Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы



жүктеу 2.87 Mb.
бет10/19
Дата09.09.2017
өлшемі2.87 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19


Негізгі мәселелер:

  • бейне бақылау камераларының жетіспеушілігі, бейне бақылау жүйесін кеңейту қажет;

  • бас бостандығынан босағандарды қалпына келтіру орталықтарының жоқтығы (барлық тіркелген қылмыстардың санынан бұрын сотталғандардың үлесі - 3%-тен асады, 2014 жылы олар 849 қылмыс жасалды).


Азаматтық қорғаныс

Алматы облысы аумағының табиғи, тау-геологиялық және геодинамикалық талаптары облыс аумағының жер сілкіністерімен, қауіпті гидрологиялық жағдайлармен (су басу, тасқын, сел, қар көшкіндері), орман және дала өрттерімен байланысты төтенше жағдайларға айтарлықтай көп ұшырайтындығын білдіреді.

2012 жылдан 2014 жылдар аралығындағы облыс аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 10465 оқиға орын алды. Онда 7 435 адам зардап шегіп, 1 975 адам қайтыс болды. Тікелей материалдық зиян 2 млрд. 403 млн. 243 мың теңгені құрады.

Халық, объектілер және облыс аумағы үшін басым қауіпті фактор болып маусымдық тасқындар мен су басулар табылады.

Алматы облысының аумағында алаңы 8 647 ш.шақырым 145 сел қаупі бар учаскелер анықталды. 143 су қоймасы бар, олардың ішінде республикалық меншікте – 7 (Қапшағай, Бартоғай, Күрті, Бестһбе, Ақешкі, Алматы, Ащыбұлақ), коммуналдық меншікте - 60, жекеменшікте – 76.

Су басу аймағына 78,2 мың адам тұрғынымен 16 394 тұрғын үйі бар 122 елді мекен, 50 өндірістік ғимараттар, 28 әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер, 128 ЭӨЖ тіректері, темір жол және автомобиль жолдарының 103 ш учаскесі кіреді.

АДБ-ның (2011-201жж.) іс-шараларын жүзеге асыруды бастағаннан бері, тасқындар мен су басуға қарсы әрекет ету инфрақұрылымын салу мақсатында 100,3 ш. қорғаныс дамбалары салынды және жөнделді, су тасу қаупі бар өзендердің 160,7 ш. жағалауды нығайту, түбін нығайту, арнасын түзеу және кеңейту, 41,8 ш. каналдарды орнату және тазарту жұмыстары жүргізілді. 8 су қоймаларында және 5 су жинау гидротораптарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Жыл сайын облыста 500 млн. теңгеден астам материалдық шығынмен 1 мыңнан аса өрт тіркеледі. 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында 4 721 өрт орын алды, нәтижесінде 199 адам қаза тапты, оның ішінде 18 бала бар, 242 адам түрлі жарақаттар алды. Өрттен болған жалпы зиян шамамен 2 млрд. 82 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, көрсетілген кезеңде Алматы облысының аумағында жалпы 1805 га алаңда 31 орман өрті және 3768 га аумақта 23 дала өрті орын алды.

Көктем, жаз және күз мезгілдерінде табиғи өрттерден үлкен зиян келтіріледі. Өрт қаупі бар кезең 8 айды (сәуір-қараша) құрайды және жалпы 2 млн. 651 мың га алаңда орман өртінің шығу қаупі үнемі туындайды.

Жаз кезінде ауа температурасының көтерілуі және кең дала аймақтарының болуы мамыр-қазан айларында тау-дала өрттерінің туындауына алып келеді.

Облыс аумағын өрттен барынша қорғау үшін АДБ-ның іс-шараларын жүзеге асыру басталғаннан бері 2011 жылдан 2014 жыл аралығында облыс аумағында 427 бірлік ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылды.

Облыста сел белсенділігі республика бойынша бірінші орындарды иеленеді. Сел облыстың таулы және тау етегіндегі аудандарда айтарлықтай кеңінен таралған. Қазақстанның сел қаупі бар жалпы 13 мың ш.шақырым алаңның 11 мың шақырымы Алматы облысына тиесілі.

Облыста қайталануы және қирату әсері бойынша қауіпті табиғи жағдайлардың арасында екінші орында қар көшкіндері тұр. Сонымен қатар, облыс өзендерінің жекелеген бассейндерінде қар көшуі дамығаны соншама, жекелеген ошақтар емес, тұтас учаскелер байқалады.

Облыста 532 сел ошағы, 131 қар көшкінің құрылу ошағы және 137 қар көшу қаупі бар ошақтар бар. Олар кар көшу қаупі бар аймақтардағы 42 мың тұрғынға және 5591 шаруашылық жүргізу объектілеріне қауіп төндіреді.

Елді мекендерді және объектілерді сел және қар көшкіні жағдайларының әсерінен қорғау үшін облыс аумағында дүлей апаттарға қарсы әрекет ету инфрақұрылымы бар.

Селден қорғау құрылыстарының көпшілігі Іле Алатауында шоғырланған, себебі таулы аймақта сел қаупі мен халықтың тығыз орналасуы жоғары. осыған байланысты 17 плотина салынды: оның ішінде 8 тұйық, 9 өтпелі; 11 дамба салынды, о.і. аз қарқынды плотиналар, 14 құймалы құрылыстар (тұрақтандыру, су лақтыру каналдары, науалар), 3 құю бассейні және 400 дана қар көшкініне қарсы қалқандар.

Талдықорған өңірінде 4 плотина бар, оның ішінде үш тұйық, бір өтпелі, бір дамба, 17 құймалы құрылыс (тұрақтандыру, су лақтыру каналдары, науалар), екі жағалау нығайту дамбалары. Талдықорған қаласын су тасқынынан қорғау үшін ұзындығы Алматы-Өскемен көпірінен төмен және жоғары 2 шақырым болатын дамбалар мен жағалауды нығайту құрылыстары салынды. Қазақстанның ірі өнеркәсіптік орталығы – Текелі қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 197501976 жылдары салынған 20-дан астам қорғаныс құрылыстары жөнделді.

Күрделі инженерлік құрылыстардың болуы жоғарыда аталған аумақтар үшін сел және қар көшкіні қаупін жоймайтындығын атап өту қажет. Бұл аумақтар сел және қар көшкіні болу қаупі бар аумақ болған және болып қала береді, себебі соңғы жылдары жерлерді үдемелі игеру, ұлттық парктерді, демалыс аймақтарын, инфрақұрылымдарды құру байқалуда, ол сәйкесінше табиғи қатерлер деңгейін арттырады.

АДБ-ның іс-шараларын жүзеге асыру басталғаннан бері, 2011 жылдан 2014 жыл аралығында облыс аумағында сел ағымдарынан қорғау бойынша 3 жоба жүзеге асырылды.

Жер сілкінісі зардап шегушілер саны, келтірілген зиян көлемдері, зиянмен қамтылған аумақтың кеңдігі және одан қорғану қиындығы бойынша ең қатерлі дүлей апат болып табылады. Облыс аумағында жер сілкінісінің төрт эпицентрі бар, олардың әрқайсысында болжамды сейсмикалық белсенділік 6-дан 9-ға дейін және одан көп баллды құрайды.

Облыс аумағындағы барлық тұрғын үйлер қауіпті сейсмикалық әсерге душар. Жер сілкінісі кезінде 232,8 мың тұрғын үй қатты және толық қирауы мүмкін немесе тұрғын үй қорының - 66%. Бұл бұрын салынған үйлерге қатысты. Санитарлық шығындар 270 мың адамды құрайды, қайтарымсыз шығын - 138,2 мың адам.

Жер сілкінісінің мүмкін болатын теріс салдарларына қарсы әрекет ету мақсатында АДБ-ның іс-шараларын жүзеге асыруды бастағаннан бері 2011 жылдан 2014 жылдар аралығында облыс аумағында 13 объекті сейсмикалық күшейтілді, оның ішінде 3 мектеп, 2 балабақша, 6 денсаулық сақтау объектілері және 2 қоғамдық ғимараттар бар.



Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

  1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды уақытында алдын алу мақсатында ауа райы жағдайымен болжанатын барлық деңгейдегі АҚ және ТЖ қызметтерін жедел ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

  2. Су тасқыны болу қаупі бар учаскелерді және апаттық ГТҚ уақытында анықтау үшін облыс аумағында орналасқан гидротехникалық құрылыстарды және су тасқыны болу қаупі жоғары учаскелерді сырттай тексеруді жыл сайын жүргізу;

  3. Су тасқыны жағдайын және табиғи өрт ошақтарын анықтау бойынша облыс аумағына космостық мониторинг жүргізу;

  4. 2012 жылдан 2014 жыл аралығында шығу әдісімен ТЖ және АҚ талаптарында әрекет ету бойынша 33 мыңнан астам адам оқытылды.

Мүмкіндіктер (O)

  1. Алматы агломерациясы, Текелі моноқаласы және шағын қалаларды дамыту бағдарламаларының аясында дүлей апаттарға, аварияларға және катастрофаларға қарсы әрекет ету инфрақұрылымымен қамтамасыз етуді арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдау;

  2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен облысты хабарландыру жүйесін кеңеңмен жағарту және облыстың ТЖД бөлімшелерін техника құралдарымен, жабдықтармен, өндірістік және шаруашылық құралдармен қайта жарақтандыру;

  3. 25 өрт сөндіру депосының және 120 өрт сөндіру бойынша тірек пункттерінің құрылысы. 127 ерікті өртке қарсы құрылымдарды құру;

  4. 21 инженерлік-қорғау құрылыстарын салу (10 бірлік селден қорғау, 8 бірлік қар көшкінінен қорғау, 3 бірлік көшкіннен қорғау).

  5. 13,5 ш. тасқынға қарсы қорғау дамбалардың құрылысы, сондай-ақ 8,3 ш. күшейту, тасу қаупі бар өзендердің 43,9 ш. түбін нығайту және арналарын кеңейту, 29,2 ш. суландыру және дренаждық арналарды орнату;

  6. 5 мектепті, 20 аурухананы сейсмикалық күшейту.

Әлсіз жақтар (W)


  1. Алматы облысының аумағында алаңы 8 647 ш2 145 су тасу қаупі бар учаскелер анықталды. Су басу аймағына 78,2 мың адам тұрғынымен 16 394 тұрғын үйі бар 122 елді мекен, 50 өндірістік ғимараттар, 28 әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер, 128 ЭӨЖ тіректері, темір жол және автомобиль жолдарының 103 ш учаскесі кіреді.

  2. 532 сел ошағы, 131 қар көшкінің құрылу ошағы, 137 қар көшу қаупі бар ошақ анықталды. Олар қауіпті әсер ету аймағында орналасқан 42 мыңға жуық тұрғындарға және 5591 шаруашылық жүргізу объектілеріне қауіп туғызады.

  3. Көктем, жаз және күз мезгілінде табиғи өрттермен үлкен зиян келтіріледі. Өрт шығу қаупті кезең 8 айды (сәуір-қараша) құрайды және жалпы алаңы 2 млн. 651 мың га орман алқабында үнемі өрт шығу қаупі туындайды.

Жаз кезінде ауа температурасының жоғары болуы және дала алқаптарының кең болуы мамыр-қазан айларында тау-дала өрттерінің туындауына алып келеді.

  1. Жер сілкінісінің мүмкін болатын теріс әсерлеріне қарсы әрекет ету саласы айтарлықтай күрделі болып табылады.

  2. НТЖ жою кезінде облыстың ТЖД бөлімшелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуының төмен деңгейде болуы жету қиын және шалғаййдағы аудандардағы халықты уақытында қорғауға және көмек көрсетуге мүмкіндік бермейді.

Қауіптер (T)

    1. Облыстың сел, қар көшкіні, көшкін болу қаупі бар аумақтарында жерлерді үдемелі игеру, ұлттық парктерді, демалыс аймақтарын, инфрақұрылымды құру;

    2. Дүлей апаттар, авариялар мен катастрофаларға қарсы әрекет ету инфрақұрылымы құрылысының аяқталмауы;

    3. Қолда бар 32 өртке қарсы депо ғимараттарының 10-ы күрделі жөндеуді қажет етеді, 2 ғимарат (Көксу ауданының ӨБ – 32, Райымбек ауданының ӨБ – 11) апаттық жағдайда. Өртке қарсы деполардың жалпы санынан 93%-і 50 жылдан астам қолданылып келеді.;

    4. Өзендер мен көлдер бассейндерінің сел қаупінің автоматтандырылған мониторинг жүйесінің жоқтығы;

    5. «Қорғас» ШЫХО және «Қорғас-Шығыс қақпа" шекаралық сауда-экономикалық аймағының сел және тасқын қаупінен толық қорғалмауы.





Негізгі мәселелер:

  • облыстың оңтүстік-шығыс өңірінде ТЖ салдары жоюға уақытылы жедел әрекет ету мүмкіндігінің жоқтығы;

  • мұздықтардың барынша еруі, климаттың өзгеруіне байланысты жаңа көлдердің пайда болуы және ескілерінің толуы;

  • күшті жер сілкіністерін қысқамерзімді болжау және облыс халқының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған микросейсмикалық мәліметтердің мониторингі локальді жүйесін қалыптастыру бағдарламасының аяқталмағандығы;

  • облыстың барлық елді мекендері өртке қарсы қызметпен қамтылмаған.


2.1.4. Инфрақұрылым
Байланыс және коммуникациялар

Байланыс инфрақұрылымы экономикалық өсім қарқынын, халықтың өмір сүру сапасын, мемлекеттік басқару тиімділігін және т.б. анықтайтын маңызды ресурстардың бірі болып табылады. Коммуникацияның ең таралған түрінің бірі телефон байланысы болып қалады.

Байланыс қызметтерінен түскен табыс 2014 жылы 12,4 млрд.теңгені құрап, 2012 жылға қарағанда 23,7%-ке артты.

Байланыс қызметтерінен түсетін табыс құрылымында халықаралық байланыс - 13,2%-ті, жергілікті телефон байланысы – 34,5%-ті, Интернет 39,4%-ті құрайды. Өткен жылға қарағанда Интернет абоненттерінің жүйесі көбейді.

Телекоммуникация жүйелерінде 399 телефон станциялары пайдаланылады (544 коммутациялық пункттер)  2012 жылмен салыстырғанда олардың саны 8,3 %-ке артты, олардың ішінде санды – 398 немесе 99,9%-ке артты, бұл 2012 жылмен салыстырғанда станциялардың санды нысанға ауысуы 14,3%-ке көбейгендігін білдіреді (424 коммутациялық пункттер). Барлық коммутициялық пункттердің жалпы жөнделген сыйымдылығы 322,211 мың нөмірді құрайды, оның ішінде ауылдық жерлерде – 208,007 мың нөмір.

100 адамға шаққанда телефон тығызыдылығы 16,0 бірлікті құрады, оның ішінде қалалық жерлерде – 25, ауылда - 14.

Коммутацияланатын қол жеткізуді ескергенде барлық Интернет пайдаланушыларының саны 2014 жылдың аяғына 116 060 бірлікті құрады. Жалпы Интернет пайдаланушылар санынан кеңжолақты қол жеткізуге қосылған пайдаланушылар саны  98,7%-тен 99,8%-ке артты.

Интернет пайдаланушыларының үлесі 2014 жылы 2012 жылға қарағанда (51,8%) 54,5%-ті құрады.

2007 жылдан бері облыста WLL CDMA 450 сымсыз қол жеткізу жүйесінің құрылысы жүргізілуде, 61749 пайдаланушығы қызмет көрсететін 96 базалық станциялар жұмысқа қосылды. Радио дабылмен қамту 2012 жылы 73%-ті құраса, 2015 жылдың 1 қаңтарына облыс аумағының 90%-і қамтылды.

Соңғы 5 жылда облыста халықтың компьютерлік (сандық) сауаттылығын арттыру курстары ұйымдастырылды. 80 мыңнан астам адам оқытылды.

Алайда 6-74 жас аралығындағы халықтың жалпы санынан компьютерді пайдаланушылар үлесі бұрынғыша төмен.

Білім басқармасы оқу бағдарламаларын әзірлеуде, оқытушылар құрамы қамтамасыз етілуде. Компьютерлік сыныптар жалпы білім беретін мектептер негізінде дайындалуда. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірге жұмыссыз және/немесе жартылай жұмыспен қамтылған жастардың, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың, егде жастағылардың және халықтың әлеуметтік қорғалмаған басқа санаттарының оқуға келуі қамтамасыз етіледі.

Оқу семинарлары орта мектептердің оқу сыныптарында тәжірибелік сабақтарды орындаумен, базалық және негізгі оқу жоспарының нысанында ұйымдастырылған.

2012 жылдан 2014 жыл аралығында компьютерлік (сандық) сауаттылыққа 74304 адам оқытылды. Оның ішінде 2012 жылы – 42000, 2013 жылы – 21861, 2014 жылы – 10443. Нәтижесінде халықтың сандық сауаттылығының деңгейі 2012 жылы - 50,6 %-ті, 2013 жылы – 54,1 %, 2014 жылы 54,5%-ті құрады (немесе 2012 жылғы деңгейге 7,7%-ке артумен).

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:


Күшті жақтар (S)

  1. Облыстың елді мекендерінің телекоммуникация қызметтерімен қамтамасыз етілуі.

Мүмкіндіктер (O)

  1. Алматы облысының жаңадан салынып жатқан коттедж қалашықтарында жобаларды жүзеге асыру.

  2. Ақпараттық қоғамды дамыту.

Әлсіз жақтар (W)

  1. Құрылыс құнының жоғарылылығы және шектелген талаптар. 

  2. Оқытушыларды кәсіби дайындаудың жоғары емес деңгейі

Қауіптер (T)

1. Құрылысты қаржыландырудың қысқаруы, құрылыс материалдарының және құралдардың қымбаттауы.

2. Халықтың аталған курстарға келу деңгейінің төмендігі.


Негізгі мәселелер:

  • Ұялы байланыс саласында бәсекелестіктің өсуіне байланысты абоненттер басымдықтарының ұялы байланыс пайдасына өзгеруі себебінен тіркелген телефон байланысынан абоненттердің кетуі байқалады.


Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2014 жылы 2012 жылға 9,0% өсіммен 201,8 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс дамуының негізгі көрсеткіштері болып тұрғын үйлерді іске қосу табылады.

2012 жылдан 2014 жыл аралығында жалпы алаңы 2 430 мың ш.метр 19782 пәтер қолданысқа берілді.

Тұрғын үйді іске қосудың айтарлық көлемін келесі аудандар қамтамасыз етті: Қарасай ауданы - 45,3%, Талғар - 17,9%. Тұрғын үйлердің аз іске қосылуы Кербұлақ ауданында және Текелі қаласында байқалады - 0,2%.

Тұрғын үй құрылысына инвестиция салу көлемі 2014 жылы 2012 жылға 12% өсіммен 82,9 млрд. теңгені құрады (2012 жылы – 74,0 млрд. теңге).



Сонымен қатар, тұрғын үйді іске қосу облыс аумағының бір бөлігін Алматы қаласына беру есебінен 15,9%-ке азайып, 714,4 мың ш.метрді құрады (2012 жылға -84,1%).

2012-2014 жылдары облыс қалалары мен аудандары бөлінісінде тұрғын үйлерді іске қосу

р/н

Аудандар мен қалалар атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Барлығы облыс бойынша

849,5

866,6

714,4

1

Ақсу ауданы

38,8

1,6

1,6

2

Алакөл ауданы

10,1

23,4

17,9

3

Балқаш ауданы

2,9

3,7

3,9

4

Еңбекшіқазақ ауданы

21,7

18,8

21,5

5

Ескелді ауданы

4,1

4,2

4,3

6

Жамбыл ауданы

7,0

7,7

11,3

7

Іле ауданы

60,9

67,6

64,7

8

Қарасай ауданы

470,0

489,0

323,4

9

Қаратал ауданы

7,0

7,4

7,5

10

Кербұлақ ауданы

2,1

1,4

1,5

11

Көксу ауданы

3,5

4,2

3,6

12

Панфилов ауданы

72,4

34,2

14,1

13

Райымбек ауданы

4,9

5,1

11,0

14

Сарқан ауданы

4,1

4,2

4,4

15

Талғар ауданы

65,0

128,7

127,8

16

Ұйғыр ауданы

7,9

5,6

5,0

17

Қапшағай қ.

27,5

18,4

8,4

18

Талдықорған қ.

36,7

40,2

81,1

19

Текелі қ.

2,8

1,2

1,4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет