгерлік тұрғын үйлерді абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық желілері» нысанының ЖІЖ кешенді ведомствадан тыс сараптамадан өткізіліп, оң сараптама қорытындысы шықты. Бөлінген қаражаттың 960,2 мың теңгесі игерілді.

467 024 015 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес жалпы – 11597,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде облыстық бюджет есебінен 10597,0 мың.теңге, жергілікті бюджет есебінен – 1000,0 мың теңге.

«Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қосағаш ауылында 80 орындық орта мектептің құрылысы» нысанының ЖІЖ бөлінген 8624,0 мың теңге толығымен игерілді.

Қаражаттың 1973,0 мың теңгесі есебінен «Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қосағаш ауылында 80 орындық орта мектептің құрылысы» нысанының ЖІЖ кешенді ведомствадан тыс сараптамадан өткізіліп, сараптама қорытындысы шықты. Бөлінген қаражаттың 1972,4 мың теңгесі игерілді.



4.2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау

Қаржылық қаражаттың игерілуіне талдау жасағанда барлық шығындардың көлемі жоспарланған 8 145 911,0 мың теңгенің орнына 8 140 935,1 мың теңге болып, немесе 99,9 пайызға орындалған.

Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет Кодексінің 82, 104 баптарының талаптары сақталмай, бюджеттік бағдарлама әкімгерлері тарапынан төмендегі шығындарға бөлінген қаражаттың толық игеруі қамтамасыз етілмеген:


  • Аудандық ветеринария бөлімі бойынша - «Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» - 2242,7 мың тенге алушылардың салықтық қарыздары болуына байланысты есеп шоттары ашылмаған себептен игерілмеді.

  • Аудандық білім бөлімі бойынша- «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» - 1182,0 мың теңге сатып алынған негізгі кұралдарды толық жеткізілмеген себептен игерілмеді.

  • Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі бойынша- «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» - 542,1 мың теңге Қызылжар ауылындағы спорт кешені ғимаратын күрделі жөндеу нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттарын кешенді ведомостводан тыс сараптамалық жұмыстарын орындауға ашық конкурстын нәтижесі тек 08.12.2018 ж шығуына байланысты мердігер келісім шартка қол қоймады.

«Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру» - 378,8 мың теңге Қоғалы ауылдық округі бойынша елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша үнемделген себептен игерілмеді.

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» - 343,1 мың теңгесі туберкулез ауыруына шалдыққан адамдардын төлемдерінен үнемделген қаржы.

Өзге бағдарламалардағы қалдықтар - 287,2 мың тенге.

4.3. Мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау

01.01.2018 жылға ауданға қарасты 76 мемлекеттік мекеме заңды тұлға ретінде тіркелген. Соның ішінде: 41 орта және негізгі мектептер (11 елді мекенде заңды тұлға емес бастауыш мектептерді қосқанда жалпы саны- 52), 15 қалалық/ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, 17 мемлекеттік орган (аудан әкімінің аппараты, бөлімдер), 3 коммуналдық мемлекеттік мекеме (ДЮСШ, кітапхана, жұмыспен қамту орталығы).

01.01.2018 жылғы бухгалтерлік баланс бойынша активтер есепті жылдың басына 8030437,7 мың теңгені, жылдың соңына 8737714,1 мың теңгені құраған, оның ішінде: негізгі құралдар 7098830,4 мың теңге, материалдық емес активтер 11713,5 мың теңге. Активтер 707276,4 мың теңгеге өскен.
4.4. Квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау

01.01.2018 жылға ауданға қарасты 10 мемлекеттік кәсіпорындар тіркелген. Соның ішінде: 2 шаруашылық жүргізу құқығындағы (Күреңбел Су және «Кербұлақ ауданы әкімдігінің ауыл округтерінде ветеринариялық пунктері бар «Кербұлақ ауданының ветеринариялық станциясы»), 8 қазыналық кәсіпорындар (7 балабақша, 1 мәдениет үйі).

2018 жылы жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің,бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақытылығына, сондай ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығы 8 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында және 1 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында аудит жүргізіліп, аудит нәтижесі бойынша 272,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған.

Кербұлақ ауданы бойынша 2018 жылы анықталған қаржылық бұзушылықтар толық бюджетке өтелген. Жергілікті бюджет қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.



(Кербұлақ ауданы бойынша 2018 жылы анықталған қаржылық бұзушылықтар (2-ші кестеге сәйкес):
V БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК
5.1. Тұжырымдар

1. Жалпы алғанда, бюджеттің атқарылуы ауданның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне оң әсер етуде, ауданда жаңа жұмыс орындары, білім беру саласы қарқынды дамуда.

2. Ауданда жоғары тұрған бюджеттерден және де жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражаттың толық және сапалы игерілуі бойынша біршама кемшіліктер жіберілген.

3. Аудан бойынша ішін ара бюджеттік бағдарлама әкімшілері Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің принциптеріне қайшы бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбеген.

4. Аумақтық даму бағдарламасының орындалуын нақтыланған жоспармен салыстырғанда 2 мақсаттың 2 нысаналы индикатор орындалмаған. Жоспарланған 79 іс-шараның 2 орындалмаған.



5.2. Ұсынымдар

1. Ауданда білім беру, спорт, өнеркәсіп ауылшаруашылығы саласын дамытуға бағытталған тың іс-шаралар жүргізу.

2. Жергілікті бюджетті кірістер және шығыстар бойынша қалыптастыру және атқару кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және өзге заңнамалары басшылыққа алуды.

3. Республикалық трансферттер есебінен және жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражаттардың сапалы жәнеде уақытылы игерілуін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан толыққанды ұйымдастыру.

4. Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша орын алған өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы азаматтық-құқықтық мәміленің талаптарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) беру арқылы не тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылу арқылы өтелуі қарастырылсын.

5. Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасында көзделген индикаторлар көрсеткіштеріне жоғары дәрежеде қол жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілсін.


Есепке қосымша:

1. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы есепті жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат.

Тексеру комиссиясының қызметкері:

Бас маман –мемлекеттік аудитор Қазақбеков Ғ.З.







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет