Алтайдан Еділге дейін ұшқан құстың қанаты талатұғын, шапқан тұлпардың тұяғы тозатұғын осы бір Ұлы Далада Қазақ Хандығының туы биікке көтергеннен бері, хан атағын алып, билеп төстеген тұлғалар аз емес



жүктеу 55.09 Kb.
Дата24.03.2018
өлшемі55.09 Kb.

Кіші жүз ханы Әбілқайыр

Алтайдан Еділге дейін ұшқан құстың қанаты талатұғын, шапқан тұлпардың тұяғы тозатұғын осы бір Ұлы Далада Қазақ Хандығының туы биікке көтергеннен бері, хан атағын алып, билеп төстеген тұлғалар аз емес. Осы тұлғалардың ішіндегі қазіргі тарих ғылымында да, қоғам ортасында да көптеген талқыға түсіп, сынға ілігіп жүргендердің бірі де бірегейі Кіщі жүз ханы Әбілқайыр.

Әбілқайыр ханның толық есімі – Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр (1; 89 бет). Ал Аманбай Құнтөлеуұлы «Әбілқайыр» деген еңбегінде: « . . . мөрінде «Мұхаммед Қазы баһадүр Әбілқайыр хан Қажы Сұлтанұлы», – деп жазылғандығын айтады (2; 467 бет). « «Әбілқайыр» деген есімнің атағына немесе лауызымына байланысты қойылған деп түсіндіреді. Өйткені, «Әбіл» – «жақсы» , «Қайыр» – «батыр» деген балама сөздерден шыққан, яғни «Жақсы батыр» , – деген ұғым білдірсе керек. Бірақ, жастайынан осылай аталып келе жатқанын немесе бұл атаудың кейінен берілгеніндігін нақты айта алмаймын» , – деп болжайды Джон Кэтстль (3; 120 бет).

Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жеті атасына немесе шежіресіне келетін болсақ, Қазақ Хандығының іргетасын қалаған Ұлы тұлғалардың бірі Жәнібек ханнан тарайды. Әбілқайырдың арғы аталары танымал болмауының бір себебі, Жәнібек ханнан екі ұл бар оның бірі Өсеке (Ұзақ дейді кей авторлар) және Жәдік. Көбінесе тақ мінберіне отырған тек осы Жәдіктен тараған ұрпағы ғана отырып келген. Осы бір қалыптасқан сара жолды, тақ дәстүрін Өсекенің ұрпағы Әбілхайыр сұлтан бұзды. Левшиннің дерегі бойынша: Әз Жәнібектен екі ұл тарайды → 1. Өсеке; 2. Жәдік: Өсекеден →Бүлекей Қоян → Айшуақ→ Нырыш → Аджа → Әбілхайыр хан. Ал Әбілқайыртанудың басы – қасында жүрген қазақстандық ғалымдар И. В. Ерофеева мен Ұ. Ахметова ханның ата – тегін Әз – Жәнібектен былай таратады: Әз – Жәнібек → Өсеке сұлтан→ Бөлекей Қоян сұлтан→ Айшуақ сұлтан→ Еріш сұлтан→ Қажы сұлтан→ Әбілқайыр хан.

Көптеген авторлар Әбілқайырдың ақ киізге көтеріп, хан атағын алған кезеңді әрқалай болжайды. Мысалы, « Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2006 жылы жарық көрген «Қазақстан тарихы (энциклопедиялық анықтамалық)» деген кітапта Әбілқайырдың хан болуына байланысты: « Батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүз ханы болды», – деп жазады (1; 89 бет). Ал И. В. Ерофеева Әбілқайыр хан туралы көлемді еңбегінде: «. . . Абулхаир – представителя незнатной и маловлиятельной среди казахов младшей ветви родового древа Жанибек – хана, никто из представителей которого никогда раньше не избиралься в казахские ханы. Об этом историческом моменте сьезда в народном предании говориться: «Они избрали в сие время султана Абулхаира, как старшего сына из фамилии ханской, а Букенбая благодарный народ провозгласил своим предводителем». Таким оброзом, процитированное предание утверждает, что Абулхаир был поднят на белой кошме именно в 1710 г.,», – деп басып көрсетеді (4; 140 бет). Әбілқайыр ханның хан атанғаны жайлы көптеген деректер мен болжамдар көп. Сол деректердің тағы біреуі Аманбай Құнтөлеуұлының «Әбілқайыр хан» деген еңбегінде: « Қолда бар деректерге жүгінсек, Әбілқайыр Кіші жүз ханы болып 1718 жылы сайланған деуге толық негіз бар», – деп сенімді түрде баяндайды (2; 259бет). Міне, осындай қарама – қарсы деректер мен ойлар жетерлік. Авторлардың бірі Әбілқайырдың көрші жауларына қарсы соғыстарын жүргізу барысында қолбасшылыққа тағайындалған мерзімін көрсетсе, енді біреулері Әбілмәмбет мен Әбілқайыр арасындағы кикілжіңнен бөлек отау тіккен уақытын айтады.

Жасыратыны жоқ, қазақ тарихындағы хандардың ішіндегі ең бір тағдырында шырмауы көп, қазақ тарихнамасында күрделі тұлға саналатын Әбілқайырдың, әлі күнге дейін қолбасшылық қызметі, батырлығы, биліктегі саясаткерлігі, көрегендігі әлі де болса тарихи бағасын ала алмай келеді. 1726 жылғы Ордабасындағы жиналыста қолбасшылық тағайындалып, 1728 жылғы Бұланты өзенінің жағасындағы Қалмақ қырылған шайқастағы батырлығы, 1729 – 1730 жылдардағы Аңырақай жерінде өткен шайқастағы айлакерлігі неге қазақ халқының есінде емес? Осындай ел басына күн туған шақта тайсалмай қол бастап, өзінің халқының мерейін үстем қылған тарихи тұлғаның қазақ тарихында тарихи бағасын ала алмауда.

Қазіргі қазақ қоғамында да болсын, тарих ғалымдарының арасында болсын Әбілқайыр хан жайлы көптеген қарама – қарсы пікірлер мен ойлар жетерлік. Бүгінде Әбілқайыр хан біреулерге өз билігін, өз мақсатын және өз қара басының қамын ойлап, Қазақ Хандығын Орыс империясына қосты десе, енді біреулері Қазақ Хандығын тар жол тайғақ кешу жылдарында кемеңгерлік танытып, қазақты жоқ болып кетуден құтқарды деген көзқарасты ұстанады. Осы бір көптен келе жатқан «қарғынды» тоқтату үшін белгілі ғалым, академик К. Нұрпейісов: «... біздің тарихнамада тарихи портрет жасау аз. Оның сыры көп жылдар бойы тарихты халық жасады деп келдік, бірақ соның ішіндегі халық өкілдері екеңін ескермедік. Билердің, батырлардың, хандардың саяси портреттері жасалмағандықтан алып – қашты әңгімелер көп. Мысалы, Әбілқайырды біреу мақтаса, біреулері даттап шығады. Есесіне Абылайды түк қатесі жоқтай аспанға шығарумен дәріптеумен келеміз. Бұл дұрыс емес», – дейді (2; 269 бет).

Әбілқайыр хан Қазақ Хандығы көптеген қырқыс, талас – тартыс кезеңінде, ел басына күн туған кезде таққа отырып, ел тізгінін ұстады. Қазақ жеріне, байлығына қызыққан көптеген көрші елдердің шабуылынан қалай құтылып, елді осы бір қиын сәттен қалай алып шығу жолдарын іздеген еді. Бүған көптеген авторлардың деректері, сөздері дәлел болады. Мысалы, А. И. Левшин: « Абулхаир хан полевая большою частью Меньшей Орды и простирая власть свою на некоторые роды Средней, он думал о пользе народа своего ...», – деп ханның өз халқынның бейбітшілікте өмір сүруін ойлағаннын алға тартады (5; 93 бет). 1726 жылы Әбілқайыр мен Сәмеке қолына «найман ханы» Барақ сұлтан, Есім сұлтан қосылып, Кіші қалмақ ордасына жорық жасады. Кіші қалмақ ордасының бұл кездегі ханы Аюкенің ұлы Серен Дондук еді. Осы жорықта Серен Дондук Әбілқайыр бастаған қазақ әскеріне 30 мың әскерімен төтеп бере алмай жеңілгенін біліп, бітім жасасады. Бұл бітім бойынша сол жылғы бесіктегі бала ат жалын тартып мінгенше, яғни 16 – 17 жас, екі ел арасында соғыс болмауына анттасады. Бұл жорық Қазақ жерін қалмақтардың басып кіруінен, қазақ халқын соғыс қауіпінен құтылуға зор әсерін тигізетін стратегия болып табылады.

Ежелгі Үнді елінде өмір сүрген кемеңгер: « Сыртқы саясатта екі мықты мемлекет екі жақтап қысым жасаса, халықыңды аман алып қалу үшін қайсысы мықты соның ығына жығыл», –дейді. Міне осы тұрғыдан алып қарасақ Әбілқайыр хан өзінің елін сақтап қалу үшін, халқының жоқ болып кетуін қаламағандықтан Орыс емлекетінің бодандығын қабылдады.

«Әбілқайыр хан иығына ауыр жүк алып Петербор сарайына үндеудің ұйытқысы болуға және ендігі ыдырап болған, қазақ одағының сыртқы саяси бағытына түбірлі бетбұрыс жасау жаупкершілігін көтеруге мәжбүр болды», – деп көрнекті тарихшы Ж. Қасымбаевтың ой түйіндеуі ұлы тұлғаның халқының болашағын ойлағанын түсінеміз (6; 63 бет).

Қорыта айтатын болсақ, Әбілқайыр хан Қазақ хандығын және қазақ халқын сатқан тұлға ретінде емес, керісінше өз халқын қиын қыстау кезеңнен қалай алып шықсам екен деген Ұлы тұлға ретінде тарихи бағасын беру керек. Ұлы Отан соғысында қазақ арасынан шыққан батыр қолбасшы Бауыржан Момышұлы айтқандай: « Әбілқайыр – ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен, кең байтақ қазақ даласының ұлы ұлдарының бірі» (2; 467 бет). « Бұл дүниеде ар – намысы мол, зерделі адамдардың бағасы жолбарыстың құнындай, жарамсыз мінезді жандардың бағасы иттің құнындай» осы айтпақшы жолбарыс пен иттің бағасын шатастырып алғандаймыз.

Сонымен қатар бүгінгі күнде тарихқа талдау жасап, ақ – қарасын айырып, отаршылдықтың зардабын Әбілқайыр ханмен байланыстыруды жою керек. Тек Әбілқайыр хан емес, қазақ тарихнамасында әлі де болса зерттелмеген көптеген тұлғалар бар. Тарихи тұлғаларды кеңестік идеологиямен емес, жаңаша ойлау тұрғысынан қайта ашып болашақ ұрпаққа жеткізу керек.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Қазақстан тарихы. Мәдени мұра бағдарламасы. Алматы, 2006. «Аруна» баспасы. 766 бет

  2. Амантай Құнтөлеуұлы. Әбілқайыр хан, Алматы. 2008; «Дәуір» баспасы. 278 бет

  3. Д. Кэстль. 1736 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапары туралы /Неміс тілінен аударған: Ә. Төреханов. Астана 2002. 94 бет

  4. И. В. Ерофеева. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик. Алматы, 2007. 452 бет

  5. А. И. Левшин. Описание киргиз – казачьих, или киргиз – кайсацских, орд и степей. Алматы, 2009. «Санат» 656 бет

  6. Ж. Қасымбаев. «Поиск» 1997, №5. 63 бет

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет