Ақмола облысындағы экологиялық ахуал туралы



жүктеу 393.77 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі393.77 Kb.




Ақмола облысындағы экологиялық ахуал туралы


2016 жылдың жалпы көрсеткіштері

S субъекті,

мың км2

146,2

Халқы,

мың адам

744, 4

ЖӨӨ

млн. теңге.

1 121 025,0

2012 жылдан бастап 2016 жыл кезеңіндегі негізгі экологиялық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Қоршаған ортаны қорғау шығындары, мың теңге

3406302,12

2605107,1

2303785,97

3038209,4

Стационарлық көздерден шығып, ластайтын заттардың атмосфераға шығарылатыны, мың тонна


89,4

95,8

94,3

91,55

Жиылған қалдықтардың жалпы саны, мың тонна

47256,729

42611,5

49196,7

41226,713

Ақмола облысы Орталық Қазақстанның солтүстік бөлігінде орналасқан. Жалпы алаңы 14 622 мың га құрайды, олардың 446,8 мың га – су беті, яғни жалпы алаңның 3%.



Ақмола облысы Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарымен шектеседі. Орташа халықтың тығыздығы – 5 адам/ км².

Облыста облыстық маңыздағы 2 қала - Көкшетау және Степногорск, 17 ауылдық аудан, аудандық бағыныстағы 8 қала, 5 кент және 253 ауылдық округ бар. Аумақтың үлкен бөлігін орманмен қапталған алқапты дала, ұсақ шоқылар, шамалы бөлшектелген жазықтар мен өзен аңғарлары, таулар алып жатыр.

Топырағы кәдімгі қара және күлгін болып келеді және ауыр механикалық құрамымен, жоғары сортаңдығы мен тұздылығымен, төменгі су өткізгіштігімен ерекшеленеді.

Климаты шұғыл континентті және өте қуаң. Жазы қысқа, жылы, қысы ұзақ, аязды, күшті желді және қарлы боранды болады.

Өсімдіктері түрлері алуан шөпті, таудың байрауларын қарағайлы-қайың ормандар, әр түрлі шөпті-тырсанды өсімдіктер басып жатыр.

Жануарлар әлемі сүтқоректілердің 55 түрлерімен, 180 құстардың және 30 балық түрлерімен ұсынылады.

Облыс аумағы бойынша бірнеше өзендер ағып өтеді, олардың арасындағы ең ірілері: Есіл өзені, Нұра өзені, Колутон, Жабай, Чаглинка.Қылшақты өзендері. Көптеген тұщы және тұзды көлдер де бар. Олардың арасында Қорғалжын, Қожакөл, Итемген Майбалық, Теңіз, Қыпшақ, Керей, Қияқты, Шортанды, Үлкен Шабақты, Бурабай, Зеренді, Сұлукөл, Қарасу, Сұлтанкелді, Қопа және т. б.

Облыстағы 13 су айдындарының ішіндегі Есіл, Селеты, Чаглинка өзендерінің науалары, кепілді түрде сумен қамтамасыз ету үшін, үш су қоймаларына: Астаналық, Селетинск және Чаглинск реттелген.

Облыс аумағында «Көкшетау» МҰТП орналасқан, сондай-ақ халықаралық мәндегі барлық Еуро-Азиялық континенттегі ең бір керемет орындардың бірі болып табылатын Қорғалжын қорығы бар.

Өңір экономикасының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өндіріс. Облыс аумағында алтын, күміс, уран, молибден, техникалық алмаз, каолин мен мусковит, сондай-ақ темір кені, тас көмір, доломит, кең таралған пайдалы қазбалардың, минералды су және емдік балшықтардың қорлары шоғырланған.
Атмосфералық ауа
Ақмола облысындағы атмосфералық ауаның жалпы жағдайы тұрақты және құптарлықты түрде бағаланады, атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шоғырлануы рұқсат етілген мөлшерінен асып кеткен жағдайлары есепті кезеңде анықталған жоқ.

Өңірдегі атмосфералық ауаға эмиссиялардың негізгі көздері ретінде жылу энергетикасы кәсіпорындары (оның ішінде қазандықтар) және автокөліктер болып табылады.

Облыста атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындылардың стационарлық көздерінің 44 514 бірлігі анықталған.

Жүргізілген талдау жұмыстары атмосфералық ауаның эмиссияларына арналған лимиттердің 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 4,44 % төмендегенін көрсеткен.

Осылайша, лимиттелген шығарындылардың көлемі 2016 жылы 160,845 мың тоннаны құрады; 2015 жылы лимиттелген шығарындыларының көлемі - 168,318 мың тоннаны құрады.

Жалпы өнеркәсіптік шығарындылардың нақты көлемі 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда салыстырғанда төмендеді:



2016 жылы - 91,55 мың тонна;

2015 жылы - 94,3 мың тонна;

2014 жылы - 95,8 мың тонна.

Ақмола облысында табиғатты пайдаланушылармен жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2016 жылы «Степногорская ТЭЦ» ЖШС екінші буынды батареялық эмульгаторларды орнатумен бірге күлтұтқыш қондырғыларды БКЗ-160-100 және БКЗ-220-100-4 қазандарын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Бұл шара атмосфералық ауаға шығатын шығарындылардың көлемін бір жылға 17,8% - ға немесе 4250 тоннаға кезең-кезеңмен азайтуға мүмкіндік берді.

2016 жылы атмосфералық ауаға шыққан қатты бөлшектер шығарындыларының көлемі 55,3 мың, 2015 жылы - 56,8 мың тонна, 2014 жылы - 57,86 мың тонна.

Күкіртті ангидрид: 2016ж. – 16,0 мың тонна, 2015ж. - 16,54 мың тонна, 2014 ж. - 16,84 мың тонна.

Азот диоксиді: 2016 ж. – 3,64 мың тонна, 2015 жылы - 3,76 мың тонна, 2014 ж. - 3,83 мың тонна.

Улы газ: 2016 ж. – 16,38 мың тонна, 2015 ж. - 16,9 мың тонна, 2014 жылы - 17,24 мың тонна.
Елді мекендердегі атмостфералық ауаның сапасы.

«Қазгидромет» РМК-мен Ақмола облысында атмосфералық ауа сапасының мониторингі өткізілген.


Щучинск-Бурабай курорттық аймақтың (ЩБКА) аумағындағы атмосфералық ауаның ластану жағдайы.

ЩБКА аумағында атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау жұмыстары 8 стационарлық бекеттерінде жүргізілді.

2015 жылғы стационарлық бақылаулар желісін деректері бойынша «Бурабай» СКФМ мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында және Щучинск-Бурабай курорттық аймағына (ЩБКА) атмосфералық ауаның ластануы төменгі деңгейімен сипатталады.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ.

Жалпы аумақ бойынша озонның орташа концентрациясы 1,1-1,4 ПДКс.с. құрады, ал қалған ластаушы заттар ПДК аспады.

Ақмола облысының атмосфералық ауаның ластану сипаттамасы бойынша толық ақпарат «Қазгидромет» РМК сайтында (http://kazhydromet.kz/ru/monitor_osreda) орналастырылған.


Су ресурстары
Ақмола облысының аумағында барлығы 2200 уақытша ағын сулар, 552 көл, 40 су қоймасы, 6 қазаншұңқыр, 11 қазынды, 57 бөгет бар.

Биологиялық өнімділігі бойынша табиғи су экожүйелері әртүрлі – тұщы судан ащы-тұзды сулар. Облыс аумағында биоценоз көлдер басым.

140 ірі көл бар, қалғандары шағын, бетінің алаңы 100 га, 96% - тұщы су, ихтиофаунасы бар (мөңке, алабұға, түрпі, қарабалық, сазан, көкшұбар балық, шортан, будан ақсаха, табан, тұқы, көксерке, торта, лақа, аққайран), 10%-тұздалған. Көлдердің 1/3 бөлігі су пайдаланушыларына бекітілген.

Теңіз көлі ең ірі көл болып табылады. Су бетінің алаңы 92400 га құрайды, тұзды көл. Басқа ірі көлдің бірі Қорғалжын көлі болып табылады, су айдынының мөлшері – 33 000 га, көлі ащылау. Орташа тереңдігі 1,5 м -ден аспайды.

Ақмола облысының шегіндегі ең ірі өзендер ол Есіл, Жабай, Сілеті, Нұра, Шағалалы, Қылшақты, Терісаққан болып табылады.

Облыстағы негізгі судың түпкі тамыры ретінде Есіл өзені болып табылады, ағып құйылатын ірі өзен салаларымен қатар солтүстігінде Көкшетау үстірттерінен бастау алса, ал оңтүстігінде Ұлытау тауларының бұғаздарымен шектеседі. Сыртқы ағыны бар Есіл өзенінің ойпатына Ақмола облысының жартысынан көп алаңы жатады. Басқа ірі өзеннің бірі Нұра өзені болып табылады, өзеннің ұзындығы 406 км, Ақмола облысының аумағындағы су жинау алаңы 9460 км2. Жылдық ағынның 90%-дық қамтамасыз етудегі өзен сағасының көлемі 66400 мың м3/жыл құрайды. Облыстың солтүстік бөлігінде Көкшетау қаласының - негізгі су көздері болып табылатын Шағалалы өзені орналасқан. Облыс аумағы бойынша өзеннің ұзындығы 144 км құрайды, орташа жылдық ағынның мөлшері 40770 мың м3/жыл құрайды. Қалған өзендердің ұзындықтары шағын, олардың бір бөлігі жаздың ыстық айларында құрғап қалады.

Облыста 40 су айдыны бар, елді тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін Есіл, Сілеті, Шағалалы өзендерінің үш су қоймаларымен реттелген:

Астана су қоймасы: толық көлемі 410 млн.м3, ол Астана қаласын сумен жабдықтауға, суармалы егіншілік және ауыл шаруашылығы, сондай-ақ Есіл өзенінің арнасын санитарлық-сауықтыруға арналған;

Сілеті су қоймасы 1966 жылдан бастап істеп жатыр, толық су қоймасының көлемі 230 млн.м3 халықты, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды, Степногорск қ. және Заводской кенттерін сумен қамтамасыз ету үшін су жинау жүзеге асырылуда;

Шағалалы су қоймасы толық көлемде 28 млн.м3 құрайды. Пайдалану мақсаты – Көкшетау қаласын орталықтандырылған шаруашылық – ауыз сумен қамтамасыз ету, Қопа көлін толықтырып, қоректендіру болып табылады.

Су қоймаларындағы өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық тастандылары өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ.

2016 жылы Қылшақты өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуінде орналасқан 14 кәсіпорындарында «Есіл бассейндік инспекциясы» РММ-мен бірлескен тексеру жұмыстары жүргізілді. Өткен жылғы судың талдауымен салыстырғанда химиялық құрамының нашарлауы анықталмады.

Бұдан басқа,ТЖ органдарымен бірлесе отырып Ақмола облысының аумағында орналасқан 114 гидротехникалық құрылыстарды (бұдан әрі - ГТҚ) тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексерілген 114 ГТҚ: 7 - апаттық жағдайда (Ақкөл ауданының Каменка бөгеті, Бұланды ауданының Прохоровское – Колоколовское су қоймасы, Қызыл Жұлдыз бөгеті, Лысое бөгеті – Астрахан ауданы, Сепе-1бөгеті, Атбасар ауданының Веденовская бөгеті, Фроловский тоғаны – Бурабай ауданы). Сондай-ақ, 13 – қанағаттанарлықсыз, 94–қанағаттанарлық жағдайда екені анықталды.
2015 жылғы Щучинск-Бурабай курорттық аймақтың аумағындағы көлдердегі шөгінділердің жағдайы.

«Қазгидромет» РМК-мен мамыр және тамыз айларында Щучье-Бурабай курорттық аймақтың аумағындағы 10 көлде 28 бақылау нүктелері бойынша көлшөгінділердің сынамаларын іріктеу жұмыстары өткізілді.

Түптік шөгінділер құрамының, олардағы ауыр металдардың (мыс, хром, кадмий, қорғасын, мышьяк, никель және марганец) талдауы жасалды. Сынамалардың саны (1500 гр), іріктеу әдістемесі Мемлекеттік стандартқа сәйкес регламенттелген.

Ақмола облысының жер үсті су ресурстарының ластану сипаттамасы бойынша толық ақпарат «Қазгидромет» РМК сайтында (http://kazhydromet.kz/ru/monitor_osreda) орналастырылған.


Биологиялық алуан түрлілік
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

Ақмола облысы аумағында 3 мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (бұдан әрі-МҰТП) орналасқан:

«Бурабай» МҰТП -129299 га, «Бұйратау»-МҰТП -60814 га, «Көкшетау»-МҰТП - 47565 га, Қорғалжын МТҚ-281046 га;

3 мемлекеттік табиғи қорықша (зоологиялық):

Атбасар МТҚ - 75100 га, Бұланды МТҚ - 93500 га, Шығыс МТҚ - 100000 га;

8 мемлекеттік табиғат ескерткіштері:

«Шлем» сүйір шоқысы»- 2 га, «Зеленый мыс» - 1,2 га, «көне ағашты тоған» - 1 га, «Смольная шоқысы» - 1 га, «Стрекач» шоқысы» - 1,3 га, «Малиновый мыс» - 0,5 га, «Галочья» шоқысы» - 2 га, «Сопка «Пожарная» - 1 га.

2013-2016 жылдар аралығында «Бурабай» МҰТП алаңдарында өзгерістер өткізілді.

01.01.2014 «Бурабай» МҰТП алаңы 129565 га;

01.01.2015 «Бурабай» МҰТП алаңы 129532 га;

01.01.2016 «Бурабай» МҰТП алаңы 129532 га;

01.01.2015 «Бурабай» МҰТП алаңы 129299 га.

Бұдан басқа, облыс аумағында мемлекеттік орман қорының жерлері бар.

Облыстың мемлекеттік орман қорының (бұдан әрі орман қоры) жалпы жер алаңы 2017 жылғы 1 қаңтардағы есебі бойынша 1057190 га құрайды, оның ішінде 497826 га - орман алқаптары және 559364 га - ормансыз алқаптар. Облыстың орманды аумағы 2,7% құрайды.


Облыс аумағында жалпы алаңы 695 га болатын жекеменшік орман қоры бар, оның ішінде орман алқаптарын алаңы 136 га және ормансыз алқабы 559 га.

Негізгі орман алқаптары Ақкөл, Бұланды, Бурабай, Зеренді және Сандықтау аудандарында орналасқан.

Ақмола облысының орман қоры (бұдан әрі ОҚ) қылқан және жапырақты екпелермен ұсынылған, 50% - дан астамы қылқан жапырақтың үлесінде.
Облыста 22 мемлекеттік орман иелері жұмыс істейді, оның ішінде:

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасында 13 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері, 3 мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы, «Жасыл Аймақ» РМК, Республикалық орман селекциялық орталығының Солтүстік өңірдегі филиалы, «КазНИИЛХ» НАО «Наноц» ЖШС, «КазАвтоЖол» Ақмола облыстық филиалы АҚ және Астаналық екпе ағаштарын қорғау дистанциясы «НК «КТЖ» АҚ.


Жануарлар дүниесінің жалпы сипаттамасы.

Ақмола облысының жануарлар әлемі айтарлықтай әртүрлілігімен, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің болуымен ерекшеленеді.

Мәселен Ерейментау ауданында «Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағын арқарлар мекендейді, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығындағы «Тенгиз» көлінде қызғылт қоқиқаз ұя салады.

ТМД аумағында қоқиқаздардың ұя салатын бұл жалғыз орны екенін айта кету керек. Сонымен қатар, Қызыл Кітапқа енгізілген жануарлар да кездеседі, орман сусары және құстардың едәуір саны бар: бұйра бірқазан, жапалақ, безгелдек, қарақұс, дала қыраны, аққұйрықты орлан, бүркіт, үкі, қақылдауық аққу, ақбас тырна, сұр тырна сияқты түрлері және басқалары.

Сонымен қатар облыс аумағындағы Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын және Астрахан аудандарында Бетпақдала популяциясының ақбөкендері тұрақты мекендейді, сонымен қатар шағын топтарға бөлініп, олар Целиноград және Сандықтау аудандарында да белгіленген.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2015 жылғы 16 ақпан № 18-03/106 бұйрығына сәйкес, аң аулау объектілері болып табылатын ақбөкендер құнды жануарлардың түрлеріне жатқызылған, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі қаулысымен, ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, 2020 жылға дейін ақбөкендерді пайдалануға тыйым салу белгіленген.

Аталғандардан басқа облыстың аумағында бұлан, бұғы, елік, қабан, сілеусін, қасқырдың түрлері мекендейді. Кішкене жыртқыштардан түлкі, қарсақ, борсық, ақкіс, ласка, орман күзені, жанат тәрізді ит. Сондай-ақ дерлік барлық жерде қоян және суыр-байбакты кездестіруге болады.

Ақмола облысының құстар әлемі де алуан түрлі. Дегенмен құстардың айтарлықтай бөлігі бөдене, куликтер, қаздар, үйректер, тырналар, безгелдектер Қазақстаннан тыс жерде қыстайды. Тұрақты мекендейтіндерден негізінен тауық тұқымдастары кездеседі – саңырау құр, құр және құрлардың басқа да түрі.


Кесте. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің саны


Жануардың түрі

Саны

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Қаратау арқары

386

406

427

492

Арқар

238

249

248

250

Бейіт

21

20

32

31

Бүркіт

169

79

141

90

Аққұйрық сүбіркіт

182

130

198

158

Тырна

7890

9639

49100

12418

Безгелдек

165

221

1582

532

Үкі

7

11

8

8

Сұр тырна

462

270

711

2156

Қарабасты күлегеш

77

181

248

292

Қалбағай

1

6

4

6

Қара дегелек

1

3

-

-

Қызыл жемсаулы қарашақаз

582

5111

59

1153

Бұйра бірқазан

480

645

1665

1531

алакөз қара үйрек

30

5

20

38

Қоқиқаз

25000

40000

20000

18501

Қақылдауық аққу

1677

3458

4767

7564

Құрғақ тұмсық, балықшы

1

2

2

3

Дала қыраны

160

49

120

116

Кіші ақ тырна

50

109

238

168

Тарғақ

-

56

-

452

Дуадақ

-

1

3

-

Сұңқар

-

2

-

-

Шиқылдақ қаз

-

9006

9009

395104

Ақбас үйрек

-

2238

3013

23595

Ақ сұңқар

-

50

30

-

Қарабай

-

-

24

-

Жыланшы қыран

-

-

1

-

Ителгі

-

-

1

-

Бөлдүрік

-

-

150

-

Жануарлардың жекелеген түрлері санының өзгеру үрдістері бойынша.


Кесте. Аң аулаудың объектілері болып табылатын тұяқтылар мен терісі бағалы жануарлардың негізгі түрлері санының динамикасы


Жануардың түрі

саны

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Бұлан

673

850

1003

756

Бұғы

1246

1423

1490

1632

Елік

8721

10511

12124

11264

Қабан

1435

1662

1923

1915

Түлкі

16241

16646

17483

12454

Қоян

74392

69980

69036

72230

Суыр

327915

389530

475219

435283

Радиациялық жағдай


«Қазгидромет» РМК жүйелі негізде атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында радиациялық қауіпсіздігіне бақылау жүргізіледі, ол 5 метеорологиялық станцияларда (Көкшетау, Атбасар, Степногорск қалаларында, Бурабай кентінде) жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, мезгіл-мезгіл жазық планшеттармен ауаның сынамаларын іріктеу жүзеге асырылады. Барлық станцияларда бес тәуліктік сынамаларды іріктеу жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті жерде гамма-сәулелену деңгейін бақылау күн сайын 15 метеорологиялық станцияларда (Астана, Аршалы, Ақкөл, Атбасар, Балкашино,СКФМ Боровое, Егіндікөл, Ерейментау, Көкшетау, Қорғалжын, Степногорск, Жалтыр, Бурабай, Щучинск, Шортанды) және 1-ші автоматты бекетінде Көкшетау қаласының атмосфералық ауасының ластануын қадалау (ПНЗ №2) жүзеге асырылған.

Радиациялық мониторинг бойынша толығырақ ақпарат «Қазгидромет» РМК сайтында http://kazhydromet.kz/ru/monitor_osreda) орналастырылған.

Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп иондаушы сәулелену көздеріне бақылау жүргізу жүзеге асырылады. Облыс аумағында жабық иондаушы сәулелену көздерімен саны 42 бірлік болатын 6 кәсіпорын бар.

Кесте. Иондаушы сәуле шығарудың жабық көздерінің саны


Кәсіпорындардың атауы

Қайнар көздерінің саны (бірлік/дана)

Ақмола облыстық онкология диспансері (Көкшетау қ.)

3

«Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалы

2

«Степногорск тау-химия комбинаты» ЖШС

21

«Бұланды тас карері» ЖШС

12

«Семізбай U» ЖШС

3

«Бараев ат. астық шаруашылығының ҒЗИ ҒӨБ» ЖШС

1

Барлығы:

42

Облыс аумағында иесіз иондаушы сәулелену көздері жоқ.

Сондай-ақ, қалпына келтірілген уран кендерінің радиациялық қауіпсіздік мәселелері жіті бақылауда:

- кеніш №1 РУ-4 Есіл кен орны (Есіл ауданы); Құбасадыр к. және Приречное к. (Жарқайың ауданы);

- кеніш №8 РУ-3: Заозерное к. (Еңбекшілдер ауданы);

- кеншік №9 РУ-3: Тастыкөл к. (Еңбекшілдер ауданы);

- кеншік №14 РУ-3 және РУ-1: Глубинное к., Шатское к., Көксор к., Ағаш к. (Еңбекшілдер ауданы); Балкашинск к. және Ольгинск (Сандықтау аданы).

«Семізбай-U» ЖШС Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданындағы Семізбай кен орнында және Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында кен орнында уранды рудаларды өндіру жұмыстарын жүргізеді. «Семизбай-U» ЖШС төменгі радиоактивтік қалдықтарды келісім-шарт бойынша «СГХК» ЖШС-ның қалдықтарды сақтағыштарында шығарады. 2016 жылдың қараша айында Ақмола облысы бойынша экология Департаменті кәсіпорында тексеру жұмыстарын жүргізді. Вахталық кенттің, АБК, карталар ПР, ВР, ҚТҚ полигоны аумағында МЭД гамма сәулеленуі өлшенді. Шамадан асқан жағдайлары анықталған жоқ.

Кәсіпорынмен жеке дозиметрлік бақылау жүргізіледі, 2016 жылы кәдеге жаратуға 0,545 тонна берілді.

Тау-кен өндіретін кәсіпорындарды тексеру жүргізу барысында радиациялық қауіпсіздік мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Қалдық сақтау қоймаларын, СҚА мен кәсіпорын аумақтарының беткі жағын жаяу гамма түсіру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, 2016 жылы Ақмола облысы Есіл ауданы Калачи кентінің, сондай-ақ жақын консервацияланған уран кеніштерінің радиациялық мониторингі өткізілді. Көкшетау қаласының радиациялық мониторингі жүргізілді.

Ақмола облысында радиациялық жағдай тұрақты.


Қалдықтар
Өнеркәсіптік қалдықтар

Ақмола облысының аумағында қатты қалдықтарды негізгі көлемін өнеркәсіптік қалдықтар құрайды, олар өзінің негізгі массасында өнеркәсіптік кәсіпорындардың техногенді-минералдық түзілімдерін (жыныстар, байыту қалдықтары) және күлбалшықты қалдықтары ұсынылған.

2015 жылы өнеркәсіптік қалдықтардың жиынтығы 48 982,504 мың тоннаны құрады. Өнеркәсіп салалары бойынша жиылған өнеркәсіптік қалдықтардың көлемі 2016 жылға - 41 017,088 мың тонна болды. Өнеркәсіптік қалдықтардың салалары бойынша ақпаратты ұсынамыз (Кесте 4.1.5.).
Кесте ­Өнеркәсіптік қалдықтардың салалары бойынша ақпарат



Өнеркәсіп салалары

Қалдықтардың

түрі

Жинақталған қалдықтар көлемі (қоса алғанда есепті кезең), мың тонна

барлығы

оның ішінде:

ТМТ

Радиоактивті қалдықтар

өнеркәсіптік қалдықтар (сонымен ТМО және радиоактивтік қалдықтардан)

1

2

3

4

5

6

Тау-кен өндіру

Аршыма жыныстарын, баланстан тыс кендер

412116,9

412116,9

-







Байыту қалдықтары

129 990,8

79008,0

50982,7

-




Радиоактивті

-

-

-

-




Қалдықтар мен цианидтерден босаған ыдыстар

0,9

-

-

0,9




Құрал-жабдықтар мен техниканы пайдаланудан құралған қалдықтар

0,03

-

-

0,03

Жылу

энергетикасы



Күлбалшық

3974,1

-

-

3974,1




Тазарту құрылыстардың тұнбалары

-

-

-

-

Ауыл шаруашылығы

Улы химикаттардан қалған ыдыстар

-

-

-







Құс саңғырығы




-

-







Техника және автокөлік пайдаланған қалдықтары

-

-

-

-

Өңдеуші

Мойынтіректер бөлшектерін токарлық өңдеудің шөгінді қалдықтары, өндірістік ағындарын тазартудың шөгінді қалдықтары

88,3







88,3

Өңір бойынша барлығы

546171,0

491 124,9

50982,7

4063,3


Кесте. Өндірістің салалары бойынша қалдықтардың пайда болған, қолданылған, қайта өңделген және орналастырылған көлемі жөніндегі ақпарат


Өнеркәсіп салалары

Қалдық түрі

Пайда болғаны,

мың тонна

Пайдаланылды, мың тонна

Қайта өңделіп, кәдеге жаратылғаны, мың тонна

Полигон

дарда орналастырылғаны, мың тонна

Басқа ұйымдарға берілгені, тыс. тонн

Лимиті,

мың тонна

Тау-кен өндіру

Жыныстар, баланстан тыс кендер

30715,8

-

3791,5

26924,276

-

48179,831

Байыту қалдықтары

9772,9

-

-

9772,99

-

13441,382

Радиоактивті

-

-

-

-

-

-

Цианидттің қалдықтары мен ыдыстары


0,1

-

0,1

-




0,09

Жабдықтар мен техникаларды қолданудан пайда болған қалдықтар

0,06

-

0,06

-







Жылу энергетикасы

күлбалшық

525,9

-

32,156

493,716




538,963

Тазарту құрылыстардың қалдықтары

0,03

-

-

0,03

-

0,228

Ауыл шаруашылығы

Улы заттардың ыдыстары

-

-

-

-

-

-

Құс саңғырығы

-

-

-

-

-

-

Техникалар мен автокөліктерді қолданудан пайда болған қалдықтар

-

-

-

-

-

-

Өңдеуші


Мойынтірек бөлшектерін токарлық өңдеудің шөгінді қалдықтары, өнеркәсіп ағындыларын тазартудың шөгінді қалдықтары


2,2

-

2,027

0,185




10,583

Өңір бойынша барлығы

41017,1

-

3 825,891

37 191,197




62 171,077

Жүргізілген талдау өнеркәсіптік қалдықтардың жалпы жиналған көлемінің өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда азайғанын көрсетеді, 2016 жылы - 7 965,416 мың тонна (16,3%) құраған. Пайда болған өнеркәсіптік қалдықтар көлемінің азаюына облыстың ірі тау-кен өндіруші кәсіпорындарында қазып аршу жыныстарының азаюы әсер етті.

Өнеркәсіптік қалдықтардың көлемі көп жағдайда өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысының жүктемесіне және олардың өз өндірістік қуаттарын жүктеуіне байланысты болады, осыдан кейін пайда болған өнеркәсіптік қалдықтардың көлемі ұлғайту немесе азайту жағына қарай өзгеруі мүмкін.

Өнеркәсіптік қалдықтарды жалпы жинақтап кәдеге жарату көлемі Ақмола облысының кәсіпорындары бойынша 3 825,891 мың тонна немесе 9,3% құрады.


Улы қалдықтардың полигондары туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданы Симферополь ауылдық округтің аумағында улы қалдықтарды көмуге арналған полигоны бар, мамандандырылған табиғатты қорғау кешені «Эко-Гарант» ЖШС. 2016 жылы кәсіпорынмен 200 тонна қабылданды.



Жинақталған қалдықтардың морфологиясы: улы химикаттардың ыдыстары (полиэтилен-99%, су-0,95%, улы химикаттардың қалдықтары -0,05%), цианидтер (металдық ыдыс-95%, цианидтер-2%, күл-3%), сондай-ақ басқа да 2-3 класстағы қауіпті улы қалдықтар.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қабылданған қалдықтар көлемі 347,8 тоннаны құрады.

Көкшетау қаласында орналасқан «Эко Арша» ЖШС улы заттардан қалған ыдыстарды кәдеге жаратумен айналысады. 2016 жылы осы қалдықтардың 0,806 тоннасы пайдаға жаратылды. «Казтехгрупп» ЖШС Көкшетау қаласында орналасқан, бұларда улы заттардан қалған ыдыстарды кәдеге жаратумен айналысады. 2016 жылы осы қалдықтардың 35,8 тоннасы пайдаға асырылды.

Облыс аумағында қауіпті қалдықтар кәдеге жаратумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындар бар. Мысалы, «Экобизнес» ЖШС, «Абсолют М» ЖШС, «Металлостройбаза» ЖШС, «Эко-Гарант» ЖШС, «Эко Арша» ЖШС, «Казтехгрупп» ЖШС, «Мурзалина К.К.» ЖК.


ҚТҚ полигондарының жай-күйі туралы

Бүгінгі күні облыста қолданыстағы 35 ҚТҚ полигоны бар, тиісті құжаттамалары ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.

ҚТҚ жиналған жалпы көлемі 2016 жылы 281,5 мың тоннаны құрайды.

Пайда болған ҚТҚ көлемін талдау нәтижелері көрсеткендей, 2015 жылы жиылған қалдықтардың көлемі 283,931 мың тоннаны құраған, 2016 жылы көлемнің 2,406 мың тоннаға немесе 0,85% - ға кемігені байқалады.

2016 жылғы кезеңде 2 ҚТҚ полигоны заңдастырылған (Астрахан ауданы, Жалтыр ауылы «Салов К.С.» ЖК, Бұланды ауданы, с.Капитоновка «Жалтыр Тас» ЖШС). Пайда болған қалдықтардың жалпы көлемінен ҚТҚ кәдеге жарату көлемі 2016 жылы 1,02% - ға немесе 2,88 мың тоннаны құрады.

Проблемалық мәселелер туралы да атап өткен жөн. Бүгінгі күні облыс аумағында ҚТҚ жиналатын орынның саны барлығы 400, оның ішінде тек 35 ғана заңдастырылған. Бірде-бір заңдастырылған полигоны жоқ аудандар да бар. Бұл Бурабай, Ақкөл, Зеренді, Аршалы, Қорғалжын аудандары.



Стихиялық қоқыс тастайтын орындар туралы

Облыс бойынша бүгінгі күннің өткір проблемасы - стихиялық қоқыс орындарының пайда болуы болып отыр.

Облыс бойынша жыл сайын өткізілетін үшайлық санитариялық абаттандыруға қарамастан, елді мекендер жанында ескерілмеген стихиялық рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің үнемі және барлық жерде қоқыстың жаңадан қайта жинала береді, бұның өзі жергілікті атқарушы органдардың тарапынан бақылаудың нашар болуы салдарынан және коммуналдық қалдықтарды полигондарда жинау, тасымалдау, орналастыру бойынша инфрақұрылымның қажетті жағдайда болмағандығы.

Жергілікті атқарушы органдармен оларды жою бойынша жұмыс жүргізілуде, 2016 жылы стихиялық 965 қоқыс орындары жойылып тазартылды.


Жануар қалдықтарын көму орындары туралы (мал қорымдары).

Жануардың қалдықтарын көму орындары облыстың барлық елді-мекендері мен аудандарында бар. Мал көмінділерінің жалпы саны – 342, оның ішінде заңдандырылғаны – 33, яғни жерге мемлекеттік актілері бар.


Қоқысты қайта өңдеу зауыттары мен қалдықтарды қайта өңдеу бизнесін дамыту бойынша, оның ішінде құрамында сынап бар, медициналық қалдықтарды және СОЗ.

Көкшетау қаласында 2009 жылдан бастап «Жинау-Тазалык-Сервис» ЖШС жұмыс істейді. Бұрын осы кәсіпорын ТҚҚ бөлек жинаумен және шығарумен айналысты.

2016 жылы кәсіпорын экономикалық себептер бойынша қайталама шикізатты бөлек жинап одан әрі іске асыру жұмыстарын жүзеге асыра алмады.

Осыған ұқсас кәсіпорын Бурабай ауданы, Бурабай кентінде де бар - «Эко-Сервис» Бурабай» ЖШС. 2016 жылы кәсіпорынмен 246 шарттар жасалды. Қоқыс жинау үшін 280 контейнерлер орнатылған. Жиналған ҚТҚ-дың көлемі 9 384 куб. м. құрады, қайталама шикізат шығымы барлығы 70,9 тоннаны құрады, оның ішінде: картон 60,8 тонна, жұмсақ пластик 6,5 тонна, целлофан 2,4 тонна, шыны – 333 дана. Қайталама шикізат пресстеледі және мүдделі тұлғаларға іске асыруға жолданады.

«LSKokshetau» ЖШС Көкшетау қаласында орналасқан. Кәсіпорын одан әрі мүдделі тұлғаларға іске асыру үшін, қайталама шикізатты жинауды жүзеге асырады. Кәсіпорынмен 2016 жылғы 10 шарт жасалды. Қоқыс жинау үшін 5 контейнер орнатылған. Қайталама шикізаттың негізгі көлемі облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарынан келіп түседі. Жиналған қайталама шикізаттың көлемі 2809,78 тоннаны құрады, оның ішінде: макулатура, картон – 1670 тонна, пластмасса қалдықтары – 4,88 тонна, бұзылған шыны – 1133 тонна, алюминий қаптамасының қалдықтары – 1,9 тонна.
Кесте 4.1.6. Қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар жөніндегі ақпарат




р/н

Кәсіпорын

атауы

Пошталық мекенжайы, тел/факс, электрон.адресі

Қызмет түрі

Өңделетін қалдық (қалдық түрі)

Шығарылатын өнім

Кәсіпорын туралы шағын ақпарат

1

«Жинау-Тазалык-Сервис» ЖШС

020000 Кокшетау қ,

Әуезов көшесі 270/15, тел./факс

8 (716 2) 32-31-50


ҚТҚ бөлек жинау және шығару, қайталама шикізатты қызығушылық танытқан тұлғаларға іске асыру


Қатты тұрмыстық қалдықтар

Қайта өңделетін шикізат: макулатура, петбутылка, метал.бутылка, полиэтилен.
Сұрыпталған шикізат әрі қарай іске асырылу үшін фракциялар бойынша пресстеледі.

«Жинау-Тазалык-Сервис» ЖШС 2009 жылдан бастап ҚТҚ жинау және шығаруды жүзеге асырады.

Араласқан қайта өңделетін шикізат үшін (орамалар) және қоқыстың биологиялық бөлінуімен екі котейнерлі бөлек жинау жүйесі бойынша жұмыс істейді, «SSISchafer» неміс фирмасының евроконтейнерлерін орналастырып жатырмыз




2

«ЭкоСервисБурабай» ЖШС

Щучинск қ.,

Морозов көшесі 2, тел/факс 8(716 36) 3-30-64, e-maileco_burabai@mail.ru




ҚТҚ бөлек жинау және шығару, қайталама шикізатты қызығушылық танытқан тұлғаларға іске асыру


Қатты тұрмыстық қалдықтар

Қайта өңделетін шикізат бес фракция бойынша: жұмсақ пластик, қатты пластик, картон-қағаз, целлофан, қанылтыр заттар.
Сұрыпталған шикізат әрі қарай іске асырылу үшін фракциялар бойынша пресстеледі.

«ЭкоСервисБурабай» ЖШС өз қызметін 2009 жылдан бастап жүзеге асырып келеді.

ҚТҚ бөлек жинау және шығару бойынша қызмет көрсетеді, орамалы қалдықтары және қалдық қоқыстары үшін 2 түрлі контейнер орналастырады



3

«LS Kokshetau» ЖШС

Кокшетау қ., Уалиханов көшесі, 183 Б,ls-kokshetau@mail.ru

Қайта өңделетін шикізатты жинау, қызығушылық танытқан тұлғаларға іске асырады

Қатты тұрмыстық қалдықтар

Қайта өңделетін шикізат фракциялар бойынша:

пластмасса, картон-қағаз, алюминді орамалар.


Сұрыпталған шикізат әрі қарай іске асырылуы үшін фракциялар бойынша пресстеледі.

«LSKokshetau» ЖШС

Қайта өнделетін шикізатты жинау бойынша қызмет көрсетеді


Ақмола облысында құрамында сынап бар қалдықтармен айналысатын кәсіпорындар:

«Металлостройбаза» ЖШС Көкшетау қаласында орналасқан, ол, құрамында сынабы бар шамдарды жинау және сақтаумен, одан әрі демеркуризациялау үшін кейін қосалқы мердігерлік шарт бойынша мамандандырылған ұйымға жіберуді жүзеге асырады. 2016 жылы кәсіпорынмен 45 шарт жасалды, құрамында сынабы бар шамдардың 1650 данасы қабылданды;

Степногорск қаласындағы «Абсолют-М» ЖШС құрамында сынабы бар шамдарды жинау мен сақтау жұмыстарын, кейіннен одан әрі демеркуризациялау үшін, қосалқы мердігерлік шарт бойынша мамандандырылған ұйымдарға жодауды жүзеге асырады. 2016 жылы кәсіпорынмен 5 келісім шарт жасалды, құрамында сынабы бар пайдаланылған шамдардың қабынғаны және кәдеге жаратылғаны 19 887.

Степногорск қаласындағы «ЭкоБизнес» ЖШС құрамында сынабы бар шамдарды жинауды және кәдеге жарату жүзеге асырады. 2016 жылы кәсіпорынмен 5 келісім шарт жасалды, құрамында сынабы бар пайдаланылған шамдардың қабылданғаны және демеркуризацияланғаны 945.
Медициналық қалдықтарды жинауды, сақтау және жоюды келесі кәсіпорындар жүзеге асырады:

«Металлостройбаза» ЖШС Көкшетау қаласында орналасқан, ол медициналық қалдықтарды жинаумен және одан әрі пеште өртеу арқылы жоюмен айналысады. 2016 жылы кәсіпорынмен 39 келісім-шарт жасалды, медициналық қалдық 19,64 тоннасы қабылданды және жойылды.

Степногорск қаласындағы «ЭкоБизнес» ЖШС медициналық қалдықтарды қабылдаумен және одан әрі пеште өртеу арқылы оларды жою жұмыстарымен айналысады. 2016 жылы медициналық қалдықтарды жою жұмыстары жүргізілген жоқ.

Көкшетау қаласында орналасқан «Облыстық қан орталығы» КММ меншікті медициналық қалдықтарды арнайы қондырғыда жағу тәсілімен жояды. 2016 жылы кәсіпорынмен 4,574 тонна медициналық қалдықтар жойылған.

Көкшетау қаласында орналасқан «Эко Арша» ЖШС медициналық қалдықтарды қабылдаумен және оларды одан әрі пеште өртеу арқылы жоюмен айналысады. 2016 жылы кәсіпорынен 19 келісім-шарттар жасалды және 6,96 тонна медициналық қалдық қабылданып, жойылды.

Көкшетау қаласындағы «Мурзалина К.К.» ЖК медициналық қалдықтарды қабылдаумен және оны одан әрі пеш өртеу арқылы жою жұмыстарымен айналысады. 2016 жылы кәсіпорынмен 1 келісім-шарт жасалды, медициналық қалдықтың 2,571 тоннасы қабылданды және жойылды.


Тарихи ластанулар мен иесіз қалған қалдықтар туралы

Атбасар ауданының Атбасар қаласында бұрынғы «Сельхозхимия» кәсіпорнының аумағында 2 жартылай бұзылған қойма орналасқан, онда шамамен 5000 тонна топырақпен араласқан минералды тыңайтқыштардың қалдықтары мен қоспалары (жай суперфосфат, аммофос, фосфогипс және т. б.) бар.


Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 284-бабы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігімен осы қалдықтарды республикалық меншікке түсті деп тану туралы арыз берілді. Атбасар аудандық соты 12.04.2016 осы қалдықтардың республикалық меншікке түсті деп тану туралы шешім шығарды. Қалдықтарды республикалық меншікке беру бойынша одан әрі оларды жою үшін жұмыстар жүргізілуде.

Жарқайың ауданы Державинск қаласындағы әскери бөлімнің бұрынғы мазут қоймалары аумағында мазут дақтары түріндегі битум қоспаларымен мазуттар бар.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 284-бабы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігімен осы қалдықтарды республикалық меншікке түсті деп тану туралы арыз берілді. Жарқайың аудандық соты 4.04.2016 осы қалдықтардың республикалық меншікке түсті деп тану туралы шешім шығарған. Қалдықтарды республикалық меншікке беру бойынша оларды одан әрі жою үшін жұмыстары жүргізілуде.
4.1.8. Жаңартылатын энергия көздері
Энергияның тапшылығы мен отын ресурстарының барлық өсу деңгейінің шектеулілігі сөзсіз баламалы, жаңартылатын энергия көздеріне, ең бастысы Күн және жел энергиясына көшу қажеттігін көрсетеді.

Сандықтау ауданында шаруа қожалығының мал шаруашылығы кешенінде «Золотой Колос» жеке кәсіпкер Т. И.Часовитинамен биогаз қондырғысы енгізілді. Белгіленген биореактор технологиясының ерекшелігі, ол жануарлардың экскременттерін қайта өңдеу болып табылады, осының нәтижесінде негізінде биогазы (метан) бар отын пайда болады. Биогаз қосымша отын ретінде парниктік шаруашылығын жылыту үшін пайдаланылады.

Биогазды өндіру ол атмосфераға метанның шығарылуын төмендетуге, қатты отын және электр энергиясын пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік береді.

«Максимовское» ЖШС – биіктігі 3,6 м жел сорғыш жүйесін сатып алды және орнатты, ол желдің күшін пайдалана отырып, плунжерді қозғалысқа келтіріп өрт резервуарын қоректендіру мен шаруашылық мақсаттарда суды беру үшін пайдаланылады. Өнімділігі суды тәулігіне 100 м3 дейін өндіреді. Осы механизмді қолдану арқасында қоршаған ортаға әсер етпей, электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік пайда болды.

Степногорск тау-кен химиялық комбинатымен жылу энергиясын генерациялайтын жылу насостарын орнату жұмыстары жүргізілген, ол зауыттан қашық жерде «СП «СКЗ-Казатомпром» ЖШС аумағында орналасқан, ыстық сумен жабдықтау мен жылытуды қажет ететін №36 ғимаратын (сорғы станциясы, қышқылдар қоймасын) қамтамасыз етеді.

Жылу насостары ауада, суда және жердің жоғарғы қабаттарында тұрақты түрде болатын энергияны пайдаланады және жылыту үшін оны пайдалы жылуға айналдырады. Осы тәсілдің артықшылығы пайдалы жылуды алу болып табылады, онда шексіз табиғи ресурстар пайдаланылады, әрі қоршаған ортаға зиян келтірілмейді.



«Семізбай U» ЖШС вахталық кентін жылыту үшін жылу насостарын орнатты, олар дәстүрлі әдіспен үй-жайларды жылытуға көмір және дизель отынын сатып алуға жұмсалатын қаражатты 70% - ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жылу насостарын орнатқан кезінде атмосфераға шығарылатын шығындылар болмайды. Сондай-ақ кенішінде қуаты 30 кВт фотоэлектрлік (күн энергиясынан) станциясы пайдалануға енгізілді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет