Ақмола облысы мұРАҒаттар мен қҰжаттамалар



жүктеу 103.74 Kb.
Дата29.11.2017
өлшемі103.74 Kb.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МҰРАҒАТТАР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР

БАСҚАРМАСЫНЫҢ «БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК

МҰРАҒАТЫ» МЕМЕЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласының

айырықша мәні бар оқиғалары және естелік уақыттарының 2016 жылға арналған КҮНТІЗБЕСІ

Ақмола облысы мұрағаттар мен Бурабай ауданы мемлекеттік

құжаттамалар басқармасының мұрағат СТК хаттамасымен

СТӘК хаттамасымен ___________2015 жылы

______________2015 жылы № _____ МАҚҰЛДАНДЫ

№ _____ КЕЛІСІЛДІ

Щучинск қаласы

2015 жыл
М А З М Ұ Н Д А М А

Алғы сөз_____________________________________________________________3


2016 жылдың айырықша мәні бар

оқиғалары және естелік уақыттары ______________________________________4

Күні мен айы анықталмаған

айырықша мәні бар оқиғалары

және естелік уақыттары_________________ ______________________________5

2016 жылындағы айырықша мәні бар

оқиғалары және естелік мерзімдеріне

түсініктеме-анықтамалар_____________________________________________6-12

Қосымша 1

Қолданылған әдебиет көздерінің тізімі __________________________________13



А Л Ғ Ы С Ө З
2016 жылы айырықша мәні бар естелік мерзімдері Бурабай ауданының күнтізбесі Бурабай ауданың мемлекеттік мұрағатымен даярланған.

Күнтізбеге Бурабай ауданының ең маңызды оқиғалар тарихынан, саяси, шаруашылық, мәдениеті өмірі, сондай-ақ мекемелердің, кәсіпорындардың құрылуы, атақты жерлестеріміздің мерейтойлары енгізілген.

Мекеме қорлары, Ақмола облысының сан-сапалы ғылыми анықтамасы, жинақтар, кезеңдік мөр, алдағы уақыттағы айтулы және естелік уақыттың күнтізбесі, Кокшетау қаласының облыстық кітапхана, мерейтой мерзімін және оқиғалар мерзімін айқындаудың негізгі көзі.

Күнтізбе мұрағаттық құжаттардың насихаттауына жария ету, сонымен қатар, олардың ғылыми-зерттеу жұмысында қолданылуына, мәдени-ағарту мекемелерінде, оқу орнындарында, қоғамдық бірлестіктердің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету үшін арналған.

Күнтізбе екі тараудан құрылған. Бірінші тарауда күні мен айы көрсетілген айырықша мәні бар оқиғалар мен естелік мерзімдері хронологиялық тәртіп тізбеде орналасқан. Екінші тарауға күні мен айы анықтауға мүмкіншілік болмаған оқиғалар енгізілген. 2016 жылдың айырықша мәні бар оқиғалары және естелік мерзімдеріне түсініктеме-анықтамалардың мәліметтері туралы айқындауына, мемлекеттік мұрағат құжаттары бойынша кезеңдік басылған баспасөз көздері арқылы, атақты мерзімдеріне құрастырылған. Әрбір уақыт мерзімі қорға немесе басқа да негіз көзіне сілтемесімен қамтылған.

Күнтізбеге келесі қосымшалар берілген:

1. 2016 жылы аталатын мерейтойлары және естелік уақыт мерзімі тізімі.

2. Қолданылған әдебиет көздерінің тізімі.




ІІ санатты мұрағатшы Ә. Жексенова


2016 жылдың айырықша мәні бар және естелік уақыт мерзімдері

28 ақпан (1941) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Құрманов Қайырлы Хамазұлы (Бурабай п) туғанына 75 жыл

Бурабай таңғажайып – өлке. Қазақ энциклопедиясы- Алматы, 2009. б.86.



23 маусым (1991) с.Фрунзе Абылайхан селолық округінің Абылайхан ауылына қайта аталғанына 25 жыл._________________

08.08.1996ж облыстық Әділет басқармасының куәлігі және жалпы жиналыстың хаттамасы.



18 шілде (1931) ғалым ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі, Лениндік сыйлықтын иегері Госсен Эрвин Францевич туғанына 85 жыл____

Бурабай таңғажайып – өлке. Қазақ энциклопедиясы- Алматы, 2009. б.81-82.



18 тамыз (1931) жетекші агроном Октябрь Революциясы, «Құрмет белгісі» Қызыл еңбек белгісі орденімен мараппаталған, Боргуль Андрей Иосифовичтың туғанына 85 жыл________________________

Бурабай таңғажайып – өлке. Қазақ энциклопедиясы- Алматы, 2009. б.82.



01 қыркүйек (1931) Бурабай-Қарағанды темір жол желілерін іске қосылғанына 85 жыл._________________________________

2 Жинақ «Ақмола облысы. Тарих, оқиға. адамдар»-Көкшетау, 2007, б.155.



08 желтоқсан (2006) – Воробьевка селосы Сарыбұлақ ауылына қайта аталуына 10 жыл________________________________________

АҚЖ «Әділет» Ақмола облыстық маслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы №3С-24-20 шешімі



Күні мен айы айқындалмаған,

айырықша мәні бар естелік уақыт мерзімдері
(1926) райком партия хатшысы Моисеенко Виктор Ивановичтың туғанына 90 жыл.

__________________________________________________

(1926) райком партия хатшысы Моисеенко Виктор Ивановичтың туғанына 90 жыл.
Моисеенко Виктор Иванович (1926-1993), қоғам және партия қайраткері. Мәскеу темір жол көлігі инженерлері электромеханикалық институтын аяқтаған соң, 1950 жылы Шалқар станциясында машинистің көмекшісі, машинист қызметтерін атқарды. Кейін Орынбор темір жолы Черкасск бөлімшесі техникалық бюросының бастығы болды. 1953 жылдан Ақтобе облысындағы Жайсаң машина-трактор станциясында бас инженер, директор, «Әлжан» кеңшарында директоры қызметтерін атқарды. 1963 жылы ол Кокшетау облыстық ауыл шаруашылық өнімдерін даярлау және өндіру басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалады. 1965 жылдың қаңтарынан Щучье аудандық партия комитетінің 1-хатшысы, 1973 жылдың шілдесінен Кокшетау облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды. В.И.Моисеенко 2 рет Ленин, Қазан революциясы, 4 рет Еңбек Қызыл Ту ордендеріне ие болған

Бурабай таңғажайып – өлке. Қазақ энциклопедиясы- Алматы, 2009. б.79.



28 ақпан (1941) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Құрманов Қайырлы Хамазұлы (Бурабай п) туғанына 75 жыл.
Құрманов Қайырлы Хамзаұлы (1941ж.т) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері. 1968 жылы Қарағанды медицина институтын бітірген. 1968 жылдан Целиноград Балкашино аудандық ауруханасында фтизиатр-рентгенолог болып жұмыс істеген. 1973 жылы Кокшетау облысы Красный яр ауылдық ауруханасында бас дәрігердің орынбасары, 1974 жылы Щучиинск қаласындағы ауданаралық туберкулез диспансерінің бас дәрігері, 1977 жылы Целиноград облысы Балкашино аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметтерін атқарған.

1981 жылдан қазіргі уақытқа дейін ол «Бурабай» санаторийінің және «Қарағай» республикалық сауықтыру орталығының бас дәрігері. 2000 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. Ақмола облыстық маслихатының депутаты.

Бурабай таңғажайып – өлке. Қазақ энциклопедиясы- Алматы, 2009. б.86.
23 маусым (1991) с.Фрунзе Абылайхан селолық округінің Абылайхан ауылына қайта аталғанына 25 жыл.
Фрунзе атындағы совхоз Абылай-хан совхозына қайта аталды ҚР Министрліктің Кабинетінің №138 1991 жылдың 04 тамыздан бастап Қаулысы негізінде.

____________________________________________________________________________________________________

08.08.1996ж облыстық Әділет басқармасының куәлігі және жалпы жиналыстың хаттамасы.

18 шілде (1931) ғалым ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі, Лениндік сыйлықтын иегері Госсен Эрвин Францевич туғанына 85 жыл.
Госсен Эрвин Францевич (1931ж.т) ғалым, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы (1991), прфессор, Қазақстан ҒА-ның академигі. 1953 жылы Қотыркол малдәрігерлік техникумын, 1961 жылы Қоған ауыл шаруашылық институтын бітірген. 1953-1959 жылдары ол В.Р.Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болды. 1959-1982 жылдары Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында еңбек етті. 1982-1991 жылдары ВО ВАСХНИЛ шығыс бөлімшесі төрағасының орынбасары, 1991-1996 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы ҒА-ның академик-хатшысы болды, 1997 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры. Оның бүкіл өмірі жер жер шаруашылығымен байланысты болды, оның басты жұмыстары жер шаруашылығының топырақ қорғау мәселесіне арналады. Ол қарапайым агрономнан ғылым докторы, профессор, академикке дейін көтерілді. Алматыда 24 жыл өмір сүріп, өзіне ыстық солтүстікке көшіп келді. Қотыркөлде оның балалық және жастық шағы өтті, екі ағасы мен әкесі де осында жерленген. Эрвин Францевич пен оның әйелі Татьяна Никитична өмір сүруге Щучинск қаласын таңдады. Оның ғылым мен мемлекет алдындағы еңбектері жоғары бағаланады. Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жүріп КСРО Лениндік сыйлықты иеленді (1972), КСРО-ның да, тәуелсіз Қазақстанның да ордендеріне ие болды. Президент Н.Назарбаев Э.Ф.Госсенге «Достық» және «Отан» ордендерін тапсырды.

Бурабай таңғажайып – өлке. Қазақ энциклопедиясы- Алматы, 2009. б.81-82.



18 тамыз (1931) жетекші агроном Октябрь Революциясы, «Құрмет белгісі» Қызыл еңбек белгісі орденімен мараппаталған, Боргуль Андрей Иосифовичтың туғанына 85 жыл
Боргуль Андрей Иосифович (1931 ж.т.) жетекші агроном. 1958 жылы Алматы малдәрігерлік институтын бітірген. 1958 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданының сынақ станциясының бас мал дәрігері болды. 1959 жылы Қотыркөл малдәрігерлік техникумында сабақ берді. 1962 жылы «Юрьев» кеңшарының директоры, 965 жылы Щучье аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 1972 жылы Уәлиханов аудандық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1975 жылы Щучье аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас мал дәрігері болды. 1978 жылдан зейнетке шыққанға дейін Щучье ауданындағы «Қотыркөл» кеңшарының малдәрігерлік техникумының директоры қызметін атқарды. Көп салалы шаруашылық түрлеріне енгізген еңбегі үшін А.И. Боргуль Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталды.

______________________________________________________________

Бурабай таңғажайып – өлке. Қазақ энциклопедиясы- Алматы, 2009. б.82.




01 қыркүйек (1931) Бурабай-Қарағанды темір жол желілерін іске қосылғанына 85 жыл.

1931 жылы қаңтар айында «Қазстройуголь», сайып келгенде, КСРО тікелей Жоғарғы экономикалық кеңестің бағынышты тәуелсіз операциялық трестінің «Карагандауголь» болып қайта құрылды. Бұл еліміздің үшінші көмір базасын ауқымды құрылысын дамыту, жұмыс орталықтандыру қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Бірақ бұл барлық теміржол мүмкін емес еді. Сол жылдары, темір жол құрылысы басқару тапсырылды «Қазжелдорстрой» Ақмола - 1930 жылы ол жолды Бурабай пайдалануға берілді. Бүгінде бұл суық және боран жылы, қыста салынды Қарағанды, дейін Ақмола темір жолды құны қанша күш елестету қиын. Жерге төселген шпалдар, және олар бойынша - рельстер. құрылысшыларға, тек құралы күрек болды. 29 қаңтар, 1931 болат рельстер Қарағандыға келді.

__________________________________________________

2 Жинақ «Ақмола облысы. Тарих, оқиға. адамдар»-Көкшетау, 2007, б.155.


08 желтоқсан (2006) – Воробьевка селосы Сарыбұлақ ауылына қайта аталуына 10 жыл
Сарыбұлақ - Ақмола облысының Бурабай ауданында ауылы.

  Бор ауылы әкімшілігінің кіреді. Ақмола облысының ауылдық бағынысты Бор ауыл әкімшілігі Бурабай ауданы.

Бұрынғы атауы: Воробьевка.

Ақмола облысы жылғы 8 желтоқсандағы, 2006 жылғы №3S-24-20-ден мәслихатының шешімі.

Ақмола облысы 19 қаңтар, 2007 №3209 Әділет департаментінің тіркелді. Сейсмикалық тобы AS057-Бурабай Бурабай ұлттық паркінде батыс Сарыбұлақ (Воробьевка) орналасқан.

______________________________________________________________

АҚЖ «Әділет» Ақмола облыстық маслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы №3С-24-20 шешімі


1 қосымша

Қолднылған әдебиет көздерінің тізімі


  1. Бурабай таңғажайып – өлке. Қазақ энциклопедиясы- Алматы, 2009. б.86.

  2. 08.08.1996ж облыстық Әділет басқармасының куәлігі және жалпы жиналыстың хаттамасы.

  3. Бурабай таңғажайып – өлке. Қазақ энциклопедиясы- Алматы, 2009. б.81-82.

  4. Бурабай таңғажайып – өлке. Қазақ энциклопедиясы- Алматы, 2009. б.82.

  5. 2 Жинақ «Ақмола облысы. Тарих, оқиға. адамдар»-Көкшетау, 2007, б.155.

  6. АҚЖ «Әділет» Ақмола облыстық маслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы №3С-24-20 шешімі




Каталог: sites -> burabay-archive.akmo.gov.kz -> uploads -> informac zd
sites -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы
sites -> Заң жобаның ғылыми құқықтық сараптаманың
sites -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
informac zd -> Государственное учреждение «государственный архив бурабайского района» управления архивов и документации акмолинской области


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет