Алматы облыстық мәслихатының



жүктеу 88.6 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі88.6 Kb.

Алматы облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ
2015 жылғы 27 наурыз №43-249

Алматы облысының әділет

департаментінде

2015 жылғы 30 сәуірде 3154 номірімен тіркелген.


Алматы облысында иттер мен

мысықтарды асырау және

серуендету, қаңғыбас иттер

мен мысықтарды аулау және

жою Қағидаларын бекіту

туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:


      1. Қоса беріліп отырған Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жүргізу облыс әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Іслямұлына жүктелсін (келісім бойынша). 3. Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Құрманбаев Ерлан Бақытжанұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін. 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Облыстық мәслихат Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

_________Қ.Дөнсебаев ______________Е.Келемсеиіт
Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы

27 наурыздағы

№43-259 шешiмiмен бекітілген

Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидалар Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін белгілейді. 3. Осы Қағидалар иттер мен мысықтардың барлық иелеріне, меншік түрлеріне қарамастан жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

4. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) иттер мен мысықтардың иесі – жеке меншігінде немесе меншіктің басқа түрінде иттер және мысықтарға иелік етуші жеке немесе заңды тұлға;

2) ит – төбет тұқымдас, сүтқоректі;

3) мысық- мысық тұқымдас, сүтқоректі;

4) жетелеуші ит - көру қабілеттілігі бойынша мүгедектігі бар адамның белгілі маршруттар бойынша дұрыс және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ете алатын арнайы дайындық барысында үйретілген ит;

5) иттерді және мысықтарды асырау – иттер мен мысықтардың иелерімен ветеринариялық-санитариялық нормаларды сақтай отырып, иттердің және мысықтардың толыққанды тіршілік қарекетін қамтамасыз ету үшін іске асырылатын әрекеттер;

6) қаңғыбас иттер мен мысықтар - тіркелмеген, иесін анықтау мүмкін емес, иесінен қалып қойған не болмаса қашып кеткен, иесі немесе жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген иттер мен мысықтар;

7) қоғамдық орындар – адамдар көп жиналған немесе көп жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде бақтар, саябақтар және одан басқа азаматтардың демалыс орындары, жаға жайлар, стадиондар;

8) иттер мен мысықтарды серуендету – иттер мен мысықтардың тұрған жайдан сырт жерде немесе арнайы қарастырылған аумақта болуы.

2. Иттер мен мысықтарды асырау


5. Иттерді және мысықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланылатын орындарында (кіреберістерде, баспалдақтарда, баспалдақ алаңдарында, лифтілерде, жертөлелерде, шатыр астыларында, үйлердің төбелерінде), сондай-ақ осындай үйлердің жанындағы аумақтарда асырауға жол берілмейді.
6. Жеке тұрғын үйлер, жеке құрылыстар аумақтарында иттердің қашып кетуін, адамдарға және жануарларға шабуыл жасауын болдырмайтын жағдайларда иттерді оқшау аумақта және (немесе) байлап асырау қажет. Егер аумақты ит күзететін болса, иттің аумақта бар екендігі туралы аумаққа кіреберістегі иттің бейнесі салынған, «Ит күзетеді! Охраняется собакой!» деген жазба жазылған, көлемі 20 х 30 сантиметрден кем емес ескерту тақташасымен хабарланады.

7. Иттер мен мысықтарды асыраған кезде иелері төмендегі талаптарды орындауға міндетті:

1) иттер мен мысықтарды аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда тіркеуге қою;

2) иттер мен мысықтардың оларды асырап отырған орыннан өз еркімен шығып кетуіне жол бермеу;


      3) иттер мен мысықтардың айналасындағыларды мазалауға әкеліп соқпайтын және қауіп төндірмейтін жүрісін қамтамасыз ету;
    4) иттер мен мысықтардың тарапынан тұрғын үй-жайларда даңғырды болмдырмау;
      5) иттер мен мысықтардың нәжісімен және өзге де тіршілік әрекет ету өнімдерімен көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланылатын орындарының (кіреберістердің, баспалдақтардың, баспалдақ алаңдарының, лифтілердің, жертөлелердің, шатыр астыларының, үйлердің төбелерінің), балалар алаңдарының, жолдардың, жаяусоқпақтардың, шағын гүлбақтардың, демалыс аумақтарының ластануына жол бермеу, ал ластаған жағдайда ластанған орынды жедел тазалау;
      6) иттер мен мысықтарды зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптарға сәйкес асырау, қоғамдық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық қажеттіліктеріне сай асырау, оларға адамгершілікпен қарау, қараусыз қалдырмау, оларға қажетті көлемде тамақ пен ішетін су беру, қатал ұсталуына жол бермеу;
      8) аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар мамандарының талабы бойынша иттер мен мысықтарды бақылау үшін, диагностикалық зерттеу және емдеу, алдын-алу шараларын жүргізу үшін бөгетсіз беру;
      9) иттер мен мысықтарды жыл сайын екі айлық жасынан бастап аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға байқау және құтырма мен басқа да инфекциялық, паразитарлық ауруларға қарсы егу үшін әкелу;
      10) жүйелі түрде, тоқсанына бір реттен кем емес иттер мен мысықтарды тері паразиттеріне және гельминттерге қарсы профилактикалық өңдеу жүргізу;
      11) иттер мен мысықтардың ауыруының барлық жағдайларында немесе ауруға күдікті болғанда дереу аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына хабарлау, зерттеудің қорытындылары бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтіксіз орындау;

      12) иттер мен мысықтардың белгісіз себептермен өліп қалған жағдайларында немесе құтыру ауруына шалдығуға ұқсас белгілері болғанда дереу аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына хабарлау және оларды ветеринариялық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшаулау;

13) иттер мен мысықтардың адамдарды сілекейлеу, тырнап алу, тістеу жағдайлары туралы, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына және тиісті денсаулық сақтау мекемелеріне дереу хабарлау;

14) ит немесе мысықтан жарақат алған тұлғаға өзі туралы толық деректерді дереу беру (фамилиясы, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекен жайы);

      15) иттер мен мысықтарды одан әрі асырауға мүмкіндік болмаған жағдайда оны басқа тұлғаға, жануарларды қорғау ұйымына беру немесе аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына хабарлау;
16) иттер мен мысықтардың өліктерін алып кетуін ұйымдастыру мақсатында аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына дереу хабарлау және олардың есептен шығарылуын қамтамасыз ету.

3. Иттер мен мысықтарды серуендету


8. Иттер мен мысықтардың иелері келесі талаптарды сақтауға міндетті:
1) иттерді асырау орындарынан тұмылдырықта және қысқа (1,5 метрге дейін) мойын жіппен айналасындағыларға мазасыздық, кедергілер келтірмейтіндей етіп ертіп жүруге және серуенге шығаруға рұқсат етіледі. Айналадағы адамдардың және жануарлардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілу шартымен иттердің үш айға дейінгі күшіктерін және анатомиялық ерекшеліктері тұмылдырық киюге келмейтін декоративтік тұқымды иттерді тұмылдырықсыз серуендетуге болады;
2) иттерді тұмылдырықсыз және мойын жіпсіз тек қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және жергілікті атқарушы органдарымен, пәтер иелерінің кооперативтерімен қаралған еркін серуен алаңдарында алып жүруге жол беріледі;
3) иттердің иелері әрдайым иттің мойнында иттің лақап аты, түрі, иесінің мекен-жайы мен телефондары көрсетілген нөмірлі жетон бекітілген қарғыбау тағуға міндетті. Иесінің қалауы бойынша нөмірлі жетонда итке қатысты басқа да мәлімет көрсетілуі мүмкін;
4) көшелерден және магистральдардың жанынан өткен кезде иттердің иелері жол-көлік оқиғаларын және иттің өлуін болдырмау үшін оларды қысқа мойын жіпке алуға міндетті;

5) серуендетіліп жүрген иттер немесе мысықтар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда тиісті дәрігерлік көмек шақыру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті;

6) иттер мен мысықтарды тұрғын үйлердің маңында серуендету кезінде 23.00. мен 07.00. сағат аралығында тыныштықтың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

7) иттер мен (немесе) мысықтармен қоғамдық орындар ластанған жағдайда нәжісті және олардың өзге де тіршілік әрекет ету өнімдерін дереу алып тастауға міндетті.


      9. Иттерді тұмылдырықтарда және қысқа мойын жіптерде, өздігінен шешіліп кетуін болдырмайтын, иелері ғимараттардың ішінде уақытша болған мерзімге, егер де иттер басқа тұлғаларға қауіп төнгізбейтін, қоғамдық тәріпті бұзбайтын, қозғалысқа және өзіне зиян келмейтіндей жағдайда байлаулы қалдыруға болады. Сонымен бірге иттер адамдардың және автокөліктердің өтуіне кедергі болмауы керек. 10. Мыналарға: 1) құтырма ауруына қарсы егілмеген және паразитарлық ауруларға (эхинококкоз және токсоплазмоз) тексерілмеген иттер мен мысықтарды серуендетуге; 2) иттер мен мысықтарды рұқсат етілген немесе осы мақсаттарда арнайы бөлінген орындардан басқа, балалардың аулалық алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емделу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және тұрғындар жаппай демалатын өзге де орындарда, тыйым салатын белгілер орнатылған орындарда серуендетуге;
3) иттермен және мысықтармен (көру қабілеттілігі бойынша мүгедектігі бар адамдарды жетелеуші иттерден басқа) дүкендерге, қоғамдық тамақтану ұйымдарына, медициналық, мәдени, спорттық және жалпыға білім беру мекемелеріне (арнайы ұйымдастырылған шараларға барудан немесе иттермен, мысықтармен бірге баруға арналған мамандандырылған мекемелерге (ұйымдарға) барудан басқа) баруға;
      4) жетектеп жүрген кәмелет жасындағы тұлғаларсыз 12 жастан кіші тұлғаларға, иттердің үш айға дейінгі күшіктерінен және иттердің декоративтік тұқымдарынан басқа, иттерді серуендетуге;
      5) алкогольдік, есірткі мас күйіндегі адамдарға иттерді серуендетуге;

6) иттер мен мысықтарды жағажайларда серуендетуге, көпшілік шомылатын жерлерде, тоғандарда, бұрқақтарда, су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға және жуындыруға;


      7) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өткізілетін жерлерде адамдарды құтқаруға арналған тапсырманы орындау барысындағы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, сондай-ақ көру қабілеттілігі бойынша мүгедектігі бар адамды жетелеуші иттерден басқа иттермен бірге болуға жол берілмейді.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

      11. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады (бұдан әрі - Ұйымдар). 12. Аулауға иелері ғимараттардың жанында байлауда қалдырып кеткен иттер мен мысықтардан басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, шағын бақтарда және басқа да орындарда) иесіз жүрген қаңғыбас иттер мен мысықтар жатады. 13. Ауланған күннен кейінгі 3 күнтізбелік күн ішінде сұралмаған қаңғыбас иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, дәрілік жолмен жансыздандыруға жатады. 14. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мал қорымдарында (биотермиялық шұңқырларда) немесе инсинераторларда (крематорларда) жүзеге асырылады.

15. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) тастауға және оларды мал қорымынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге жол берілмейді. Өлген жағдайда иттер мен мысықтардың өлекселері (қалдықтары) оларды жою үшін Ұйымдарға беріледі. Өлген иттер мен мысықтардың өлекселерін шығару тегін жүргізіледі. 16. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері, адамгершілік қағидаттар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және өткізіледі.



Қорытынды ережелер

      17. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мер мысықтардың иелері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет