Алпыс Арғын Қойлыбайұлы Жаңақоныс негізгі мектебі Дене тәрбиесі мұғалімі Тақырыбы: «толағАЙ» отбасылық сайысы мақсаты



жүктеу 47.05 Kb.
Дата12.05.2019
өлшемі47.05 Kb.

Алпыс Арғын Қойлыбайұлы

Жаңақоныс негізгі мектебі

Дене тәрбиесі мұғалімі

Тақырыбы: «ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ
Мақсаты:

Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру.

Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Мектепке ата-аналарды тарту.



Керек құралдар: Шарлар, қаптар, кедергілер, үлкен доптар, скакалкалар.

Өтілетін орын: Жаңақоныс негізгі мектебі.
1.жүргізуші.

Армысыздар, бармысыздар!


2.жүргізуші.

Қош келдіңіздер, ұстаздар, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға

келген көрермен қауым.
1.жүргізуші.

Мектеп оқушылары және ата-аналар арасында «Біз салауатты өмірді

қолдаймыз» аттыұранмен өткізгелі отырған «Толағай» отбасылық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
2.жүргізуші.

Тәлімді-тәрбие әр отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ-ұлт болашағы

болады. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді.

«Спорт-денсаулық кепілі» десек, « Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара.


1.жүргізуші.

Олай болса, әркімге рухани және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған жанұяларды ортаға шақырайық.

Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділқазы үздігі кім.

Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой

Қарсы алайық топтарды қошеметпен.


2.жүргізуші.

Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған жанұялар тобының аяқ

алысын бағалау үшін әділқазы алқасын таңдап алайық
Әділқазы алқасы мүшелері: мектеп директоры: Бокишев Т.Қ

Ата-аналар комитеті: Алшинбаева С.Ө

Тәрбие ісі меңгерушсі: Утебаева Ж.С

Оқу ісі меңгерушісі: Кусайнова Г.Т


1.жүргізуші.

Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

Ал әділ қазылар алқасы әр бөлімнен кейін

бағасын беріп, сараптама жасап отырады.



2.жүргізуші.

Бәйгені ат жаратып шапқан алар,

Олжаны жатқан емес, тапқан алар,- деп сайысқа қатысушы отбасы топтарына

«Ақ жол!» тілейік, ағайын.

Ал ендеше сайысымыздың бірінші бөлімі

Эстафета деп аталады.

Шарты:

Эстафеталық таяқты алдымен әкелер кедергілерден өту арқылы аналарға



ұсынады, ең соңғы болып балалар кедергілерден айналып жүгіреді.

Шапшаңдық танытқан топ жеңіске жетеді.

Екеуі:

Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!


1.жүргізуші:

Сайыстың тұсаукесер ойынына беретін бағаларыңызды көрсетсеңіздер.

Ойыншылардың кемшілігі мен қателіктерін айтып, ұпайларға сараптама жасап кетсеңіздер. Келесі сайысымыз

Қаппен секірудеп аталады?

Шарты:


Қапты алғашқы боп әкелер киіп секіреді, келесі балалр секіреді, ең соңғы боп

ойынды аналар аяқтайды.

Екеуі.

Сайыскерлер дайынбыз ба?



Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сайыс барысындағы жетістік пен қателіктерге түсінік беріп кетсеңіздер.

Жалпы ұпай саны нешеу болды екен?
1.жүргізуші.

Рахмет. Келесі үшінші бөліміміз: «Көпсайыс

Шарты:

Ойынды аналар скакалкамен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалар да бақа сияқты секіріп анасының қасына барады, ал әкелер өрмекші жүрісі бойынша анамен баланың жанына барып, әке мен шеше баланы қолдарына отырғызып өз орнына қайтып оралуы қажет.



Екеуі.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!


2.жүргізуші.

Қазылар алқасы бағалап жіберсек. Бағаларға түсініктеме беріп кетсеңіздер. Жалпы ұпай саны қанша болды екен?

Ал, келесі сайысымыз

Доппен секіру.

Шарты:

Допты екі аяқтың ортасына қысып алып межеге дейін және кері қарай сол



күйінде қайтып келіп отбасының келесі ойыншысына ұсынады.

Отбасының ересектері шарды баспен секіртіп кедергілер арасымен айналып жүріп келуі тиіс. Ал балалар шарды үріп жүріп кедергілерден айналып келу керек.

Екеуі.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!



Сараптама жасап кетсеңіздер.Жалпы ұпай саны қанша болды екен?
1.жүргізуші.

Рахмет. Келесі сайысымыз «Олжаны үйге жеткізу»

Шарты:

Бірінші әкесі қолына қасық алып оған теннис шарын салып отбасы анасына, анасы баласына табыстап мәреге жеткізу.


2.жүргізуші.

Соңғы сайысымыздың ұпайларын берсеңіздер.


1жүргізуші.

Таңданайық спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!-дей келе байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз.(Сыйлықтар ұсыну)
1.жүргізуші.

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше

Осымен Толағай сайысы аяқталды.
2.жүргізуші.

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.



«Толағай»

Отбасылық жарыс

Өткізген: дене тәрбиесі пәні мұғалімі Алпыс А.Қ

Жаңақоныс негізгі мектебі
2016 жыл
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Физика пјнінен «Ќызыќты физика кеші» таќырыбында ґткізілетін сыныптан-тыс іс-шараныѕ јдістемелік јзірлемесі
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы : «Біріккен сөздер»
Razrabotkaurokov -> Ахметова Орынкїл Јбілќызы
Razrabotkaurokov -> Технология 7сынып
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «Табиғаттағы су айналымы»
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> «эрудит» /тарихи- танымдық ойын
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «Өткенді пысықтау»
Razrabotkaurokov -> Моногибридті будандастырудыњ цитологиялыќ негіздері
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «ҚҰрылымы күрделірек теңдеуді шешу»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет