Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұм інісі Болат Назарбаевқа қарасты "Барыс-2" базарының жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа қарағанда, Болат Назарбаевпен үлестес Қордай ауданындағы базардың жерлері Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен мемлекетке қайтарылған.

2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілерімен Болат Назарбаевқа тиесілі "Қарасай БН-Тараз" ЖШС-ға "Барыс-2" сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілгені айтылады.

Прокуратура учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылғанын баса айтты. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жерлердің бір бөлігі базарға қызмет көрсету үшін берілген.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап қою берілген.

  • "Қайтыс болса да, пайдаға кенеліп отыр": Депутаттар Болат Назарбаевқа қатысты мәселе көтерді
  • "Қазақстанда соғыс болмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасадым" – Назарбаев

“Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен "Қарасай БН-Тараз" ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы №81 және №82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы "Қордай Инвест" ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды”, – делінген ақпаратта.

Сот қаулысы 28.12.2023 жылы заңды күшіне енгені, жер учаскелеріне мемлекеттік актілердің күші жойылған.

Айта кетейік, 2023 жылдың 13 қарашасында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі – Болат Әбішұлының қайтыс болды. Болат Әбішұлы 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Оны халық әуелі Қазақстанның тұңғыш перзиденті – Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі деп біледі.

Бұған дейін ол кейінгі 2 жыл бойы төсек тартып жатқаны туралы хабарланған еді. Оған қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан асқынған көмей қатерлі ісігі диагнозы қойылған. 14 қарашада Шамалғанда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың жаназасы шығарылды.

Көз жұмғаннан соң оның қанша активі қалғаны белгілі болды. 

2023 жылы 18 қараша күні Астана қаласының Бас мешітінде экс-президент інісіне арнап ас берді. Аста біраз жылдар бойы мықты лауазымда отырған ескі Қазақстанның шенеуніктері бой көрсетті. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.