«Алтын күз» мерекесі



жүктеу 54.83 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі54.83 Kb.




Турганова Гульмира Нурдаулетована,

Шамшырақ балабақшасының тәрбиешісі.

Алматы облысы, Панфилов ауданы
«Алтын күз» мерекесі.

Ересектер «Толағай» тобының тәрбиешісі-Турганова Гульмира
Музыка залы мерекеге орай безендірілген. Көңілді музыка әуенімен балалар залға кіріп, қонақтармен амандасады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар «Алтын күз» мерекесімен

қатарласып келіп отырған «Республика күні» мерекелеріңіз

құтты болсын! Мерекелі де берекелі күз мезгілінің осы бір

шуақты күнінде Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы

болатын өнерлі де тәрбиелі балаларымыздың өнерлерін

тамашалауға қош келдіңіздер!

Ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер.

Балалар Қазақстан Республикасының Гимнін орындайды.


1-бала. Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді,

Отан дейміз туған жер, атамекен-

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.


2-бала. Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.


3-бала. Алтай-Жайық арасы,

Жарты әлемдей даласы.

Ол-біздің-ҚАЗАҚСТАН!
4-бала. Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, өз халқың,

Отан-өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.


5-бала. Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу-ақ.

Ол біздің-ҚАЗАҚСТАН!

6-бала. Ана тілім ұраным!

Ана тілім құралым.

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр-әнім.

7-бала. Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жасыл боп,

Мен үлкен болғанда да.
8-бала. Далам менің,

Анам менің,

Туған елім-ҚАЗАҚСТАН!

Жүргізуші: Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?

Біздің Елбасымыз кім?


Ән: «Отан сенің ата-анаң»
Би: «Шашу биі»
Жүргізуші: Балалар осы мерекеміз жылдың қай мезгілінде өтіп жатыр?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар дастархан байлығын арттыратын

сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамба толы

астығын сыйға тартады. Бүгінгі ертеңгілігімізде күз мезгілі

туралы айтпасақ сәні келмес, ендеше күз кереметтерімен

ертеңгілігімізді жалғастырайық

Күз мезгілі туралы тақпақтарымызды тыңдайық...
9-бала. Әй, алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!...


10-бала. Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуаныш күн біліп қой!

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой!


11-бала Берекелі, мерекелі,

Келді жомарт алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жұрттың бәрі жарқын жүз.


12-бала. Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

13-бала. Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

14-бала. Қандай өзі береген,

Алмасын-ай, алмасын.

Жемісі көп не деген,

Жеп тауыса алмайсың.


Ән: «Апорт деген тәтті алма»
Жүргізуші: Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?

-Күн суытады, жапырақтар сарғайып, жерге түсе бастайды.Жаңбыр көп жауады.

15-бала. Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан,алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жыпырлап.

16-бала. Күншуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.


17-бала Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.


Жүргізуші: . Ал сендер жаңбыр жауса қолдарыңа қолшатыр ұстайсыңдар. Ендеше біз қыздарымыздың биін тамашалайық.
Би: «Қолшатырлар»

(Осы кезде сырттан әдемі музыка әуені естіледі. Балалар таңырқап есікке қарайды.Залға күз өзімен бірге бір топ жемістерін ерте кіреді).


Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар! Міне, менде бүгін орталарыңа өзімнің байлығым жемістерімді ерте келдім. Жаз бойы күтіп-баптап күздің келуін асыға күттіңдер. Жемістерімді қабыл алыңдар!

(Алма, шие, жиде, қияр, қауын, асқабақ, маңдайшаларын киген балалар ортаға шығады)

18-бала

Келші, келші Алтын Күз,

Келші, келші жарқын Күз.

Мерекені жалғастырып,

Ойнап-күлші алтын Күз!
19-бала. Алма

Дәмі аузыңнан кетпейді,

Қызыл алма шырын бал.

Көктей тісің өтпейді,

Піскен кезде үзіп ал.
20-бала Шие

Мен маржандай шиемін,

Күн сәулесін сүйемін.

Жемістерім піскенде,

Жерге басымды иемін.
21-бала Жиде

Иісімжұпар жидемін,

Даладамын, үйдемін.

Күзге қарай құлпырар,

Мен ерекше күйдемін.
22-бала Қияр

Дәнін егіп қиярдың,

Тыным таппай суардым.

Түйнектерін көргенде,

Бес алғандай қуандым.
23-бала Қауын

Жинап досты бауырды,

Ортаға алдық қауынды.

Жарып ішін қауынның,

Қарық қылдық ауылды.
24-бала Асқабақ

Қауыннан да басқарақ,

Қарбыздан да басқарақ.

Семіріпті бақшада,

Қандай болып асқабақ.

25-бала Бұрыш

Аршығанда бұрышты,

Абай болған дұрысты.

Ашытады көзіңді,

Жылатады өзіңді.


Жүргізуші: Алтын күз өзіңмен бірге жемістеріңді ертіп келгенің қандай жақсы болған, біздің балаларымызбен бірге көңілді би билесін.
Би: «Көңілді би»
Күз: Балалар мен сендерге мына себеттегі жемістерді қызықты ойынға алып келдім

Ойын: «Қандай жеміс?»

(Ойынның шарты: ортаға 4 бала шығарып, көздерін матамен байлап, ауыздарына түрлі жемістің кішкене тілімін салып, қай жеміс екенін сұрау)


Күз: Балалар менің жемісімді дәміне қарай жақсы ажыраттыңдар, ән де айтып би де биледіңдер, тапқырлықтарыңды тексердім.

Ал, бүлдіршіндерім! бүгін барлықтарың өнерлеріңді

көрсеттіңдер. Өнерлеріңе, тапқырлықтарыңа риза болдым. Көп-

көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңдар.

Өнерлерің өркендей берсін!
26-бала Қамба толы астыққа,

Алғыс саған Алтын Күз.

Бір уыс дән шаштықта,

Қап-қап қауын алдық біз.


(Күз балалармен қоштасып залдан шығады)
Ән: «Күз жомарт»
Жүргізуші: Балалар, міне бүгінгі мерекеміз аяқталды. Жомарт күздің сыйы жыл бойы халқымыздың ақ дастарханына қойылсын!

Бәріміз бір-бірімізбен дос-бауыр болып тату-тәтті өмір

кешейік! Келесі күзге дейін еліміз аман, жұртымыз тыныш

болсын! Құрметті қонақтар, біз Сіздермен қоштаспаймыз,



тек, «Келесі кездескенше аман-сау тұрыңыздар» дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет