Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы



жүктеу 2.87 Mb.
бет8/19
Дата09.09.2017
өлшемі2.87 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

  1. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің оң серпіні:

- жалпы өлімнің төмендеуі;

- туберкулезден қайтыс болудың азаюы;

- қан айналымы жүйесінің ауруларынан қайтыс болудың төмендеуі;

- ана және нәресте өлімінің азаюы;



- халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы.

  1. Халық үшін дәрі-дәрмек құралдарының қол жетімділігін және сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техникамен жарақтануының жақсаруы (магниттік-резонанстық және компьютерлік томографтар).

  2. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің қол жетімділігін қамтамасыз ету (кардиохирургиялық орталықты, нейроинсульттік бөлімшені, бауыр және бүйрек диализдерінің орталықтарын ашу).

  3. Көлік медицинасын дамыту (жердегі және әуедегі көлігі бар санитарлық авиация бөлімшесі, 6 трассалық медициналық кешендер, 5 жылжымалы медициналық кешендер, жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған 4 реанимобиль).

  4. Облыстың денсаулық сақтау жүйесіне орта медқызметкерлерді дайындау үшін 2 мемлекеттік және 8 жекеменшік медициналық колледждердің болуы.

  5. Халықты медициналық қызметтер көрсету бойынша қанағаттандыру үшін туәлік бойы Бірыңғай Call-орталықтың жұмыс жасауы.

Мүмкіндіктер (О)

  1. Әлемдік деңгейдегі жаңа технологияларды енгізу, шебер-класстарды өткізу, шықпа айналымдарды жүргізу, барлық жерде жоғары тұрған буын мамандарының көмегімен диагностика жүргізуге және емдеу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік беретін телемедицинаны енгізу арқылы ауруды анықтау және емдеудің жаңа тәсілдерін дамыту.

  2. Алматы қаласының ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарын тартумен дәрігерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету (Алматы қаласының Алматы облысының елді мекендеріне жақын орналасуы).

  3. Емханалардың, дәрігерлік амбулаториялардың, қалалық, ауылдық ауруханалардың, перинаталдық орталықтың және перзентхананың құрылысы.

  4. Медициналық қызмет көрсету саласында жекеменшік денсаулық сақтау секторын тарту.

  5. Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болуды азайту үшін көлік медицинасын әрі қарай дамыту.

  6. Салауатты өмір салтын дамыту саласында облыс халқының денсаулығын нығайту бойынша ҮЕҰ-мен ынтымақтастық.

  7. Халық денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықтың науқастануын және өлімінің алдын алу және азайту бойынша әрі қарайғы ведомствоаралық өзара әрекеттестік (экология ІІД, халықтың құқығын қорғау жөніндегі комитетпен, халықтың құрылымдармен және басқа да ведомстволармен өзара әрекет).

Әлсіз жақтар (W)

  1. Дәрігер мамандарымен аз қамтылу;

  2. Емханалардың жетіспеушілігі;

  3. Стационарлар қажеттілігі;

  4. Медициналық ұйымдар үлгілі емес бейімделген ғимараттарда орналасқан;

  5. Медициналық ұйымдар жалдамалы ғимараттарда орналасқан.

Қауіптер (Т)

  1. Созылмалы аурулардың өсуі және бұрын белгісіз болған аурулардың пайда болуы.

  2. Халықтың тамақтану сапасының мәселелері және арудың алдын алуға және салауатты өмір салтын жүргізуге қатысты нигилизм.

  3. Ауылдық денсаулық сақтау дәрігерлерінің 30-35,0%-і зейнеткерлік алдындағы және зейнеткерлік жас аралығында, бұл алдағы уақытта дәрігер мамандарының тапшылығына алып келуі мүмкін.


Негізгі мәселелер:

  • емханалардың жетіспеушілігі;

  • стационарлардың қажеттілігі;

  • дәрігер мамандарының тапшылығы;

  • медицина қызметкерлерінің еңбекақы төлемінің төмен деңгейі;

  • медицина қызметкерлерінің тұрғын үймен жеткіліксіз деңгейде қамтамасыз етілуі;

  • ғимарат қажеттілігі бар.


Мәдениет

Облыста 558 мәдениет және мұрағат объектілері бар, оның ішінде 267 - кітапхана, 243 - мәдениет үйлері мен клубтар, 21 - мұражайлар, 2 - сурет галереясы, Б.Римова атындағы драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармония, «Алатау әуендері» МКҚК, облыстық халық шығармашылығы және тарихи-мәдени мұраны қорғау орталықтары, 2 - бейне мобильдер және 18 - мұрағат.

2012 жылмен салыстырғанда мәдениет мекемелерінің жүйесі 15 бірлікке артты, оның ішінде бұрын жұмыс жасамаған объектілерді жөндеу есебінен 6 кітапхана және 9 мәдениет үйлері ашылды.

Сонымен қатар халық саны 5000 және одан көп адамнантұратын 24 ауылдық елді мекенде мәдениет үйлері жоқ.

2012-2014 жылдары 3 объект салынды: Ұйғыр аудандық кітапханасының, Райымбек ауданының тарихи-өлкетану мұражайының, Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылында облыстық мұражайының ғимараттары. Барлығы 52 мәдениет және мұрағат объектілер күрделі жөнделді, оның ішінде 43 мәдениет үйлері, 3 кітапхана, 3 мұрағат және 3 мұражай бар. тағы 120 ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізу қажет.

40 мыңнан астам әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шаралар өткізілді (2012 ж.-34,1 мың). 2014 жылы мәдениет мекемелері 39,4 млн. теңгеге ақылы қызметтер көрсетті, 2012 жылмен салыстырғанда өсім 15,5%-ті құрады.

Облыс кітапханалары 604 компьютермен жабдықталған, нашар көретін және зағип жандарға арналған кітапхана - 4 тифлокомпьютерлермен, 2 оқу машиналарымен жарақтандырылған, 92 кітапхана Қазақстандық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесіне /ҚАКАЖ/, 50 кітапхана Интернет желісіне қосылған. Компьютерлермен жабдықталған кітапханалардың үлесі 2012 жылғы 65%-тен 2014 жылы 100%-ке көбейді. Кітап қоры 3,3%-ке артып, 4934,8 мың кітапты құрады.

Келушілер саны 2012 жылғы 71,2-ге қарағанда 79,9 мың адамға дейін 12,0%-ке артты.

2014 жылы театр 19609 көрермендерді қамтумен 102 спектакль қойды, бұл 2012 жылға қарағанда (88) 14 спектакльге артық. 2012-2014 жылдары театрдың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 8,9 млн. теңге бөлінді. Музыка-драмалық театрының үлгі ғимаратының құрылысы қажет.

2333 тарихи ескерткіштер бар, оның ішінде 454 – сәулет және қала құрылыс, 1857 – археология, 7 – табиғат ескерткіштері, 4 - ЮНЕСКО ескерткіштері, 8 – Республикалық маңызы бар ескерткіштер және 3 жаңа ескерткіштер.

Нәтижесінде, 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда театрға келушілер саны 1000 адамға шаққанда 6,6-дан 9,9-ге дейін - 1,5 есе, концерттік ұйымдарға – 9,7-ден 16,2-ге дейін – 1,7 есе, мұражайларға – 34,8-ден 44,5-ке дейін – 27,9%-ке ртты. Кітапханаға келушілер саны 155,1-ден 152,5-ке дейін төмендеді, келушілер санын арттыру үшін облыс кітапханаларын Қазақстандық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесіне /ҚАКАЖ/ және Интернет желісіне қосылу қажет.
Салының даму жағдайына SWOT-талдау:


Күшті жақтар

  1. халықтың жалпы мәдениетке деген артып келе жатқан қызығушылығы;

  2. бәскеге қабілетті мәдениет инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;

  3. шараларды өткізуден түсетін кірістердің өсуі.

Мүмкіндіктер

  1. халық саны 5000 және одан артық адамды құрайтын елді мекендерде мәдениет үйлерін ашу, музыка-дармалық театрының үлгі ғимаратының құрылысы, мәдениет және мұрағат объектілерінің ғимарттарын күрделі жөндеу және материалдық-техникалық базасын нығайту.

Әлсіз жақтар

  1. Әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы және әлеуметтік салаға инвестициялардың төмен деңгейде салынуы;

  2. Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының дамуын зерттеудің және танымал етудің жеткіліксіз деңгейі;

  3. Нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, өңірлердегі мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының төмен деңгейі, мамандандырылған кадрлардың тапшылығы.

Қауіптер

  1. Қолда бар артықшылықтарды орынсыз пайдалану.





Негізгі мәселелер:

  • мәдениет және кітапхана жүйелерінің жеткілікті дамымауы;

  • ауылдық кітапханалардың барлығы облыстық, ұлттық кітапханалардың ресурстарына қол жеткізе алмайды;

  • үйлер мен клубтар күрделі жөндеуді қажет етеді;

  • музыка-дармалық театрына үлгі ғимаратының құрылысы қажет.


Дене шынықтыру және спорт

Облыста дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысу үшін қол жетімді объектілердің саны 2014 жылы 3296 бірлікті құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 107 объектіге артық.

Оның ішінде дене шынықтыру-Сауықтру кешендерінің саны 17 бірлікті құрайды немесе 1000 адамға шаққанда 0,8 (2012ж.-0,8).

Барлығы 2012-2014 жылдары 12 объект салынды және қайта жаңғыртылды, оның ішінде Жамбыл ауданының Аққайнар және Ұзынағаш ауылдарында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар. 6 спорт объектілері күрделі жөнделді.

Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту облыста 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында 4%-ке артып, 502 мың адамды құрады немесе халықтың жалпы санынан - 25 %.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде, дене шынықтыру спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын 7-ден 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамту балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан 2012 жылғы 5,8%-ке қарсы 7,0%-ті құрады.

Ауыл халқын жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту үшін 2014 жылыдң 1 қаңтарынан бастап әрбір ауылдық округке спорт бойынша әдіскерді енгізумен 253 штаттық бірлік берілді.

2012-2014 жылдары 3452 жоғары білікті спортшылар дайындалды: 74 халықаралық санаттағы спорт шеберлері, 332 спорт шеберлері, 1567 спорт шеберіне үміткерлер және 1479 бірінші разрядтағы спортшыдар. Түрлі дәрежеде алынған медальдар саны артты.

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда өткізілетін спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру шараларының саны 11 бірлікке артып, 803-ті құрады.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:


Күшті жақтар (S)

  1. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын, барлық жастағы халық санының 4%-ке артуы.

Мүмкіндіктер (O)

  1. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, жай спорт ғимарттарының құрылысы, спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту.




Әлсіз жақтар (W)

  1. Облыстың 13 өңірінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің болмауы;

  2. 3 ауданда спорт кешендерінің жоқтығы;

  3. 3 ауданда стадиондардың қажеттілігі.

Қауіптер (T)

  1. Материалдық-технкалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі.





Негізгі мәселелер:

  • Ақсу, Балқаш, Ескелді, Іле, Қаратал, Қарасай, Көксу, Райымбек, Сарқан, Талғар, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай, Текелі қалаларында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жоқтығы;

  • Райымбек ауданының Кеген а., Көксу ауданының Балпық би к., Талғар ауданының Талғар қаласы сияқты халық тығыз орналасқан мекендердерде спорт кешендерінің болмауы;

  • Қарасай ауданының Шамалған а., Алакөл ауданының Достық а. және Қапшағай қаласында стадиондар қажет.


Туризм

Алматы облысының туризмін дамыту Қазақстан Республикасының туристік саласын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады, оған негізгі туристік көрнекі жерлер қосылған: петроглифтері бар Тамғалы археологиялық ладшафты (ЮНЕСКО объектісі); ЮНЕСКО алдын ала тізіміне қосылған «Алтын-Емел» МҰТП, Шарын МҰТП аумағындағы Шарын каньондары, Қапшағай су қоймасы; Іле-Алатау МҰТП Алматы қаласының маңындағы тау-шаңғы аймақтары, «Жаңа-Іле» туристік орталығы.

Облыстың туристік мүмкіндіктері туризмнің барлық дерлік түрлерін дамытуға мүмкіндік береді: тау, жаяу, су, экологиялық, мәдени-танымдық және т.б. 118 туристік маршруттар жасалған, мемлекеттік тізілімге 107 туристік фирмалар қосылды.

Қазақстан Республикасының туристік саласын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасына сәйкес, Алматы облысының туризмін дамытудың шебер-жоспары бекітілді, онда 5 кластерлік бағыт анықталды: Талғар-Есік кластері (курорт), Қапшағай кластері (курорт), Қарадала кластері (курорт), Райымбек кластері, Алакөл-Жетісу және Шығыс-Балқаш кластерлері.

Туризмді дамытудың шебер-жоспарын жүзеге асыру турөнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыруға, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға, облыс туризмінің инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

2014 жылдың қорытындылары бойынша облыста тіркелген орналастыру орындарының саны 243 бірлікті құрайды, 2012 жылмен салыстырғанда өсім 80%-ті құрады (2012 ж.-135 бірл.). Орналастыру объектілерінде 3729 нөмір бар (2012 ж.-1841 бірл.), мұнда бір уақыттағы сыйымдылық 8020 жатын-орынды құрайды (2012 ж.- 4659), 2,7 есе (2012 ж. - 129631) өсіммен 354973 жатын-тәулік ұсынылған (ҚР ҰЭМ статистика комитенінің 2014 жылғы мәліметтері).

2014 жылы қызмет көрсетілген келушілер саны 196 718 адамды құрады, 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өсім - 1,7 есе (110504 адам).

Салада жұмыспен қамтылғандар саны 2014 жылы 1586 адамды құрады (өңірде жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан - 0,7%)

2012-2014 жылдары облыста ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілердің көбею үрдісі байқалды (резиденттер). 2014 жылы аталған нысаналы көрсеткіш 195970 адамды құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен - 23,2%-ке, 2013 жылдан - 1,7 есе (115477 адам), 2012 жылдан 1,8 есе (109162 адам) көп.

«Қызмет көрсетілген резидент емес келушілердің саны» нысаналы көрсеткіші 2014 жылы 748 адамды құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда - 29,8%-ке, 2012 жылмен 44,3%-ке төмендеді. Оның себебі мемлекеттік ұлттық табиғи парктердегі туристерді қабылдау орындарының көрсеткіштерін статистикалық мәліметтерден алып тасталуында, алайда резидент емес келушілерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару қызықтыратындығын атап өту қажет. Алматы облысының аумағында айтарлықтай туристік әлеуетке ие 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парктер бар.

Облыста «орналастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемі» көрсеткіші өсуінің оң үрдісі сақталуда, ол 2014 жылы 2244,2 млн.теңгені құрады, бұл жоспарланған көрсеткіштен 18,0%-ке және 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда - 2 есе және 2012 жылдан 2,3 есе жоғары.

2014 жылы орналастыру орындарымен айтарлықтай қызмет көрсету көлемі Талғар (32,2%), Алакөл (19,9%), Панфилов (5,4%) аудандарында және Талдықорған (15,2%), Қапшағай (11,9%), Текелі (4,8%) қалаларында байқалады.

Аумақтарды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының барысында өңірде туризмді дамыту Қазақстан Республикасының туристік индустриясының басым бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының мемлекеттік қолдау шараларын қолданумен жүргізілді. Нәтижесінде осы кезеңде мемлекеттің қатысуымен инвестициялар жүргізілді, осылайша Ұйғыр ауданында ыстық қайнарларда «Premium Spa Resort» сауықтыру кешені, Қапшағай қаласында балаларға арналған сауықтыру кешені қолданысқа берілді, «Алма-Ата» демалыс аймағындағы қонақ үй нөмірлері қайта жаңғыртылып, Алакөл ауданының Алакөл көлінің жағалауында «ДемАлакөл» отбасылық демалыс орталығы ашылды.

2014 жылы мониторинг мәліметтері бойынша 29 туристік инфрақұрылым объектілері қолданысқа берілді, олардың құрылысына 2,3 млрд. теңге жекеменшік инвестициялары тартылды. 2012-2014 жылдары Алматы облысында 60-тан астам жаңа туризм объектілері салынды, 5,2 млрд. теңге инвестициялар мен меншікті қаражат тартылды.

Облыста ерекше назар сауықтыру және жағажай туризмін дамыту аудандарында туризм инфрақұрылымын құруға бөлінеді. Балқаш, Алакөл көлдерінің жағалауларында, Қапшағай қаласында және Қапшағай су қоймасының жағалауында демалыс аймақтарының бас жоспарлары әзірленді. Қазіргі уақытта Балқаш, Алакөл көлдерінің, Қапшағай су қоймасының жағлауларында 300-ден астам орналастыру орындары жұмыс жасайды, 2017 жылға дейні тағы 30-дан астам объектілер салу жоспарлануда.

Туристік өнімді алға жылжыту үшін облыс жыл сайын Алматы және Астана қалаларында өтетін қазақстандың халықаралық туристік жәрмеңкелер мен көрмелерге, «Сарқылмас саяхан» жылжымалы жәрмеңкесіне қатысады, «жетісуә геоақпараттық интернет-портал құрылды (электр.мекен-жайы: «almatyregion-tour.kz»), туристік бизнес және БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық таныстыру турлары өткізіледі.

Алматы облысында балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді (туирстік секцияларға, үйірмелерге қатысатын оқушыларды Астана қаласына туристік сапармен апару, тау, жаяу, су туризмдері бойынша: «Жоңғар» туриадасы, «Жетісу Арайы» балалар регатасы, жасанды және табиғи бедерлерде туристік көпсайыс бойынша жарыстар, Чемпионаттар, су туризмі бойынша шебер-жоспарлар және басқа да шаралар өткізіледі).

Экологиялық туризмді дамыту мақсатында МҰТП-мен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды. Алматы облысыныңда 5 МҰТП және 2 табиғи қорықтар орналасқан, онда 40-тан астам экологиялық туризм объектілері бар, 57 туристік маршруттар мен экологиялық жолдар жасалған.

Сала үшін туризм мамандарын дайында облыста І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде және облыстың 4 колледждерінде жүргізіледі.

Өңірде туризмді дамыту 2015-2020 жылдары Туризмді дамыту тұжырымдамасының, Елбасының 2014 жылдың 11 қарашасындағы «Нұрлы жол – болашаққа жол» Жолдауын жүзеге асыру жөнінгені іс-шаралар жоспарының, Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Аталған құжаттарға сәйкес, өңірде туризмді дамыту басымдықтары болып дамудың кластерлік үлгісі, инфрақұрылымды дамыту, маркетингтік шаралардың тиімділігін арттыру, секторда еңбек өнімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру табылады.


Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтар (S)

  1. Облыс аумақтары бойынша туризмді дамыту үшін бастапқы әлеует:

  • экологиялық тузирм (Райымбек, Кербұлақ, Ұйғыр, Талғар, Алакөл, Сарқан, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Ақсу аудандарында, Текелі қаласында);

  • мәдени-танымдық (Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар, Кербұлақ, Панфилов, Қаратал аудандарында, Талдықорған қаласында);

  • емдік-сауықтыру және медициналық (Алакөл, Ақсу, Ескелді, Панфиловском, Қарасай, Іле, Ұйғыр аудандарында);

  • жаңажайлық (Алакөл, Сарқан аудандары, Қапшағай қаласы);

  • тау-шаңғылық (Талғар, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Ақсу аудандарында, Текелі қаласында);

  • ауыл туризмі (Райымбек, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында);

  • су (Балқаш, Қаратал, Көксу аудандарында, Қапшағай қаласында).

  1. Саланың даму көрсеткіштерінің оң серпіні (2012-2014 жылдары орналастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемі 2,3 есе өсіт);

  2. Алматы облысы туризмін дамытудың шебер-жоспарының болуы;

  3. Орналастыру орындарының құрылысына айтарлықтай негіздемелердің болуы (орналастыру орындарының саны 2012-2014 жылдары 1,8 есе өсті);

  4. «almatyregion-tour.kz» «Жетісу» интернет-порталының болуы Наличие интернет-портала «Жетысу»;

  5. Жыл сайын «Жоңғар» туриадасы, «Жетісу Арайы» балалар регатасы, облыстық туристік слетын, су туризмі бойынша шебер-класы, Іле-Балқаш регатасы сияқты туристік шаралар өткізіледі;

  6. Облыста 5 ұлттық табиғи парктердің және 2 қорықтың, 3 табиғи ескерткіштердің болуы;

  7. ЮНЕСКО Бүкіләлемдік Мұра объектілерінің тізіміне енгізілген.

Мүмкіндіктер (O):

  1. Облыстың ұтымды экономикалық-географиялық орналасуы, облысқа туристік ағымның генераторы – Алматы қаласының жақын орналасуы;

  2. Ландшафттардың әртүрлілігі, бірегей табиғат, мәдениет және тарихи ескерткіштердің болуы;

  3. ҚР туризмді дамыту тұжырымдамасының аясында кластерлердің келешегі;

  4. «Нұрлы жол – болашаққа жол» іс-шаралар жоспарының аясында инфрақұрылымды дамытуды мемлекеттік қолдау;

  5. ҚР қызмет көрсету салаларын дамыту бағдарламасының аясында балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту;

  6. ҚР қызмет көрсету салаларын дамыту бағдарламасының аясында таныстыру гидтерін оқыту;

  7. ЭКСПО-2017 шараларына қатысу;

  8. Қазақстан халықтарының ассамлеясының «Үлкен ел-Үлкен отбасы» туристік жобасына қатысу келешегі;

  9. Туристік кластерді құруда сәтті тәжірибеге ие, стартениялық (зәкірлі) инвесторларды тарту жобасына қатысу;

  10. Салада өңіраралық ынтымақтастықты дамыту;

  11. Жекеменшік бизнестің қонақ үй және мейрамхана бизнесіне қызығушылығы;

  12. Ұлттық кәсіби ассоциациялармен туризм саласында ынтымақтастық;

  13. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық аясында біліктілікті арттырудың қысқамерзімді курстары;

  14. «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысымен байланысты «Жаңа Жібек Жолы» жобысы бойынша ескі жолды қалпына келтіру;

  15. Алматы қаласы мен облыстың туристік кәсіпорындары арасындағы экономикалық әсердің күшеюі.

Әлсіз жақтар (W)

  1. Туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы, оның ішінде туристік объектілерге апаратын жолдардың нашар жағдайда болуы;

  2. Өңірдің туристік өнімінің кәсіби маркетингінің болмауы;

  3. Бюджеттік қаражат аясында туризмді қолдаудың шектелген қаржылай мүмкіндіктері;

  4. Туристиік бизнесте кәсібилік деңгейінің төмендігі, көрсетілетін туристік қызметтердің сапасына, деңгейіне және қызмет көрсету бағасына сәйкессіздігі;

  5. Туризм саласында ЦДС жергілікті қатысушыларының арасында өзара желілік қарым-қатынас деңгейінің нашарлығы;

  6. Туризмнің көптеген түрлерінің маусымдық сипаты.

  7. Мәдени-тарихи объектілерді қорғау, қалпына келтіру және консервациялау бойынша қабылданатын шаралардың жоқтығы.

Қауіптер (T)

  1. Қазақстанда туризмді дамытудың салалық бағдарламасының болмауы;

  2. Ішкі туризмді дамыту саласында Қазақстанның басқа өңірлерімен бәсекелестік;

  3. Инвестициялық тапшылықтың өсуі және соның салдарынан құрылыс бағдарламаларының, сондай-ақ жаңа автожелілердің құрылысының, әрекет етушілерін қайта жаңғыртудың тоқтатылуы немесе жабылуы;

  4. Қысқамерзімді демалыс үшін Мемлекеттік шекарада ұзақ уақыт саяхаттау және өткізу пункттерінде бақылау әрекеттерінен өту.


Негізгі мәселелер:

  • көлік инфрақұрылымының нашар жағдайы;

  • облыстың 8 ауданында, оның ішінде Райымбек, Ұйғыр, Алакөл, Сарқан, Панфилов, Кербұлақ, Ақсу, Ескелді аудандарында трансшекаралық маршруттарды дамыту мәселелері (шекаралық аймаққа кіру рұқсатының ұзақ рәсімделуі);

  • орналастыру орындарында қызмет көрсету сапасының төмендігі, көптеген қонақ үйлерде санаттың болмауы;

  • туристік өнімдерге бағаның қымбаттығы;

  • туристік өнімдерді дамыту деңгейінің жеткіліксіздігі және туристер үшін мамандандырылған қызметтер мен жайлылықтардың жетіспеушілігі. Бұл визит-орталықтарының болуына, туристік дистанцияларда белгілер мен көрсеткіштерді орнатуға және т.б. қатысты.

Үш тілділікті дамыту

Облыста мемлекеттік, орыс және қазақ тілдерін оқытатын 12 мемлекеттік және 2 жекеменшік орталықтар бар.

2012 - 2014 жылдары мемлекеттік тіл курстарында 5041 адам оқыды, 1291 – сертификаттар, 2878 куәліктер берілді, орыс тілі курстарында – 248 адам, ағылшын тілі курстарында 663 адам оқыды.

Барлық оқу орталықтарында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау және бағалау мақсатында «Қазтест» бағдарламасы енгізілген, бүгінгі таңда тестілеумен 22488 адам қамтылған. Мемлекеттік тілді меңгеретін ересек халықтың үлесі 2014 жылы 2012 жылғы 64,7%-ке қарсы 78,8%-ті құрады.

Облыстың 735 бюджеттік жалпы білім беретін мектептерінің 91-і қалаларда орналасқан, оның ішінде 34 – қазақ тілді, 7 – орыс тілді, 2 – ұйғыр тілді және 48 – аралас тілде оқыту жүйесімен. 2012 жылмен салыстырғанда қалаларда қазақ тілде білім беретін мектептер саны 3 бірлікке артты.

Елді мекендер көшелерінде орналасқан сыртқы ақпараттың, жарнаманың, маңдайшалардың жағдайына бақылау жүргізіледі. Ол үшін жыл сайын «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясы өткізіледі, «Тілсақшы» тележобасының аясында аудан және қалаларда рейдтер ұйымдастырылады, оның нәтижелері апта сайын облыстық телеарна эфирінде көрсетіледі. Анықталған кемшіліктер жойылады.

Ағылшын тілін меңгерген ересек халықтың үлесі 2014 жылы 2012 жылғы 3,5%-ке қарағанда 4,7%-ті құрайды, үш тілді меңгеру (мемлекеттік, орыс және ағылшын) – 3,5%-ке қарсы 4,7%.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет