Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы



жүктеу 2.87 Mb.
бет4/19
Дата09.09.2017
өлшемі2.87 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Саланың даму жағдайында SWOT – талдау

Күшті жақтар:

  1. Жер және су ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

  2. Органикалық өнім өндірісінің және оны экспорттаудың жоғары әлеуеті;

  3. Айтарлықтай мемлекеттік қолдау.

Әлсіз жақтар:

  1. Заманауи агротехнологиялық білімді таратудың төмен деңгейі;

  2. АӨК субъектілерінің пайдалылығының төмен деңгейі;

  3. Қаржыландыру және сақтандыру жүйесінің төмен тиімділігі.

Мүмкіндіктер:

  1. Саланы тиімді мемлекеттік қолдауды қалыптастыру;

  2. АӨК бірқатар салаларында импортты алмастыру және экспорттық әлеуетті жүзеге асыру;

Қауіптер мен тәуекелдер:

  1. Табиғи-ауа райы жағдайының қолайсыз өзгеруі;

  2. Бағаның ішкі/сыртқы конъюктурасының нашарлануына негізделетін макроэкономикалық тәуекелдер;

  3. БСҰ-на және КО-на кіруге байланысты, халықаралық нарықтағы бәсекелестіктің өсуі;

  4. Жануарлар мен өсімдіктер ауруларының таралуы және қоршаған ортаның ластануы.

Негізгі мәселелер:

  • өсімдік шаруашылығында шаруашылықтардың бытыраңқылығы және жер бөлулердің шағын көлемдері ғылыми-негізделген егістік айналымын сақтауға және заманауи технологияларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермейді;

  • ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейі - 80%-тен астам;

  • мал шаруашылығында орта және ірі тауарлық өндірісінің жеткілікті дамымауы кең ауқымды будандастыру-асылдандыру жұмысын тежейді, ауыл шаруашылығы жануарларын дұрыс жемдеуге кедергі келтіреді;

  • жайылым айналымының болмауынан жайылым шаруашылықтарының түсімі төмен, шөптердің өсуі нашар болып келеді;

  • сапалы шикізаттың болмауы және дайындау-өткізу жүйесінің нашар дамуы салдарынан өңдеу және қуаттардың жүктелу деңгейі төмен;

  • бірқатар азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділік.

Облыс АӨК дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған басымдықтарын таңдаудың негізгі критерилері болып Алматы облысының және Алматы қаласының ішкі нарығында импортты алмастыру табылады, сүтті мал шаруашылығын, етті мал шаруашылығын, қызылша шаруашылығын, үдемелі бақ шаруашылығы мен жылыжай шаруашылығын дамытудың кластерлік үлгісі қажет.

АӨК-те мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында Өңірлердің мамандану сызбасында ұсынылмаған ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауды кезеңмен қысқару көзделуде: 2017-2019 жылдары субсидиялау Мамандану сызбасына 50%-ке, ал 2020 жылдан бастап 100% сай келетін болады. (Мамандану сызбасы ҚР АШМ 23.05.2014 жылғы № 1-1/277 бұйрығымен бекітілген).


Шағын және орта бизнест

Облыс экономикасын дамытудың басым бағыты болып шағын және орта бизнесті дамыту табылады.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны (әрі қарай ШОК) облыс бойынша 2014 жылы 183 103 бірлікті құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 0,9%-ке төмен (184,8 мың бірлік) және 2012 жылғы деңгейден 5,8%-ке жоғары (172,9 мың бірлік).

ШОК белсенді субъектілерінің саны 2012 жылы 100 362 бірлікті құраса, 2013 жылы – 92 785 бірлік (2012 жылғы деңгейден 7,5 %-ке төмен). 2014 жылы ШОК белсенді субъектілерінің саны 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда 3,9%-ке артып, 96 424 бірлікті құрады. Алайда ШОК белсенді субъектілерінің саны 2014 году 2012 жылғы деңгейге қарағанда 3 938 бірлікке азайды немесе 3,9 %.

Жалпы тіркелген ШОК субъектілерінің санынан белсенді субъектілердің үлесі 2014 жылы 52,6%-ті құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 2,4%-ке жоғары және 2012 жылғы деңгейден 5,4%-ке төмен. Мұндай серпін 2014 жылы ШОК субъектілерінің жалпы тіркелген санының артуымен, бір уақытта белсенділер санының төмендеуіне байланысты.

ШОК құрылымында ұйымдастырушылық-құқықтық нысан бөлінісінде тіркелген субъектілердің айтарлықтай үлесі жеке кәсіпкерлерге тиесілі (орташа есеппен 2012 – 2014 жылдары – 65,5%). ШФҚ ШОК белсенді субъектілерінің жалпы санынан орташа есеппен -28,1%-ті, заңды тұлғалар 6,4%-ті алып жатыр.

ШОК құрылымында ұйымдастырушылық-құқықтық нысан бөлінісінде тіркелген субъектілердің айтарлықтай үлесі жеке кәсіпкерлерге тиесілі (орташа есеппен 2012 – 2014 жылдары – 49,1%). ШФҚ ШОК белсенді субъектілерінің жалпы санынан орташа есеппен – 47,3%-ті, заңды тұлғалар 3,6%-ті алып жатыр.

ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2012 жылы 252 035 адамды құрады. 2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлікте 248 139 адам жұмыспен қамтылды, бұл 2012 жылғы деңгейден 1,5 %-ке төмен. 2014 жылы жұмыспен қамтылғандар саны 231 586 адамды құрады. Аталған көрсеткіш 2012 жылғы деңгейден 8,1 %-ке немесе 20 449 адамға және 2013 жылғы деңгейден 6,7 %-ке немесе 16 553 адамға төмен.

ШОК құрылымында ұйымдастырушылық-құқықтық нысан бөлінісінде жұмыспен қамтылған субъектілердің айтарлықтай үлесі жеке кәсіпкерлердің ШФҚ-на тиесілі (орташа есеппен 2012 – 2014 жылдары – 39,2%), орташа есеппен ШОК белсенді субъектілерінің жалпы санына - 29,6 %-ті, заңды тұлғалар 31,2 %-ті алып жатыр.

ШОК субъектілері 2013 жылы 858,4 млрд. теңгеге өнім шығарды, бұл 2012 жылғы деңгейден 48,1%-ке артық (2012 жылы – 579,4 млрд. теңге). 2014 жылдың қорытындысы бойынша ШОК субъектілері шығаратын өнім көлемі 2013 жылғы көлеммен салысытырғанда 3,7%-ке төмендеді және 2012 жылғы көлемге қарағанда 42,6%-ке артып, 826,4 млрд. теңгені құрады.

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан бөлінісінде ШОК субъектілерімен өндірілген өнімнің айтарлықтай үлесі заңды тұлғаларға тиесілі (орташа есеппен 2012 – 2014 жылдары – 73,2%). ШОК субъектілері өндірген өнімнің жалпы көлемінен ШФҚ орташа есеппен - 20,8%-ті, ЖК 6,0%-ті алып жатыр.

Жедел статистикалық мәліметтер бойынша жалпы өңірлік өнімдегі (әрі қарай - ЖӨӨ) ШОК үлесі 2014 жылдың қорытындылары бойынша 30,1%-ті құрады. Осы көрсеткіш бойынша облыс басқа өңірлермен салыстырғанда 3 орында тұр. 2012 және 2013 жылдармен салыстырғанда ЖӨӨ-гі ШОК үлесі 2014 жылы орташа есеппен 5,8%-ке артты (24,9-23,7%).

2010 жылдан бастап, шағын және орта кәсіпкуерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (әрі қарай - БЖК-2020) жүзеге асырылуда.

Алматы облысында БЖК-2020 жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2012 – 2014 жылдары 9,5 млрд. теңге бөлінді.

2012 – 2014 жылдары БЖК-2020 аясында 202 жоба субсидияланды, 25 жоба бойынша бөлшектеп кепілдендіру және 57 грант берілді. 2000 жеке кәсіпкерлік суъектілеріне 1058 сервистік қызметтер көрсетілді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында құралдар бөлінісінде, қаржылай қолдауға ие болған жобалар саны


Қолдау құралдары

2012

2013

2014

Үш бағыт бойынша субсидиялау,

80

36

86

Кепілдендіру

2

3

20

Гранттар

14

27

16

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

13

7

15

БЖК-2020 бойынша шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2012 – 2014 жылдары 8 мыңнана астам жұмыс орны сақталып, қосымша 2 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.

2011 жылдан бері БЖК-2020 аясында «Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау» 4-бағыты жүзеге асырылуда.


«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында құрамдастар бөлінісінде, оқудан өткен қатысушылардың саны

Қолдау құралдары

2012

2013

2014

1 бизнес кеңесшісі

2069

2100

2084

2 бизнес кеңесшісі

52

78

82

Топ-менеджментті оқыту

24

24

34

Іскерлік байланыстар

25

80

55

«Бизнес кеңесшісі» құрамдасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау аясында 2012 – 2014 жылдары - 6253 кәсіпкер, «Топ-менеджментті оқыту» құрамдасының аясында – 82 ШОК басшылары, «Іскерлік байланыстар» құрамдасының аясында 160 кәсіпкер оқытылды.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтар(S)

  1. Халық санының жоғары болуы;

  2. Ауылдық кәсіпкерлікті белсенді түрде дамыту;

  3. Әкімдік және Кәсіпкерлер палатасы, Даму қоры арасындағы жөнге қойлған жұмыс;




Мүмкіндіктер (O)

  1. ЖӨӨ-гі ШОК үлесінің өсу факторы ретінде Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасын және бизнесті дамытудың өңірлік бағдарламаларын жүзеге асыру;

  2. Жаңа бизнес-бастамаларды экспортқа бағдарланған өндірістерді мемлекеттік қолдау;

  3. Моноқалалардың ШОК-н Өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасының аясында қолдау шаралары;

Әлсіз жақтар (W)

  1. Қаржы-несие ресурстарының жеткіліксіздігі, яғни жаңа іс бастағысы келетін азаматтар сұралатын несие сомасын қамтамасыз ету үшін кепілдеме көлемінің жеткіліксіздігіне байланысты бизнестерін ұйымдастыру мүмкіндігінен айырылады;

  2. Өңірлер бөлінісінде шағын кәсіпкерлікті дамыту деңгейі бойынша жоғары теңсіздіктің сақталуы.

Қауіптер (T)

  1. ШОК қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеу;

  2. Халықтың төлем қабілеті деңгейінің төмендігі ШОК тауарлары мен қызметтеріне сұраныстың өсуіне кедергі келтіреді;




Негізгі мәселелер:

  • Қаржы-несие ресурстарының жеткіліксіздігі, яғни жаңа іс бастағысы келетін азаматтар сұралатын несие сомасын қамтамасыз ету үшін кепілдеме көлемінің жеткіліксіздігіне байланысты бизнестерін ұйымдастыру мүмкіндігінен айырылады;

  • Өңірлер бөлінісінде шағын кәсіпкерлікті дамыту деңгейі бойынша жоғары теңсіздіктің сақталуы.


Сауда

Өңірде 14980 сауда және қызмет көрсету объектілері әрекет етеі, оның ішінде 18828 сауда орнына арналған 9152 бөлшек сауда дүкендері, 77 сауда бар. 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда сауда және қызмет көрсету саласының 565 объектілері ашылды, оның ішінде 305 дүкен, 83 қоғамдық тамақтану объектілері, 185 тұрмыстық және сервистік қызмет көсрету объектілері. Бөлшек сауда айналымының көлемі 2014 жылы 300,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 1,6 есе көп (184,2 млрд.теңге) және көтерме тауар айналымының көлемі 2014 жылы 389,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 109,2%-ке артық.

Бөлшек сауданың НКК, 2014 жылдың қорытындылары бойынша жоспарланған 110,8%-тің орнына 123,9%-ті құрады (1-кесте). 2014 жылы 1252 азық-түлік жәрмеңкелері өткізілді, онда 2,9 млрд. теңге сомасына өнім өткізілді.

Бөлшек сауданың нақты көлем көрсеткіші

Облыс аудандары мен қалаларының бөлінісінде бөлшек сауданың негізгі көлемі Қарасай (22,2%), Талғар (14,8%), Іле (12,4%), Еңбекшіқазақ (11,2%) аудандарына және Талдықорған қаласына (12,2%) тиесілі (қалған 12 аудан мен Қапшағай, Текелі қалаларына – 27,2%).

2011 жылдан 2014 жыл аралығында саланы дамыту заманауи сауда нысандарына ауысуға, бөлшек тауар айналымында ірі сауда жүйелерінің үлесін көбейтуге, сондай-ақ сауда базарларының инфрақұрылымына қойылатын талаптарды арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасында сауданы дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасының аясында жүргізілді.

Өңірге базарлардың жоғары маңыздылығы мен заманауи сауда нысандар үлесінің төмендігі тән: сатылымдардың негізгі үлесі (43,7%) жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалардың тауар айналымына тиесілі. Ірі сауда кәсіпорындары 1,8%-ті құрайды (орташа есеппен Қазақстан бойынша – 15,7%, Алматы қаласында – 32%, Атырау облысында – 27,1%).

Сауданы дамытудың және бағаны тұрақтандыру мақсатындағы міндеттердің бірі болып коммуналдық алаңдары көбейту табылады, Талдықорған қаласында 252 сауда орнына арналған коммуналдық базары жұмыс жасайды, онда апта сайын жәрмеңкелер өткізіледі, жәрмеңкелерде тауарлар базар бағасынан 10-15%-ке төмен бағамен саудаланады.

Алматы қаласына жақын орналасқан Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарында және Қапшағай қаласында 2030 жылға дейін инфрақұрылымы дамыған 6 ірі сауда нысандарының құрылысы жоспарлануда.

Осыған байланысты, 2000 ш.метрлі заманауи нысандағы сауда объектілерін енгізуді арттыру үшін аудан және қала әкімдіктерінен қажет етілетін коммуникацияны тартумен жер телімдерін бөлу талап етіледі.

Бөлшек сауданы жаңартудың төмен үдемелілігінің негізгі себебі көлеңкелі нарықтың жасырын қарсы әрекет етуіне, бизнес үшін ынталандырудың, кәсіпкерлерде өтемақылардың жеткіліксіздігіне байланысты болады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасында заманауи сауда объектілерінің құрылысы және базарларды қайта жаңғырту үшін қолдау шараларының болуына қарамастан, аталған құралдары пайдалану заңнаманың дамымағандығымен тежеледі.

Өңірде бөлшек сауданы әрі қарай дамыту ҚР 2020 жылға дейін қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасын ескерумен, сауда базарларын жаңарту, электрондық сауданы дамыту, заманауи сауда нысандарын дамыту бағытында жүргізіледі.



Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар(S)

  1. Алматы қ. ірі тұтыну нарығына ұтымды жақын орналасуы;

  2. Облыс аумағынан Еуропа-Қытай халықаралық дәліздерінің өтуі үшін географиялық қолайлы орналасуына қарай маңызды тарнзиттік әлеуетінің болуы;

  3. Сауда көлемдерін дамыудың және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудің оң серпіні;

  4. Әлеуметтік маңызды тауарларға бөлшек сауда бағасы мониторингінің қалыптасқан жүйесі.

Мүмкіндіктер (O)

  1. КО елдерімен өткізу нарығын кеңейту, сондай-ақ Қытаймен шекаралық ынтымақтастықты дамыту;

  2. ҚР 2020 жылға дейін қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасының аясында бөлшек сауданы мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану;

  3. Халық санының өсуіне және облысқа жоғары білікті мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасау;

  4. Жаңа өндірістерді дамыту мүмкіндігіне негізделетін жұмыспен қамту өсімінің келешегі..

Әлсіз жақтар (W)

  1. Облыста ішкі тұтыну нарығының шектеулі көлемі және логистиканың жеткіліксіз дамуы;

  2. Бөлшек сауда секторының облыс орталығында және 4 ауданда шоғырлануы (12 ауылдық аудандарда сауда және қызмет көрсету саласының жеткіліксіз деңгейде дамуы);

  3. Бөлшек сауда, ретсіз сауда мәселелері бойынша, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету саласы бойынша заңнама олқылықтары, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерде заманауи терминологияның болмауы;

  4. Өңірдің бөлшек сауда секторының нашар инвестициялануы;

  5. Дайын өнімнің экспортқа бағытталуының нашарлығы.

Қауіптер (T)

  1. ЕАЭО және БСҰ аясында бәсекелестіктің күшеюі;

  2. Азық-түлік тауарларын және оларды жасауға арналған шикізаттың сырттан әкелінуіне жоғары тәуелділік облыстың азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп тудырады;

  3. Бөлшек сауда базарларының көлеңкелі тауар айналымының өсуі;

  4. Ескірген сауда нысандарының төмен бәсеке қабілеттілігінің консервациясы.


Негізгі мәселелер:

  • сауда қызметін реттеу саласында нашар заңнамалық қамтамасыз етілу;

  • сауда базарларында көлеңкелі айналым деңгейінің жоғары болуы;

  • ішкі сауда инфрақұрылымының жеткіліксіз даму деңгейі.


Инфляция

2012 жылмен салыстырғанда инфляция деңгейінің артуы байқалады, атап айтсақ, 2014 жылы инфляция 107,0%-ті құрады (ҚР бойынша – 107,4%) (азық-түлік тауарлары – 107,6% (ҚР бойынша – 108,0%), азық-түліктік емес тауарлар – 107,4% (ҚР бойынша – 107,8%), ақылы қызметтерге – 105,9% (ҚР бойынша – 106,4%). 2012 жылы инфляция деңгейі 105,7%-ті құраған (ҚР бойынша- 106,0%).

Инфляцияны тежеу және негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтаныдру мақсатынд апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Облыстың тауар өндірушілерімен 1026 меморандумдар жасалды.

2014 жылы 1278 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді, онда 2,9 млрд. теңгеге өнім өткізілді.

Бағаның өсуін тежеу жұмысы жалғасады.
Негізгі мәселелер:


  • тауарлар мен қызметтерге баға құруға әсер ететін валюта нарығы курсының ауытқуы;

  • бәсекеге қабілетті өндірістердің болмауы, сатып алынатын азық-түлік тауарларының көпшілігі импортталады;

  • табиғи монополиялар субъектілері қызметтеріне тарифтер мен бағаның өсуі.



Сыртқы экономикалық қызмет

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда облыстың сыртқы сауда айналымы 19,1%-ке артып, 2043,1 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорттық жеткізулер 15,6%-ке қысқарып (361,2 млн. АҚШ долл.), импорт 19,8%-ке азайды (1681,9 млн. АҚШ доллар).

Облыс үлесіне Қазақстанның сыртқы тауар айналымының 1,5% тиесілі, соған қарамастан, Қазақстанның экспорт-импорт әрекеттерінің жалпы көлемінен импорт үлесі - 4,6%-ті, экспорт 0,4%-ті құрайды.

Алматы облысы 2014 жыл ішінде әлемнің 113 елімен сыртқы сауда қызметін жүргізді, 46 елге экспорттық тауарлар шығарылып, 110 елден импорт әкелінді.

Экспорт бойынша негізгі әріптестер болып Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан табылады. Импорт бойынша сауда әріптестері – Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Италия.

2014 жылдың басынан бері, ұлттық валютаның 5-тен 20%-кейін девальвациясының салдарынан көптеген тұтыну тауарлары: тұрмыстық техника, автомобильдер, киім және аяқ киім қымбаттады. Теңгенің әлсіреуі импорт тауарлары бағасының өсуіне алып келді.

Бұл жағдайда қазақстандың нарық сыртқы шекараларын толығымен дерлік жапты.

Ағымдағы кезеңде Қытаймен импорттың - 29,4%-ке, Латын Америкасымен - 32,7%, ЕО-тан тыс елдермен (Әзербайжан, Молдова, Түркменстан, Украина) - 52,6%, Батыс Еуропа елдерімен -15,6%, Еуро Одақтан тыс елдермен - 21,5%, Ресейден - 8,1% және Белоруссиядан 60,0%-ке күрт төмендеді.

2014 жылдың қорытындысы бойынша облыс экспорты 361,2 млн. АҚШ долларын құрады, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда экспорт 105,8%-ке өсті.

Оның ішінде ЕроАЗЭО елдерімен, ЕО-тан тыс елдермен, Азия, Америка, Африка, Аустралия және Мұхит елдерімен 310,0 млн. АҚШ долларына, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда экспорт 1,2 есе өсті.

Алматы облысының Кедендік Одақ елдерімен (Ресей, Белорусия) сыртқы сауда айналымы 509,5 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт - 51,2 млн. АҚШ долларын, импорт 458,3 млн. АҚШ долларын құрады, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда экспорт - 44,9%-ке және импорт 12,7%-ке төмендеді.

2014 жылдың қорытындылары бойынша Батыс Еуропаға экспорттық жеткізулер - 1,4 есе, Қытайға - 5 есе, АҚШ-қа 4 есе артты.

Ресейге қазіргі экспорттың төмендеуін біз ресей экономикасының баяулауымен және толық дерлік техникалық рецессиясымен байланыстырамыз. Әлбетте, бұл кезеңде ол өндірістік, оның ішінде Қазақстаннан келетін ресурстарды аз тұтына бастады. Яғни қазір Ресеймен сауда барысында оның қазіргі жағдайдағы экономикалық айналым факторлары маңызды рөл ойнайды. Ресей дағдарыстан шықса, Ресейге қазақстандық экспорт өседі деп пайымдауға болады.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:


Күшті жақтар (S)

  1. Ұтымды геостратегиялық жағдай. Облыс «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізі болып табылады;

  2. Елдің басқа өңірлеріне және экспортұа өнім жеткізуге мүмкіндік беретін дамыған ауыл шаруашылығы өндірісі және өңдеу өнеркәсібі;

  3. Елдің көптеген өңірлерінен экспорттық ағымдарды қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымының дамығандығы.

Мүмкіндіктер (O)

  1. КО елдерімен өткізу нарығын кеңейту, сондай-ақ Қытаймен шекаралық ынтымақтастықты дамыту;

  2. Тауар өндірушілердің өнімдерінің, тауарларының және қызметтерінің сыртқы нарықта бәсеке қабілеттілігін арттыру;

  3. Облыс аумағында шетелдік және бірлескен кәсіпорындарды көбейту.




Әлсіз жақтар (W)

  1. Экспорттық әлеуетті пайдалану мүмкіндігін шектейтін өнім мен қызмет көрсету өндірісінің жеткіліксіз бәсеке қабілеттілігі;

  2. Облыстың бірқатар ірі әріптес елдермен сыртқы экономикалық қызмет бойынша сауда теңгерімінің теріс сальдосы сақталады.

Қауіпте (T)

  1. Облысқа импорт көлемінің артуы;

  2. Жергілікті өндірушілер өнімдерінің әлсіз бәсеке қабілеттілігі олардың нарықтан шығуына алып келуі мүмкін.

Негізгі мәселелер:

  • шекаралық аумақтарда инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;

  • экспортқа бағдарланған өндірістердің әлсіз бәсеке қабілеттілігі.


Өңіраралық ынтымақтастық

Өңіраралық ынтымақтастық облыстың экономикалық саясатының маңызды бағыты болып табылады.

Өзара тиімді ынтымақтастықты жөнге қою, жеткізулерді кеңейту және өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру мақсатында Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарымен өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылады.

2014 жылы екі өнеркәсіп кәсіпорындары «Dаnone Berkut» ЖШС және «БЕНТ» ЖШС Өскемен қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көнкурс-көрмесіне қатысты.

2014 жылдың қазанында 10 өнеркәсіп кәсіпорындары Жамбыл облысының Тараз қаласында өткен көрмеде өз өнімдерін көрсетті.

Облыстың «Қайнар АКБ», «Dolce» ЖШС сияқты кәсіпорындардың республика өңірлерінде өкілдіктері бар.

2014 жылы Қазақстанның басқа өңірлеріне 174 млрд. теңге сомасына облыстың өнеркәсіптік өнімі жөнелтілді.

Басқа өңірлерге негізінен көкөністер мен жемістер, сүт және сүт өнімдері, алкогольсіз сусындар және сыра, қағаз және картоннан жасалған бұйымдар, құрылыс индустриясының өнімдері, шылым, киім, электр акуммуляторлары және басқа да өнімдер жеткізіледі.

ҚР статистика комитетінің мәліметтер бойынша 2014 жылы облыстан түрлі көздерден 39,4 млрд. теңгеге тауарлар сатып алынды, оның ішінде:

- облыстың резидент-заңды тұлғаларынан – 14,1 млрд. теңгеге немесе жалпы көлемнен - 35,9%;

- басқа облыстардың резиденттері – заңды тұлғаларынан – 15,4 млрд. теңге немесе 39,1%;

- резидент емес-заңды тұлғалардан – 9,8 млрд. теңгеге немесе 25%.

Облысқа негізгі тауар жеткізушілер болып Алматы қаласының резидент-кәсіпорындары табылады – 14,9 млрд. теңгеге, Ақтөбе облысынан – 270,4млн. теңгеге (6,1%), Оңтүстік Қазақстан облысынан 160,2 млн.теңгеге тауар жеткізелі.

Негізінен келесі тауар түрлері әкелінеді: көмір, мұнай өнімдері, болат бұйымдары, жуғыш заттар, өсімдік майы, кондитерлік өнімдер, тоқыма және шұлық өнімдері және т.б..

Облыстың бүкіл резидент-кәсіпорындарынан 9,9 млрд. теңге сомасына тауардар сатып алынды немесе резиденттерден сатып алынатын тауарлардың жалпы көлемінен - 35,6%.

Қазіргі экономикалық жағдай талаптарында өнеркәсіптік кәсіпорындар жеткізушілермен және өз өнімдерін тұтынушылармен өзара тиімді талаптардағы өңіраралық шарттарды ескерусіз, тікелей жұмыс жасайтындықтарын атап өту қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет