Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы



жүктеу 2.87 Mb.
бет7/19
Дата09.09.2017
өлшемі2.87 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар

  1. Облыста жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі: 4,9% (ҚР - 5,0%);

  2. Облыс халқының жұмыспен қамтылуына ықпал етудің кешенді жоспары әзірленді;

  3. 2 жылда ММӘК жүгінгендер санының 43,8%-ке төмендеуі;

  4. Орташа төлем көлемінің 1,2 есе өсуі, бұл жеке мекен-жай көмегінің күшеюін білдіреді;

  5. Мекен-жай әлеуметтік көмегін алушылар құрамында жұмысқа қабілетті халықтың үлестік салмағының 30,4%-тен 30,2%-ке дейін төмендеуі;

  6. Мүгедектердің қоғамда интеграциялануы бойынша шараларды жүзеге асыру.




Әлсіз жақтар

  1. Жастар мен әйелдер арасында жұмыссыздықтың сақталуы;

  2. Еңбек нарығында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының теңсіздігі;

  3. Экономиканың мамандарға деген қажеттілігін анықтау тетігінің жоқтығы;

  4. Жекелеген өңірлерде білікті мамандардың жетіспеушілігі байқалады;

  5. Әсіресе ауылда тұрақты жұмыс орындарының болмауы;

  6. Медико-әлеуметтік мекемелерде медициналық білімі бар білікті мамандардың жетіспеушілігі;

  7. Арнайы әлеуметтік көмек көрсететін мамандарға еңбек ақы төлеу деңгейінің төмендігі;

  8. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің барлығы мүгедектерге қол жеткізумен және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген;

  9. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы.

Мүмкіндіктер

  1. Тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына орналастыру, кәсіби дайындыққа және қайта дайындауға, қоғамдық жұмыстарға жіберу, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, сондай-ақ мекен-жайлық сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмекті оңтайландыру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану;

  2. Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес, жұмыссыз халықты кәсіби дайындау және қайта дайындау бағдарламаларын жүзеге асыру;

  3. Өңірде дайындау жүргізілмейтін мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту;

  4. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік бағдарламалардың белсенді спекторларын кеңейту;

  5. Ауыл халқына басымдық таныта отырып, жұмыссыз және пайдасыз өз ісімен шұғылданушылардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға ықпалдасу;

  6. Жобалау және құрылыс кезінде ғимараттар мен құрылыстардың мүгедектер үшін қол жетімділігін қамтамасыз ету нормаларын сақтау;

  7. Жұмыс орындарында еңбек жағдайын жақсарту;

  8. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша әзірленген ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау.

Қауіптер

  1. Экономикалық дағдарыстың теріс әсерінің салдарынан жұмыссыздықтың өсуі;

  2. Коммуналдық қызметтерге тарифтердің артуы тұрғын үй көмегін алушылардың көбеюіне алып келеді.




Негізгі мәселелер:

  • табыстың төмен деңгейі, о.і. ауыл халқының;

  • барлық мұқтаж жандарды арнайы әлеуметтік қызметтермен толық қамтымау;

  • жүйе-неврологиялық медико-әлеуметтік мекемелерде орын тапшылығы;

  • мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімді өмір сүру ортасының жеткіліксіздігі.


Білім беру

2011 жылдан 2015 жылдар аралығында білім саласында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілді, оның аясында обылста білім берудің қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ету шараларын жүргізілді.



Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру

Мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін сақтау және кеңейту, 5-6 жас аралығындағы балаларды мектеп алды дайындаудың қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының жүйесі 55 ұйымға көбейіп, орын саны 12%-ке артты. Алайда, мектепке дейінгі мекемелердің қажеттілігі орташадан жоғары: 1,3 – 1,7%.

3-тен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту облыс бойынша 62,9%-ті құрайды (48741 бала), оның ішінде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін дамыту есебінен – 40,2%.

Балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтудың 73,8%-тен 83,8%-ке дейінгі айтарлықтай үлесі Алакөл, Ақсу, Көксу, Жамбыл аудандарына және Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларында байқалады. Қамтудың төмен көрсеткіштері Қарасай (43,0%), Еңбекшіқазақ (53,5%), Панфилов (53,6%), Ескелді (59,2%), Сарқан (59,2%), Іле (58,8%) аудандарында орын алған. Мектепке дейінгі мекемелерге кезекте тұрған балалардың саны – 39911 адам, оның ішінде 21077 адам немесе 52,8% - 1-ден 3 жасқа дейінгі балалар (1-кесте). Орынға деген қажеттілік Еңбекшіқазақ (13,5%), Қарасай (12,5%), Талғар (12,5%), Іле (9,9%) аудандарында және Қапшағай (5,1%), Талдықорған (27,7%) қалаларында байқалады.


1-кесте – Мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін дамыту серпіні

Балабақшалар саны/қамтылған балалар

Шағын орталықтардың саны/қатылған балалар

3-тен 6 жас аралығындағы балаларды жалпы қамту

%

01.01.2015 жылға кезекте тұрған адамдардың болуы

2012ж

2013ж

2014ж

2012ж

2013ж

2014ж

2012ж

2013ж

2014ж

204/

27800


227/

30453


266/

33600


428/

15697


436/

15335


421/

15141


53,5

58,5

62,9

39911


Орта білім

Орта білімде 12 жылдық жалпы орта білімге ауысуға дайындық, білім берудің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде, әрбір жанды қаржыландыруға ауысу пилоттық тәртіпте пысықталуда.

Қазіргі уақытта 754 күндізгі жалпы білім беретін мектептер әрекет етеді, оның ішінде 747 мемлекеттік мектептер: 737 – жалпы білім беретін, 2 – ведомстволық, 7 – коррекциялық және қосалқы, «Назарбаев зияткерлік мектебі» және 7 жекеменшік мектептер бар. Мектеп оқушыларының саны 334,9 мың адамды құрайды. Жалпы білім беру мекемелеріне деген қажеттілік жоғары болып отыр – 1,8%, жалпыорта білім беру ұйымдарының мемлекеттік жүйе нормативіне сәйкес жұмыс жасауын қамтамасыз ету көрсеткіші 98,2%-ті құрайды.

2012 жылдан 2014 жылдар аралығында 12435 оқушы орнына 37 жаңа мектеп іске қосылды, 173 білім объектілері күрделі жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар 173 мектеп немесе жалпы мектептер санынан - 24% - бейімделген, 6 мектеп – апаттық жағдайда, оның ішінде 2015 жылы 5 мектеп енгізіледі, 2017 жылы – бір мектеп, 49 мектепте үш ауысымда білім беріледі, оқушылар орынының тапшылығы мәселесі әлі алынған жоқ. Мектептердің үштен бір бөлігі күрделі жөндеуді қажет етеді, 432 мектеп (58,3%) 1930-1980 жылдары аралығында салынған.

Бейімделген ғимараттарда орналасқан мектептердің айтарлықтай үлесі Кербұлақ, Алакөл, Ақсу, Райымбек аудандарына тиесілі.

12772 бала контингенті бар қосымша білім беретін мектептен тыс 36 мекеме бар, олардың қатарында 8 – оқушылар сарайлары 1 – жас натуралистер станциялары, 2 - жас техниктер станциялары, 1 – жас туристер станциялары, 11 – балалар өнер мектептері, 12 - музыка мектептері, 1 – көркемөнер мектебі. Қосымша білім берумен қамту балалардың жалпы санынан 2012 жылғы 3,6%-ке қарағанда 4,1 %-ті құрайды.

2013-2014 оқу жылы облыстың 61 мектебінде 103 штаттық бірлік енгізілді, олардың ішінде 60 педагог-дефектологтар және 43 логопедтер бар, 225 бала қамтылды.

Табиғи-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын сәтті игерген оқушылардың үлесі 2014 жылы 2012 жылғы 48,0%-ке қарағанда - 50,0%-ті, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 48,0%-ті (2012 жылы – 48,5%) құрайды. Халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын оқушылар саны 2012 жылғы 124 адамнан 2014 жылы 155 адамға дейін артты.

Ыстық тамақпен қамту 2012 жылғы 491 мектепке қарағанда 531 мектепте ұйымдастырылды. Сәйкес мектептер жоқ шалғайдағы елді мекендерде жеткізуге мұқтаж 16385 баланың 14301-і үшін мектепке жеткізу ұйымдастырылды, бұл - 87,2 %, 71 оқушы мектеп-интернаттарға орналастырылды (0,4%) және 111 оқушы туысқандарының үйінде тұрады (0,6%).

Оқулықтар алуға бөлінетін қаражат жыл сайын артуда, бұл облыс мектептерінде оқулықтармен қамтылудың 2012 жылғы 99,2%-тен 2014 жылы 100,0%-ке дейін жақсаруына оң әсерін тиігізді.

Облыста мектептердің 78%-і кең жолақты Интернет желісіне қосылған, 582 мектепте немесе 87,3% 2201 интербелсенді тақталар орнатылған, 355 мектеп немесе 48,3% лингафон кабинеттерімен, мектептердің 44,4%-і жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталған. Компьютермен қамтылу 1 компьютерге 11 оқушыны құрайды (2012ж. – 12,0).

2012-2014 жылдары электрондық оқыту жүйесі енгізілді, оған 140 білім ұйымдары қосылды, оның ішінде 134 мектеп және 6 колледж.

Техникалық және кәсіби білім беру және жастарды қолдау

Облыста 70 техникалық және кәсіби білім беру мекемелері әрекет етеді, олардың 26-ы (37,1%) ауылдық жерлерде орналасқан, 3 колледж ІІМ жабық мекемелерінде орналасқан. Мемлекеттік – 41 және жекеменшік 29 колледждер бар.

Барлығы 67 мамандық және 115 біліктілік бойынша 32,2 мың шәкірт білім алуда, оның ішінде 17,1 мың немесе 53,1 % - мемлекеттік тапсырыс бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім алады. Оқытушылар құрымының саны – 3123 адам.

2015 жылы оқуға 11304 адам қабылданды, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 6049 адам. 11134 маман шығарылды.

Бір мемлекеттік және 5 жекеменшік колледждерді жабу есебінен 2012 жылмен салыстырғанда оқушылар саны 5382 адамға қысқарды, қабылдау - 3207, мамандар шығару 1481 оқушыға азайды.

Үлгілі жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіби білім берумен қамту үлесі 2014 жылы 8,6%-ті құрады (2012 ж. – 9,2%).

Үлгілі жастағы жастарды қамту үлесі 2015 жылғы бағалау бойынша төмендеп, 8,3%-ті құрайды.

Аталған көрсеткішті арттыру үшін, жұмыс кәсіптері бойынша мамандар дайындайтын колледждер жоқ Іле, Кербұлақ және Ескелді аудандарында 3 колледж, Талғар агробизнес және менеджмент, Талғар политехникалық , Талдықорған музыкалық және Бастөбе сервистік-техникалық 4 колледжге жатақхана салу қажет.

3 колледжде - Қапал және Көлсей кәсіби-техникалық, Бастөбе сервистік-техникалық колледждерінде өндірістік сабақтар өткізу және алғашқы тәжірибелер алу үшін шеберханалар сауда қажет.

Жаңа техникалық кәсіптерді ашу үшін білім мекемелер шеберханаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет. Бүгінгі таңда ТжәнеКБ мекемелерінің 39%-і заманауи құралдармен жабдықталған.

ТжәнеКБ мекемелерін материалдық-техникалық нығайту және ғимараттарын күрделі жөндеу талап етіледі.

Облыс кәсіпорындарымен әлеуметтік әріптестікті жақсарту есебінен, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған және оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан техникалық және кәсіби білім беру мекемелерін бітірушілердің үлесі 2014 жылы көбейіп, 2012 жылғы 62,1%-ке қарағанда 72,8%-ті құрады.

Алайда, бағалау бойынша 2015 жылы бұл көрсеткіштің өндіріс көлемінің және экономикадағы орын алған жағдайға байланысты қызмет көсрету саласының қысқаруы салдарынан төмендеуі күтілуде.
1-сурет – ТжәнеКБ мекемелерін бітірушілердің жұмысқа орналасу серпіні

Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру және нақты сектордың сұранысы мен ТжәнеКБ ұсыныстарының өзара айырмасын қысқарту мақсатында облыстық деңгейде мамандар дайындау жөніндегі кеңес құрылды, оқыту жүйесінің дуальді технологиясы енгізілуде.

2012 жылы дуальді оқу жүйесі бойынша 8 оқу орындарында 11 мамандық бойынша 28 кәсіпорында студенттердің жалпы санынан 1,8%-тен қамтумен білім алды. 2015-2016 оқу жылында дуальді білім алуға 18 оқу орындары мен 32 кәсіпорын тартылады, студенттерді қамту 2,1%-ті құрайды.

Жоғары және бірінші санаттағы мамандар үлесі 3 жылда 4%-ке азайды (2012ж. – 47%; 2014ж. – 43,3%). Сонымен қатар, қазіргі санатқа төленетін қосымша ақы біліктілікті арттыруды ынталандырмайды.

Білім сапасын арттыру үшін материалдық-техгникалық және кадрлық қамтамасыз ету мәселелерімен қатар, мемлекеттік колледждерді тәуелсіз аттестациядан өткізу мәселесі де басымдыққа ие. Аттестациядан өту үшін мемлекеттік колледждео қаржыландыруды талап етеді, ол әрекет етуші бюджетте көзделмеген.



Балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жүйесі

2014 жылы облыста мүмкіндігі шектеулі 10061 бала болатын, оның ішінде 29%-і мектепке дейінгі және 71%-і мектеп жасындағы балалар. Олардың ішінде арнайы білім берумен 2014 жылы - 10,3%, 2012 жылы 10,1% қамтылды. 7 арнайы ұйымдармен қатар 147 жалпы білім беретін мектептерде (20%) мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша жағдай жасалған. Бұл мектептерде дені сау қатарластарымен бірге 1494 (13%) мүмкіндігі шектеулі балалар білім алады, республика бойынша бұл көрсеткіш 10%-ті құрайды, 1445 адам үйде білім алады.



Педагог мамандар

2014 жылы облыс мектептерінде 2012 жылғы 34380 адамға қарағанда 34495 педагог мамандар жұмыс жасайды. Барлығы жоғары білімді – 30798, орта арнайы педагогикалық білім бар 3697 педагог бар. жоғары санатқа - 6437, бірінші санатқа - 11249, екінші санатқа – 9467 педагог ие, санаты жоқ оқытушылары саны - 7342.

Жоғары педагогикалық білімі бар педагогтар үлесі 2014 жылы 2012 жылғы 87,8%-ке қарағанда 89,3%-ті құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде 2012 жылғы 71,6%-тен 2014 жылы 72,5%-ке артты.

Деңгейлік курстар бойынша сертификатталған барлық педагогтар үшін базалық лауазымдық жалақыларына 1 деңгейге – 100%, 2 деңгейде – 70%, 3 деңгейге – 30% үстемақы көзделген.

2014-2015 оқу жылында облыс мектептеріне 906 жас мамандар келді, оның ішінде 697 маман ауылдық жерлерге келді.

Жаздық демалысты ұйымдастыру:

Жаз мезігілінде облыста 34 қала сыртындағы балаларға арналған сауықтыру лагерлері жұмыс жасайды, олардың ішінде 10 – мемлекеттік және 24 – жекеменшік. Балқаш, Іле, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан, Ұйғыр аудандарында қала сындарғы лагерлер жоқ. 2012-2014 жылдары қайта жаңғырту есебінен 2 лагерь ашылды және 1 лагерь мемлекеттік меншікке берілді.

2014 жылы сауықтырумен қамту 2012 жылғы 55,0%-ке қарағанда - 55,3%-ті, 2015 жылы 58,5%-ті құрады. Жұмыспен қамту 2012 жылғы 42,0%-ке қарағанда 2014 жылы - 42,3%-ті, 2015 жылы 50,0%-ті құрады.
Жастар саясаты

2014 жылы 14-тен 29 жас аралығындағы облыс жастарының саны 486,7 мың адамды құрады (2012 ж. – 496,7 мың адам).

Облыстық жастар саясаты орталығы және облыс аудандары мен қалаларында 19 ресурстық жастар саясаты орталықтары жұмыс жасайды. ауылдық округтер әкімдіктерінің жанында жалпы 253 адамнан тұратын нұсқаушылар жұмыс жасайды.

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда жастардың қоғамдық бірлестіктерінің саны 12 бірлікке артып, 54 берлікті құрады, олардың қатарында «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан жастары конгрессінің облыстық филиалы, Қазақстан студенттерінің альянсы, Ауыл жастарының одағы және басқалары бар.

2014 жылы 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі облыста 7,4%-ті құрады. 2012 жылмен салыстырғанда (9,3%) 1,9 проценттік тармаққа төмендеу байқалады.

Өткізілген социологиялық сауалнаманың қорытындылары бойынша 2014 жылы 14-тен 29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырылуымен қанағаттану деңгейі жалпы сауалнама жүргізілген 300 адамның 60,7%-н құрады. 2012 жылмен салыстырғанда (52,5%) бұл көрсеткіштің жақсарғаны байқалады.



Жастардың қанағаттану деңгейін әрі қарай жақсарту үшін мемлекеттік тапсырысты арттыру, Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020 бағдарламасын жүзеге асыру және Бизнестің жол картасы – 2020, Агробизнес-2020 аясында жастар кәсіпкерлігін қолдау есебінен білім берумен қамту шаралары қабылданатын болады.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

  1. Жаңа мектепке дейінгі мекемелерді ашу есебінен балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтуды арттыру;

  2. Апаттық және 3 ауысымды мектептердің орнына жаңа мектептер салу;

  3. Орта білім беруді әрбір жанды нормативтік қаржыландыру әдісін байқап көру қаржыландырудың жаңа нысандарына ауысуды жеңілдетеді;

  4. ТжәнеКБ дуальді білім беруді енгізу;

  5. Өңірдің жетімдер мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі бастамаларының сәттілігі;

  6. Жастар саясаты бойынша іс-шараларды үнемі өткізу.




Мүмкіндіктер (O)

  1. Апаттық және үш ауысымды мектептердің орнына бюджет есебінен жаңа мектептерді салу;

  2. Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту деңгейін 2020 жылға 100%-ке жеткізу және мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында заманауи мектепке дейінгі мекемелердің құрылысын бюджеттік қаржыландыруды кеңейту және жекеменшіктік қаржыландыруды ынталандыру;

  3. Білім беру ұйымдарын жарақтандыру, о.і. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа үлгідегі кабинеттермен қамтамасыз ету;

  4. Білім беруді дамытудың мемелекеттік бағдарламасының аясында мектеп педагогтарының біліктілігін үш деңгейлі жүйе бойынша арттыру;

  5. ТжәнеКБ бітірушілерін Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының объектілеріне жұмысқа орналастыру;

  6. Жастармен жұмыстың байқап көрілген әдістерін қолдану, жастарға арналған бренді шараларды тұрақты жүргізу.




Әлсіз жақтар (W)

  1. Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарына кезектілікті сақтау;

  2. Апаттық, үшауысымды мектептердің болуы және орын тапшылығы;

  3. Облыстың 3 ауданында кәсіби лицейлердің болмауы;

  4. ТжәнеКБ ұйымдарында жатақханалардың тапшылығы;

  5. Колледждерде өндірістік оқуларды өткізу және алғашқы тәжірибелерді алу үшін шеберханалардың жоқтығы;

  6. Жекелеген ТжәнеКБ мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нашарлығы және ғимараттарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;

  7. Жастардың нысаналы топтарын толық қамтымау.

Қауіптер (T)

  1. Мектепке дейінгі білім беру саласының жеткіліксіз қаржыландырылуы мектепке дейінгі жастағы балаларды қамту деңгейінің төмен және мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасының нашар болуын түсіндіреді;

  2. Қолданыстағы мерзімі 45 жылдан астам мектептер санының көптігі;

  3. Өндірістік білім беру оқытушылары мен шеберлерінің еңбекақы көлемінің төмен деңгейіне байланысты, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінен кетуі;

  4. Халық тарапынан жастар шараларының қабылданбауы.

Негізгі мәселелер:

  • облыстың мектепке дейінгі мекемелерінде орын тапшылығы;

  • апаттық және үш ауысымды мектептердің болуы;

  • бейімделген мектептердің болуы;

  • оқушы орындарының тапшылығының болуы;

  • күрделі жөндеді қажет ететін мектептердің болуы;

  • білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту;

  • білім берудің қосыша ұйымдарының жетіспеушілігі;

  • оқығысы және жұмыс жасағысы келмейтін жастар бар.


Денсаулық сақтау

Облыста 935 денсаулық сақтау ұйымы бар, оның ішінде 777 мемлекеттік және 158 жекеменшік (91,0%-і ауылдық жерлерде орналасқан). Сонымен қатар 441 ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелер бейімделген ғимараттарда, 67 жалдамалы ғимарттарла орналасқан.

Облыстың 50 адам және одан артық халқы бар барлық елді мекендері медициналық ұйымдармен толығымен қамтамасыз етілген. Әрекет етуші жүйелерді және шататтық санды нормативтерге сәйкестендіру үшін 2012-2014 жылдары 10 медициналық пункттер дәрігерлік амбулаторияларға қайта құрылды, 5 нейроинсульттік бөлімшелер ашылып, қосымша 2,9 мың штаттық бірлік бөлінді.

2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы медициналық ұйымдар жүйесі 71 бірлікке азайды: Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Панфилов, Талғар аудандарында 5 аудандық емханалар, Қапшағай қ. қалалық емханасы, Талдықорған қалалық балалар емханасы орталық аудандық, қалалық ауруханалар және Талдықорған қалалық емханасының құрамына қосылды, 39 СЭС ұйымдары ҚР ДМ құрамынан шығарылды, Ақсай АБКА ҚР ДМ ведомствосына өтті, 26 денсаулық сақтау ұйымдары Алматы қаласының ДБ басшылығына ауысты.

Жатын орын саны Ақсай республикалық балалар ауруханасының республикалық ведомстволыққа берілуіне байланысты 2012 жылғы 9059 төсектен 2014 жылы 8964 төсекке азайды, 10 мың адамға шаққанда қамту деңгейі 46,0-ге жетті (2012ж.-47,4).

Дәрігерлер саны 4154 адамнан 4493 адамға дейін 8,2%-ке артты, оташа медициналық қызметкерлер саны 12152 адамнан 12381 адамға дейін – 1,9%-ке, 10 адамға шаққанда қамтылу деңгейі, сәйкесінше 21,3-тен 23,4-ке, орта медқызметкерлермен қамтылу 62,4-ке қарсы 64,4-ті артты. Ауылдық денсаулық сақтау мамандарының көпшілігі зейнеткерлік алдындағы және зейнекерлік жастағы мамандар болып табылады (30,0%-тен астамы). Облыста дәрігерлер тапшылығы 205 адамды құрайды, олардың ішінде ауылда - 120. Елдің медициналық ЖОО-ның бітірушілері еңбекақының төмен болуына байланысты денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторна жұмысқа орналасады.


Медицина мамандары


(ҚР – 91,9)

Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 192 бірлік санитарлық автокөлік, оның ішінде 58 реанимобиль сатып алынды, шамамен 7,0 млрд. теңгеге медициналық құралдар алынды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде медициналық құралдармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жарақтандырылу проценті 44,0%-тен 78,8%-ке жақсарды. Санитарлық автокөлікпен орталық аудандық және қалалық ауруханалар - 98,0%-ке, ауылдық ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар – 97,0%-ке, облыстық және қалалық ұйымдар 98,0%-ке қамтамасыз етілді.

«100 мектеп және 100 аурухана құрылысы» жобасының аясында 8 объект салынды: 18,8 млрд.теңге сомасына Еңбекшіқазақ ауданының Есік және Талғар ауданының Талғар қалаларында 2 орталық аудандық ауруханалар, Іле ауданының Өтеген батыр кентінле ауысымына 450 келіп-кетушіге арналған, 200 жатын орынды өңірлік балалар ауруханасы, Алакөл ауданының Достық кентінде 50 жатын орынды ауылдық аурухана, Балқаш ауданының Бақанас ауылында 40 жатын орынды туберкулез ауруханасы, Қарасай ауданының Қаскелең қаласында 60 жатын орынды перзентхана, Жамбыл ауданының Қазыбек бек ауылында 15 жатын орынды ауылдық аурухана және Райымбек ауданының Кеген ауылында ауысымына 250 келіп-кетушіге арналған емхана салынды.

«350 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы» бағдарламасының аясында облыста 2012-2014 жылдары 38 дәрігерлік амбулатория, бір фельдшерлік-акушерлік пунтк және Көксу ауданының Балпық би кентінде емхана салынды.

Жалпы үш жылда 60 объект салынып, қайта жаңғыртылды, 64 объект күрделі жөнделді.

Сонымен қатар, облыста респубилкамен салыстырғанда емханалардың жетіспеуі жоғары деңгейде – 1,8%, стационарларға деген тапшылық орташа деңгейден жоғары -1,3 – 1,7%. БҰДЖ маңызды буыны болып алғашқы медико-санитарлық көмек табылады.

Қазіргі уақытта ДАП-нің жарақтануы - 83,5%-ті, терапевттік бөлімшелер – 87,7%, педиатрия 83,0%-ті құрайды.

Денсаулық сақтау шығындарының жалпы көлемінен АМСК шығындарының деңгейі облыста 2015 жылы 51,8%-ті құрады.

2014 жылы денсаулық сақтаудың амбулаторлық-емханалық ұйымдарымен 16064,2 мың келіп-кетуші пациенттерге қызмет көрсетілді (2012 жылы – 161302,1 мың келіп-кетуші), 1 тұрғынға шаққанда келіп-кету саны 2012 жылғы 8,2-ге қарағанда 8,1-ді құрады. 2014 жылы келіп-кету санының азаюы облыстың 26 денсаулық сақтау ұйымының Алматы қаласының ДБ-на беруіне байланысты.

Жыл сайын АМСК мамандарының жалпы санынан жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің үлестік салмағы артуда, 2014 жылы бұл көрсеткіш 30,0%-ті құрады. Амбулаторлық-емханалық қызмет пен жедел медициналық жәрдем қызметі арасында өзара алмасу жөнге қойылды, бұл АМСК ұйымдарының жұмыс жасау кезінде жедел жәрдем шақырулар санының 32,6%-ке азаюына алып келді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, облыс азаматтарының туған кездегі өмір сүруінің болжамды ұзақтығы 2012 жылмен (69,93 года) салыстырғанда 1,8 жасқа көбейіп, 2014 жылы 71,75 жасты құрады, ал республикалық көрсеткіш – 71,6 жас.

Өткен үш жылдық кезеңде әлеуметтік маңызды аурулардың таралуының және халықтың олардан қайтыс болуының бірқатар көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі байқалады. Атап айтсақ, туберкулезден қайтыс болу 3,7-ден 2,3-ке дейін - 37,8%-ке (ҚР – 4,4), қан айналымы ауруларынан қайтыс болу 181,2-ден 49,0-ге дейін 17,8%-ке (ҚР-161,0) төмендеді, АИЖ таралуын 0,2-0,6% шегінде тежеу (15-49 жас аралығындағы инфекцияны) жүргізілуде, облыс бойынша бұл көрсеткіш 0,13%-ті құрайды.

100 тірі босанған әйелге шаққанда ана өлімі 10,5-тен 9,7-ге дейін 7,6%-ке төмендеді, мұндағы республикалық көрсеткіш – 11,5. Ана өлімінің төмендеуіне өңірлендіру, қауіпсіз аналық және отбасын жоспарлау бағдарламаларын енгізуге байланысты қол жеткізілді.

1000 тірі туылған балаға шаққанда нәресте шетінеуінің деңгейі 2012 жылғы 11,6-дан 2014 жылы 8,9-ға дейін 23,3%-ке төмендеді.

Нәресте шетінеуінің төмендеуіне көліктік кювезі бар 4 реанимобильді сатып алуға, заманаиу медициналық аппаратураларды сатып алуға, балабақшалар мен босануға жәрдемдесу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, педиатр-дәрігерлердің, неонатологтардың, акушер-гинекологтардың және АМСК дәрігерлерінің білім деңгейін арттыруға байланысты қол жеткізілді.

Қатерлі ісік ауруларынан қатйыс болу көрсеткішінің 100 мың адамға шаққанда 2012 жылғы 76,88-ден 2014 жылы 80,0-ге дейін өсуі тіркегіш мәліметтерінің базасын қалыптастыруға байланысты. Қайтыс болған Алматы облысының пациенттері, қай жерде қайтыс болғандарына қарамастан, мекен-жайы бойынша облыста тіркеуден өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет