«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мм қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін талдау қорытындылары бойынша ақпарат



жүктеу 25.2 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі25.2 Kb.

«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін талдау қорытындылары бойынша ақпарат

(талдау кезеңі 10.01.2016 – 01.06.2016 жж.)

«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ ережесі Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № А – 8/454 қаулысымен бекітілді (әрі қарай - Ереже).

Ақмола облысы әкімінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 144-л/с өкімімен Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы ретінде С.Б.Бөрібаева тағайындалды.

Ақмола облысы аймағында Қазақстан Республикасы заңнамасымен анықталған құзыретке сәйкес, Ақмола облысының мәдениет басқармасы мәдениет саласында басшылықты іске асырады.

Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі бойынша өткізілген талдау барысында келесі мәселелер анықталды:

Бағыт «Персоналды басқару»

Штаттық саны. 2016 жылдың 1 маусымындағы жағдайына, Басқарманың штаттық саны 15 бірлік құрайды, нақты саны – 13 қызметкер.

Басшы – 1 бірлік;

Басшының орынбасары – 1 бірлік;

Бас маман (персоналды басқару қызметі) – 1 бірлік;

Мәдениет, өнер ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімі – 4 бірлік;

Ақпараттық-сараптама бөлімі – 3 бірлік;

Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімі – 2 бірлік;

Қаржы бөлімі – 3 бірлік (2 бірлік бос орын).

«Болашақ» бағдарламасының және Мемлекеттік басқару академиясының түлектері арасынан Басқармада жұмыс істейтін қызметкерлер жоқ.

2016 жылы Басқармада 1 қызметкер жұмыстан босатылды (зейнеткерлік жасқа жету себебінен). Кадрлық шешулер жөніндегі шағымдар жартыжылдық бойынша түскен жоқ.

Жағымсыз себептер бойынша жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлер жоқ.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 60 Жарлығымен ант мәтініне өзгерістер енгізілді. Басқармаға 2014 және 2015 жылдары жұмысқа түскен мемлекеттік қызметкерлер осы Жарлықтың талаптарына сай мәтінмен ант қабылдады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволық жоспар бекітілген. Ағымдағы жылдың басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір қатар іс-шаралар жүргізілді.

Басқарма қызметкерлерінің тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлесі жоқ.

Басқармада Ар-намыс кодексі жазылған стенд бар. Жауапты тұлға бекітілген сенім телефоны – 25-76-60, өтініштер мен арыздарға арналған жәшік қол жетерлік жерде орналасқан.

2016 жылдың 1 маусымдағы жағдайы бойынша 2015 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы деклорациялары уақытылы ұсынылды. Мәдениет басқармасының басшысы мен басшы орынбасарының декларациялары басқарма сайтында орналастырылды.

Бос лауазымды алу бойынша байқау өткізу кезінде Әкімшілік мемлекеттік лауазымын алу байқауын өткізу ережелерін бұзу фактілері анықталған жоқ.

Ақмола облысының мәдениет басқармасы 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді: Регламенттері Ақмола облысы әкімдігімен 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/96 қаулысымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша шығару құқығына куәлік беру» және «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрацияны жүргізуді келістіру».

2015 жыл және 2016 жылдың 5 айы бойынша осы қызмет 3 жеке тұлғаға көрсетілді.

Басқарманың бақылау функциялары жоқ.

Басқарма басшысының 2014 жылдың 13 наурыздағы № 24 бұйрығымен тәртіптік комиссия бекітілді. Ағымдағы жылда басқармада тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жоқ.

Басқарма қызметінде мүдделер жанжалы болған жоқ.


Орын. Г.Исмуханова

258172

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет