Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы


Саланың даму жағдайына SWOT- талдау



жүктеу 2.87 Mb.
бет5/19
Дата09.09.2017
өлшемі2.87 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтар

1. Құрылыс индустриясын дамыту үшін жалпы таралған пайдалы қазбалардың айтарлықтай әлеуеті бар.

2. Шикізаттық және өндірістік ресурстар тағам өнімдерінің көптеген түрлерін шығаруға мүмкіндік береді.

3. Облыс республикада ашытқы, темек өнімдерін және электр акуммуляторларын шығаратын жалғыз өндіруші болып табылады; крахмал, жүзім шарабын және қағаз өнімдерін шығаруда үстемдік етеді.





Мүмкіндіктер

1. Жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және дамыту (облысқа озық технологиялар трансферті, БК құру).

2. Ішкі экономика әлеуетінің интеграциясы және өңірлік шаруашылық аралық байланыстқа қосылу.

3. Өңіраралық байланыстарды халықаралық деңгейге дейін трансформациялау және дамыту мүмкіндігі.

4. Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын ірі өндірістік жобаларда қазақстандық мазмұнды арттыру (о.і. қазақстандық өндірушілермен).


Әлсіз жақтар

1. Өңіраралық кооперация негізінде қөұрылған өнім түрлері үшін мемлекеттік қолдау тетіктері пысықталмаған.

2. Өңіраралық кооперация субъектілерінің барлығын өз қызметтерімен қамту үшін өңіраралық ақпараттық инфрақұрылым дамымаған.

3. Өңіраралық ынтымақтастық мониторингін жүргізу қиындатылған.



Қауіптер

1.Облыс аумағында әрекет ететін өндірістер қосылған құны жоғары өнімдер өндірісіне бағдарланбайды (яғни негізінен шикізаттық сипатқа ие болады).

2. Экономикалық дағдарыс отандық өнімге сұраныстың төмендеуіне алып келеді.



Негізгі мәселелер:

- өңдеу секторы өнімінің төмен бәсеке қабілеттілігі;

-  айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі және пайыздық мөлшерлемесі төмен «үлкен» несиелердің қол жетімсіздігі.
Инновациялар және инвестициялар

Соңғы үш жылда негізгі капиталға инвестициялар 1,2 есе артып, 452,7 млрд. теңгені құрады.



Облыстың ЖӨӨ негізгі капиталына салынған инвестициялар үлесі, осы кезеңде инвестиция көлемінің аз ғана өсімі салдарынан 2012 жылғы 26,9%-тен 2014 жылы 23,2%-ке төмендеді.


Негізгі капиталған салынған инвестициялардың құрылымы




 

 

млн. теңге

Қаржыландыру көздері

2012 ж. нақты

2013 ж. нақты

2014 ж. нақты

2012 ж. қарағанда 2014ж. %

Негізгі капиталға салынған инвестициялар – барлығы

383 786

431 364

452 710

118,0

Меншікті қаражат

191 527

161 013

182 130

95,1

Қарыз қаражат

49 839

17 184

118 069

236,9

Шетелдік инвестициялар

2 433

-

-




Банктер несиелері




144 131

8 925




Бюджеттік инвестициялар

139 987

109 036

143 586

102,6

Инвестициялардың қаржыландыру көздеріне жүргізілген талдау, олардың маңызды көздері болып кәсіпорындардың меншікті қаражаты - 40,2% немесе 182,1 млрд. теңге болып қалатынын көрсетті, қарыз қаражат есебінен 26,1% немесе118,1 млрд. теңге игерілді, банк несиелерінің үлесі өте төмен - 2% немесе 8,9 млрд. теңге, бюджеттік инвестициялар 31,7%-ті немесе 143,6 млрд. теңгені құрады.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша 2014 жылы инвестициялардың негізгі үлесі - 35%-ті көлік және қоймалау саласына, 24,5%-ті құрылыс және жылжымайтын мүлікпен әрекеттерге, 19,1%-і өнеркәсіпке, 7,4%-ті бөлшек сауда және қызметтерге және т.б. бағытталды.

Осылайша, инвестициялар басым түрде облыс инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.



Сыртқы инвестициялар серпіні

 

 

 

млн. теңге

Атауы

2012 ж. нақты

2013 ж. нақты

2014 ж. нақты

2012 ж. қарағанда 2014ж. %

Сыртқы инвестициялар

37 515

131 079

94 268

251,3

Инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі, %

9,8

30,3

20,8

-

Облыста сыртқы инвестициялардың серпіні тұрақсыз сипатқа ие және заманауи құралдар мен технологиялар негізінен импортталатындықтан, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тәуелді болады.

Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар


Атауы

2012 ж. нақты

2013 ж. нақты

2014 ж. нақты

2012 ж. қарағанда 2014ж. %

Жан басына шаққандағы негізгі капиталған салынған инвестициялар, мың теңге

197,2

217,3

235,5

119,4%

Өсім қарқыны, %

101%

110%

108,5%

-

2014 жылы жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 235,5 мың теңгені құрады немесе 2012 жылға - 119,4% ёхалы0 саны 1946,7 мы4 адам болғанда).

2015 жылы халық саны - 1948,8 мың адамға, инвестициялар 466 млрд. теңгеге дейін артуы күтілуде, бұл жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың 2%-ке өсуін қамтамасыз етуі қажет.

Шикізаттық емес секторда негізгі капиталға салынған инвестициялар (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда).

Шикізаттық емес секторда негізгі капиталға салынған инвестициялар (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) 2014 жылы 289,2 млрд. теңгені құрады, бұл негізгі капиталған салынған инвестициялардың жалпы көлемінің - 63,8%.


Инновациялық қызмет

2014 жылы облыста 139 кәсіпорын инновацияға ие болды (2012 жылы – 108, 2013 жылы – 126 кәсіпрын).

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 9,4%-ті құрап, 2012 жылға 0,6, проценттік тармаққа көбейді, бірақ 2013 жылға қарағанда 0,1 п.т. азайды (2012 жылы – 8,8%, 2013 жылы – 9,5%).

Инновациялар саласында айтарлықтай жоғары белсенділік ірі кәсіпорындар арасында байқалды, ол 40,7%-ті құрады (есеп берген 81 кәсіпорындардың 33-і инновациялық қызметті жүргізеді).

Инновациялық өнім көлемі 2014 жылы 16608,9 млн. теңгені құрап, 2012 жылға 3320,9 млн. теңгеге артты немесе 25%; 2013 жылға - 3455,1 млн. теңгеге немесе 26,3% (2012 жылы – 13288,0 млн. теңге, 2013 жылы – 13153,8 млн. теңге). 2014 жылы 14948,4 млн. теңге сомасына инновациялық өнім өткізіліп, 19,0 млн. теңгеге экспортқа шығарылды.

Өнімдік және әрекеттік инновациялар шығындары 8783,1 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылғыдан 18,3%-ке артық (2013 жылы – 7423,6 млн. теңге). Мұнда кәсіпорындардың меншікті қаражатынан шығындар 6720,3 млн. теңгені құрады немесе инновациялық қызметті жүзеге асыруға кеткен жалпы шығындардың - 76,5%.

Сонымен қатар, 2014 жылы тексерілген 1473 кәсіпорындардың ішінде тек 139-ы инновацияға ие болған, 2013 жылы 1318 кәсіпорынның – тек 126, 2012 жылы 1221 кәсіпорынның – тек 108, қалған кәсіпорындар инновациялық қызметпен айналыспаған.

Кәсіпорындарда инновациялық қызметті жүргізбеудің негізгі себептері болып, соңғы жылдары өндірілетін өнімге нарықтық сұраныстың төмендеуі және соның салдарынан инновацияларды енгізуге айналым қаражаттарының болмауы табылады.

Облыста инновацияларды, жаңа технологияларды дамыту және енгізу және инвестициялар тарту үшін «Алматы облысының өңірлік даму орталығы» ЖШС жұмыс жасайды.

Сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттыру әжне ғылыми-зерттеу жобалары коммерцияландыру мақсатында Алматы облысында Ілияс Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің негізінде, кейіннен өндіріске енгізілетін жаңа технологияларды, үлгілер мен қызметтерді әзірлейтін Ғылыми-зерттеу кластері мен Ғылым және инновациялық технологияларды коммерцияландыру кеңсесі құрылды. Олар келесі бағыттар бойынша 4 жобаны әзірлеп, жүзеге асырды:

- ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және өңдеу;

- экология, табиғи ресурстар, ресурс үнемдеу, табиғатты ұтымды пайдалану және төтенше жағдайлардан қорғау.

Қосымша гранттық қаржыландыру бойынша 147 миллион теңге сомасына ғылыми жобалар жүзеге асырылуда.

Облыста тұрақты негізде өнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Атап айтсақ, Форум аясында екі жақты бизнес сиссия барысында Сауд Арабиясы бизнес өкілдерімен кездесу өткізілді, оның нәтижелері бойынша Group компаниясының негізін қалаушылар көкөніс өсіру және өңдеу саласындағы инновациялық жобаларды, девелоперлік жобаларды, сондай-ақ фармацевтика саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында «Кәсіпкерлердің шағын бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты бойынша 2012 жылдан бері 80 жобаға жалпы 201,0 млн. теңге сомасына гранттар бөлінді, оның ішінде 2015 жылдың 9 айында 23 жобаға – 35,0 млн. теңге.


Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтар (S):

  1. Табиғи ресурстардың барлық дерлік түрлерінің болуы;

  2. Ауыл шаруашылығы дамыған және өңдеу өнеркәсібінің үлесі жоғары өңір;

  3. Құрылыс индустриясы өсімінің жоғары қарқыны;

  4. Өңір инфрақұрылымын (жолдар, газдандыру, электрмен қамту және т.б.) белсенді дамыту;

  5. Ұтымды географиялық орналасу (Алматы қ., Қытай, Қырғызстан);

  6. «Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА» құру (ол индустриялдық аймақты, мультимодальді логистикалық аймақты және Қорғас ШЫХО қамтиды);

  7. Бағдарламалар («Жол картасы», «Өнімділік – 2020», МҮИИДБ, «Қалпына келетін энергия көздерін дамыту», «Экспорттаушы – 2020», «Агробизнес 2020») аясында жаңа жобаларды жан-жақты қолдау.




Әлсіз жақтар (W):

  1. Облыс аудандарының дамуының теңсіздігі – Алматы қаласынан шалғай орналасқан аудандар айтарлықтай төмен көрсеткіштермен және төмен белсенділікпен сипатталады;

  2. Облыстың импортқа тәуелділігі;

  3. Туристік инфрақұрылымның нашар дамуы;

  4. Облыстың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы салдарынан өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі;

  5. Әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы және әлеуметтік салаға инвестиция салудың төмен деңгейі.

Мүмкіндіктер (O):

  1. Ауыл шаруашылығында өндіріс өсімінің келешегі, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамытуда инновациялық тәсілдер негізінде;

  2. Өңір табысының транзиттік жүк және жолаушы ағымдарын жандандыру есебінен айтарлықтай өсуі;

  3. Қолда бар табиғи ресурстар негізінде – ауыл шаруашылығы өнімін өңдеудің дамытға жүйесін, құрылыс индустриясын, туристік кластерді дамыту;

  4. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға, экологиялық ахуалды жақсартуға мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту – әлеуметтік әріптестік.

Қауіптер (T):

  1. Дағдарыс кезеңінде республикалық трансферттердің қысқару мүмкіндігі;

  2. Өңірдің сейсмикалық белсенділігі;

  3. Білікті мамандардың жетіспеушілігі;

  4. Облыстың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы салдарынан өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі;

  5. Азық-түлік тауарларын және олардың өндірісі үшін шикізатты сырттан әкелуіге жоғары тәуелділік облыстың азық-түліктік қауіпсіздігіне қауіп туғызады;

  6. Облыс экономикасының шикізаттық бағдарлануының сақталуы және соның салдарынан облыстың мұнай-газ ресурстары сарқылған жағдайда экономикалық дағдарыстың орын алуы.


Негізгі мәселелер:

  • инвестициялық қауіптің жоғары деңгейі жергілікті өнімнің бәсеке қабілеттілігі мен түрлік сипаттамасына әсер ететін Қытайдың жақындығымен байланысты;

  • бизнес үшін ұзақ арзан несиелердің қол жетімсіздігі;

  • индустриялдық аймақтар пен өнеркәсіп алаңдарында дамыған инфрақұрылымның жетіспеушілігі;

  • кәсіпорындарда инновация енгізу үшін айналым қаражаттарының жетіспеушілігі;

  • отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі.


Аумақтық (кеңістіктік) даму

Әкімшілік-аумақтық бөліну 10 қаладан, оның ішінде 3 областық және 7 аудандық бағыныстағы қалалардан, 16 ауданнан және 731 ауылдық елді мекендерден тұрады.

Халықтың барынша шоғырлануы Алматы қаласына жақын орналасқан және оның агломерациясын қалыптастыратын Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай және Талғар аудандарында, сондай-ақ облыс орталығы – Талдықорған қаласының маңында орналасқан Ескелді, Көксу және Қаратал аудандарында байқалады.

Орталығы Алматы қаласы болып табылатын агломерацияға Алматы облысынан бес аудан – Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Қарасай, Талғар және Қапшағай қаласы кіреді.

Үдемелі дамытуды қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында аумақтық-кеңістіктік қатынаста Алматы облысы Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды сызбасының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, сондай-ақ жергілікті деңгейде әзірленген құжаттардың негізгі ережелерін ескерумен дамытылады.

Алматы облысы маңызды өндірістік-экономикалық әлеуеті бар, оңтүсітк макроөңірге жатады.

Облыстың табиғи-климаттық аймақта географиялық қолайлы орналасуы, құнарлы жерлердің және су ресурстарының болуы, оның аумағынан көлік дәліздерінің өтуі, сондай-ақ басқа елдердің аумағына жақындығы облыстың ағымдағы мамандануын айқындайды.

Орын алған мамандануды ескерумен, келешекте облыс ауыл шаруашылығы өндірісін үдемелеуге және оның өнімдерін өндіруді тереңдетуге бағдарланған республикадағы ірі агроиндустриялды база ретінде орнығады. Алматы қаласын дамытудың келешегін ескерумен, өңірдің азық-түліктік белдеу және үдемелі агломерациялық өсім аймағы ретінде маңызы күшейе түсуі керек.

Ауыл шаруашылығының әлеуеті облыстың және Алматы қаласының азық-түліктік қауіпсіздігін және сыртқы нарыққа экологиялық таза өніммен шығуды қамтамасыз етеді.

Кең шикізат базасының болуы жеміс-көкөніс және сұт кластерлерін, Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Минералды-шикізат ресурстарының және өндіріс қуаттарының болуы «Құрылыс материалдары» кластерін дамытуға ықпал етеді.

Облыста жүзедеген тау өзендері түрінде Қазақстанның су ресурстары қорының жартысы орналасқан, онда су электр станцияларының құрылысын жүргізуге болады. Жел энергиясының, әсіресе Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізі ауданында айтарлықтай әлеуеті бар.

Табиғи-рекреациялық ресурстар (Іле және Жоңғар Алатауының ландшафттары; Алакөл, Балқаш көлдері, Қапшағай су қоймасы, тау көлдері, өзендер, минералды су және емдік балшық көздері және басқалары) туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

Жағымды жақтардың бірі болып өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту және көлік маршруттарын, көлік-логистикалық қызметтерді және шекаралық сауда орталықтарының инфрақұрылымын дамыту арқылы халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың маңызды аймақтары ретінде шекаралық аумақтардың рөлін күшейту табылады.



Талдықорған қаласы

Талдықорған қаласы - Алматы облысының әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, білім және мәдени орталығы, географиялық тұрғыда ұтымды орналасқан және даму үшін жан-жақты әлеуетке ие, Оңтүстік макроөңірдің тірек қалаларының бірі.

Талдықорған экономикасының негізі, ұтымды көліктік-географиялық орналасуын ескерумен негізі қаланған өнеркәсіп өндірісі болып табылады.

Қалада 22 ірі және орна кәсіпорындар әрекет етеді, 60-тан астам кәсіпорындарды орналастыру жоспарланатын «Талдықорған» индустриялды аймақ қалыптастырылуда.

Қала республика бойынша аккумуяторлық батареялар, оқшауланған өткізгіштер мен кабельдер, тұрмыстық электр қуатын есептегіштер, насостар сияқты өнеркәсіп өнімінің жекелеген түрлерінің негізгі өндірушісі болып табылады.

Өндірістік күштерді келешекті дамыту жоғарытехнологиялық, экспортқа бағытталған өндірістерді құруға бағытталады. Келешекте қала өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыттары болып әрі қарай тағам өнеркәсібін, машина құрылысын дамыту, құрылыс материалдарының өндірісі және т.б. табылады.

Кешенді жоспарларға сәйкес, облыстың моно және шағын қалалары келесі бағыттарда дамытылатын болады.

Текелі – өнеркәсіптік қала, мұнда 36 өнеркәсіп кәсіпорындары әрекет етеді. Олардың негізгілері болып «Қазцинк-ТЭК» ЖШС-нің энергетикалық кешені, «Көксу» тау-рудалық компаниясы» ЖШС, «Суффле Қазақстан ашытқы зауытыә АҚ табылады.

Текелі моноқаласы өнекәсіптік және туристік қала ретінде дамытылады. Әрі қарай даму тау-металлургиялық өнеркәсіпті әрі қарай дамытумен, электролиттік марганец өндірісімен, руданы өңдеумен, темір-рудалық қоспаны брикеттеумен, ашытқы өндірісімен байланысты болады. Сондай-ақ қаланың географиялқ орналасуы туризм мен демалыс салаларын дамытуға мүмкіндік береді.



Қапшағай қаласының әкімшілік-аумақтық бөлінісі Қапшағай қаласынан және 11 елді мекен кіретін 2 ауылдық округтен тұрады.

Қапшағай қаласы залық саны 59,0 мың адамнан тұратын шағын қалалар тізіміне және орталығы Алматы қаласы болатын Алматы агломерациясына кіреді.

Орташа тығыздылық 1 ш.шақырымға 16,2 адамды құрайды, халықтың 75%-і қалалық мекенде тұрады. Тұрғындар 26 ұлттар мен ұлсытар өкілдерінен тұрады.

Келешекте Қапшағай қаласы Алматы қаласының қанаттас қаласы қызметін атқаратын болады. Қала туристік индустрия мен ойын бизнесін, өнеркәсіпті, қызмет саласын дамыту аймағы болады.



Талғар қаласы – 48,7 мың адам халқы бар Талғар ауданының әкімшілік орталығы, облыс орталығы Талдықорған қаласынан - 290 шақырым және Алматы қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан.
Келешекте Талғар қаласының негізгі мамандануы тағам өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу болып табылады. Сондай-ақ Талғар қаласын дамыту Алматы мегаполисінің қанаттас қаласы міндетін атқарумен тығыз байланысты болады.

Есік қаласы – Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілік орталығы. Округ аумағы – 25,8 ш.ш. Халық саны – 38,2 мың адам.

Келешекте Есік қаласын экономикалық дамытудың негізгі бағыты болып туристі қызмет болуы тиіс және жеміс, жидектерді, көкөністерді өңдеу және туристік сектор көзделуде.



Қаскелең қаласы даму әлеуеті орташа, халық саны 65,6 мың адамды құрайтын шағын қалалар тізіміне кіреді, Алматы қаласына жақын орналасуының негізінде көп салалы экономикаға ие, бұл инвестиция тартуға және халықтың көші-қон ағымы үшін негіз болады.

Келешекте Қаскелең қаласы тағам өнімдерінің өндірісінде ағымдағы мамандануын сақтайды және дамыған инженерлік, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымы бар, Алматы қаласының қанаттас қаласы ретінде орнығады.

Қаратал ауданының әкімшілік орталығы Үштөбе қаласы елдің Орталық Азияға, Сібірге және Қытайға шығатын ірі темір жол торабы болып, географиялық тұрғыда ұтымды орналасқан.

Үштөбе қаласы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен, сондай-ақ толық айналымды тағам өнеркәсібінің өңдеу кәсіпорындарын құрумен (өсіруден дайын өнімге дейін) айналысады. Келешекті бағыттар болып «Қазсиликон» ЖШС-нің негізінде поликристалл кремниден дайын өнім шығару жөніндегі өндірісті, жинайтын машина құрылысын ұйымдастыру табылады.



Жаркент қаласы – Панфлов ауданының орталығы, облыс орталығы Талдықорған қаласынан - 282 ш., жақын Құндызды темір жол станциясынан – 20 ш., Алтынкөл станциясынан 34ш. қашықтықта орналасқан.

Қаланың өнеркәсібін дамытудың басым бағыты болып ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу табылады. Жүгеріні толық және терең өңдеу үшін «Жаркент крахмал-Сірне зауыты» ЖШС-нің жаңа зауытын салу қажет.

Жаркент қаласын әрі қарай дамыту КХР шекарасында географиялық тұрғыда ұтымды орналасуымен, Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығының болуымен байланысты. Материалдар мен құралдардың қол жетімділігі экономика салаларында инновацияны дамытуға септігін тигізеді. Туризмді дамыту үшін барлық талаптар бар.

Жаркен қаласын дамыту «Қорғас» шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығына жақындығы артықшылығын пайдалануға негізделеді. Экспортқа бағытталған өнімнің жаңа түрлерін игеру, сондай-ақ «Жетіген-Қорғас» темір жолының құрылысы қала өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет