Ақмола облысы Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округі жергілікті қОҒамдастық 2019 2021 годы даму бағдарламасы



жүктеу 72.31 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі72.31 Kb.
түріБағдарламасы

Жергілікті қоғамдастық

жиналысының бекітілген

"8" қаңтар 2019 жылғы

№1 хаттамасы


Ақмола облысы Атбасар ауданы

Мариновка ауылдық округі

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ

2019 - 2021 ГОДЫ

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Әзірлеуші: КММ " Атбасар ауданының Мариновка

ауылдық округі әкімінің аппараты"

Жалпы сипаттамасы

Ақмола облысы Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі 2019-2021 жылдарғы даму бағдарламасы халыққа қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Бағдарламаның мақсаты: елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту арқылы өңірлердің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру үшін жағдай жасау және шоғырлануын экономикалық өсуге ынталандыру.

Күтілетін нәтижелер: жергілікті тұрғындар арасында біліктілік деңгейін арттыру және құқық білім функцияларын жүзеге асыру кезінде жергілікті өзін-өзі басқару, өзін-өзі басқару бақылау жетістіктерімен, алдында ағымдағы кезеңде алға қойған мақсаттарға.

Мариновка ауылдық округі 06.10.1995 жылы құрылды. Мариновка ауылдық округі аумағы 61.7 шаршы км құрайды. 1879 жылы құрылған Мариновка ауылы әкімшілік орталығы, аудан орталығынан 70 км қашықтықта орналасқан.

Ауылшаруашылық

Мариновка ауылдық округ бойынша тіркелген 5(бес) ЖШС, 1(бір) ЖШС бағыты-өсімдік шаруашылығы, 4(төрт) қабылдау және астық сақтау (ЖШС "Мариновка ХП" ЖШС, "Элеватор "Жигер" ЖШС, "Ирченко Элеватор" ЖШС, "Ақтан Агро")., 8 (сегіз) ШҚ, 91 жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ сүт бағытындағы ірі қара мал 1(бір) ӘКК бар. Базалық шаруашылық болып ЖШС "Тан-агро табылады," -11618 га астық алқаптары құрайды.




Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығымен етті ірі қара мал бағыты «Бейіс Хазірет» АТК (ауылдық тұтынушы кооперативі), басшысы Рашитов А.С.; онда ірі қара малдың жалпы саны 1180 бас құрайды. Биылғы жылы Мариновка, Бейс Хазірет және Адыр аулында, қазақтың ақбас тұқымының 40 өсірілген бұқа ірі қара малға әкелінді.

Мал шаруашылығын сүтті ірі қара малды бағыты дамытумен айналысатын АБАХ-Керей ауылдық тұтынушы кооперативі, Бағадат Сэрэтэр басқарады. Кокшетау қаласы Горкоммол зауатына 2018 жылы өткізілген сүт көлемі 45 000 литр құрады,жалпы сомаға 8 млн 200 мың теңге.

Сондай-ақ, «Aтбасар қазына» ауылдық тұтынушы кооперативі құрылып, 600 қой мал басын үшін азықтандыру алаң ашылды,басшысы Қалымхан Рая.


Кәсіпкерлік

Мариновка ауылдық округінің кәсіпкерліктің кіші субъектілері жұмыс істейді: 19 дүкен, 1 нан пісіретін цех, 3 дәріхана, 1 монша, 3 кафе, 1 асхана, 2 техникалық қызмет көрсету, 2 жанармай құю станциясы және дөңгелек жөндеу шеберханасы, Мариновка ауылында халықтан сүт жинау пункті жұмыс істейді, жалпы көлемі 1200 л. Сүт жинаумен ЖК «Соловьева Е.Ф» айналысады.


Сумен жабдықтау

Мариновка ауылының тұрғындары орталық су құбырымен қамтамасыз етілген. 2018 жылдың соңында Мариновка кентінде 870 ауланың ішінде орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылған адамдардың саны - 599 немесе 70%. Мариновка ауылының көшелерінде 3 су қабылдайтын баған бар, алайды судың сапасы төмен, өйткені ұңғыманың тереңдігі 14 метр және тереңдігі 60 м қажет.

Бейіс Хазірет ауылының тұрғындары «Тан Агро» ЖШС тасымалдайтын суды пайдаланады.

2018 жылғы 25 сәуірдегі Мариновка ауылдық округінің әкімі тапсырысы бойынша сумен жабдықтау желілерін салу үшін жер учаскесіне құқық беру туралы бұйрық шығарылды. 2019 жылдың бірінші тоқсанында сараптамамен бірге жобалық-сметалық құжаттама аяқталады.

Адыр станциясының солтүстік жағының тұрғындары орталық су құбырымен қамтамасыз етілген. Су құбырының дұрыс жұмыс істеуі «Элеватор Жигер» ЖШС байқауында.

Адыр станциясының оңтүстік бөлігінің тұрғындары жеке меншік су құдықтарын пайдаланады. Өйткені су құбыры істемейді. ҚТЖ ұлтық компаниясының қаражатына су құбыры қазылып павильон қойылды. Қазіргі уақытта қаражаттың жоқтығынан байланысты жұмыс тоқтатылды.



Білім

Мариновка ауылдық округінде 4 мектеп жұмыс істейді: 2 орта мектеп – Мариновка қазақ орта мектебі, Мариновка орта мектебі және 2 негізгі мектеп – Бейсхазрет негізгі мектебі және Адыр негізгі мектебі.

Мариновка ауылында Атбасарлық балалар музыка мектебінің филиалы жұмыс істейді. Балалар музыка мектебінің филиалында 3 дипломды мұғалімдер - фортепиано және баян пәндерінен музыкалық білім береді.

Денсаулық сақтау


Мариновка ауылдық округінде Мариновка дәрігерлік амбулаториясы 10 төсекке арналған күндізгі стационармен медициналық көмек көрсетеді, Бейс- Хазірет ауылы мен Адыр бекетінде 2 медициналық пункті жұмыс жүргізеді. Мариновка дәрігерлік амбулаториясында 2 дәрігер және 8 медбике жұмыс істейді; Адыр және Бейіс-Хазірет медициналық пункттерінде - 2 медбике жұмыс атқарады.

Мариновка ауылында Мариновка өкпе-терапия бөлімшесі жұмыс істейді. Бүгінгі күнде өкпе-терапия бөлімшесінде 25 науқас емделеді. Өкпе ауруына қарсы бөлімшесі жалпы 63 адам қызмет етуде: 2 дәрігер, 19 орта медикалық қызметкерлер, 30 санитарлар, шаруашылық қызыметкерлер -12 адамдар.

Жоспар бойынша флюорографиялық зерттеуді 1388 адам өтуге тиістін, 1280 зерттеуден өтті.
Мәдениет

Мәдениет мекемелерінен ауылдық округі аймағында ауылдық 315 орынды Мәдениет үйі жұмысын қамтамасыз етуде,5 адам жұмыс істейді. Ауылдық округінде тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс істейді. Ауылдық округінің аумағында барлығы 4 кітапхана жұмыс істейді: 3 ауылдық, 1 балалар.



Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту

Ақылы қоғамдық жұмыстарда 16 адам жұмыс істеді, оларға төленген жалақының көлемі 1 млн. 473 мың 905 теңге. Ауылдық округте 435 жасы бойынша зейнеткерлер, мүгедектік бойынша 96 адам, мүгедек балалар – 13 адам. 2018 жылы 23 адамға жалпы сомасы 804 мың 978 теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және төленді.



Телекоммуникация

Ауылдық округте телекоммуникация жұмысын Атбасар ПТС жүзеге асырады. 2018 жылғы желтоқсанда ауылдық округте 1083 абонентке телефон қосылды, ауылдық округ тұрғындары «Megaline» және «Интернет» қызметтерін пайдаланады. Мариновка ауылдық округінің аумағында 1098 үй шаруашылығы бар, барлығы 387 антенна Отау теледидары орнатылды, қалған 711 үй шаруашылықтары басқа теледидарды пайдаланады.

Мариновка ауылында, Бейіс Хазірет ауылында, Адыр станциясын пошта бөлімшелері жұмыс істейді.

2 рет мерзімді басылым аптасына жеткізіледі. Округ тұрғындары зейнетақы мен басқа да төлемдерді АҚ "Қазпошта" бөлімшелері алады.

Электр энергиясын қамтамасыз ету "Ақмола электр желілерін тарату компаниясы" акционерлік қоғамы айналысады.

Жылумен қамту

2018-2019 жылы жылыту кезеңі ИП "Ахметов С. С" жылумен айналысады. Ауыл тұрғындары пеш жағып жылытады.

Мариновка ауылында 2018 жылғы қараша айында өрт сөндіру бекеті ашылды. ЖШС қолдауымен "Элеватор-Жигер", "Ирченко Элеваторы", "Мариновка ХП", "Ақтан-Агро" ШҚ, "Тәуке жөндеу жүргізілді жылыту жүйесін орнату,еденді бетондау, металл қақпаларды сатып алу және орнату, сырлау және әктеу.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша жалпы құны 3 млн. 740 мың теңге құрайтын күн энергиясынан жұмыс істейтін 23 жарық диодты шамдар орнатылды, соның ішінде Мариновка ауылында – 17 дана, Адыр станциясында – 3 дана, Бейис Хазирет ауылында – 3 дана.

2018 жылдын басынан бастап Мариновка ауылдық округінде 4-деңгейлі бюджет енгізілді.

Жеке тұлғалардан мүлік салығы, жеке және заңды тұлғалардың елді мекендердің жерлеріне жер салығы, жеке және заңды тұлғаларға көлік құралдарына салынатын 2018 жылғы салық төлемдері «Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау деректемелері бойынша жүргізілетін болды.



Аймақ коды

Атауы

БСН

ҚАБ

030409

«Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

030640002984

KZ24070105KSN0000000

Әлеуметтік блок:

- Мариновка ауылында әкімшілік ғимаратының құрылысы (әкімшілік, полиция), жобалау сметалық құжат дайындалмаған.

- Мариновка ауыл тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы су алу ұңғымасын 60 метрге тереңдету.

- Адыр станциясының оңтүстік бөлігінің су таратушы құбыры құрылысы. Ұңғыма бұрғыланды, повильон салынды.

- Мариновка ауылында балабақша құрылысы

- Мариновка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы



Инженерлік инфрақұрылым:

- Мариновка ауылдық округінің автомобиль жолдарының сапа мәселесі (жол шұңқырларын жөндеуді жолдар)

- Мариновка ауылы ішіндегі жолдар

Адыр станциясының (ұсақталған қиыршық тасты төсемді жалпы сомасы 7 млн. 200. теңге сметалық құжаттамасы бар)

- Мариновка ауылында көшені жарықтандыру қондырғылар үшін жер бөлу (көшелерді жарықтандыру)

Экономикалық блок:

- жергілікті өзін-өзі басқару бюджетке бөлінген 6 салық түрлеріне қосымша салық түрлерінің бөлу

- ауыл тұрғындарының жеңілдікті несие алуға қызығушылықтың болмауы

(құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңға салушылық,кепіл жоқтығы)

- Аншлагтар жасау
Байланыс және интернет:
Мариновка ауылы,Бейис Хазрет ауылы, Адыр станциясы жоғары жылдамдықты интернеттің болмауы
Ауыл шаруашылығы:
Мал жаю үшін жайылымның болмауы (Мариновка ауылы, Бейис Хазрет ауылы, Адыр станциясы – шамамен 5000 га қажеттілік жайылым жерлеріне)
Экология:

- Мариновка а. Бейс хазірет а, Адыр станциясында ҚҚТ полигондарының зандастыру


Ескерту: Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыруға жауапты«Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
Каталог: sites -> atbasar.akmo.gov.kz -> uploads -> Programma razvitia
uploads -> Жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізі параметрлері жөнінде қысқаша ақпарат
uploads -> Отчёт акима Полтавского сельского округа
uploads -> Вниманию сельхозтоваропроизводителей! Получили субсидий
Programma razvitia -> Жылдарға арналған ақмола облысы атбасар ауданы атбасар қаласының жергілікті қОҒамдастықты дамыту бағдарламасы
uploads -> Атбасар ауданының елді мекендеріндегі әкімдердің жұмысы және болған көкейкесті мәселелер туралы халықтың ұсыныс, ескерту және пікірлерін жинау жәшігін орнату жөнінде ақпарат


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет