Алматы облысының Қоғамдық кеңесі



жүктеу 333.18 Kb.
Дата24.04.2019
өлшемі333.18 Kb.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ

КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНЫҢ

ХАТТАМАСЫ

23.09.2016 ж. Талдықорған қаласы



Е.Келемсеиіт - төрағалық етуші, қоғамдық кеңес мүшесі.

Қайырлы күн, құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!

Бүгінгі отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелерінің 25 - нен 17 қатысып отыр, 8 кеңес мүшесі әртүрлі объективті себептермен келе алмады.


Отырысты өткізу үшін қажетті кворум бар, сондықтан оны ашық деп жариялаймын.

Қадірменді Қоғамдық кеңес мүшелері!
2016 жылғы 15 тамыздағы кеңестің отырысында өздеріңізбен қабылданған шешімге сәйкес бүгін Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселелер енгізіліп отыр:

1) Алматы облысындағы дәрі дәрімекетердің бағалары және облыстағы денсаулық сақтау мекемелерімен жұртшылыққа тегін көрсетіліп жатқан медициналық қызметтердің түрлері мен сапасы туралы; 2) Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсаттарында атқарылып жатқан жұмыс туралы.

Сонымен бірге бүгін қоғамдық тыңдау өткізіліп «Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі Амангелді ауылының атауын Зылиха Тамшыбаева ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен Алматы облысы мәслихаты шешімінің және Алматы облысы әкімдігі қаулысының жобасы жария талқылауға ұсынылатын болады.

Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Бүгінгі отырыстың күн тәртібіне бүкіл жұртшылықты қызықтыратын және көкейкестілігі зор мәселелер енгізіліп отырғандықтан біз отырыстың регламентін бекітіп алуға тиістіміз.
Регламенттің келесі жобасы ұсынылып отыр.
Бірінші әр мәселе бойынша дайындалып келген екі хабарламашы өз хабарламаларын жасайды, одан кейін жасалған хабарламалар негізінде және жүргізілген мониторинг бойынша Қоғамдық кеңестің әлеуметтік саланы дамыту және денсаулық сақтау мәселелері бойынша комиссиясының төрайымы Ақжаркенова Роза Хаджиахметқызы өз қорытындысын береді, содан кейін ұсыныстарға, сұрақтар мен жауаптарға уақыт беріледі.
Осыған байланысты хабарламашыларға 10 минутқа дейін, қосымша сөйлемін деушілерге 5-7 минутқа дейін, сұрақ қоямын деушілерге 2 минутқа дейін уақыт беріледі.
Ұсынылып отырған регламент бойынша басқа сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз бар ма?
Жоқ.
Онда мәселені дауысқа қоямын.
Отырыстың регламенті бекітілсін дегендеріңіз дауыс беріңіздер.
Қарсы, қалыс?
Жоқ.
Регламент бекітілді.

Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Күн тәртібіне сәйкес Алматы облысындағы дәрі дәрімекетердің бағалары және облыстағы денсаулық сақтау мекемелерімен жұртшылыққа тегін көрсетіліп жатқан медициналық қызметтердің түрлері мен сапасы туралы хабарлама жасау үшін алғашқы сөз Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Сейітқұлов Мұсалы Шотайұлына беріледі.

Денсаулық сақтау медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департамені басшысының орынбасары М.Сейітқұлов


Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Біздің елімізде, дәріні бөлшектеп сатумен айналысатын жекеменшік дәріханаларда, дәрілік препараттардың бағаларын бекіту туралы белгілі бір талаптар жоқ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттің құзырына жекеменшік дәріханаларда сатылатын дәрінің бағаларын бақылау өкілеттігі берілмеген.

Әлеуметтік-осал және аз қамтамасыз етілген тұрғындарға көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен фармацевтикалық қызмет саласындағы Ассоциациясы арасында жасалан Меморандум негізінде 2016 жылы 13 сәуірде Алматы облысының әкімдігімен Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Фармацевтикалық қызметті қолдау мен даму» ассоциациясы және фармацевтикалық қызметінің субъектілерімен бірге дәрілік заттарға бағаны ұстау жөніндегі 106 атаудан тұратын дәрілік заттардың тізімін бекіткен Меморандумға қол қойылды.

Алматы облысының барлық дәріханалық ұйымдарында тұрғындарға көрінетін жерде белгіленген бағалардың Тізілімдемесі (106 атауы) ілінді. Меморандумд бір жыл уақытқа келісілген. Осы Мемарандум бойынша департамент қызметкерлері бүкіл Алматы облысының аудандарына барып, жиналыс ашты. Бұл жиналыстарда тек қана дәрінің бағасын көтеру немесе көтермеу мәселесінен басқа сұрақтар да қаралды, мәселен дәрілік заттардың рецептпен жіберілуі туралы 2018 жылдан бастап бүкіл дәріханалар халықаралық жана талапқа сай сертификат алып керек екенін, оны алмаған дәріханалардың қызметі тоқтатылатындығы туралы түсіндірілді. Тағы да бұл жиналыстарда халық қолданатын дәрілердің, әсер етуі, етпеуі және қарсы әсер етуі туралы хабарлама жасалды. Дәрілердің сапасын Ұлттық сараптама орталығы зерттейді. Меморандумға қоса тіркелген тізілімдеге сәйкес дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы бойынша Мониторинг жүргізіледі. Жүргізілген Мониторинг нәтижесінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне әр жұма сайын ақпарат беріліп отырады.

Зейнеткерлерге қарастырылған жеңілдіктер тек қана «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күй) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өңімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы №786 бұйрығымен бекітілген 1 қосымшасына сәйкес қарастырылған. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалардың бөлшек саудамен айналысатын объектілерге әкелінетін дәрілік заттар ілеспе құжаттарымен (жүкқүжатымен) келіп түседі, онда әрбір дәрілік заттың атауына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сараптау орталығынан қауіпсіздік пен сапа туралы қорытынды беріледі. Дәрілік заттардың көтерме саудасымен айналысатын объектілерге келіп түсетін өнімнің әбір атауын қауіпсіздік пен сапа туралы қортындысының көшірмесі болуы тиіс. Алматы облысында дәрілік заттардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасына талдау жүргізуге арналған зертхана жоқ. Дәрілік заттардың сапасы Алматы қаласындағы Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сараптау орталығының Сынау орталығында тексеруден өтеді. Аталған сынау орталығының зетханасы қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған.

2014 жылғы екінші сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2014 жылдың соңына дейін жоспарлы тексерулер жүргізуге мораторий жарияланған болатын.

2015 жылы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы №377 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңымен жоспарлы тексерулер жүргізу алынып тасталынды.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығына іріктеп тексерілуге жататын объектілердің тізімі бекітілмегендіктен, тексеріс жүргізілмеді. 2016 жылдың екінші жарты жылдығына дәрілік заттар айналымы саласында қызмет атқаратын, іріктеп тексерілуге жататын 9 объектінің тізімі ғана бекітілді, олардың екеуі тексерілді.

Департамент атына жеке заңды тұлғалардан жүгіністер түскен жағдайда дәріханалық ұйымдарда жоспардан тыс тексеру жүргізуге болады. 2016 жылы Департаментке аталған жүгіністер келіп түскен жоқ.

Медициналық қызметтің тегін түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 Қаулысымен бекітілген, бұл (Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы). Мынау ақпарат есебін айтып кететін жағдай бар: 1 тамыздың жарты айында Алматы облысында дәрі шығаратын 11 сондай мекемелер бар. Оның сегізі дәрі шығарады, ал үшеуі медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіреді, оның біреуі ашылғаннан бастап істемей тұр. Облыста дәрі саудасымен айналысатын дәріхана қоймасының саны 88 ал, дәріханалардың саны 939. Мына дәріханалардың ішінде Халықаралық стандартқа сай келетін дәріханалар жоқ.

Енді мынау дәрінің бағасы көтеріліп жатқандығына байланысты өз ойымды айтып кетейін, кейінгі бізге түскен мынау селектор жиналыстарында айтылып жатыр қазіргі уақытта Астана да, Қарағанды да мынау поликиликаларда емханаларда өздерінің дәріханалары ашылып жатыр, ол жерде тек қана тегін берілетін дәрілер емес, мынау рецептпен берілетін ақылы дәрілерде жіберіліп жатыр. Осындай дәріханалар біздің облыста да ашылса жақсы болар еді. Біздің облыста әлеуметтік дәріханалар жоқ. Бірақ дәріханалардың саны өте үлкен, сондықтан оларды лицензиялау мәселесін бақылауға алу қажет. Дамыған мемлекеттерде бір адамға бір-ақ лицензия беріледі, бітті пенсияға шыққанға дейін. Ал бізде жанағы әйтеуір қаншама алып жатыр, оларды ешкім тексере және бақылай алмайды, сондықтан ойына келгендерін істеп жатқан жағдайлар бар. Осы мәселені ойластыру керек.



Дәрілерге деген бағанын көтерілуі жайында өз ойым - мемлекет бұл мәселені қолға алып реттеу керек, өйткені жеке меншік дәріханалар сатылатын дәрілерге ойына келген бағаларды қоя береді. Бұл үрдісті тоқтату біздің қолымыздан келмейді. Үкімет қаулы шығарып белгілі бір шектеулі бағаны белгілеп берсе ғана дәрінің бағасы тоқтауға тиіс деп ойлаймын. Әйтпесе мына қаланың өзінде кейбір дәрілер жоғалып кетсе немесе аз болып жатса соның бағасы көтеріліп жататыны бар.
Назарыңызға рахмет

Е.Келемсеиіт - төрағалық етуші.
Хабарлама аяқталды. Хабарламашыға сұрақтарыңыз бар ма?
Р.Ақжаркенова - председатель комиссии Общественного совета Алматинской области по вопросам развития социальной сферы, занятости, образования, здравоохранения, языка, спорта, культуры, молодежной политики, межэтнических и религиозных отношений (далее - член Общественного совета).

1 вопрос. Сейчас в аптеках установилась тенденция привязки цен на лекарства к курсу доллара. Особенно сильно это ощущают на себе инвалиды, которые ежедневно вынуждены приобретать лекарственные препараты в больших количествах. Вы сообщили о том, что в полномочия департамента не входит контроль стоимости лекарственных средств продающихся в аптеках, если это так, то в чью компетенцию входит данный вопрос?

2 вопрос. Вы сказали что согласно Меморандума имеется договоренность о фиксировании цен на сто шесть наименований препаратов, однако вы не перечислили этот список, понимаете раньше в аптеках вывешивался список лекарств с фиксированной ценой, сейчас этого нет поэтому имеет место значительный рост их стоимости. Не будем далеко ходить, к примеру если совсем недавно канифром стоил 800 тенге буквально за пару месяцев его стоимость достигла 1700 тенге, однако курс доллара в этот период не изменялся и таких примеров можно приводить очень много. Почему это происходит?

3 вопрос. Вы говорите о том, что есть лекарственные препараты которые выдаются бесплатно. К примеру «Алзипил» - дорогостоящее лекарство если не ошибаюсь его стоимость составляет около 17000 тысяч тенге. Как инвалиду прожить при таких ценах, как покупать хлеб, как оплачивать коммунальные услуги, как покупать лекарства? Где эти лекарства которые должны выдаваться бесплатно?
Сегодня на заседание общественного совета были приглашены представители более 10 аптек. Однако они не пришли на заседание, проигнорировали наши предложения, видимо им стыдно прийти и прокоментировать ситуацию.
4 вопрос. Скажите пожалуйста, кто ответчает за качество лекарств? Например я пью аналгин, вы уверенны что я пью аналгин? Кто из нас даст гарантию. Вчера я купила тюбик мази, он стоит 3700 тенге, пришла домой открыла его и вижу что он пуст, в нем воздух и чуть-чуть мази объемом буквально со спичечную головку. Когда ходишь в аптеку и спрашиваешь лицензию, ее дают, однако кто скажет - предоставлена ли эта лицензия именно на то лекраственное средство каоторое хочешь приобрести?

И знаете мы стали таблетка зависимыми, вам не кажется о том, что тенденция инвалидности растет, кто отвечает за это?

Спасибо
М.Сеитқұлов - заместитель руководителя Алматинского областного департамента комитета по контролю медицинской и фармацевтической деятельности.
Ответ. Относительно качества лекарств, если Вы сомневаетесь в качестве того или иного лекарственного средства, вы имеете право обратиться к нам, мы поможем заполнить желтую карточку и направим это лекарство в национальный центр экспертизы лекарств для проведения соответствующей экспертизы.

Относительно стоимости лекарственных препаратов я уже сказал что мы этот вопрос контролировать не можем.


Р.Ақжаркенова - член Общественного совета.
Вы знаете честно говоря слушая вас я думаю что никто не получил удовольствия от предоставленной вами информации.
Б.Айтбаев - член Общественного совета.
1 вопрос. Вы сказали что департаментом было проведено 9 проверок аптек, скажите что было выявлено в ходе их проведения, результатам этой проверки имелись ли случаи по лишения аптек лицензии?

2 вопрос. Кто выдает аптекам лицензии?
А.Газалиев - член Общественного совета.
Предложение. Ситуация выглядит приблизительно так, на наш взгляд имеется ряд аптек которые не честно конкурируют, то есть реализуют лекарства ненадлежащего качества отбирая прибыль у нормальных, добросовестных аптек. Предлагаю провести мониторинг деятельности аптек. На основании этого мониторинга иницировать лишение лицензии аптек которые реализуют некачественные лекарственные средства либо необоснованно завышают их цены. И поощрять аптеки осуществляющие свою деятельность добросовестно путем направления к ним клиентов. Все должны видеть то, что даже если аптека и не завышает цены, она может иметь хороший доход, потому что поток клиентов растет в связи с тем, что она реализует недорогие но в то же время качественные лекарственные средства. Все это легко организовать, просто между нами нет взаимодействия. Наша цель - не задушить предпринимательство а наоборот попробовать сдвинуть дело с мертвой точки.

По этому мы все таки надеемся на наше взаимодействие. Давайте взаимодействавать, пусть сегодняшнее заседание послужит точкой, от который начнутся шаги нашего взаимодействи.



Спасибо.
В.Буков - член Общественного совета.
Вопрос: Вы сказали что, если кто либо совмневается в качестве реализуемого лекарства может позвонить Вам и сообщить об этом. Не думали ли вы о том, чтобы Ваши данные, фотография и телефон были размещены в аптеках на видном месте, чтобы величина этих уведомлений сразу брасалась в глаза потребителей, а так же о том, чтобы подобное уведомление было размещено в газете и на сайте?
М.Сеиітқұлов - заместитель руководителя Алматинского областного департамента комитета по контролю медицинской и фармацевтической деятельности.
Ответ: В каждой аптеке имеется наш телефон и адрес. Эти уведомления вывешены в соответствии с необходимостью. Лица недовольные оказанной аптекой услугой, либо ценой или качеством проданных лекарственных средств могут позвонит и ссообщить нам об этом.
В.Буков - член Общественного совета.

Мнение: И все таки было бы правильным чтобы уведомления с Вашей фотографией и номером телефона была вывешены для покупателей на самом видном месте каждой аптеки. Давайте мы после этого заседания пройдем с Вами по 5, 6 аптекам и посмотрим как и где вывешены Ваши уведомления, может быть они висят под прилавком?

М.Сеитқұлов - заместитель руководителя Алматинского областного департамента комитета по контролю медицинской и фармацевтической деятельности.

Ответ. Фотографий нет, но номера телефонов нашей организации в каждой аптеке есть.
В.Буков - член Общественного совета.

Вопрос - А с какой целью написаны ваши телефоны? Имеются ли в уведомлениях слова "Уважаемые покупатели! Если Вы сомневаетесь в качестве лекарств Вы можете обратиться в Алматинский областной департамент комитета по контролю медицинской и фармацевтической деятельности".
М.Сеиітқұлов - заместитель руководителя Алматинского областного департамента комитета по контролю медицинской и фармацевтической деятельности.

Ответ - там таких слов нет.

А.Газалиев - член Общественного совета.

Предложение: Небольшое дополнение пожалуйста. Насчет организации проверок в аптеках вопросов нет. У нас в обществе защиты прав потребителей состоит 350 членов, еси будет необходимо они будут каждый день писать письмы жалобы и аптеки пожно будет проверить проверять.
Ғ.Сарыбаев - член Общественного совета.

1 ұсыныс. Кәсіпкерлік объектілерін тексеруге мораторий жарияланғандығына байланысты дәріханаларды барып жоспарлы тексеруге болмайтындығын біз түсініп отырмыз. Бірақ былай жасайық - біз өзара меморандумға отырайық, одан кейін «Нұр Отан» партиясының тарапынан біз барлық дәріханаларда сатылып жатқан дәрі дәрімектердің бағаларына мониторинг жасап шығайық.

2 ұсыныс. Бүгін есеп берген денсаулық сақтау медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына жоғары аталып кеткен 106 дәрінің тізімін берсін.

Жалпы біз бұл мәселені партиялық бақылау тарапынан зерттеп шығамыз, одан кейін мәселе өзінің белгілі шешімін табады деп ойлаймын.



Е.Келемсеиіт - төрағалық етуші.
Тағы да сұрақтарыңыз бар ма?

Д.Қыдырбаева - Қоғамдық кеңес мүшесі
Пікір. Мұсалы Шотаұлы Сіз дұрыс түсініңіз. Қоғамдық кеңес мүшелеріне үлкен жауапкершілік артылған. Біз өз міндетімізді дұрыс атқаруымыз керек. Осы жерде қарапайым қара халықтың ортасында жүрген Үкіметтік емес кеңес ұйымдарының өкілдері отыр, осында келердің алдында біз кәдімгідей дайындаламыз, халықпен араласамыз, олардан қандай проблемалар бар деп сұраймыз, мына жерде мінекей сондықтан менің көтергім келіп отырған мәселелер медицина саласындағы проблемалар. Осы отырысқа келер алдында мен Сіздердің мекемелеріңіздің ресми сайттарыңызға кіріп, онымен таныстым, осы сайтта "Медицина саласындағы қызметке көңілдерініз толама толмайма? деген сұрақ тұр. Оның жанында пайызы көрсетілген жауаптары тұр. Мәселен:
Отлично – 10 %;

Хорошо – 20 %;

Удоволетворительно – 40 %;

Не удоволетворительно – 30 %.


Менің ойымша "Удоволетворительно" деген сөз бұл енді қанағаттанамыз дегенді білдіреді, бұл жарайды енді Құдайға тәубә әйтеуір осылай жүре берсек, өлмесек болды деген сөз. Менің өзім солай түсінемін. Бірақ менің ойымша денсаулық сақтау саласында "Удоволетворительно" деген бағаның берілуіне жол бермеу керек, керісінше жақсы қызмет көрсету арқылы "Отлично" не болмаса "Хорошо" деген бағаға ие болған дұрыс, мен солай түсінемін. Сонда мына не удоволетворительно деген 30% мына қазір атап өтетін осы проблемалар кіретін болар:

  1. Грубость

  2. Коррупция

  3. Отсутствие информированности

  4. Бумажная работа

  5. Низкое качество услуг

  6. Дисциплина

  7. Низкая информированность молодежи

  8. Очередность

  9. Талонная система

  10. Недоверие

  11. Отсутствия вакансий.

Тағыда айтқым келіп отырғаны біраз күн бұрын есік алдында отырған апайлармен әңгімелескен кезде мен осы мәселені көтердім. Осы денсаулық сақтау мекемелерімен көрсетіліп жатқан қызмет жайында пікірлеріңіз қандай? Сонда бір апайдың айтқан сөзі - "Ауруханаға баратын болсан есін шығады" осы сөздің өзі талай нәрсені аңғаруға мүмкіндік береді емес пе?


Б.Айтбаев - член Общественного совета.
Вопрос. Вы сказали что Лаборатория по анализу лекарств находится в Алматы, в связи с эти скажите какие меры принимаются для того чтобы создать подобную лаборатория в нашей области?

М.Сеитқұлов - заместитель руководителя Алматинского областного департамента комитета по контролю медицинской и фармацевтической деятельности.

Ответ. Создание подобной лаборатории очень затратно, требуется специальное дорогостоящее оборудование.
Е.Келемсеиіт - төрағалық етуші.
Осы мәселе бойынша қосымша хабарлама жасау үшін сөз Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Аубакирова Алма Дөсенқызына беріледі.
А.Аубакирова - Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Қоғамдық кеңестің отырысына қатысушылар жанағы бізге берілген сұрақ бойынша дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағалары және тегін медициналық көмек көрсету жайында болатын. Сондықтан мен жанағы қызмет көрсету жағына тоқталғым келіп тұр.


Е.Келемсеиіт - төрағалық етуші.
Көпшіліктің ұсынысы бойынша, Сіз дайындап келген хабарламаңызды оқымай-ақ қойыныз, өйткені ол бізге алдын ала таратылып берілген, және біз онымен таныстық, бірден сұрақ - жауапқа көшейік.
А.Аубакирова - Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Жарайды, Дания Сәлімбайқызының сұрағына жауап берейін. Жаңағы денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық тегін көмек ҚР Үкіметінің №2136 Қаулысына сәйкес көрсетіліп жатыр. Көрсетліп жатқан медициналық көмектін сапасын тексеру үшін біз өзіміздің ішімізде ішкі аудит қызметі бар, сонымен қатар сыртқы аудит бар. Ол менің алдымда хабарлама жасаған департамент. Сонымен қатар медициналық көмек көрсету жөніндегі Саll центрлер орнатылған. Ал енді жана Сіз адамдарға сұрақ қойған кезде Сізде 2 блок проблема болды ия? Сонда қарап тұрсаныз бір мәселеден екінші мәселе туып тур.

Сіздер жекеменшік, ақылы медициналық ауруханаға барсақ ошіретсіз тез өтіп кетеміз деп айтасыздар, әрине ол жекеменшік ал біздікі мемлекеттік ол жаққа бүкіл халқымыз келіп отыр. Одан кейін жанағы талон жайында айтып кетейін. Мысалы бізде бұл талоннын системасы ол өзіміздің және медицина Денсаулық сақтау министрлігімен шығарылған 606,1000 бұйрықтар бойынша медициналық қызметтің сапасын ұлғайту үшін талонды жүйе ойластырылды. Талондық жүйе беріледі егерде жанағы адам аяқ астнан аурып қалмаса, ол жоспарлы түрде тексерілгісі келсе сол кезде егер ол кісі талонмен келетін болса талонның уақыттың күні уақытысы көрініп тұрады. Ол жанағы келген кісі сол уақытта кезексіз дәрігердің қабылдауына кіру үшін ойластырылған. Ал енді арасында жанағы аяқ астынан келіп жатқан олар жанағы күнделікті талонсыз бірінін артынан бірі кіріп жатады.
Р.Ақжаркенова - член Общественного совета.
Предложение. На письма адресуемые в управление здравоохранения Алматинской области, мы зачастую получаем ответы которые невозможно понять человеку не являющемуся специалистом в области здравоохранения, в связи с тем, что в них часто используются абревиатуры смысл которых не раскрывается, в связи с этим просим взять данный вопрос на контроль и не допускать предоставление населению подобных ответов.
Д.Қыдырбаева - Қоғамдық кеңес мүшесі.


1 ұсыныс. Мен бұл сұрақты талай жылдар болды көтеріп жүрмін. 2008 жылдан бері біз қыздармен тәрбие жұмысын жүргіземіз, тек қана жүргізіп қоймай қыз балалар арасындағы проблемаларды көтеріп олардың шешілу жолдарын іздейміз. Оның бірінші жолы жолдама жүргіземіз соның ішінде мына қыздарға көбінесе керегі жасөспірім қыздарға жас қыздарға медициналық генекологиялық көмек. Біз енді өзіміз қарап сөзіміз жай болып қалмау үшін мына поликлиникаға өзіміздің бір адамымызды жібердік. Әдейі барып айттық мынандай жас қызымыз бар еді соны қаратайық деп. Сонда тіркеудегі мамандар, қыздарды қайда жіберетіндерін білмейді екен. Одан кейін жалпы диагностикалық орталық дейсіздер ғой әйелдер қарайтын сол жерге барғанда бір кабинетті көрсетті, бірақ оның есігінің маңдайшасында, ол жерде жасөспірім қыздарды қарайды деген хабарлама жоқ, сондықтан да оған туатын, ауратын, аборт жасайтын әйел барады. Ол жерге жасөспірім қыздар баруға ұялады. Бұл қыздардың аузынан шыққан сөз деп, жай ғана айтыла салатын дүние емес.

Өткен жолы мәжіліс депутаты Бектұрғанов келді сол жолыда мен осы мәселені көтердім, керек па деген кезде ол кісі қыздар тұрмақ қазір ұлдарға да арналған жасөспірімдерге арналған арнайы қызмет көрсету орталығы керек деді. Сондықтан да мен Сіздерден сұрайтыным ұсыныс ретінде осы жасөспірімдерге арналған қыздар мен ұлдарға арналған жеке кабинет болса, оны балалар поликлиникасында ашса, себебі анандай жерге кез келген қыздар бара алмайды және ол қыздардың сұрақтары өте көп. Егерде сол кабинетті ашқан болатын болсаныздар біз бірігіп жұмыс жасауға дайынбыз. Сондықтан осындай кабинет бізге өте қажет.



2 ұсыныс. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми сайты 2015 жылдан бастап жаңармаған күйінде тұр екен, оны уақыт талаптарына сәйкес жаңа ақпаратпен толықтырып отыру қажет.


Қ.Джанабаев - Қоғамдық кеңес мүшесі
Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Бізге Үштөбе қаласының тұрғыны Жақсыбаев Болат Қыдырсейітұлы деген Ауған соғысының ардагері - соғыс мүгедегі жолдаған хат жайлы айтқым келіп отыр. Бұл адам Ауған соғысында жарақат алғандығын растайтын құжаттардың барлығы бар. Бірақта біздегі комиссиялар қазіргі уақытта оның мүгедектігін алып тастап сау дам деп тауып отыр. Сонда бұл қалай болғаны? Ауғанстанда, Ташкент пен Краснодар қалаларының госпитальдарында ем алғандығын растайтын анықтамалары қолында бар екендігіне қарамастан комиссия осындай шешімге келгендігін көріп ан-таң болдым. Бұны қалай түсінуге болады? Бұл сорақылық қой.
Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Осы мәсленің шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын.

Қ.Айтжанов - Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Ұсыныс - Қайрат Теміргалиұлы, рұқсат етсеңіз осыдан кейін Сіз қалыңыз, барлық құжаттарды бірлесіп қарайық, бұл мәселені күн тәртібінен алып тастауыңызды сұраймыз.
Төрағалық етуші - Қоғамдық кеңес мүшесі Е.Келемсеиіт.

Ұсыныс - Келісеміз, Қаныбек Құлжабайұлы осы мәселенің шешілуіне ықпал етсеңіз дұрыс болар еді, мәселені шешу үшін Сіздің тарапыңыздан атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы ақпаратты бір айдың ішінде Қоғамдық кеңеске жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз.
Е.Келемсеиіт - төрағалық етуші.

Күн тәртібіне сәйкес Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсаттарында атқарылып жатқан жұмыс туралы Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айтжанов Қаныбек Құлжабайұлы хабарлама жасауға тиісті. Бірақ осы хабарламаны тыңдаудың қажеті жоқ шығар, өйткені оның мәтіні Сіздерге таратылып берілген және Сіздер онымен таныстыңыздар. Сондықтан бірден сұрақ - жауап рәсіміне көшейік.


Р.Ақжаркенова - член Общественного совета.

Мы с Қаныбек Құлжабаевичем ежеквартально проводим мониторинг доступности лицам с ограниченными возможностями объектов государственных структур, и знаем что в Областном акимате и в областном Собесе и в городском акимате подьемники имеются. Однако, хотелось бы отметить что не во всех зданиях государственных органов, учебных учреждений, социально значимых объектах, магазинах, кафе и ресторанах обеспечены возможности доступа инвалидов в их помещения, наглядным примером этого будут являться слайды которые я сейчас Вам продемонстрирую.

Обратите внимание ресторан "Ассорти" Вы видите что в него инвалид войти не может, скажите как можно воздействовать на рестораны чтобы они обеспечили их доступность людям с ограниченными возможностями? Следующие примеры - Государственный центр выплаты пенсий в него инвалид опять же попасть не сможет потому что при имеющемся устройстве доступа он просто упадет и получит инвалидность головы. Так же невозможно попасть инвалиду в здание филиала банка "Казкомерцбанк", прокуратуры города Талдыкорган и множество магазинов, гуманитарный колледж города Талдыкорган, областной филиал АО "Казпочта", детская поликлинника города Талдыкорган, филиала банка "Народный банк Казахстана", здание государственного университета им. И.Жансугурова и таких объектов очень много.

Скажите кто должен заниматься решением этих вопросов? Ведь в этой жизни никто не застрахован. Я понимаю что достаточно сложно обеспечить доступность инвалидам старых зданий, однако эти вопросы все таки надо решать. Спасибо.




Қ.Айтжанов - руководитель Алматинского областного управления координации занятости и социальных программ.
Уважаемые члены Общественного совета!
В этом направлении на территории Алматинской области ведется огромная работа. Роза Хаджиахметовна прекрасно знает о том, что из 1270 объектов которые дожны быть адаптированы для доступа людей с органиченными возможностями, в настощее время адаптированы более 400 объектов и на эти целы из бюджета области выделено 266 млн.тг. Относительно объектов предложенных нашему вниманию этот вопрос будет взят на контроль и соответствующая работа будет продолжена, в частности относительно гуманитарного колледжа, детской поликлинники, филиалов АО "Казпочта" и АО "Народный банк".
Е.Келемсеиіт - төрағалық етуші.
Осы мәселе бойынша қосымша хабарлама жасау үшін сөз Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұржанов Дәркен Нұржанұлына беріледі. Дәркен Сізге қойылатын сұрақтардың бірі енді жобаланып отырған ғимараттарда бүгін айтылып жатқа сын ескертпелер ескерілеме, осыған байланысты қазір қандай шаралар қолданылуда?
Д.Нуржанов - руководитель Алматинского областного управления архитектуры и градостроительства.
Уважаемые члены Общественного совета!
Адаптация зданий это не дешевый процесс, который зачастую требует вмешательства в конструктивную основу зданий. Адаптировать некоторые здания согласно предъявляемых к ним требований иногда и вовсе не представляется возможным. Потому что адаптация здания наряду с обустройством здания включает в себя сооружение разворотных площадок, звуковых и сигнальных табличек, тактильных досок а также навесов над пандусами. Я хочу сказать наше управление делает все для того, чтобы интересы мало мобильных групп относительно их доступа в здания соблюдались.

Р.Ақжаркенова - член Общественного совета.
Предложение - Вы знаете, наверное стыдно должно быть нашему университету, если он не может решить этот вопрос, потому что там и расходов то много не требуется, то же самое хотелось бы сказать относительно областной детской больницы. В период когда руководство городом осуществлял Алпысов Ермек Амантаевич я входила в состав группы которая контролировала эти вопросы. Я бы хотела чтобы до приемки зданий в эксплуатацию хотя бы за 40 дней меня приглашали и согласовывали его доступность для людей с ограниченными возможностями. Хотелось бы чтобы мы работали над этими вопросами совместно с акимом города.

Д.Нуржанов - руководитель Алматинского областного управления архитектуры и градостроительства.
Роза Хаджиахметовна мы с вами в этом направлении благотворно работаем и вместе ездим по объектам. Вы сегодня показали слайды объектов находящихся в городе Талдыкорган. Подобные слайды у меня имеются не только по городу но и по области в целом. Я хотел бы сразу уточнить то, что в полномочия управления архитектуры и градостроительства области не входит функция контроля и надзора и мы в приемке в эксплуатацию объектов не участвуем. А поработать в составе ваши группы мы с удовольствием согласимся.


Е.Келемсеиіт - төрағалық етуші.
Сұрақ. Осы мәселе «Нұр Отан» партиясының сайлау алды бағдарламасында көрініс тауып 4 жылға арналған "Кедергісіз келешек" атты бағдарлама ретінде оның жүзеге асырылуына 260 млн. теңге қаржы бөлінді емес пе? Оған биылғы және 2017, 2018 жылдар кіріп отыр. Оған сәйкес қателеспесем биылға 130 немесе 140 объект реконструкцияға жатса келесі жылы олардың саны 40. Осы жұмыс жергілікті жерлерде атқарылды, алайда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының отырысында қорытындысын шығарған кезде біз ұялдық, осы мәселенің жүзеге асырылуына сәулет қызметі тарапынан ешқандай көмек болмағандығы анықталды. Мысалы - ауылдың әкімдеріне 400 және 600 мың көлеміндегі қаражат пандустар салу үшін берілген, олар болса өз тарапынан әйтеуір қолынан келгенше тиісті талаптарға және мүгедектердің сұраныстарына сәйкес келмейтін пандустарды салып қойған. Енді осыған нақты жауап беретін адам жоқ екендігі анықталып отыр.
Д.Нұржанов - Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Жауап. Түсіндіріп кетсем болады ма? Жалпы әкімге ақшаның берілу себебі - әкімдердің балансұстаушылары болып танылатындықтан. Пандустар қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген жоба негізінде жасалуға тиісті болған, өз ретінде жоба бекітілердің алдында сараптамадан өтуге тиіс еді. Сонымен бірге әкімдер пандустарды салу жұмысына қандай құрылыс мекемесін тартқаны да өз әсерін тигізді. Құрылысшылар пандустарды қолдарына берілген жобаға сәйкес салған болса ешқандай проблема туындамас еді. Объектілер жобасыз салынбауға тиісті.
А.Чормаков - член Общественного совета
Я считаю, что вопросы ставятся очень правильно. Относительно объектов которые были показаны на слайдах, я думаю что вопросы доступа к ним людей с ограниченными возможностями можно достаточно просто решить, путем обращения в государственный орган архитектурно - строительного контроля, который наделен правом проверки подобных вопросов и в случае обнаружения нарушений требования законодательства при сооружении объектов обеспечивающих доступ инвалидов в эти здания наложить на собственников либо баллансодержателей соответствующие административные штрафы, либо приостановить их деятельность путем передачи соответствующих материалов в суд. Что касается управления архитектуры области то они свою позицию держат правильно.
Е.Келемсеиіт - төрағалық етуші.
1 сұрақ. Енді мына мәселенің аяғына жетіп алайықшы. Қаныбек Құлжабайұлы Сіз айтып түсіндіріңізші осыған дейінгі 400 объектінің ішіндегі қазіргі таңда 300 салынып бітті, соларға жоба жасалды ма?

2 сұрақ. Тапсырыс беруші кім және осы мәселе кімнің бақылауында болды?

3 сұрақ. Кейбір мектептерде жана пандустың қажеті жок өзі жермен бірдей екен деп салынбапты, бірақ осы мақсаттарды ақша бөлінген пандус керек жоқ деп дәлізін бетондап әйтеуір бірнәрсе салып қойыпты. Осының бәрін қалай түсінуге болады?

Қ.Айтжанов - Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Бұл жерде мынандай жағдай болған 2013 жылы бізге министрліктен жана конвенцияға Елбасымыздың қол қоюына байланысты жаңа адаптация жүргізі керек деген үлкен талап қойылды, осы бойынша біз оны талдадық басында 1 объектке орташа есеппен алғанда 600-700 мыңдай қаражат кетеді деп есептедік. Ал енді бұл объектілерге жанағы Дәркен Нұржанұлы айтпақшы сараптама керек екен, сонда бөлінген 700 теңгенің белгілі бір бөлігін сараптамаға немесе 300 мыңдай қаражат кетеді екен. Сонда жобалық сметалық құжаттаманың құны одан жоғары болып кетеді. Ал енді ЖСҚ жасайтын адам оны мысалы Алакөлде болса, Алакөлге бару керек осы жерден топотүсіру жасалу керек, қайтып келіп сараптамаға өткізу керек, соның бәрі өзі күлкілі жағдай болайын деп тұрды. ЖСҚ-ны жасау біздің өзіміздің жасайтын құнымыздан асып кететін болды. Сондықтан біз не істедік, 400 объектінің тізімін жасадық, бірақ ақшаны жәйдан жәй бергеніміз жоқ, салынуға тиісті пандустарға қойылатын талаптар түсіндірілді. Оның бәрі түгел жаман істеді деп айтуға болмайды, өткенде «Нұр Отан» партиясының жиынында көрсетілгендей өздерінің қателіктері болды, енді олар өздерінің есебінен түзетілуге тиісті.
Е.Келемсеиіт - төрағалық етуші.
Дұрыс дұрыс. Енді менің сұрап отырғаным сол аудандар бақылауға алыну керек қой. Мына кісілер өмір бақи жылап жүре ме, бұл мақсатта ақша тағы да бөлінеді осы мәселеге бір адамның жаны ашу керек қой. Ауданның құрылысшылары мен сәулетшілеріне "Сіздер осы жұмысқа жауаптысыздар" деп бір ауыз айтып қойған дұрыс емес пе? Сіздің тарапыныздан айтылса ол мына адамдарға жасалған үлкен құрмет, қошемет болар еді.


А.Газалиев - член Общественного совета
По моему данный вопрос не находит решения потому что нет людей которые бы несли за это ответственность. Мы не знаем имеются ли средства на обустройство пандусов или их нет. Тогда как члены Общественного совета мы об этом должны знать. В городе строится много ненужных объектов однако на пандусы денег нет. Целью Общественных советов согласно Законодательства является обеспечить прозрачность деятельности государственных органов. Если бы Общественные вопросы контролировали эти вопросы то пандусы были бы везде.


Қ.Айтжанов - руководитель Алматинского областного управления координации занятости и социальных программ.
Ответ - За пандусы которые не отвечаю соответствующим требованиям несут ответственность администраторы которым на эти цели были выделены средства, ответственность с них никто не снимает.

А.Газалиев - член Общественного совета
Вы меня неправильно поняли, я имел ответственность не просто как людей, а то что никто за это дело не отвечает. Понимаете этим людям ни холодно ни жалко за то, что они называются ответственными, на самом деле они не ответственны. Ответственный человаек это человек который отвечает за свои действия, человек которого за то что он что то не сделал могут привлечь к ответственности.
Е.Келемсеиіт - төрағалық етуші.
Бұл мәселе енді бүгін ғана аяқ асты пайда болған мәселе емес қой шынында оны қолға алғанымызға 4-5 жыл болды. Оған ға дейін пандус мәселелелерін ешкім көтермеген. Ранее вопросы пандусов никто не поднимал. Блогодаря партии «Нур Отан» этот вопрос был рассмотрен и на обустройство пандусов 400 объектов было выделено 286 миллионов тенге. Эта работа будет продолжена и далее. Конечно на первых порах были допущены определенные упущения, действительно не все пандусы на сегодняшний день соответствуют предъявляемым к ним требованиям, однако тепеь мы об этих проблемных вопросах знаем, возьмем их на контроль и будем решать во благо людей с органиченными возможностями..


Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Қадірменді Қоғамдық кеңес мүшелері!
Бүгін жүргізілген қоғамдық мониторинг барысында қаралған мәселелер бойынша біз ұсынымдар қабылдап, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдауға тиістіміз. Осыған байланысты Сіздердің назарларыңызға Қоғамдық кеңестің келесі мәтіндегі ұсынымдары ұсынылып отыр:
ҰСЫНЫМДАР:

Алматы облыстық Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасының "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңының 20 бабына сәйкес Денсаулық сақтау медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінің және Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Алматы облысындағы дәрі дәрімекетердің бағалары және облыстағы денсаулық сақтау мекемелерімен жұртшылыққа тегін көрсетіліп жатқан медициналық қызметтердің түрлері мен сапасы туралы", Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының "Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсаттарында атқарылып жатқан жұмыс туралы" хабарламаларын тыңдап, талқылай келе, Алматы облыстық Қоғамдық кеңесінің Әлеуметтік саланы дамыту, еңбекпен қамту, білім, денсаулық сақтау, тіл, спорт, мәдениет, жастар саясаты, этнос және дін аралық қатынастар мәселелері бойынша комиссиясымен жоғары көрсетіліп кеткен мәселелер бойынша жасалған мониторинг қорытындысын басшылыққа ала отырып КЕЛЕСІ ҰСЫНЫМДАР ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдувалиевке келесі шараларды жүзеге асыру ұсынылсын:

1) "Жергілікті жерлерде денсаулық сақтау мекемелері жұртшылыққа тегін көрсетіп жатқан қызметтердің түрлері мен олардың сапасы туралы" аудандық және қалалық медициналық мекемелерінің бас дәрігерлерімен аудандық және қалалық Қоғамдық кеңестердің алдында 2016 жылдың қазан айында есептердің берілуін қамтамасыз ету;

2) есептерді беру барысында жергілікті жерлерде денсаулық сақтау мекемелері жұртшылыққа тегін көрсетіп жатқан қызметтермен байланысты кемшіліктер мен заң бұзушылықтар орын алған жағдайда олардың жойылуына бағытталған іс шаралар - жоспарын бекітіп, жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

3) жергілікті жерлерде дәріханалық ұйымдар арқылы сатылатын дәрі дәрімектердің бағаларын үнемі бақылауға алып, олар күрт өскен жағдайда жергілікті атқарушы және өкілді органдарына және Қоғамдық кеңестерге жедел хабарлап отыру;

4) Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен жергілікті жерлерде денсаулық сақтау мекемелеріне жеке және заңды тұлғалар жолдаған өтініштерге және хаттарға жауап берілген кезде медициналық білімі жоқ адамдардың оқып түсіне алмайтын аббревиатураларды қолдануға болмайтындығы туралы осы мекемелердің басшыларын ескерту;

5) Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтындағы мәліметтердің үнемі жаңартылып отырылуы қажеттілігі туралы осы мәселеге жауапты лауазымды тұлғаларды ескерту;

6) жергілікті жерлердегі денсаулық сақтау мекемелерінде жасөспірім қыздарға гинекологиялық қызметтерді көрсететін кабинеттердің ашылуын қамтамасыз ету.

2. Денсаулық сақтау медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Г.Қалдыбаеваға келесі шараларды жүзеге асыру ұсынылсын:

1) дәріханалық ұйымдардың барлығында тұтынушылардың назарына департаменттегі жұртшылықтың өтініштерімен жұмыс жасауға жауапты лауазымды тұлғалар телефондарының нөмірлері мен қабылдау уақыты туралы тақтайшалардың көрінетін жерде ілінуін қамтамасыз ету;

2) дәріханалық ұйымдардан сатып алынған дәрі дәрімектердің сапасы төмен болып шыққандығы анықталған жағдайда не жасау керек екендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмысын жүргізу.

3. "Нұр Отан" партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаевқа (оның өзінің бастамасы бойынша) партиялық бақылау желісі бойынша келесі шараларды жүзеге асыру ұсынылсын:

1) облыс көлеміндегі дәріханалық ұйымдарда тұтынушылардың назарына Денсаулық сақтау медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментіндегі жұртшылықтың өтініштерімен жұмыс жасауға жауапты лауазымды тұлғалар телефондарының нөмірлері мен қабылдау уақыты туралы тақтайшалардың бар немесе жоқтығын анықтау;

2) облыс көлеміндегі дәріханалық ұйымдарда сатылатын дәрі бағаларының 2016 жылдың өткен кезеңінде өсуінің динамикасы және оның себептері жөніндегі талдау анықтамасын әзірлеп Қоғамдық кеңестің қаруына ұсыну.

4. Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қ.Айтжановқа және аудан, қала әкімдеріне келесі шаранларды жүзеге асыру ұсынылсын:

1) аудандық, қалалық, сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен бірлесе отырып мемлекеттік органдар мен әлеуметтік маңызы бар, мәдени - көпшіліктік объектілерге, сауда және қызмет көрсету ұйымдарына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында салынған, салынып жатқан және салынуы жоспарланып отырған пандустардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келуін қатаң бақылауға алу;

2) аудан, қала әкімінің өкімімен аудан, қала көлеміндегі мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мекемелері мен жеке кәсіпкерлік объектілері орналасқан ғимараттардың пандустармен қамтамасыз етілуін бақылау мәселелеріне жауапты лауазымды тұлғаларды белгілеу;

3) пандустары бар жаңадан салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың құрамдарына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүдделерін білдіретін коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін (келісім бойынша) енгізу;

4) аудандық және қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларымен "Жергілікті жерлерде мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсаттарында атқарылып жатқан жұмыс туралы" аудандық және қалалық Қоғамдық кеңестердің алдында 2016 жылдың қазан айында есептердің берілуің қамтамасыз ету;

5) әр аудан мен қалада пандустармен қамтамасыз етілуге тиісті объектілердің саны, тиісті талаптарға сәйкес келмейтін пандустармен қамтамасыз етілген объектілердің саны, тиісті талаптарған сәйкес келетін пандустармен қамтамасыз етілген объектілердің саны туралы толық ақпаратты облыстың және аудандық, қалалық Қоғамдық кеңестеріне беру.

5. Осы ұсынымдардың орындалу барысын бақылау және жоғары аталып кеткен мемлекеттік органдардан сол сияқты аудан мен қала әкімдерінен түскен мәліметтер негізінде талдау ақпаратын әзірлеу Қоғамдық кеңестің әлеуметтік саланы дамыту, денсаулық сақтау мәселелері бойынша комиссиясына тапсырылсын.


Қадірменді Қоғамдық кеңес мүшелері!
Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша басқа ұсынымдарыңыз бар ма?
Жоқ.
Олай болса мәселені дауысқа қоямын.
Ұсынылып отырған ұсынымдар беріліп отырған редакцияда Алматы облысының денсаулық сақтау және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларына жолдансын дегендеріңіз дауыс беріңіздер.

Қарсы, қалыс?
Жоқ.
Шешім қабылданды.

ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ

Қадірменді Қоғамдық кеңес мүшелері!
Одан әрі кеңестің отырысы қоғамдық тыңдау түрінде өткізіледі. Оның барысында біз «Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі Амангелді ауылының атауын Зылиха Тамшыбаева ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен Алматы облысы мәслихаты шешімінің және Алматы облысы әкімдігі қаулысының жобасын жария талқылауға тиістіміз. Осы бірлескен актінің жобасы 2016 жылғы 18 тамызда яғни осы отырысқа дейін бір ай бұрын облыстық мәслихаттың сайтында сонымен қатар облыстық "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттеріне жария етілген. Проект данного решения 18 августа 2016 года то есть за месяц до настоящего заседания был опубликован Вашему вниманию в средствах массовой информации.

Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Ұсынылып отырған нормативтік - құқықтық актінің жобасы бойынша қосымша айтар пікірлеріңіз немесе сұрақтарыңыз бар ма?
Жоқ


Олай болса, мәселені дауысқа қоямын.
1) «Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі Амангелді ауылының атауын Зылиха Тамшыбаева ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен Алматы облысы мәслихаты шешімін және Алматы облысы әкімдігі қаулысын беріліп отырған редакцияда қабылдау ұсынылсын дегендеріңіз дауыс беріңіздер.

Қарсы, қалыс?
Жоқ.
Шешім қабылданды.


Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Келесі талқылануға тиісті маңызды сұрақ, Қоғамдық кеңестің келесі отырысында қаралуға тиісті мәселелерді анықтау.
Өздеріңіз білесіздер Қоғамдық кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес біз үстіміздегі жылдың 3 тоқсанында "Бюджеттік бағдарламалардың орындалуы және нысаналы индикаторларға қол жеткізуі мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы" Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының және Алматы облысының құрылыс басқармасының есебін тыңдауға тиістіміз.

Сонымен бірге Сіздер - Қоғамдық кеңестің мүшелері ретінде қоғамдық кеңестің қарауына ұсынып отырған мәселелеріңіз тағы да бар, олардың тізбесі Сіздердің қолдарыңызда.


Үстіміздегі жылдың 15 тамызында қабылдаған шешімге сәйкес бүгін біз дәрі-дәрімектің бағасы, денсаулық сақтау мекемелерімен көрсетіліп жатқан қызметтердің түрлері мен сапасы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық инфрақұырылмдарына қол жетімділігі мәселесін қарадық.

Қоғамдық кеңес Ережесінің 43 тармағында Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібін Қоғамдық кеңес жұмысының перспективалы жоспарының, кеңестің комиссиялары мен кеңес мүшелері ұсынған мәселелердің негізінде қоғамдық кеңестің төралқасы қалыптастырады делінген. Осыған байланысты кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес алдағы уақытта өткізілетін отырыстың күн тәртібіне Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының есебі қойылып отыр.


Сонымен қатар алдағы уақытта өкізілетін отырыс барысында Сіздер ұсынған тізімдегі мәселелердің ішінен қаралуға тиісті мәселелерді іріктеп алу керек.
Осы мәселені әртүрлі түсінбеушіліктерді болдырмау үшін ашық талқылап алайық.
Қоғамдық кеңестің мүшелері Айтбаев Болат Әбішұлы мен Буков Виктор Иванович Талдықорған қаласындағы жол қауіпсіздігінің жағдайы және балаларға тегін доп тарату туралы мәселелерді Қоғамдық кеңестің келесі отырысында қаралуын қайта қайта ұсынып отыр.
Менің ойымша келесі отырыста балаларға тегін доп тарату мәселесін қарайтын болсақ оны облыстық спорт басқармасының есебінің бір бөлігі ретінде қарап кеткеніміз дұрыс болар.
Осы ұсынысқа қалай қарайсыздар?
З.Құсайынова - Қоғамдық кеңес мүшесі.
Мен Қоғамдық кеңестің келесі отырысында жастардың жұмыспен қамтылуы туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының есебін де қарап кетуді ұсынамын, өйткені ол бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі?
Е.Келемсеиіт - төрағалық етуші.
Жеке мәселе ретінде қоямыз ба?

З.Құсайынова - Қоғамдық кеңес мүшесі.
Жеке болса жеке болсын, бірақ бұл мәселені осы жақын арада шешу керек.
Осы ұсынысқа қалай қарайсыздар?
Қолдайсыздар ма?
Онда келесі отырыстың күн тәртібін дауысқа қоямын!
Алматы облысының Қоғамдық кеңесінің 2016 жылғы 28 қазанда өткізілетін отырысында келесі мәселелер енгізілсін:

1 мәселе. "Бюджеттік бағдарламалардың орындалуы және нысаналы индикаторларға қол жеткізуі мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы" Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының есебі және оның құрамында балаларға тегін доп тарату мәселесі;

2 мәселе. Талдықорған қаласындағы жол қауіпсіздігінің жағдайы және жол апаттарын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыс туралы Талдықорған қаласы әкімінің есебі;

3 мәселе. Алматы облысында жастардың жұмыспен қамтылуы туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының есебі .

Қарсы, қалыс?
Жоқ.

Шешім қабылданды.

Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!

Қоғамдық кеңестің бүгінгі отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды, оның өткізілуіне байланысты ұсыныстарыңыз немесе ескертпелеріңіз бар ма?


Жоқ.
Олай болса, Қоғамдық кеңестің отырысын жабық деп жариялаймын.
Келіп, белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Отырыс төрағасы Е.Келемсейіт

Отырыс хатшысы С.Нұрахметов





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет