Ұлттық банк 1,5 триллион зейнетақы қаржысының қалай пайдаланылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: gov.kz

 Бұл қаражат нарықтық жағдайда және қайтарымды негізде ұзақ мерзімді ірі жобаларға инвестицияланады. 

"Бәйтерек" Ұлттық холдингі мен "Самұрық-Қазына" Мемлекеттік қоры обигациялары шығарылып, оны БЖЗҚ сатып алады. 

Ұлттық банк қазіргі уақытта диверсификация және экономика өсіміне байланысты және импортқа тәуелділікті азайтатын жобаларды таңдау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

“Қаржыландыру 2024-2025 жылдары кезең-кезеңімен, жобаларды іріктей отырып жүзеге асады, — деп атап өтті бас банк. 

Сонымен қатар "Бәйтерек" пен "Самұрық-Қазына" жобаларының жүзеге асырылу мерзімі әртүрлі болғандықтан облигациялары түрлі кезеңде, бірақ 15 жылдан аспайтын мерзімде шығарылады. 

"Мұндай құралдар KASE-ке салынады. Оларды қызығушылық танытқан кез келген инвестордың сатып алу мүмкіндігі бар. Облигацияларды өтеу мерзімі бекітілген және жылына бір рет сыйақы купонымен төлем жасауға болады", — деп атап өтті Ұлттық банк. 

Бұған дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қор болашақ зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы – жеке зейнетақы жинақ жоспарын іске қосатынын мәлімдеді. Осылайша қазақстандықтар қалаған зейнетақысын алу үшін БЖЗҚ-ға қанша жарна салу керек екенін есептей алады.

Сондай-ақ Қазақстандықтардың зейнетақы жинағындағы 1,5 триллион теңге инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалатыны айтылды. 

2023 жылы БЖЗҚ-дан 500 млрд теңгеге дейін, ал 2024 жылы 1 триллион теңгеге дейін, оның ішінде "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) және Индустриялық даму қоры АҚ арқылы бөлуді көздеп отыр.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.