Амангельдинов Алмас Амангельдинович



жүктеу 233.67 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі233.67 Kb.

ДЕНСАУЛЫҚ ТӘРБИЕСІ – ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

Амангельдинов Алмас Амангельдинович
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
№56 мектеп-лицей, Астана қаласы

Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. 
Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты:
-тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
-олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиеналық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру - бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Атап айтқанда, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік – патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:
- әлеуметтік – экономикалық жағдай;
- отбасындағы психологиялық орта;
- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б.
Сондықтан балаларды мектеп жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Елбасы өзінің «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді. Сондықтан қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру - біздің, ұстаздардың, алдымызда тұрған өзекті мәселелердің бірі. Дені сау бала оқу процесіне белсене араласады, әрдайым жайдары, көңіл-күйі жоғары болады. 
Бүгінгі таңда біздің міндетіміз - әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға деген құштарлығын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бала бойындағы қасиеттерін дамыту. Әр мұғалімнің өз сабағында дені сау адамның мүмкіншілігінің зор екенін, денсаулық ең құнды байлық екенін ескеріп және де салауатты өмір салтын ұстануға оқушыны бейімдеуі тиіс.
ДЕНСАУЛЫҚ-БАСТЫ БАЙЛЫҚ

“Денсаулық-басты байлық” 


( Отбасылық спорттық мереке ) 

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу. 

Қажетті құралдар: 


Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар. 

Жүргізуші: 


Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай,“Салауатты өмір салтын” үстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 


Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. 
Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау,сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. 
Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер. 
Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”,”Айгөлек” тобы ата-аналары қатысқалы отыр. 
Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап,ортаға шақыралық. 
“Балбөбек” тобы : 
Ұраны: Біріміз бәріміз үшін, 
Бәріміз біріміз үшін, 
“Айгөлек” тобы: 
Ұраны:Намысты қолдан бермейміз, бермейміз. 
Жүргізуші: 
Бала өсірген ата-ана, 
Бала болып ойнайды, 
Бала тәрбиелеген тәрбиеші, 
Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер. 

Жүргізуші: 


Ат өнері білінбес, 
Бәйгеге түсіп жарыспай. 
Ер өнері білінбес, 
Қоян-қолтық алыспай. 
“Ат жарысқа” кезек берелік. 
Шарты: 
Әр топтан әкесі атқа мініп шауып өзеннен жүзіп өтіп,тау басында тұрған ананы үңгір астынан өткізіп, алып шығып,өзеннен бірге жүзіп кері мінгесіп келеді. 

Жүргізуші: 


Қалма жүрттың соңында, 
Қажет болса мың атта. 
Аздық етер оныңда, 
Жету үшін мұратқа. 
“Тез адымда” сайысы. 
Шарты: 
Бас пен аяқ киім киіп , (ыңғайсыз) себеттен - себеттке доптар тасу. 
Жүргізуші: 
Кімдер жүйрік,өнерпаз білеиікші. 
Ептісі деп сайыстың жүрейікші. 
“Кім епті” сайысы . 
Шарты: 
А) Үңгір астынан өту. 
Ә) Жіппен секіру. 
Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру. 
Жүргізуші: 
Топ болып біз жүрейік, 
Ойнайықта күлейік. 
Достық деген тамаша
Міне тұрмыз жараса! 
“Балық аулау” сайысы. 
Шарты: 
Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп,шығыршыққа ілінген балықтарды жылдам себетке тасып салу. 
Жүргізуші: 
Жарқын,шаттық заман болсын, 
Отбасымыз аман болсын. 
Сыйластық пен бірлік болып, 
Әрқашан орта толсын. 
( Қортындылау, мадақтау ).

Мақсаты: ата – ана мен оқушы және мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық сананы қалыптастыру, денсаулық асыл қазына, асқан байлық, өмірдің тірегі екендігін түсіндіру.
«Толағай» отбасылық спорттық сайысымызға қош келіпсіздер.
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой,
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той.
Ден қойып, тыңдаңыздар, тамашалап.
«Ердің туы - намыс» екенін біліп қой!- дегендей, сайысқа қатысушы отбасыларымызды қошеметпен ортаға шақырамыз.

Шарттары:
1. Эстафеталық таяқпен жүгіру
2. Қапшықпен секіру
3. Допты баскетбол сеткасына салу
4. Секіртпемен секіру
5. Әкелері гір көтеру
6. Тізбектеліп жүгіру
7. Велосипедпен жүру
8. Допты аяқпен қысып жүгіру
9. Кедергілерден өту
10. Арқан тарту

Әділқазылар алқасы армысыздар,
Қош келіпсіз, есен - сау бармысыздар,
Сіздерге үміт артқан отбасыларға,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар,- дей келе бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Уа, ағайын, туысқан,
Пайда болмас тұрыстан.
Басты көтер, белді жаз,
Кетер еңсе сайыстан!
Әнші қызды шақырып,
Әннен шашу шашайық!
Ән: «Астанам»
Әр шарт сайын әділқазылар алқасынан бағасын сұрау.
Жас ұрпақ өнегемен көгереді,
Дәстүрсіз жалаң қолдан не келеді?
Артыңа өшпес мұра сыйлап кеткен,
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты.
Келесі сайыстан – ақ байқайықшы.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Отбасылар аянбай – ақ жан салайықшы!
Эстафеталық таяқпен жүгіру, қапшықпен секіру, допты баскетбол сеткасына салу шарттары.
Жауырыны жерге тимеген,
Жалтақтауды білмеген.
Білекке иіп сом темір,
Қайыстай ғып илеген.
Әкелерім қайдасың? - гір көтеру, секіртпемен секіру, тізбектеліп жүгіру, велосипедпен жүру, допты аяқпен қысып жүру шарттары.
Отбасыларымыз тынығып алғанша әсем ән жолдаймыз.
«Өз елім» әнін қабыл алыңыздар.
Соңғы шарттарымыз: кедергілерден өту және арқан тартыс.
Әділқазылар алқасынан сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бойтұмар ғып ар – ождан, қазынасын,
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖИНАҒЫ!

Күш сынаспақ 
Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. 

Тауық күрес. 

Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады. 



Арқан тарту. 

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады 


Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. 
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді.

Хан «алшы» 

Бұқл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық «хан» асығы. 


Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді. 
Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады. 

Көтермек 

Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 


Белгі бойынша кім бі\ріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетедің. 
Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады. 

Орамал тастамақ 

Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап каетеді.Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артамда деп жауап береді.Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. 


Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді. 

Ақсерек-көксерек. 

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам. 


1- ші топ. Ойынды бастайды 
Ақсрек-ау ақ серек 
Бізден сізге кім керек. 
2-ші Ақсерек –ау ақ серек 
Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек 

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді. 



Қыз –қуу 

Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді. 



Асау мәстек 

Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға 


Былай дейді. 
Ер екеніңді білейін 
Ешкі сойып берейін 
Тақия алсаң еңкейіп 
Құламасаң теңкейіп 
Ерлігіңе сенейін 
Ойын шартын қабылдап ,ортаға шыққан бала: 
Асау мәстек бұл болса 
Үйретейін көріңіз 
Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек.Ойынды келесі бала осылай жалғастырады. 

Түйілген орамал 

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды.Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды.Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады.Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды.Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі.Осылайша ойын жүргізіледі,түйулі орамалды алғанша қуалай береді.Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді..Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады.ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұралы. 



Соқыр теке. 

Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып қойылады. 


Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ 
Қайда кеткен құлыншақ 
Соқыртеке бақ-бақ 
Мені ізден тап-тап 
Деп тақпақтайды. 
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді. 

Әуе таяқ 

Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы. Болады.Екі топқа екі таяқша (жұмсақ)беріледі,жерге түзу сызық сызылады.Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады. 


Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы сол болады.Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде қасындағы таяғын лақтырады да,қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі. 

Қара құлақ 

Ойынға 5-10 бала қатысады.Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді.Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады.Басқалары әрі кетеді.Содан кейін ойынға қатысушылапр қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі 


Таяп келіп мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады.Біреуі ойбай бұл қарақұлақ қой!-деп қаша жөнеледі.Қалғандары да –қарақұлақ,қара құлақ!-деп бытырай қашады.Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады.Ұсталған бала қарақұлақ болып,ойын әрі қарай жалғасады. 

Алақан соқпақ 

Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да дөңгелене отырады.Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі (орамал)беріледі.Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге –Алақанды тос!-дейді.Ол тосқан кезде бастаушы оның алақанына сүлгіні тигізіп-Сүлгі қайда?-деп сұрайды.Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды.АКты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады.Бастаушы-сүлгі қайда?-деп атын айтады.Ойын осы ретпен жалғаса береді.Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды. 



Атқаума 

Ойынды 6 бала 3-3-тен бөлініп ойнайды.Бір бала сол қолымен өзінің оң қолының білезігінен ұстайды.Содан кейінгілері де солай істейді де бір-бірімен қолдарын айқастырады.Үшінші бала көзі таңыулы күйде екінші баланың айқасқан қолына отырады..Қолдасып тұрған балалар:-Атқаума,атқаума –деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді.Бірінші бала ақ сандық,көк сандық десе,көзі таңулы бала -көк сандық ,көк сандық деп жауап береді.Қаумалап келе жатақан балалар : 

Бақа,бақа балпақ 
басың неге жалпақ? 
Бұтың неге талтақ 
Көзің неге тостақ 
Бұған көзі таңулы бала былай деп жауап береді.:- 
Темір терсек көп киіп 
Басым содан жалпақ 
Теуіп ,теуіп қашырды 
Бұтым содан тостақ! 
Балалар қолдарын жіберген кезде бала құлап түссе,айып тартады.Құламай тік түссе қалған текі бала көтеріп жүре береді. 

Сақина жасыру 

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады.Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді.Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді. 



Белбеу соқ 

Ойывншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады.Бір белбеуді алып екіншісін қууға тиіс. 


Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады.Артық қалған үшінші бала қаша жөнеледі.ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да,өзі де бір жұптың алдына тұра қалады.Оның орнына келесі ойыншы шығып,ойынды жалғастыра береді.Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді. 

Арқан түю. 

Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:-ойын бастайды –деп дауыстайды.Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады,арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді.балалар арқан үстімен секіріп тұрады.Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді,тақпақ,өлең айтады немесе билеп береді.Ойын осылай жалғаса береді. 



Допты қуып жет 

Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетеріңн көлемін ажырата білуге баулу. 


Ойынның шарты:бұл ойынға 5-6 бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді.»Допты қуып жет»деген белгі бойынша ,балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек. 
к/құралдар: түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар. 

Тышқан мен мысық 

Ойын мақсаты:балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету. 


Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады.Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді. 
К\құралдар: мысық,тышқан бетперделері. 

Түлкі мен балапандар 

Ойын шарты: Бұл ойынға балалар 7-8 ден бөлініп ойнайды.Топ ішінде бір баланы «түлкі» етіп сайлап,қалған балаларды балапандар деп әрқайсысына бетпердке кигізіп ойын ойналады.Ойында балапандар түлкі кейіпкеріне ұсталып қалмауы үшін,тәрбиеші көмегімен белгі бойынша ойынды бастап аяқтауы тиіс.Балалар шапшаң кең бөлмені айнала қашуы тиіс. 


К\құралдар: түлкің мен балапандар беп перделері. 

Боран 

Бұл үлкен кең залда болады.Бұл ойынға қажетті заттар «боран» киімі (ақ түсті беп перде,гимнастикалық қабырға болуы тиіс) 


Ойын шарты:ойынға 8-10 бала қатыса алады.Бір баланы боран киімін кигізіп,қалған балалар боран алып кетпеуі үшін,Боран у-у-у деп келе қалғанда гимнастикалық қабарғаға өрмелеп шығуы керек.Боран соғып балаларды бір айналып өтеді.Ұсталып қалған баланы,боран алып кетеді.Ойын 2-3 рет қайталанып ойналады. К\Құралдар: Боран киімі ақ матадан тігілген жамылғы бептерде. 

Ұйқыдағы аю. 

Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады. 


Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізі\п лорындыққа отырғызып қояды.Балалар орманда серуендеп келе жатып,ұйқыдағы аю көреді.Аю болса балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп,балаларды қуа жөнеледі.Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғыузып қояды.ойын қайта жалғаса берекді. 
К\Құраладар:Аю бетпердесі. 

Ат жарыс 

Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады. 


Ойын шарты: Балалала тәрнбиешінің «Алға»-деген белгісі бойынша,ат үстіндегі қимылын салып жарысады.Қай команда мәреге тез жетіп бітіреді.Сол команда жеңімпаз болады.Ат кескін бет пердесін тақымға қысып мәреге шауып жету. 
К\Құралдар: Екі командаға аттың кескін бетпердесі. 
Үй артында қол ағаш 
Ойынды топ бала болып ойнайды. 
Ойын тәртібі: қатысушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады.ойын бастаушы не белбеу,не орамал алады да ,дөңгеленіп тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп былай дейді. 
Үй артында қол ағаш 
Желбау тартам , есік аш,-деп бірнеше қайталанады.Дөңгеле тұрған балалар: 
Үй артнда қол ағаш 
Жел кірмесін ,ескі аш-деп бірігіп жауап қайтады.Тұрған балаларға ұстасқан қолдарын ажыраппайды.Ол-есік ашпағанның белгісі. 
Енді: Үй артында қол ағаш 
Жел бау тартам есік аш-деп жүгіріп жүрген бала өзі артындағы баланы артына ормалмен бір соғып қалады да ,орамалды сол балаға тастай сала: 
Үй артындла қол ағаш 
Озам десең ала қаш-деп өзі сол бетімен жүгіре береді. Осының боларын біліп,әзір тұрған бала да «Қол ағашты ала сала,әлгі балаға қарма-қарсы жүгіреді.Бұл кезде дөңгелене тұрған балалар 
Үй артында қол ағаш, 
Қол ағаштан ала қаш 
Бұрын келген балаға 
Тездеп барда есік аш,-деп барлық бала хормен айтады. 

Қуыр-қуыр қуырмаш. 

Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де,сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға: 


-ортанғы саусағымды тапшы,-дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады да,міне,-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса,ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек. 
1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап бередуі.:басбармақ,балан үйрек,ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап,былай деп 5 с аусақты түгел жазады. 
Сен тұр қойыңа бар. 
Сен тұр түйеңе бар 
Сен тұр жылқыңа бар 
Сен тұр сиырыңа бар 
Сен кішкентай әлі жас екенсің 
Қазанның қаспағын қырып же де,жыламай отыра тұр. 
Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да: 
Қуыр-қуыр ,қуырмаш 
Балапанға бидай шаш 
Әжең келсе есік аш 
Қасқыр келсе мықтап бас 
Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола беріп: 
-мына жерде қой бар 
Мына жерде жылқы бар 
Мына жерде жылқы бар 
Мына жерде түлкі бар - деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды 

Үш табан 

Бұл ойынды үш-төрт баладан топтап екі-үш жерде ұйымдастыруға боладыОйын шарты бойынша әр балаға бір-бірден асық,бір-бір сақа беріледі.(Бұл ойынның жылдам әрі қызықты өтуіне сеп)Көмбеге бір-бірден асық тіккен әр топтың ойыншылары өз алаңдарында жеке-жеке сақаларын үйіріседі.Сақасы алшы түскен бала бірінші болып одан кейінгілері рет-ретімен (тәйке,бүк,ішік) «ұшуға» кіріседі.Ұшу дегеніміз-көмбеден алшақтау жерге барып сақа үйіру.Сақасы алшы түскен ойыншы бірден көмбедегі тігіулі асықты атуға жолдама алады.Осылай болмаған жағдайда асқ ату бәрі ұшып болған соң бастапқы кезек бойынша жалғасадыАлысқа ұшқан мергендер тигізе алмаса,көмбеде қалған ойыншыға кезек тиеді.Көздеген асығына дәл тигізіп және оны көмбеге жиегін алып өлшегенде үш табан артық қашықтыққа ұшырған ойыншыны қашан келесі асыққа тигізе алмай қалғанша атауды жалғастыра береді.Болмаса атқан асығы үш табаннан аспай қалғанда ғана ойынды тоқтатып,өзінен кейінгі бәсекелесіне кезек беруіне мәжбүр болады. 


Ережебойынша ұтылған бала ойыннан шығып қалады.Сөйтіп айналасы екі-үш айналымның ішінде әр көмбеден бір-бір жеңімпаз шығып,олар енді орталық көмбеде ақтық (финал) сайысқа түседі.Бұл шешуші жарыса бірінші,және екінші орынға ие болған мергендерге арнаулы арнаулы жүлделер тапсырылса нұр үстіне нұр. 

Хан талапай. 

Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды,хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. 


Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. 
Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. 
Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға ,орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан. 

Аударыспақ 

Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір –біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып,не итеріп,әйтеуір қай айласын,не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағашаттын құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек. 



Теңге ілу. 

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. 


Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. 
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол топ жеңеді. 

Санамақ 

Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атауы керек. 



Тасымақ. 

Бұл ойында 2 жерге ыдасқа су құйып қояды.сол суды қарсы бетке құйылған бос кесеге қасықтап екі адам тасыиды.Бұнда команда құрып ойынайды,әр командада үш адамнан болады.Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей-шашпай,тез тасуы керек,қай команда жеңіске жетсе,жүлдеге сол ие болады. 



Тасымалдау 

Екі-екіден қарама-қарсы 3-4 жерге 4 орындық қойылады.Сол орындықтың екеуінің үстіне бес-бестен қасық қойылады.Ойын бастаушы екі адамның ортаға шығарып ойынның шартын түсіндіреді.Шарт : 5 қасықты әр қайсысында тұрған бос орындыққа бір-бірлеп көшірлкі керек.Ол үшін екі ойыншының көзін таңып қояды.Әр ойыншы өз қасығын өзіне тиісті орындыққа көшіру ,егер қарсыласының орындығына қойса, онда шатасқаны.Шатаспай бұрын көшірген адамға сыйлық беріеді. 



Қарамырза 

Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады. 


Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді. 

Айдапсал. 

Ойынаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үйдің сыртына шығып , ал екінші топ үйдің ішінде қалады.Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды. 

Ойынның шарты бойынша , сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен иөз есімі есімі берілген ойыншыны табуы керек.Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына барып отырады.Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартады.Айыптартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады,би билейді, ,т.б. өнер көрсетеді. 

Шертпек. 

Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді. 



Белбеу соқ 

Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады. 



Бөрік жасырмақ 

Ойынғақатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек.Қалған ойыншылар тығылған ойыншылардың тыққан затын іздеуге кіріседі.Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алуға қам жасаса онда иесі бермеуге тырысады.Бермеудің жаңдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады.Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып,бөрікке жібермеуге тырысады.Бермеудің жағдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорқып, бөрікке жібермеуге тырысады.Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсауына болмайды.Қайткендеде алдап жүріп алып, оны жүргізушіге ертіп келулері керек.Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да , ойынаушының уақыттары жеткенше ойын жалғаса береді. 


Асау көк. 

Кешкі астан кейін мейманға ән салғызу, әңгіме-ертегі, жұмбақ, немесе жаңылтпаш айтқызу мақсатында ұйымдастырылады.Әуелі үй иелері «ауылдың алты ауызын» айтады да, онан соң «қонақ кәдесі» деп мейманның өнер көрсетуін сұрайды.Түк білмейтін қонақты айып ретінде мінгізетін керме арқан «Асау көк» деп аталады.Кермеге мінген қонақ әрі-бері сүрінбей жүруі керек. 



Орын тап. 
Екі жұп арқасын түйістіріп қойған екі орындыққа айналып музыканың сүймелдеуімен билейді.Музыка кілт тоқтағанда, тұрған екі орындыққа отырып үлгеруі керек,орын алмай бос қалған екі адам айып төлейді, ән салу,би билеу, жұмбақ , жаңылтпаштар кайту.

Дене тәрбиесі

Жоспары:
1. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
3. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары.
4. Сыныптан тыс жұмыстар.
5. Тәртіп.
6. Салауатты өмір салты. (П.Иванов жүйесі).

1. Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.


Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
•  шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
•  оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
•  оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
•  шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
•  спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
•  негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
2. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
3. Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
4. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.
5. Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
6. Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады.
Оның нұсқаулары:
•  өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;
•  шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;
•  арақ ішпе, темекі тартпа;
•  аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
•  қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;
•  денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
•  бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
•  адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;
•  жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;
•  ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;
•  ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
•  іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше.
Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет