Ақмола облысының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы



жүктеу 184.49 Kb.
Дата06.07.2018
өлшемі184.49 Kb.

Ақмола облысының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

АҚПАРАТ
2015 жылдың 1 сәуіріне дейінгі жағдай бойынша



р/с


Іс-шаралар


Орындалу мерзімдері

Орындалуына жауаптылар

Ұсыныстың жүзеге асырылуы туралы ақпарат

Көкшетау қаласы



Красный Яр ауылындағы халыққа қызмет көрсету орталығын сақтап қалу бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы

1 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 қаңтарға дейін




Ақмола облыс бойынша ХҚКО (келісім бойынша),

Көкшетау қаласының әкімдігі



Ұсыныс орындалды

Красный Яр ауылындағы ХҚКО жабу мәселесі ХҚКО қазір орналасқан ғимараттың жалға алу төлемі жоғары болғандықтан туындады.

Қазіргі уақытта ХҚКО «Казпищеснаб» ЖШС ғимаратында орналасқан.

Ауылдық округтің бюджетінде бұрынғы «Райсельхозуправления» ғимаратын қалпына келтіруге ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастырылған. ЖСҚ әзірленуде.

2015 жылы аталған ғимаратты қалпына келтіруге бюджеттік қаржы бөлінген жағдайда, ХҚКО үшін орынжай мәселесі шешіледі .


Ақкөл ауданы



Ақкөл – Новорыбинка жолын жөндеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2013 жылғы

5 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 наурызға дейін




жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Ақкөл ауданының әкімдігі

Ұсыныс орындалды

Ақкөл-Новорыбинка жолының учаскесінде 2013 жылы ағымдағы жөндеу жасалды. Шұңқырлары қиыршық таспен тегістелді, жол белгілері орнатылды.






Ақкөл қаласы Уәлиханов көшесінің жолдарын жөндеу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыру


2013 жылғы

5 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 наурызға дейін


продлено до 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды

Ақкөл ауданының әкімдігі,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы



Ұсыныс орындалды

Уәлиханов көшесін ағымдағы жөндеу үшін ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 46,4 млн. теңге бөлінді.

Жұмыстар орындалды.


Аршалы ауданы



Аршалы кентінде автостанция құрылысын салуға қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2013 жылғы

5 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 наурызға дейін



продлено до 1 мая 2014 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылды

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ұсыныс орындалуда

197,5 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленіп МС өткізілді.

ҚР көлік жүйесін дамыту мен интеграциялаудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Аршалы кентінде автостанция құрылысын салу 2015 жылға жоспарланған.


Астрахан ауданы



Зеленое, Каменка, Жаңатұрмыс, Лозовое, Жалтыр, Жарсуат ауылдарында телефон мен Интернет байланысының сапасын жақсарту үшін қолданыстағы кабель желісін оптикалық талшықты кабельге ауыстыру мәселесін қарастыру

2013 жылғы

1 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 қаңтарға дейін




Акмол облыстық телекомуникациялар

дирекциясы

(келісім бойынша),

Астрахан ауданының әкімдігі



Ұсыныс бақылаудан алынды

2014 жылға арналған күрделі жұмсаулар бюджеттік жоспары бойынша ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желісі) тарамдарының құрылысы Астана-Есіл жолынан Колутон, Старый Колутон, Жалтыр, Зеленое, Каменка, Камышенка, Лозовое ауылдарына дейін жоспарланған. Жаңатұрмыс ауылына дейін ТОБЖ тарамдары құрылысы 2013 жылы басталған Макинск-Астраханка құрылысында жоспарланған, объектіні тапсыру мерзімі - 2014 жылдың 4 тоқсаны. Жарсуат ауылы WLL CDMA450 технологиясы бойынша желісіз терминалмен телефондыландырылған, ТБЖ тартудың қажеті жоқ.




Атбасар ауданы



Новосельское ауылынан Шуйское ауылына дейін (25 км - 34,7 км) автомобиль жолын ағымдағы жөндеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2013 жылғы

5 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 наурызға дейін




Атбасар ауданының әкімдігі

Ұсыныс орындалды

Автомобиль жолын ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 40,0 млн. теңге бөлінді.

Жұмыстар аяқталды.



Бурабай ауданы



Зеленый Бор ауылында су құбыры мен жылу желісіне күрделі жөндеу жасау

2013 жылғы 1 желтоқсанға дей, 25 желтоқсанға дейін
2014 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылды
2014 жылғы 1 қарашаға дейін ұзартылды

Бурабай ауданының әкімдігі,

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

құрылыс басқармасы


Ұсыныс орындалды

Зеленый бор ауылының жылу желілерін күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 59,0 млн. теңге бөлінді. Мердігерлер: «Таир» ЖШС – жылу желілері бойынша; «СМП-610» ЖШС – су құбырлары бойынша. Облыстық бюджеттен қаржы кеш бөлінуіне байланысты (қараша), жұмысты орындау мерзімі 2013 жылғы желтоқсан - 2014 жылғы наурыз.

Мердігер «Таир» ЖШС жобалық шешімдерді орындамағаны және жұмыстарды орындаудың технологиялық процестерін бұзғаны үшін Зеленый Бор кентінің жылу желілері пайдалануға қабылданбады.

Қазіргі уақытта жұмыстар орындалды, кемшіліктер жойылды.

Объект 31.10.2014 ж. пайдалануға берілді.





Қатаркөл ауылында ҚТҚ полигонын заңдастыруға қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2013 жылғы

10 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 сәуірге дейін


2014 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды


Бурабай ауданының әкімдігі

Ұсыныс бақылаудан алынды

Ұлттық парктің шекараларын белгілеу кезінде Қатаркөл а. қолданыстағы ҚТҚ полигоны «Бурабай» МҰТП қорғау аймағының аумағында қалып қойды, сондықтан экологиялық норма талаптарына сәйкес полигон жабылды.

ҚРҮ 2009 жылғы 17 ақпандағы қаулысымен бекітілген Ерекше қорғалатын аумақтың жерлерін қосалқы жерлер қорына ауыстыру ережесіне сәйкес, ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен қарастырылған туризм объектілерінің құрылысын салу және қызмет етуінен басқа жағдайларда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы имараттарына, оның өзінде шаруашылық қызметінің шектеулі режимі белгіленген учаскелерде ғана, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік шекарасының құрылысын салу үшін ғана ауыстыру қарастырылған.




Первомайское ауылында су құбыры желісін реконструкциялауға ЖСҚ әзірлеу МС өткізуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру


2013 жылғы

10 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 сәуірге дейін




Бурабай ауданының әкімдігі

Ұсыныс орындалды

22,0 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленді.

А. ж. сәуірдің І онкүндігінде жобаны бұдан әрі жүзеге асыру үшін энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.




Веденовка ауылында су құбыры желісін реконструкциялауға ЖСҚ әзірлеу МС өткізуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру, ұзындығы 18,5 км

2013 жылғы

10 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 сәуірге дейін


2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды

Бурабай ауданының әкімдігі

Ұсыныс орындалды

Қаржы бөлу мәселесін қарау үшін ауыз су қорын анықтап алу қажет. «Кокшетаугидрогеология» ЖШС 2012 жылы су қорларын іздестіру жұмыстарын жүргізді, су қорының бары расталды.

Құрылыс басқармасына су құбырларын реконструкциялау үшін ЖСҚ әзірлеу және МС өткізуге 18,0 млн, теңге қаржы бөлу туралы 11.11.2014 ж. №01-12/1254 хат жолданды. Судың дебетін растау хаттамасы 15.12.2014 ж. алынды.

2015 жылға арналған бюджет облыстық мәслихаттың сессиясында 12.12.2014 ж. бекітілді, сондықтан қаржы бөлу 2015 жылы бюджетті түзету кезінде қарастырылатын болады.





Егіндікөл ауданы



Новочеркасское-Егиндыколь-Жантеке (Ушакова ауылынан Тоғанас ауылына дейін), Егіндікөл-Жолан (от села Егіндікөл ауылынан Бауманское ауылына дейін) облыстық маңызы бар автожолын жөндеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру


2013 жылғы

5 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 наурызға дейін




жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ұсыныс орындалды

Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке автожолын жөндеуге облыстық бюджеттен 125,2 млн. теңге қарастырылған.

Егіндікөл ауылынан Бауманское ауылы арқылы Жолан ауылына дейін баратын 61 км жол учаскесіне ағымдағы жөндеу жасалды. Жол жиегіндегі шөпті шабу, автогрейдермен қиыршық тас қабатын тегістеу, қиыршық тас төсеу, жол белгілерін торнату жұмыстары жүргізілді.


Ерейментау ауданы



«Степногорск-Ерейментау» жолаушылар автобусының кестесін өзгерту мәселесін қарастыру

2013 жылғы

5 желтоқсанға дейін


2014 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылды

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ұсыныс орындалды

«Ерейментау-Степногорск» маршруты Ерейментау қаласынан 07:00 сағатта, Степногорск қаласынан 15:15 сағатта аттанады. Ерейментау қаласын Ерейментау ауданы мен Ақкөл ауданының елді мекендерімен, Степногорск қаласымен жолаушылар тасу арқылы байланыстырады. Сондықтан бұл маршрут бойынша автобус қозғалысын өзгерту орынсыз деп санаймыз.

Мәселені шешу үшін «Ерейментау-Астана» автобус маршрутының Ерейментау қаласынан аттанатын уақытын сағат 17:00-ден сағат 18:00-ге ауыстыру арқылы өзгерту қарастырылды. Бірақ бұл уақытта Ерейментау қаласынан облысаралық «Павлодар - Астана» автобус маршруты аттанатындықтан мәселені бұл жолмен шешу мүмкін болмады.

Селеті және Бестоғай ауылдарының тұрғындары Астана қаласына бару үшін «Изобильное – Астана» маршрутын қолдана алады.






Селеті ауылдық ауруханасын орналастыру үшін облыстық наркологиялық аурухананың орынжайын жалға алу мүмкіндігін қарастыру


2013 жылғы 1 желтоқсанға дейін, 20 желтоқсанға дейін

Денсаулық сақтау басқармасы,

Ерейментау ауданының әкімдігі




Ұсыныс орындалды

Мәселе оң шешілді. Селеті дәрігерлік амбулаториясы облыстық наркологиялық ауруханадан орынжайды жалға алды.






«Астана-Изобильный» жолаушылар автобусының маршруты Бестоғай ауылына кіруі мәселесін қарастыру

2013 жылғы 1 желтоқсанға дейін, 20 желтоқсанға

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ұсыныс орындалды

Мәселе қарастырылды. «Изобильное – Астана» маршруты автобустарының қолғалысына өзгеріс енгізу (Бестоғай а. кіру) мүмкін болмай отыр, өйткені Бестоғай ауына кіретін жол қанағаттанғысыз жағдайда, сондай-ақ су өткізу имараттарының жағдайы алаңдатады, ол жолаушыларды қауіпсіз тасуды қамтамасыз етпейді.

«Макинск-Аксу-Торғай» автожолында Байсары ауылы аймағында қоғамдық көлікке арналып жабдықталған аялдама бар.

Маршрут қозғалысын өзгерткен жағдайда (Бестогғай ауылына кіріп-шығу) кіріп шығу үшін 30 минут уақыт қажет, ол транзиттік жолаушылар тарапынан реніш туғызады.




Есіл ауданы



Юбилейное аулының су құбырларын күрделі жөндеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру


2013 жылғы 20 желтоқсанға дейін;

2014 жылғы 1 сәуірге дейін, 1 шілдеге дейін, 1 қазанға дейін



Есіл ауданының әкімдігі, құрылыс басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ұсыныс бақылаудан алынды

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде «Ново–Приречное» ЖШС қаржысы есебінен Юбилейное ауылының су құбырлары желісін күрделі жөндеу» жобасы бойынша ЖСҚ әзірленіп МС қорытындысы алынды, жобаның сметалық құны 104,1 млн. теңге. 2014 жылға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасына енгізу үшін бұл жоба бойынша құжаттар экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларына жіберілді.

Қаржы жетіспеушілігіне байланысты бұл жоба мақұлданбады және 2014-2016 жылдары қаржыландыру жоспарланбаған.


Жақсы ауданы



Жақсы-Кировское жолын ағымдағы жөндеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2013 жылғы

5 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 наурызға дейін



2014 жылғы 1 қазанға дейін ұзартылды

Жақсы ауданының әкімдігі

Ұсыныс бақылаудан алынды

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Жақсы-Кировское аудандық маңызы бар автожолын ағымдағы жөндеуге 310,7 млн. теңге қажет.

Аудандық бюджетте ондай қаржы жоқ.




Жаңа-Қима ауылы ішіндегі жолдарды жөндеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2013 жылғы

5 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 наурызға дейін



2014 жылғы 1 қазанға дейін ұзартылды

Жақсы ауданының әкімдігі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ұсыныс орындалды

Қаржы бөлу мәселесін қарастыру үшін жоба 2013 жылғы қарашада жолаушылар көлігі және автомобиль жолодары басқармасына жіберілген.

Аталған жоба 2015 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша басым жобалардың тізбесіне енгізілген.




Жақсы ауылы Мәдениет үйінің ғимаратын жөндеу мен аумағын абаттандыруға қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2013 жылғы

5 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 наурызға дейін



Жақсы ауданының әкімдігі,

мәдениет басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы



Ұсыныс орындалды

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаны жүзеге асыру үшін 73,8 млн. теңге бөлінді.

Жұмыстар «Бизнес-консалтинг ЕС» ЖШС мердігер ұйымымен орындалды.


Зеренді ауданы



«Көкшетау – Атбасар» автожолынан Исаковка ауылына дейін және Ұялы ауылына дейін ағымдағы жөндеу жүргізуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2013 жылғы

20 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 сәуірге дейін



Зеренді ауданының әкімдігі

Ұсыныс орындалды

«Көкшетау–Атбасар» автожолынан Исаковка ауылына дейін және Ұялы ауылына дейін 2,3 млн. теңгеге қиыршық тас төселіп (1300 куб.м) жол тегістелді.






Облыстық маңызы бар «Васильковка-Бірлестік» жолын жөндеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2013 жылғы

20 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 сәуірге дейін



жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ұсыныс орындалды

Мердігер ұйым «Көкшетау-Жолдары» ЖШС 15,5 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізді, атап айтқанда: жолдың жүру бөлігіне табиғи қиыршық тас төселді.






Облыстық маңызы бар «Көкшетау – Жолдыбай» жолын жөндеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2013 жылғы

20 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 сәуірге дейін



жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ұсыныс орындалды

Мердігер ұйым «Көкшетау-Жолдары» ЖШС 8,1 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізді, атап айтқанда: асфальт-бетон жабынындағы шұңқырларды жөндеу, жол белгілерін орнату, қиыршық тас жабынын тегістеу және т.с.с..







Зеренді ауылының кентішілік жолдарын жөндеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2013 жылғы

20 желтоқсанға дейін,

2014 жылғы

1 сәуірге дейін



Зеренді ауданының әкімдігі,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы



Ұсыныс орындалды

Ағымдағы жылы Зеренді ауылының 6 көшесінде (Чехов, Юбилейная, Мир, Ильясов, Ленин, Советская көшелері) аудандық бюджеттен ағымдағы жөндеу жүргізуге 14,7 млн. тең бөлінді. Мердігер - «ДорСтройНедра» ЖШС.







Алексеевка кентінің су құбырлары желісін реконструкциялау үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру


2013 жылғы

20 желтоқсанға дейін;

2014 жылғы

1 наурызға дейін, 1 шілдеге дейін


2015 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды

Зеренді ауданының әкімдігі

Ұсыныс орындалмады

Жер асты су қорларын есептеу бойынша іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілуде, есептер бекітілгеннен кейін жобалау-сметалық құжаттама дайындауға қаржы бөлу мәселесі қарастырылатын болады.






Айдабол ауылының су құбырлары желісін күрделі жөндеу үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлеу мен жүргізуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру


2013 жылғы

20 желтоқсанға дейін;

2014 жылғы

1 наурызға дейін, 1 шілдеге дейін




Зеренді ауданының әкімдігі


Ұсыныс орындалды

2016 жылға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының 1-бағыты шеңберінде қаржы бөлу жоспарланған, қажетті сомма 115,0 млн. теңге.




Сандықтау ауданы



Веселовское дәрігерлік амбулаториясына жедел жәрдем автомобилін сатып алу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыру


2013 жылғы

10 желтоқсанға дейін;

2014 жылғы

1 наурызға дейін, 1 шілдеге дейін


2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ұсыныс орындалды

2013 жылы аудандық бюджет қаржысы есебінен Сандықтау ауданына 18,9 млн. теңгеге реанимобиль сатып алынды.

Веселовская дәрігерлік амбулаториясы санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілді (2003 жылы шығарылған УАЗ автомашинасы).

Денсаулық сақтау басқармасының 2015 жылға арналған бюджетінде Сандықтау ауданының дәрігерлік амбулаториялары үшін 5,6 млн. теңгеге 2 санитарлық автомашина сатып алу қарастырылған.




Целиноград ауданы



Қабанбай батыр және Р. Қошқарбаев ауылдары арасында көпір құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру


2013 жылғы

10 желтоқсанға дейін;

2014 жылғы

1 наурызға дейін, 1 шілдеге дейін




Целиноград ауданының әкімдігі,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы




Ұсыныс орындалды

Қабанбай батыр және Р. Қошқарбаев ауылдары арасында көпір қанағаттанарлық жағдайда. Қазіргі уақытта көпір құрылысын салу қажеттігі жоқ. Жаңа көпір құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу 2018 жылға жоспарланған.






Тасты ауылының кентішілік жолдарын жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2013 жылғы

20 желтоқсанға дейін;

2014 жылғы

1 наурызға дейін, 1 шілдеге дейін




Целиноград ауданының әкімдігі


Ұсыныс бақылаудан алынды

Қаржы жоқтығына байланысты ЖСҚ әзірленген жоқ.

Өңірді дамытудың 2020 жылға дейін кешенді жоспарында Тасты ауылының жолын жөндеуге ЖСҚ әзірлеу қарастырылмаған.




Новоишимское ауылдық округі су құбырларын реконтрукциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2013 жылғы

20 желтоқсанға дейін;

2014 жылғы

1 наурызға дейін, 1 шілдеге дейін




Целиноград ауданының әкімдігі


Ұсыныс орындалды

Новоишимское ауылдық округі су құбырларын реконтрукциялау – бұл жоба бойынша ЖСҚ 2009 жылы әзірленген, МС өткен, қазіргі уақытта жобаға түзету енгізу қажет.



Судың жаңа қорлары бар екендігі расталмағандықтан, түзету мүмкін болмай отыр.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет