Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы



жүктеу 2.87 Mb.
бет6/19
Дата09.09.2017
өлшемі2.87 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Үшарал қаласы – Алакөл ауданының әкімшілік орталығы, онда 17,7 мыңға жуық адам тұрады.

Аудан арқылы Алматы-Өскемен, Алматы-Үшарал-Достық республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының, Алматы-Үрімжі халықаралық темір жолының бір бөлігінің өтуі маңызды фактор болап табылады, жолдар торабында Бескөл, Достық ірі станциялары орналасқан.

Үшарал қаласында ауыл шаруашылығы, балық өнімдерін терең өңдеуді, Алакөл курорттық аймағының негізінде туризмді дамыту көзделуде. Келешекте қойма қызметтері мен автомобиль тасымалдауларына сервистік маманданған көлік торабын құру мүмкіндігі бар.

Сарқан қаласы халық саны 13,5 мың адамды құрайтын, даму әлеуеті орташа шағын қалалар тізіміне кіреді.

Экономикалық дамудың негізгі бағыты болып ауыл шаруашылығы, оның ішінде қант қызылшасын, дәнді, май дақылдарын өсіру табылады. Тәлімді және суарылмалы жер шаруашылығы дамыған. Қой шаруашылығы және ет-cүтті мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығы дамыған.

Аграрлық мамандануын ескере отыры, Сарқан қаласы ауыл шаруашылығы өнімдерінің, дәрілік шөптер өндірісі мен өңдеу саласына маманданады. Ауыл шаруашылығы дайындау орталығын құру, экотуризмді, этнографиялық, тау және экстремалды туризмді дамыту үшін үлкен әлеует бар.

Тағам өнеркәсібін келешекті дамыту өндірілетін өнімге қосылған құнды айтарлықтай көбейтуге алып келеді.


Ауылдық аумақтарды дамыту

731 ауылдық елді мекендердің ішінде 173 елді мекеннің даму әлеуеті жоғары, 499 – орташа және 59 – төмен.

Облыста халық саны 136,2 мың адамды құрайтын 16 елді мекен тірек мекендер ретінде анықталды, оның ішінде ауылдық және кенттік округтердің 15 орталығы, Достық және Қорғас – 2 халықаралық шекаралық өткелдер бар. Тірек 16 мекеннің 3-уі Алматы облысының шекаралық аймақтарында: Алакөл ауданының Достық кентінде, Панфилов ауданының Қорғас ауылында және Райымбек ауданының Нарынқол ауылында орналасқан.

Орталықтандырылмаған сумен қамту жүйесімен 199 ауылдық елді мекен пайдаланады, аудан орталығына дейінгі жолдардың 15,5%-і қанағаттанарлықсыз жағдайда.

167 ауылда мектептер жоқ, алайда көптеген ауылдарда мектеп жасындағы балалар жоқ, нормативтерге сәйкес 59 ауылда мектептер болуы тиіс.

Бала санынан қарай қажет етілетін 110 ауылда балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер ашылмаған.

41 ауылда медициналық мекемелер мемлекеттік нормативке сәйкес келмейді.

Облыста дәрігерлер тапшылығы 205 бірлікті құрайды, оның ішінде ауылдық жерлерде – 120.

Ауылдардың жалпы санынан 281 ауылда мәдениет объектілері бар, оның ішінде барлығы 224 ауылда ауыл клубтары жұмыс жасайды. 453 ауылдық елді мекендерде спорт объектілері және 77 ауылда туризм объектілері бар.

Даму әлеуеті жоғары ауылдар санын арттыру үшін елді мекендерді инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жақсарту, халықтың кәсіпкерлік белсенділігін дамыту қажет.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау мақсатында 2014 жылы 1277,7 млн.теңге бөлінді, 2013 жылмен салыстырғанда қаражат көлемі артты. Осының арқасында жөндеу жұмыстармен 210 ауылдық елді мекен қамтылды немесе олардың жалпы санынан - 28,7%.

241 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 186,7 млн. теңгеге 48 мал қорымдары, 42,7 млн. теңгеге қатты-тұрмыстық қалдықтардың 10 полигоны жайластырылды, 334,4 млн. теңгеге мектеп жанындағы 56 спорт алаңдары ағымдағы жөндеуден өткізілді, 27,9 млн. теңгеге 5 сумен қамту жүйесі жөнделді, 5,7 млн. теңгеге 2 иесіз объекті бұзылып, 630,8 млн. теңгеге жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша 105 жоба жүзеге асырылды, 49,5 млн. теңгеге 15 гидротехникалық құрылыстар қалпына келтірілді.

2015 жылы 96 ауылдық елді мекендерде немесе олардың жалпы санынан 13,1%-де 112 жобаны жүзеге асыру үшін 1410,9 млн. теңге бөлінді.

«Дипломмен ауылға» жобасының аясында 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында көтерме жәрдемақысын барлығы 2097 маман алды, олардың ішінде білім саласының мамандары - 1401, денсаулық сақтау - 518, әлеуметтік қамсыздандыру - 16, мәдениет - 37, спорт - 12 және ветеринария саласының мамандары - 113 адам.

Тұрғын үй алуға бюджеттік несие 1172 маманға берілді. Оның ішінде білім саласының мамандары - 792, денсаулық сақтау - 280, әлеуметтік қамсыздандыру - 13, мәдениет - 28, спорт - 34 және ветеринария 53 адам.

9 аудан орталықтары және 16 тірек ауылдық елді мекендер бойынша дамытудың кешенді жоспарлары, ауылдық және кенттік округтер орталықтарын дамыту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары, даму әлеуеті жоғары және орташа басқа ауылдық елді мекенді дамыту жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспары және облыстың шекаралық аудандарын дамытудың 2014-2020 жылдарға арналған іс-лар жоспары әзірленіп, облыстық мәслихат шешімімен бекітілді.


Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар

  1. Даму әлеуеті жоғары 173 ауылдық елді мекен бар.

  1. 9 аудан орталықтары және 16 тірек елді мекендер бойынша 2014-2018 жылдарға арналған кешені жоспарлар әзірленді.


Әлсіз жақтар

  1. Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының болмауы;

  2. 59 ауылда мемлекеттік норматив бойынша мектептер болуы керек;

  3. 441 ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелер бейімделген ғимараттарла орналасқан;

  4. Ауылдық жерлерде дәрігерлер тапшылығы;

  5. Орталықтандырылмаған сумен қамту жүйесі бар ауылдардың болуы;

  6. Жолдар жағдайының қанағаттанарлықсыздығы.

Мүмкіндіктер

  1. Әлеуметтік сала объектілерін салу және қайта жаңғырту, күрделі жөндеу арқылы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

  2. Жас медицина мамандарының (дәрігерлердің) өз ісіне беріктігін және елді мекнеге, оның ішінде ауылдық жерге бауыр басуын ынталандыратын шаралар жүйесін әзірлеу;

  3. Сумен қамту жүйесінің, жолдар құрылысы мен қайта жаңғырту, күрделі жөндеу және электрмен қамту жүйесін жаңарту арқылы инженерлік инфрақұрылымды дамыту.

Қауіптер

  1. Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайының салдары ретінде өмір сүру деңгейінің төмендеуі.

Негізгі мәселелер:

  • Орталықсыздандырылған сумен қамту жүйесі бар ауылдардың болуы;

  • Жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы;

  • Ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылымның нормативтерге сәйкес келмеуі;

  • Дәрігер мамандарының, әсіресе ауылдық жерлерде жетіспеуі.

2.1.2. Әлеуметтік сала
Демографиялық әлеует

Облыста 2015 жылдың 1 қаңтарына халық саны (Алматы қаласына аумақ беруді ескергенде – 94 мың адам) 1922,1 мың адамды құрады немесе ел халқының - 11,0%. Облыс республикада Оңтүстік Қазақстан облысынан кейін екінші орынға ие. Халықтың 76,0%-і ауылдық жерлерде, 24,0%-і қалалық жерлерде тұрады, ал орташа есеппен республика бойынша 55% қалаларда тұрады.

2012 жылмен салыстырғанда қала тұрғындарының саны 21 мың адамға көбейді, алайда мәліметтер көрсетіп отырғанда, облыста урбанизацияның төмен деңгейі сақталуды, бұл негізінен экономиканың аграрлық бағыттылығына байланысты болады.

Осы кезеңде көші-қонның оң сальдосы байқалады: 2012 ж.- 6391 адам, 2013 ж.- 3745 адам, 2014 ж.- 5173 адам. Халықтың ауылдық жерлерден көшуі жұмыстың жоқтығынан және еңбекақының төмен болуынан орын алады.

Осы жағдай қала және ауыл халқының жұмыспен қамтылу деңгейі арасындағы теңсіздікке алып келеді, ол сәйкесінше 95,9% және 95,0%-і құрайды.

Облыс халқы негізінен ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған – 32,0%, сондықтан орташа жалақы төмен болып табылады, 2014 жылы 87642 теңгені құрады, бұл орташа республикалық көрсеткішпен салыстырғанда жұмыспен қамтылған халықтың жоғары үлесімен (34,5%) жиынтықта атаулы ақшалай табыстың төмен көлемін түсіндіреді: 48652 теңге 62007 теңгеге қарсы.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Облыстың экономикалық белсенді халқының саны 2014 жылы 1065,3 мың адамды құрады (жалпы халық санынан - 53,1%, ҚР бойынша көрсеткіштер мәні – 51,7%). 2012 жылмен салыстырғанда ЭБХ саны 4,4%-ке немесе 44,5 мың адамға артты (2012 жылы – 1020,8 мың адам). Сәйкесінше жұмыспен қамтылғандар саны 2012 жылғы 969,7 мың адамнан 2014 жылы 1013,3 мың адамға дейін көбейді немесе 4,5% (43,6 мың адам). Бұл Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай және Талғар аудандары Алматы қаласы мегаполисінің жанында орналасқандығына байланысты, мұнда жыл сайын халықтың келуі 10-15%-ке артып отырады. Сонымен қатар, халық өсімінің тұрақты үрдісі оның табиғи өсуі есебінен сақталады. Облыс халқының экономикалық белсенділігінің деңгейі 2014 жылы 74,9%-ті құрайды, жалпы ҚР бойынша жоғары (70,7%).

Облыста ресми жұмыспен қамтылған халықтың қатарында айтарлықтай үлес өз ісімен шұғылданушыларға тиесілі - 34,5% (ҚР – 29,5%) және олар негізінен қызмет және сауда саласында жұмыспен қамтылған. 2012-2014 жылдары өз ісімен шұғылданатындар саны 414,3 мың адамнан 349,2 мың адамға дейін азайды немесе 15,7%. Жалпы өз ісімен айналысатын халық санынан пайдасыз өз ісімен шұғылданушылар үлесі 33,5%-ті құрайды (2013ж.-35,9%).

2014 жылы жұмыссыздар саны 2012 жылғы 51,1 мың адамға қарағанда 52,0 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 5,0%-тен 4,9%-ке дейін қысқарды (ҚР - 5,0%), жастар жұмыссыздығы – 3,7%-тен 3,1%-ке дейін (ҚР-4,2%), әйелдер жұмыссыздығы - 5,0%-тен 4,9%-ке дейін (ҚР - 5,8%). Жұмыссыздардың жыныстық-жастық құрылымына жүргізілген талау айтарлықтай үлесті орта жастағы адамдар (65,7%), атап айтқанда 30-дан 55 жас аралығындағылар құрайтынын көрсетті, жұмыссыздар арасында 34,8%-і – бұл әйелдер. жұмыссыздардың кәсіби-біліктілік құрылымы бойынша 64%-і орташа-кәсіби және орта жалпы білім барлар болып табылады. Аумақтық бөліністе жұмыссыздық деңгейі Ақсу, Алакөл, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқан, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай, Текелі қалаларында орташа облыстық деңгейден жоғары.

2014 жылы жұмыссыздық деңгейін 4,8%-ке дейін төмендету жөніндегі жоспар орындалған жоқ. Қабылданған шараларға қарамастан, Қарасай, Іле және Талғар аудандары аумақтарының халық саны 96 мың адамнан астам және облыстың басқа аумағына қарағанда жұмыссыздық деңгейі төмен бір бөлігін Алматы қаласына беруге байланысты, нақты түрде жыл қорытындылары бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9%-і құрады.

2015 жылы жаңадан қабылданған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасының, Жұмыспен қамтудың жол картасының және басқа да бағдарламалардың аясында халықтың жұмыспен қамтылуына ықпалдасу есебінен 4,8% деңгейіне қол жеткізуді жоспарлап отырмыз.



Алматы облысының еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері













мың адам

 

 

2012 ж.

2014 ж.

ауытқулар (+,-)

2012 ж. қарағанда 2014ж,%

1

Экономикалық белсенді халық

1020,8

1065,3

44,5

104,4

2

Жұмыспен қамтылған халық

969,7

1013,3

43,6

104,5

оның ішінде:

 

 

 

 

жалдамалы

555,4

664,1

108,7

119,6

өз ісімен шұғылданушылар

414,3

349,2

-65,1

84,3

жұмыспен қамтылған халық құрамында өз ісімен шұғылданушылар үлесі,%

42,7

34,5

-8,3

х

 

пайдасыз жұмыспен қамтылу

 

116,9

116,9

х

 

Пайдасыз жұмыспен қамтылғандар үлесі, %

 

33,5

х

х

3

Жұмыссыз халық

51,1

52,0

0,9

101,8

Жалпы жұмыссыздық деңгейі, %

5,0

4,9

-0,1

х

 4

Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас),%

3,7

3,1

-0,6

х

 5

Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі,%

5,0

4,9

-0,1

х

Жұмыспен қамтылған халық құрылымында экономика салалары бойынша айтарлықтай үлес ауыл, орман және балық шаруашылығына – 31,9% және бюджеттік салаға (мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру) – 20,5% тиесілі, яғни жартысынан астамы (52,4%) табысы жоғары емес салаларда жұмыс жасайды. Өнеркәсіпте жұмыспен қамтылу - 6,8%-ті, құрылыста – 7,2%, саудада – 11,8%, басқа салаларда 21,8%-ті құрады.
Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

қызмет түрлері бойынша

21,8%

11,8%

Облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай соңғы жылдары жеткілікті тұрғыда тұрақты болып сақталуда: шағын бизнес саласында кәсіпорындар саны өсуіде; жұмыс орындары мен бос орындар саны өсуде; білікті еңбекке сұраныс пен ұсыныс артуда.

Жұмыспен қамту жүйесінде жағымды өзгерістер байқалады, алайда, шешілмеген мәселелерде сақталуда. Ауылдық жерлерде бос жұмыс орындарының жеткіліксіз болуы сақталуда, бұл ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығына, негізінен өзінің аула шаруашылығында жұмыс жасайтын жұмыс күшінің көп болуына, ауыл халқының төмен білікті деңгейіне, мамандық бойынша жұмыстың болмауына байланысты.

Нәтижесінде, еңбек нарығында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы арасында теңсіздік орын алады, әсіресе жастар, мүгедектер, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы жұмыс жасамайтын және зейнеткерлік алдындағы жастағы адамдар арасында. Аталған санаттағы халықты жұмыспен қамту мақсатында облыста халықтың әлсіз жігімен нысаналы жұмыс жүргізуді көздейтін, Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің кешенді жоспары әзірленді.

2014 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселесі бойынша жүгінгендендің саны 19,4 мың адамды құрады (2012ж.- 21,6 мың). Олардың ішінде 17,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту мәселелері бойынша жүгінген адамдардың ішінде жұмысқа орналастырылғандар үлесі 91,8%-ті құрайды (2012ж. – 90,7%). Жүгінген нысаналы топтың ішінен тұрақты жұмыс орнына орналастырылғандар үлесі 61,2%-ті құрайды (2012ж.-65,7%).

Облыста 62,3 мың мүгедектер тұрады немесе жалпы халық санынан - 3,1%.

Олардың ішінен 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жұмысқа қабілетті мүгедектер саны 20 мың адамды құрайды, оның ішінде 11,5 – жұмыс жасайтындар және 8,5 мың - жұмыс жасамайтындар.

Үш проценттік квота бойынша тұрақты жұмыс орындарына 1404 мүгедек жұмысқа орналастырылды немесе жұмыс жасамайтындар санынан - 16,5%.

2014 жылы экономиканың түрлі салаларында 20700 жұмыс орны құрылды, 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8,5%-ке артты (2012 ж. - 19084).

Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020 бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыста жұмыссыздар, өз ісімен шұғылданушылар және аз қамтылған азаматтар қатарынан соңғы үш жылда 21,8 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бағдарлама әрекет етіп бастағаннан бері сұранысұа ие мамандықтар бойынша оқытумен 8,0 мыңнан астам адам қамтылды. Оқуды аяқтағандан қатарынан тұрақты жұмыс орындарына 74%-і жұмысқа орналастырылды.

Жалпы облыс бойынша Жұмыспен қамту картасына сәйкес, жыл сайын еңбек ресурстарының 3,0-ден 3,9 мың адамға дейін аз ғана артылуы байқалады, осыған байланысты жылдар бойынша еңбек нарығында шиеленіс артпайды және бір жұмыс орнына орташа есеппен 2 жұмыссыз үміттенеді. Жалпы облыс бойынша 2015-2017 жылдарға еңбек ресурсына деген қажеттілік жалпы 47,7 мың жұмыс орнына анықталды.

Қызмет көрсету және туризм саласының дамуы аспазшы, кондитер, туризм және қонақ үй шаруашылығы бойынша менеджер, дизайнер және т.б. сияқты қызмет саласындағы мамандарға сұраныстың артуына ықпал етеді.

2012 жылы облысқа 716 шетел жұмысшылары тартылды, олардың ішінде 73,8% - жоғары білікті мамандар, 2014 жылы 1308 жұмышы тартылды, олардың 58,9%-і жоғары білікті мамандар. Тартылған шетел қызметкерлерінің жалпы тізімдегі жұмысшылар санындағы үлесі 2012 жылғы 6,2%-ке қарағанда 2014 жылы 7,7%-ті құрады, тартылатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы жергілікті атқару органдарының берген рұқсаттары бойынша білікті мамандардың үлестік салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға квота бойынша) 75,9%-тен 63,3%-ке дейін төмендеді.

2012 жылдың 1 қаңтарынан бері облыста «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» ААЖ қолданысқа енгізілді, ол еңбек жағдайын, өндірістік жарақаттар серпінін, еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтарды және еңбекті қорғау және оларды бұзушылықтарды жоюды есепке алуға және мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары өндірістік жарақаттану деңгейі облыста тұрақты азаю үрдісіне ие. атап айтсақ, 2014 жылдың қорытындысы бойынша өндірісте 63 адам зардап шекті, оның ішінде 16 адам қаза тапты, 2012 жылы 83 адам, оның ішінде 18 адам қайтыс болды. Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққанда оқыс оқиғалардың жиілік коэффициенті) 2012 жылғы 0,19%-тен 2014 жылы 0,17%-ке төмендеді.

Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауларын қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мақсатында жүйелі мемлекеттік бақылау жалғасуда.

2014 жылы өткізілген тексерулер қорытындылары бойынша еңбек заңнамасын бұзудың 2100 жағдайы анықталды, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша – 417. 2012 жылмен салыстырғанда 22,0%-ке кеміді.

Облыста БАҚ-та еңбек заңнамасы бойынша 70 сөз сөйлеулер және 193 түсіндіру семинарлары мен оқытулар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, анықталған еңбек заңнамасын бұзудың жалпы санына қарағанда жойылған бұзушылықтардың үлесік салмағы 96,5%-ті құрады (2012ж.-95,5%).
Негізгі мәселелер:


  • жұмыссыздық, әсіресе жастар мен әйелдер арасында сақталуда;

  • өз бетімен жұмыспен қамтылғандар саны айтарлықтай болып отыр;

  • жұмыс күшіне сұраныс мен ұсыныстың сәйкессіздігі, ол жоғары білімі бар мамандардың артықшылығы мен білікті жұмысшылардың жетіспеушілігімен күрделенеді;

  • еңбек және өндірістік тәртіпті бұзу сақталуда.


Халықтың өмір сүру деңгейі

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 3,2%-тен 2014 жылы 2,5%-ке дейін қысқарды (ҚР-2,8%). Оның ішінде қалада - 3,1%-ден 2,3%-ке, ауылда – 3,3%-тен 2,5%-ке. Яғни бұл көрсеткіш қалалық жерлерге қарағанда ауылдық жерлерде жоғары.

Орташа айлық атаулы еңбек ақы күнкөріс минимумынан 4,4 есеге жуық асады және 87 мың теңгені құрайды.

2014 жылы МӘК табысы кедейлік деңгейінен төмен 4701 азаматтарға тағайындалды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 22%-ке аз. Талдау көрсеткендей, әлеуметтік жәрдемақыны алушылар негізінен балалы отбасылар – 65,6% және балаларға күтім жасайтындар -10,3% болып табылады.

Тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың жалпы санынан МӘК алушылар үлесі 9,6%-тен 7,0%-ке дейін төмендеді, ал мекен-жай әлеуметтік көмегін алушылар санынан жұмысқа қабілеттілерінің үлесі 30,0%-ті құрайды (2012 ж. - 30,4%).

2012 жылы 18 жасқа дейінгі 47,1 мың бала балалар жәрдемақысын алды, 2014 жылы - 44,0 мың бала алды, яғни 3,1 мың балаға азайды. 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алушылардың (МБЖ) үлестік салмағы өткен жылға қарағанда 2012 жылғы 91,2%-ке 2014 жылы 99,0%-ті құрады.

Тұрғын үй көмегін алушылар саны қарастырылатын кезеңде 2012 жылғы 13239 адамнан 2014 жылы 11017 адамға азайды немесе 16,8%.

Облыста 62,3 мыңнан астам қолдауға мұқтаж мүгедектер бар немесе халықтың жалпы санынан - 3,1%.

Облыста мүгедектер баратын 7177 инфрақұрылым объектілері бар, олардың 2177-і паспорттаудан өтті.

Паспортталған объектілердің ішінде бірінші кезектегі бейімделуге 1485 объект жатады, оның ішінде 81-і стандарттарға сәйкес келеді, 1365 объектіні бейімдеу қажет.

2015 жылдың 1 қаңтарына 294 объектіні бейімдеу жүргізілді, оның ішінде 100 объект толық бейімделуден өтті.

Нәтижесінде, паспортталған әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілерінің жалпы санынан мүгедектерге қол жетімді әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі 2012 жылғы 4,6%-ке қарағанда 40,2%-ті құрады.

Облыс тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету үшін 1948 орынды 10 медико-әлеуметтік мекемелер, қарттар мен мүгедектерге арналған 2 интернат-үйін, ересектерге арналған 4 жүйе-неврологиялық, балаларға арналған 2 жүйе-неврологиялық МӘМ, 2 қалпына келтіру орталықтарын қамтитын мекемелер жүйесі құрылған. Сонымен қатар, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 51 бөлімшелер 2014 жылы 4205 мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетті, Талдықорған қаласындағы және Көксу ауданындағы балаларға арналған 2 қалпына келтіру орталықтарында 127 мүгедек балалар қалпына келу курсынан өтті.

Барлығы арнайы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі көрсетіледі, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылғандардың үлестік салмағы (оларды алуға мұқтаж жандардың жалпы санынан) 2012 жылғы 87,2%-ке қарағанда 2014 жылы 97,7%-ке дейін артты. 2012 жылмен салыстырғанда арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылғандар саны 10%-ке артты.

Жекеменшік сеторы (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) көрсететін арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлесі 2,1%-ті құрайды.

Қалпына келтіру қызметтерін мүгедектердік тұрғылықты жерлеріне жақындату мақсатында аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде 19 қалпына келтіру кабинеттері ашылды, олар мүмкіндігі шектеулі 461 баланы қамтиды.



Сонымен қатар, облыстың әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі барлық мұқтаж жандарға толық көлемде және жеке қажеттілік бойынша қызмет көрсетуге кепілдік бере алмайтындығын атап өту қажет. Жүйке-неврологиялық интернат-үйлеріне орналастыру үшін кезекте 150-ден астам адам тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет