Ақмола облысы әкімдігінің



жүктеу 81.8 Kb.
Дата24.07.2018
өлшемі81.8 Kb.
түріРегламент

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 2 қыркүйектегі
№ А-9/411 қаулысымен  

бекітілді      


«Өсімдіктерді қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардің) және биопрепараттардың құнын субсидиялау»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


      1. «Өсімдіктерді қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Тиесілі субсидияларды алдағы уақытта көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына аудару үшін төлем құжаттарын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсынудың нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) іс-әрекетінің тәртiбiн сипаттау


      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығымен бекітілген «Өсімдіктерді қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушімен ұсынылған құжаттар мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтылығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы өтінімді тапсырған кезінен бастап, қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, жауапты тұлғаны белгілеу үшін бөлім басшысына енгізеді – 15 минут;
      2) бөлім басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 15 минут;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы:
      өтінімді сәйкестілігіне, төлем туралы өтінімді, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін тексереді – 3 жұмыс күні;
      өтінімді тексеру аяқталған соң, ауыл шаруашылығы тауар өндірушіге субсидия беру үшін оң шешім алған жағдайда, өтінімді басқармаға жолдайды – 1 жұмыс күні. Қанағаттанарлықсыз шешім жағдайында – субсидияны бермеу себептерін көрсету арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушіні жазбаша хабардар етеді;
      төлеу өтінімін, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өтінімдерінің жиынтық тізілімін тексергеннен кейін, тиесілі субсидияларды төлеу жөнінде өтінімдер тапсырылған биоагенттер (энтомофагтер) және биопрепараттар жеткізушілерінің тізілімін құрастырады – 1 жұмыс күні. Қанағаттанарлықсыз шешім алған жағдайда – жеткізушіні жазбаша түрде хабардар етеді;
      берілетін субсидияларды төлеу жөнінде өтінімдер тапсырылған биоагенттер (энтомофагтер) және биопрепараттар жеткізушілерінің тізілімін құрастырғаннан кейін оң шешім алған жағдайда биоагенттер (энтомофагтер) және биопрепараттар жеткізушілерінің тізілімін басқармаға жолдайды - 1 жұмыс күні. Қанағаттанарлықсыз шешім алған жағдайда – субсидияны бермеу себептері көрсетіліп, биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың жеткізушісін жазбаша хабардар етеді;
      4) ауданның және қаланың әкімі субсидияны бермеу себептері көрсетіліп, қанағаттандырусыз шешім қабылданған ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің тізілімін, биоагенттер (энтомофагтер) және биопрепараттар жеткізушілерінің тізілімін бекітеді және басқармаға ұсынады – 2 жұмыс күні;
      5) Басқарманың жауапты орындаушысы:
      өтінім мен биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың жеткізушілердің тізілімі келіп түскеннен кейін төлеу бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне және биоагенттер (энтомофагтер) және биопрепараттар жеткізушілерінің банктік есепшотына тиесілі субсидияларды аудару үшін тізім қалыптастырады – 2 жұмыс күні;
      өтінімді тексергеннен және биоагенттердің (энтомофагтердің) және берілетін субсидияларды төлеу жөнінде өтінімдер тапсырылған биопрепараттар жеткізушілерінің тізілімін құрастырғаннан кейін ауыл шаруашылық тауар өндірушілері және биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың жеткізушілері оң шешім алған жағдайда ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің және/немесе биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттарды жеткізушілердің банктік есепшотына тиесілі субсидияларды аудару үшін биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың жеткізушілердің тізілімін құрастырады, ауыл шаруашылық тауар өндірушілері және биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың жеткізушілері қанағаттанарлықсыз шешім алған жағдайда – субсидияны бермеу себептері көрсетіліп, биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың жеткізушісін жазбаша хабардар етеді – 2 жұмыс күні;
      6) Басқарманың бюджеттік қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушылардың субсидия төлеу ведомасына қол қояды және бекіту үшін Басқарманың басшысына жолдайды – 1 жұмыс күні;
      7) Басқарманың басшысы тізілімді бекітеді – 1 жұмыс күні;
      8) Басқарманың бюджеттік қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда екі данада төлем есепшоттарын қоса төлем шоттарының тізілімін ұсынады, ал төлем есепшоттарын «Қазынашылық - клиент» ақпараттық жүйесі арқылы өткізген жағдайда, төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды – 1 жұмыс күні.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) өтінімдерді қабылдау және тіркеу, жауапты тұлғаны белгілеу үшін бөлім басшысының қарауына енгізу;
      2) бөлімнің жауапты орындаушысын белгілеу;
      3) өтінімді, төлем жөніндегі өтінімді, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін қарау және өтінімді басқармаға жолдау. Қанағаттанарлықсыз шешім алған жағдайда - субсидияны бермеу себептері көрсетіліп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушіні жазбаша хабардар ету;
      жеткізушілердің тізілімін құрастыру. Қанағаттанарлықсыз шешім алған жағдайда – жеткізушілерді жазбаша хабардар ету;
      жеткізушілердің тізілімін Басқармаға жолдау. Қанағаттанарлықсыз шешім алған жағдайда – биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың жеткізушісін жазбаша хабардар ету;
      4) субсидияларды беруде теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің тізбесін, субсидияларды беруде теріс шешім қабылданған биоагенттерді (энтомофагтерді) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін бекіту;
      5) төлеу ведомосын құрастыру:
      биоагенттерді (энтомофагтерді) және биопрепараттарды жеткізушілердің өтінімдері бойынша;
      биоагенттерді (энтомофагтерді) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімдері бойынша;
      6) көрсетілетін қызмет алушыларға бюджеттік субсидияларға төлеу ведомосына қол қою;
      7) көрсетілетін қызмет алушыларға бюджеттік субсидияларды төлеу ведомосын бекіту;
      8) тиесілі субсидияларды аладғы уақытта көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшотына аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет ету тәртібін сипаттау


      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) бөлім басшысы;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы;
      4) ауданның, қаланың әкімі;
      5) Басқарманың жауапты орындаушысы;
      6) Басқарманың бюджеттік қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы;
      7) Басқарманың басшысы.
      8. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) кезеңділігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы өтінімді тапсырған кезінен бастап, қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, жауапты тұлғаны белгілеу үшін бөлім басшысына енгізеді – 15 минут;
      2) бөлім басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 15 минут;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы:
      өтінімді сәйкестілігіне, төлем туралы өтінімді, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін тексереді – 3 жұмыс күні;
      өтінімді тексеру аяқталған соң, ауыл шаруашылығы тауар өндірушіге субсидия беру үшін оң шешім алған жағдайда, өтінімді басқармаға жолдайды – 1 жұмыс күні. Қанағаттанарлықсыз шешім жағдайында – субсидияны бермеу себептерін көрсету арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушіні жазбаша хабардар етеді;
      төлеу өтінімін, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өтінімдерінің жиынтық тізілімін тексергеннен кейін, тиесілі субсидияларды төлеу жөнінде өтінімдер тапсырылған биоагенттер (энтомофагтер) және биопрепараттар жеткізушілерінің тізілімін құрастырады – 1 жұмыс күні. Қанағаттанарлықсыз шешім алған жағдайда – жеткізушіні жазбаша түрде хабардар етеді;
      берілетін субсидияларды төлеу жөнінде өтінімдер тапсырылған биоагенттер (энтомофагтер) және биопрепараттар жеткізушілерінің тізілімін құрастырғаннан кейін оң шешім алған жағдайда биоагенттер (энтомофагтер) және биопрепараттар жеткізушілерінің тізілімін басқармаға жолдайды - 1 жұмыс күні. Қанағаттанарлықсыз шешім алған жағдайда – субсидияны бермеу себептері көрсетіліп, биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың жеткізушісін жазбаша хабардар етеді;
      4) ауданның және қаланың әкімі субсидияны бермеу себептері көрсетіліп, қанағаттандырусыз шешім қабылданған ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің тізілімін, биоагенттер (энтомофагтер) және биопрепараттар жеткізушілерінің тізілімін бекітеді және басқармаға ұсынады – 2 жұмыс күні;
      5) Басқарманың жауапты орындаушысы:
      өтінім мен биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың жеткізушілердің тізілімі келіп түскеннен кейін төлеу бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне және биоагенттер (энтомофагтер) және биопрепараттар жеткізушілерінің банктік есепшотына тиесілі субсидияларды аудару үшін тізім қалыптастырады – 2 жұмыс күні;
      өтінімді тексергеннен және биоагенттердің (энтомофагтердің) және берілетін субсидияларды төлеу жөнінде өтінімдер тапсырылған биопрепараттар жеткізушілерінің тізілімін құрастырғаннан кейін ауыл шаруашылық тауар өндірушілері және биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың жеткізушілері оң шешім алған жағдайда ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің және/немесе биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттарды жеткізушілердің банктік есепшотына тиесілі субсидияларды аудару үшін биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың жеткізушілердің тізілімін құрастырады, ауыл шаруашылық тауар өндірушілері және биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың жеткізушілері қанағаттанарлықсыз шешім алған жағдайда – субсидияны бермеу себептері көрсетіліп, биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың жеткізушісін жазбаша хабардар етеді – 2 жұмыс күні;
      6) Басқарманың бюджеттік қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушылардың субсидия төлеу ведомасына қол қояды және бекіту үшін Басқарманың басшысына жолдайды – 1 жұмыс күні;
      7) Басқарманың басшысы тізілімді бекітеді – 1 жұмыс күні;
      8) Басқарманың бюджеттік қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда екі данада төлем есепшоттарын қоса төлем шоттарының тізілімін ұсынады, ал төлем есепшоттарын «Қазынашылық - клиент» ақпараттық жүйесі арқылы өткізген жағдайда, төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды – 1 жұмыс күні.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) кезеңділігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет етуін нақтылы сипаттау, сондай-ақ басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекет етудің тәртібін сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Өсімдіктерді қорғау мақсатында,


ауыл шарулашығы дақылдарын  
өндеуге арналған гербицидтердің,
биоагенттердің (энтомофагтердың)
және биопрепараттардың құнын 
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызметтің    
регламентіне қосымша     

«Өсімдіктерді қорғау мақсатында, ауыл шарулашығы дақылдарын өндеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтердың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы







Каталог: sites -> arshaly.akmo.gov.kz -> uploads -> gousluga -> selhoz%202
selhoz%202 -> Асыл тұқымды мал шаруашылығын
gousluga -> "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
gousluga -> "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет