Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы



жүктеу 2.87 Mb.
бет11/19
Дата09.09.2017
өлшемі2.87 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

Тұрғын үй құрылысының үлкен көлемі жеке құрылысшылар есебінен қамтамасыз етілді. Жеке меншік қаражаты есебінен 652,7 мың ш.метр тұрғын үй енгізілді немесе 2012 жылға - 122,8%, оның ішінде халықтың есебінен – 497,3 мың ш. метр тұрғын үй (107,4%).

Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы бойынша («Қол жетімді тұрғын үй - 2020») 45,1 мың ш.метр тұрғын үй енгізілді немесе 2012 жылға - 165,2% (27,3 мың ш.метр), оның ішінде несиелік үй –13,6 мың ш.метр, кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй – 19,6 мың ш.метр, жас отбасыларына арналған жалдамалы үй – 10,8 мың ш.метр және коммуналдық үй – 1,1 мың ш.метр.

«Самрұқ-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның қатысуымен Қарасай ауданында жалпы алаңы 261,8 мың ш.метр «Асыл Арман» тұрғын кешенінің құрылысы жүргізілуде. 2014 жылы 147,1 мың ш.метр тұрғын үй қолданысқа берілі (2328 пәтерлі 9 үй). 2015 жылы қалған 114,6 мың ш.метр тұрғын үй қолданысқа беріледі.

2012-2014 жылы Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс тұрғын массивінде алаңы 51,7 мың ш.метр 963 пәтерден тұратын 11 үй қолданысқа берілді.

Жаңа тұрғын массивтерге 357,9 ш. инженерлік-коммуникациялық жүйелер тартылды, оның ішінде: электрмен қамту – 135,6 ш., сумен қамту – 62,4 ш., кәріз – 30,7 ш., кірме жолдар – 124,7 ш., жылу жүйелері - 4,5 ш.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж, кезекте тұрғандар саны 2012 жылмен салыстырғанда 8,2 мың адамға көбейіп, 24,5 мың адамды құрады, оның ішінде 9,8 мың адам – мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік сала қызметкерлері, 10,1 мыңнан астам адам – халықтың әлеуметтік әлсіз жігі. Мемлекеттік бағдарламалар аясында қолданысқа енгізілетін тұрғын үй көлемін қаржыландырудың жетіспеушілігі тұрғын үй қажеттілігін жаппайды.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:


Күшті жақтар (S)

  1. Облыстың елді мекендерінің қала құрылыстық құжаттамамен қамтамасыз етілуі;

  2. Меншікті құрылыс материалдарының болуы;

  3. Үлкен құрылыс тәжірибесі бар кәсіпорындар және әрекет етуші «Темір бетон» ЖШС үй салу комбинаты.

Мүмкіндіктер (O)

  1. «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасын және «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыру;

  2. «Елисейские поля», «Өмірұзақ» тұрғын кешендерінің құрылысы;

  3. «Gate city» қанаттас қалашығының «Қоянқұс» тұрғын ауданының, «Көк Алатау» және «Алма Тау» тұрғын кешендерінің құрылысы.




Әлсіз жақтар (W)

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған азаматтар санының өсуі.

  2. Тұрғын үймен қамтамасыз етілу (17,1%) ҚР бойынша төмен (20,9%).

  3. Облыс аумағының сейсмикалық жағдайының күрделілігіне байланысты құрылыс құнының «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасында көзделген бағадан шаршы метріне 135,0-140,0 мың теңгеден жоғары болуы.

  4. Инженерлік жүйелер тартылған ЖТҚ-на берілетін жер телімдерінің аз болуы.

Қауіптер (T)

  1. «Өңірлерді дамыту -2020» және «Нұрлы Жол» бағдарламаларының аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың қысқаруы;

  2. Облысқа әрі қарай жалғасатын көші-қон ағымы;

  3. Құрылыс материалдарының қымбаттауы.





Негізгі мәселелер:

  • Тұрғын үй құрылысын жеткілікті қаржыландырмау, қолданысқа енгізілетін тұрғын үйлердің көлемі үйге кезекті айтарлықтай кемітуге мүмкіндік бермейді.


Жолдар және көлік

Облыста жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 9316,8 ш. құрайды, оның ішінде 27,1% - республикалық маңызы бар жолдар (2529 ш) және 72,9% - жергілікті маңызы бар (6787,8 ш).

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда 354 көпір және 5436 су өткізу құбырлары бар.

Жергілікті маңызы бар жолдар арасында 788 ш. – асфальтбетонды жабынмен жабылған (11,6%); 4861,8 ш. – қара-қиыршық тас жабынмен (71,6%); 1020 ш. – құм-қиыршық тасты жабынмен (15%); 118 ш. – жабынсыз (топырақ) (1,8%).

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойынша олардың аз бөлігі ғана жақсы жағдайда екенін атап көрсетуге болады (34,3%). Қалған жолдарды қанағаттанарлық жағдайда - 40,3% және қанағаттанарлықсыз жағдайда - 25,4% деп жіктеуге болады.

Аудандар арасында қатты жабынды автомобиль жолдарымен Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары жақсы қамтамасыз етілген.



Автомобиль жолдарымен қамтамасыз етілу көрсеткіштері Ақсу, Сарқан, Қаратал аудандарында айтарлықтай нашар.

2012-2014 жылдары автожолдар жағдайының өзгеру серпіні

Техникалық-қолдану жағдайының өзгеру серпіні

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

ш

ш

ш

қолдану жағдайы бойынша

Жақсы және қанағаттанарлық

4449,9

4839,3

5063,8

Қанағаттанарлықсыз немесе бұзылу сатысында

2503,1

2113,7

1724

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының 2012 жылдан 2014 жыл аралығынағы техникалық-қолдану жағдайына жүргізілген талдауға және мониторингке сәйкес, техникалық-қолдану көрсеткіштерінің ара қатынасы келесідей өзгерске ұшырады:

  1. жақсы және қанағаттанарлық техникалық жағдайдағы жолдардың ұзындығы 4449,9 шақырымнан 5063,8 ш. дейін ұзарды, яғни 613,9 ш. артты;

  2. қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайдағы жолдар 2503,1-ден 1724 ш. дейін 779,1 шақырымға қысқарды.

2012 жылдан 2014 жыл аралығында жүргізілген

жөндеу жұмыстарының серпіні

Салалық бағытты қаржыландыру, млн. теңге

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жиынты ғы

қаржыландыру көздері бойынша

БАРЛЫҒЫ

8971,2

13459,9

13 557,4

35988,5

Республикалық бюджет

2479,5

4506,8

4 233,0

11219,3

Облыстық бюджет

6491,7

8953,1

9324,4

24769,2

Жөнделгені, ш

2012 год

2013 год

2014 год

Итого

жөндеу түрлері бойынша

БАРЛЫҒЫ

344,2

510,1

295,6

1149,9

Құрылыс, қайта жаңғырту

18,0

5,0

2,3

25,3

Күрделі жөндеу

76,8

99,9

68,2

244,9

Орташа жөндеу

249,4

405,2

225,1

879,7

Облыстың жол саласына 2012 жылдан 2014 жыл аралығында салынған бюджеттік инвестициялардың жалпы көлемі 36,0 млрд. теңгені құрады.

Аталған қаражат есебінен, жөндеу жұмыстарының барлық түрлері бойынша 1149,9 ш. облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделді, оның ішінде жұмыс түрлері бойынша:



  1. құрылыс, қайта жаңғырту –25,3 ш (2,2%);

  2. күрделі жөндеу –244,9 ш (21,3%);

  3. орташа жөндеу – 879,7 ш (76,5%).

2014 жылы жалпы пайдаланымдағы автожолдардың 295,6 ш. және 815,0 мың шаршы метрі жөнделді.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысына және қайта жаңғыртуға, жөндеуге жәге ұстауға 2015 жылы 21,4 млрд. теңге бөлінді.

Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 77,6%-ке жетеді.

Негізгі мәселелер:


  • қанағаттанарлықсыз жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі айтарлықтай (25,4%).


Көлік

Қазіргі уақытта Алматы облысында 249 маршрут жұмыс жасайды (облыс аралық қала аралық – 8, аудан аралық (облысішілік қала аралық)78, қала сыртындағы – 84, ауданішілік 42, қалаішілік37).

Сәйкес маршруттарға түрлі сыйымдылықтағы және үлгідегі 1528 автобустар бекітілген (резервті есептегенде). Жоғарыда аталған маршруттармен 47 тасымалдаушы жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асырады (34 заңды тұлғалар және 13 жеке кәсіпкерлер).

Облыстың 741 елді мекенінің 549-ы тұрақты жолаушы тасымалымен қамтамасыз етілген немесе 74%, ал 192 елді мекені тұрақты жолаушы тасымалымен қамтылмаған, бұл елді мекендердің тұрғындары жеке кәсіпкерлердің автомобильдерімен қамтылады, ал шағын елді мекендер өз-өздерін қамтамасыз етеді (тасымалдау үшін меншікті автомобильдері пайдаланады).

Облыс орталығы – Талдықорған қаласы бойынша тұрақты қалалық жолаушылар тасымалы 6 тасымалдау кәсіпорындарымен жүргізіледі.

Қалада 27 тұрақты маршруттар әрекет етеді, оның ішінде 9 маршрут саяжай мссивтеріне қызмет көрсетеді. Қалалық маршруттарда GPS құралы орнатылған.

Облыста тұрақты ауданішілік жолаушылар және жүк тасымалының автомобиль маршруттарының жүйесі нашар дамыған. Оның нәтижесінде, Алакөл, Балқаш, Райымбек, Кербұлақ, Ұйғыр және Сарқан аудандарында ауданішілік маршруттар жоқ.

Жамбыл, Ақсу, Ескелді және Қаратал аудандары ауданішілік хабарламамен толық көлемде қамтылмаған.

Осы мәселе бойынша Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Панфилов аудандарында және Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларында оң жағдай байқалады.

Соған қарамастан, қазіргі уақытта әрекет етуші жолаушылар мен жүк таситын ауданішілік автомобиль маршруттары Алматы облысының елді мекендерін автобус хабарламасымен толық қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болып табылады.

Тасымалдаушыларды қозғалыс құрамын жаңарту үшін ынталандыру мақсатында, көлік саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, автобустарды, шағын автобустарды жаңартқан жағдайда келісім-шарттар 10 жылға беріледі.

Темір жол көлігі пайдаланушылар тарапынан барынша сұранысқа ие көлік түрі болып табылады, ол өндірістік және жеке тасымалдауларды қамтамасыз етеді. Темір жолдар жүйесі шекаралас елдерге шығумен барлық облыстар арасында тасымалды орындауға мүмкіндік береді.

Алматы жол бөлімшесінің қызметі аумақтық шекараларда жүк және жолаушы тасымалдары әрекетін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Алматы жол бөлімшесінің темір жолдарының қолданылатын ұзындығы 1648,8 шақырымды құрайды, басты жолдардың жазылмалы ұзындығы - 2143,4 ш.

Алматы жол бөлімшесінде қолдану қызметін қамтамасыз ету үшін 119 темір жол станциялары, 72 разъездер және 12 айналып өту пункттері бар.

Облыс аумағы бойынша «Новосибирск-Ташкент-Новосибирск», «Бішкек-Новокузнецк-Бішкек», «Алматы-Новосибирск-Алматы», «Алматы-Үрімжі-Алматы», «Алматы-Симферополь-Алматы», «Алматы-Москва-Алматы», «Алматы-Астана-Алматы», «Алматы-Достық» және т.б. бағыттарда транзиттік темір жол хабарламалары өтеді.

«Жетіген-Қорғас» жаңа темір жол қолданысқа берілді. ҚХР-мен екінші халықаралық шекаралық темір жол өткелін қолданысқа берумен ел экономикасының көліктік әлеуетінің бәсеке қабілеттілігі артты. Қытай-қазақстандық көлік дәлізінің жаңа бағыты Қытайдың және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Қазақстанмен, Орталық Азия және Еуразиялық континет елдерімен экономикалық байланыстарын дамытуға және кеңейтуге ықпал етеді. «Жетіген-Қорғас» желісі Қыдайдан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне және Орталық Азия елдеріне дейінгі ара қашықтықты 550 ш. дейін қысқартуға мүмкіндік береді, ол жүк, оның ішінде транзиттік тасымал көлемін арттыруды қамтамасыз етеді, бұл облыс үшін және жалпы Қазақстан үшін ерекше маңызға ие.

«Жетіген-Қорғас» маршруты бойынша жүк ағымының жоғары деңгейінен болатын Алматы жол торабының жүктемесін азайту мақсатында 2017 жылға дейін Алматы станциясы темір жол торабынан айналып өтетін (Қазыбек бек-Жетіген ст.) темір жол желісінің құрылысы жоспарлануда.

Сондай-ақ жолаушы тасымалы да дамытылуда. 2014 жылдан бері облыста әлеуметтік маңызды облысішілік хабарламалар бойынша темір жол жолаушы тасымалдары іске қосылды, олардың шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жатады. атап айтсақ, 2014 жылдың қаңтарынан бастап «Талдықорған-Жетісу-Талдықорған» маршруты ашылды.

Облыстың су жодарының жалпы ұзындығы 2030 ш. құрайды, оның ішінде: Қапшағай су қоймасы - 110 ш, ол ҚХР шекарасына тіреледі, Іле өзені бойынша жоғары қарай - 220 ш., Іле өзенінің төменгі жағы және Балқаш көлі - 1700 ш.

90-жылдардың басында Қапшағай су қоймасы және Іле өзені бойынша (Қапшағай қаласынан Борохудзир тұрағына дейін) көмір, қосарланған жем, құм, қиыршық тас, орман, мұнай өнімдері, рудалар, контейнерлер тасымалы орындалды. Жүк тасымалының көлемі навигациялық кезеңде сәуірден қараша айлары аралығында 800 мың тоннаға дейін жүкті және круиздік маршруттарда 5 мың адам жолаушыларға дейін жететін. Қазіргі уақытта Қапшағай су қоймасы бойынша Қапшағай қаласының тұрағына 30 мың тонна көлемде минералды-құрылыс жүктерінің тасымалы және круиздік маршруттарда 1,5 мың адам ғана тасымалданады.

Су көлігі саласында облыс аумағында 76 бірлік өзен және 2484 шағын кемелері тіркелген, оның ішінде 2241 өзі жүретін және 243 өзі жүрмейтін кемелер.

Қапшағай су қоймасында «Іле су жолдары кәсіпорыны» Республикалық қазыналық кәсіпорын орналасқан. Кәсіпорнның негізгі мақсаты Қапшағай су қоймасында қауіпсіз жағдайда кемелер жүзетін су жолдарын ұстау және дамыту саласындағы қызметтерді жүргізу болып табылады.

2020 жылға дейін инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ ішкі су көлігі саласында қауіпсіз кемелер жүзуін қамтамасыз ету мақсатында ұсталған кемелерді, оның ішінде шағын кемелерді сақтауға арналған облыстың су айдандарында (кемелердің жаппай жиналу орындарында) арнайы тұрақты құру жоспарлануда.

Су көлігі түрлерімен тасымалдауды арттыру үшін жағалау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Осыған байланысты, 2018-2020 жылдары Қапшағай су қоймасында және Алакөл көлінде айлақ құрылыстарын жүргізу жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.



Саланың даму жағдайына SWOT-талдау

Алматы облысы стратегиялық маңызды халықаралық транзиттік торабы болып табылады. Осыған байланысты облыста көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Өңір бойынша инфрақұрылымды жақсарту бойынша оң үрдіс байқалады.



Күшті жақтар (S)

1. Қанағаттанарлықсыз жағдайдағы автомобиль жолдары үлесінің 40,5%-тен 33%-ке дейін қысқаруы;


2. ҚР басқа өңірлерімен, сондай-ақ шекаралас мемлекеттермен байланысты қамтамасыз ететін, дамыған авто және темір жол жүйесі (оның ішінде жаңа желілер).


Мүмкіндіктер (O)

  1. «Нұрлыжол» және «Қазақстан Республликасының көлік жүйесінің инфрақұрылымын 2020 жылға дейін дамыту және интеграциялау» мемлекеттік бағдарламаларының аясында көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыру;

  2. Транзиттік жүк және жолаушы ағымдарын жандандырудан өңір кіріснің айтарлықтай өсуі;

  3. Әрекет етуші көлік-логистикалық орталықтарын кеңейту және жаңарту, сондай-ақ жаңа көлік-логистикалық орталықтардың құрылысы есебінен көлік инфрақұрылымының қуатын арттыру;

  4. Облысты стратегиялық, көлік-логистикалық және сервистік-өндірістік учаске ретінде дамыту.

Әлсіз жақтар (W)

1. Облыста көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оның ішінде көлік-логистикалық орталықтарының жеткілікті дамымауы;

2. Автомобиль жолдарының тозуы;

3. Облыс аумағын жолаушы маршруттық хабарламасымен толық қамтымау;

4. облыстың т/ж жүйелерінің электрмен қамтылмауы және бір ғана қол жетімділігі.


Қауіптер (T)

  1. Көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыру үшін бөлінген бюджеттік қаражаттарды секвестрлеу;

  2. Облыстың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы себебінен өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі.

Негізгі мәселелер:

  • көлік инфрақұрылымы объектілерінің жеткіліксіз дамуы;

  • облыстың жекелеген аумақтарының жолаушы хабарламасымен толық қамтылмауы, жолаушылар және жүк тасымалдайтын тұрақты ауданішілік автомобиль маршруттарының жүйесі нашар дамыған.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Алматы облысында 3220 көп пәтерлі тұрғын үйлер бар, олардың 1868-н (58%) күрделі жөндеу қажет.



Атауы

Көп қабатты тұрғын үйлердің жалпы саны, бірл.

Оның ішінде жөндеуді талап ететіндері (1.01.2015ж.)

2012-2014 жылдары жөнделген көп қабатты тұрғын үйлердің саны

ед

%

ед

%

Алматы облысы

3220

1868

58

133

4,1

Талдықорған қ.

689

370

53,7

63

9,1

Қапшағай қ.

228

70

30,7

20

8,8

Текелі қ.

212

108

50,9

11

5,2

Ақсу ауданы

95

89

93,7

1

1,1

Алакөл ауданы

66

21

31,8

3

4,5

Балқаш ауданы

33

23

69,7

10

30,3

Еңбекшіқазақ ауданы

381

145

38,1

5

1,3

Ескелді ауданы

48

40

83,3

2

4,2

Жамбыл ауданы

216

176

81,5

3

1,4

Іле ауданы

363

264

72,7

3

0,8

Қарасай ауданы

286

91

31,8

4

1,4

Қаратал ауданы

89

34

38,2

2

2,2

Кербұлақ ауданы

48

48

100

0

0

Көксу ауданы

58

30

51,7

2

3,4

Панфилов ауданы

65

43

66,2

2

3,1

Райымбек ауданы

39

39

100

0

0

Сарқан ауданы

24

23

95,8

1

4,2

Талғар ауданы

252

226

89,7

1

0,4

Ұйғыр ауданы

28

28

100

0

0

2012 жылы бағдарламаның екі тетігі бойынша жалпы 812,5 млн. теңге сомасына 78 көп пәтерлі тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілді (100,0% игерілді).

«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ арқылы 1 қалада және 12 ауданда 312,5 млн. теңге сомасына 31 үй жөнделді (Талдықорған қ. - 1, Ақсу ауданында - 1, Алакөлде - 3, Балқашта - 3, Еңбекшіқазақта - 5, Ескелдіде - 2, Жамбылда - 2, Іледе - 3, Қарасайда - 4, Қараталда - 2, Көксуда - 1, Панфиловта - 2 және Сарқанда - 1).

Үш мамандандырылған уәкілетті ұйымдар облыстық маңызы бар үш қалада 500,0 млн. теңге сомасына 47 үйді жөндеуден өткізді (Талдықорғанда - 31, Қапшағайда - 11, Текеліде - 5).

Сондай-ақ, 2012 жылы қайтарылған қаражат есебінен Талдықорған және Текелі қалаларында жалпы 6,9 млн. теңге сомасына бір бір үйден жөнделді.

Қайтарылған қаражат есебінен 2013 жылы жалпы 54,8 млн.теңге сомасына 6 көп пәтерлі тұрғын үйлер жөнделді (Жамбыл ауданында - 1, Талдықорған қ. - 5).

2014 жылы 40 көп пәтерлі тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілді (Балқаш ауданында - 7 үй, Көксу және Талғар аудандарында – бір бір үйден, Талдықорған қаласында - 20 үй, Қапшағайда - 7 үй және Текеліде - 4 үй).

Қайтарылған қаражат есебінен 2014 жылы 7 көп пәтерлі тұрғын үйлер жөндеуден өткізілді (Талдықорған қ. -3, Қапшағай қ. -2, Текелі қ. -1).

Жалпы соңғы үш жылда 133 үй жөндеумен қамтылды. Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 71,5%-тен 58%-ке төмендеді.

Аталған көрсеткіштің төмендеуіне Өңірлерді дамыту бағдарламасының және облыс аумағының бір бөлігін Алматы қаласына беру аясында көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және термомодернизациялау жөніндегі жобаларды жүзеге асыру есебінен қол жеткізілді.

2015 жылы 170,4 млн. теңге сомасына жөндеу жүргізу жоспарлануда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет