Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ



жүктеу 122.87 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі122.87 Kb.

Алтын күз

Атырау облысы

Атырау қаласы

Махамбет ауданы

Алға орта мектебінің

Шағын орталық топ

тәрбиешісі:Мурзашева Шолпан
Мақсаты:Жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейте отырып,күз табиғатының басты ерекшеліктерін таныстыру.Балалардың неғұрлым күшті әсерінің негізінде олардың күз туралы ұғымын бекіту.Жыл мезгіліне сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:Топтың іші күз мезгіліне сай безендірілген.Жапырықтардың суреттері,күз жәрмеңкесі,яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Жүру барысы:

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады,балалар тәрбиешісімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.



Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар,қадірлі қонақтар,ұстаздар!Сіздердің назарларыңызға шағын тобы бүлдіршіндерінің «Алтын күз» атты ертеңгілігін ұсынып отырмыз.

Қош келдіңіздер!!!

Бізде қонақта:бастауыш ісінің меңгерушісі Салиха апай

Музыка пәнінің мұғалімі Ләйла апай мектеп тәрбие ісі орынбасары Нұрия апай қатысып отыр.

Жүргізуші:Олай болса бізге қонаққа күз ханшайымы келіпті,қарсы алайық қол шапалақтап,күз ханшайымын қарсы алады.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар!

Ал мен «күз ханшайым» боламын мен бос келген жоқпын кімнің қандай өнері бар екен.



Жүргізуші: Олай болса балалар кәне кімнің қандай өнері бар екен, ортаға шығайық.

1.Мақсат : Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді



2.Зерде: Самай бер,

Барай бер

Баяулы жүз

Келеді-күз


3.Қарақат: Мен жүзіммін жүзіммін

Моншақ болып тізілдім


Би: «Қол шатыр»

Шынай,Нұрай,Сабина





4.Ерасыл: Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын бізде бар

Төмен басты иемін


5.Абдрахман: Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.


6.Шынай: Апорт деген алмамын,

Таттыңба сен бал дәмін ?

Апорт деген тәтті алма,

Ол өседі бақтарда.


7. Сабина:Бақша ішін аралап

Қауын жатыр сүйкімді.


8.Нұрбибі: Мен өрікпін,өрікпін

Табиғитқа көрікпін


9. Қайсар: Алма пісті

Шие пісті

Жерге түсті
10.Сұлтануайс : Біз жапырақпыз

Жапырақпыз

Жел тұрса шамалы,

Жан-жаққа ұшамыз.


11. Медет: Піскен кезде құлпынай

Қандай әсем,шіркін-ай

Қарай бергің келеді

Дүркін,дүркін,дүркін-ай


Ән: «Апам үшін күнде мен»
12. Нұртілек: Ой ,алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ


13. Нұрай: Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән,шаштық та,

Көп,қауын алдық біз.


14. Бейімбет: Алтын сары,қызыл көк.

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.



Жүргізуші: Өрік алша,Шие алма

Жидек жүзім, піседі,

Қауын,қарбыз,

Қияр,сәбіз,

Дүкендерге түседі

Бұл қай кезде болады

Айтыңдаршы бүлдіршін

Балалар:Күз айында болады.

Ханшайым дұрыс айттыма балалар.

Иә,дұрыс !

Ал,енді флешмоб биіне дайындалғанша ата-анамен жұмыс,жарыс болады.


Жүргізуші: Ас мәзірі,қонақтар келді,қандай етіп, жеміс-жидектер турап қонаққа ұсыну.2-ата-ана шыға қойыңыздар Рахмет! Орындарыңызға бара берулеріңізге болады.

Жүргізуші: Флешмоб би барлық топ бүлдіршіндері қатысады.

Жүргізуші: Ал енді күз ханшайымымызды қоштасып шығарып салайық.

Жүргізуші: Балалар,біздер бар өнерлерімізді көрсеттік.

Күз ханшайымы: Балалар мен сендерге сыйлығым бар (алмаларда себеттен тарату)

Ән: «Балақан» хор

Құрметті қонақтар бүгін біздің «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз өз уақытына жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Көріскенше сау болыңыздар.

Атырау облысы

Атырау қаласы

Махамбет ауданы

Алға орта мектебінің

Шағын орталық топ

тәрбиешісі:Мурзашева Шолпан
Технологиялық карта № 2
Тақырыбы:Табиғат аясында еңбек түрлерін ұйымдастыру (қураған жапырақтар жинау)
Мақсаты: Балалардың табиғаттағы өзгерістерді байқай отырып,оған қамқорлық сезіммен қарауға үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,сұрақ- жауап.


Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

қозғаушылық

Балардың сапқа тұрғызып бала-бақша ауласына шығуына көмектеседі.

-Балалар ,бүгін біз табиғитты тамашалаймыз,сонымен бірге жапырақтарын жинаймыз.

-тәрбиеші балаларға ағаш жапырақтарының түрлері мен таныстырады (терек,қайың,жиде тал)


Қуанады.
Балалар жапырақтарды себеттеріне салып көмектеседі.




Ұйымдастырушылық

ізденістік

-Жапырақтардың түстері қандай ?

-Дұрыс айтасыңдар балалар.
Күн салқын болғандықтан сарғайған,көктемде орнына жапырақ шығады.




-Сары


Сары қызғылт

Тыңдайды




Рефлексиялық

түзетушілік.

-Балалар,ағаш жапырақтарын тереміз,яғни,сендер маған көмектесесіңдер (бәрі жинайды)




-Жапырақты ағаштың түбіне жинаймыз (қорек болып жатады).
Қимылды ойын:
«Өз түсіңді тап»

Жапырақтарды тереді,көмектеседі.

Жинайды.

Бәрі ойнайды.




Атырау облысы

Атырау қаласы

Махамбет ауданы

Алға орта мектебінің

Шағын орталық топ

тәрбиешісі:Мурзашева Шолпан
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрі: Тілді дамыту

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту,олардың бір-бірінен ерекшелігі,бәріне ортақ белгілері,қозғалыс тіршілік,әрекеті,немен,қалай қоректенеді,адамдарға келтіретін пайдасы туралы түсіндіру.Жануарлар жайында сипаттап айтуға үйрету,олардың төлдері қалай аталатыны жөнінде айту.Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Үй жануарлары.

Қолданылатын көрнекті құралдар:Слайд,дидактикалық материалдар.



Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Жылу шеңбері

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.

Қайырлы күн,достарым!

Қайырлы күн,апайлар

Сәлеметсіңдерме балалар ?

-Көңіл күйлерің қалай ?

-Қыс мезгілінде неше ай бар ?

-Қане қыс айларын атайықшы ?

-Бүгін аптаның қай күні ?

Отырыңдар.Бүгін бізде ерекше бір оқу іс-әрекеті.Сондықтан оқу іс-әрекетке барлығымыз қатысайық


Балалар жылулық шеңберіне тұрады.Өлең жолдарын қайталап, бастарын иіп сәлемдеседі.


-Жақсы


-Қыс

-үш ай бар

- желтоқсан,қаңтар,ақпан


Ұйымдастырушылық

ізденістік

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Үй жануарлары» Мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып алдым.Ол жай сандық емес,сиқырлы сандық екен.Бұл сандықтың ішінде жануарларды сиқырлап қойыпты.Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек.Егер жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар,үй жануарларын сандықтан босатады.

(әр жауаптағы жануарлар суретін слайд арқылы көрсету)


Қане мұқият тыңдайық.

Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар

Қылды екен әр шаруа,

Қызығына құт байлап

Қанша құйып алсаңда,

Сарқылмайды сүт қаймақ


Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар



Көкке шаншып құйрығын,

Келеді шауып жүйрігім.




-Балалар,бұлардың барлығын бір сөзбен үй жануарлары деп атаймыз.

-Балалар,жануарлар сендерге көмектескені үшін рахмет айтып жатыр.

-Өте,жақсы,балалар сиқырлы сандықтан үй жануарларын құтқардық.
-Сонымен,үй жануарларына нелер жатады екен ?

-Өте жақсы балалар.

Дидактикалық ойын «Дұрыс топтастыр»

Ойынның мақсаты: Балаларды үй жануарлары мен жабайы жануарларды айыра білуге үйрету.

Шарты: Араласып кеткен үй жануарлары мен жабайы аңдарды бөлек топтастыру.Үй жануарларын жайлауға,жабайыларды орманға орналастыру.

-Енді балалар үй жануарларының бізге тигізетін пайдасы қандай екеніне тоқталып кетейік.


1.Сиыр-ол адамға үйір,әрі момын жануар.Сиырдың төлін бұзау дейміз.Біздің ішіп жейтін тамағымыздың барлығы осы сиыр малының өнімі.Балалар сиыр малынан қандай өнімдер аламыз.

2.Түйе- бұл төрт түлік малдың төресі.Түйенің төлі-бота.Түйенің тигізер пайдасы өте көп.Түйе малының сүті мен шұбаты әрі сусын,әрі тамақ.Шұбаттың емдік қасиеті бар.Түйенің етін жейміз,майы мол,сапалы жүні бар.

3.Жылқы- жер жүзінің барлық жеріне тараған.Жылқының төлі-құлын.Олар қысы,жазы далада жайылып жүре береді.Сүтінен қымыз жасайды.Қымыз-шипалы сусын.Етінен қазы-қарта,жал-жая пісіреді.Көлік ретінде пайдаланамыз.

4.Қой-момын жануар.Қойдың төлі-қошақан.Балалар сендер суық тиіп ауырып қалғанда,сендердің аналарың осы қойдың құйрық майымен сылайды,ал жүнінен әжелер иіріп қолғап тоқиды,байпақ,киіз басады.

Үй жануарлары шөп жейді,су ішеді,жем жейді.

«Не қалай дыбыстайды.» Дидактикалық ойын.

-Балалар үй жануарлары қалай дыбыстайды екен,қане тыңдап көрелік.Үнтаспадан үй жануарларының дыбысын естіртемін.
«Төлдерін тап» Дикактикалық ойын

Ойынның мақсаты:Малдың төлін табу.Төлдерін атау.Тақтадағы әр жануардың жанына төлдерін тайып қосады.

Сергіту сәті. «Қошақан»

Енді,балалар осы үй жануарларына арналған тиым сөздер де бар екен.

1.Малды ұруға болмайды.

2.Ақты төкпе.

3.Малға теріс мінбе.

4.Кендірмен байлама

Жыңғылмен айдама

Кендірмен байлама

Кендірмен байласаң,

Жыңғылмен айдасаң

Мал бітер деп ойлама.-деген қазақта


-сиыр,түйе,қой,жылқы,ешкі

Сүт,ет,қаймақ

Балалар қандай дыбыс,қай жануардың дыбысы екенін тауып айтады тапсырманы орындайды.



Рефлексиялық

түзетушілік.

Қорытындылау.Сұрақ қою арқылы сабақты пысықтау.

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекет сендерге ұнады ма ?

Жақсы балалар.Сонымен бүгін біз не туралы айттық.?

-Үй жануарларын атайықшы ?

-Жабайы аңдар мен үй жануарларының қандай айырмашылығы бар ?

- Балалар,сендердің аналарың,ата-әжелерің қалай еркелетеді.?

Міне балалар сендердің ата-аналарың,әже-аталарың осы төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады екен.

-Балалар,сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.Сендер өте ақылдысыңдар.Жануарлар бізді өзінің сүйкімділігімен,адамға деген достығымен қуантады.Сондықтан үй жануарларына әрқашан қамқорлық жасап жүруіміз керек.

Балаларды мадақтау,жұлдызшалар таратып беру.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:үй жануарлары,олардың қандай пайдасы бар екенін;

Игереді:жабайы аңдар мен үй жануарларын ажыратып біледі,меңгереді:




Қимыл қозғалыс жасай отырып әнді орындайды.


Қой,ешкі,жылқы,түйе,сиыр.

Құлыным,ботақаным,қозым,томпағым дейді.



Себебі адам көмегін қажет етеді,үйдің жанында қорада тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет