Қан сарысуындағы бөгелек антигендерін иммунологиялық Әдістермен анықтау



жүктеу 134.09 Kb.
Дата22.09.2017
өлшемі134.09 Kb.

ӘОЖ. 636. 082: 57.083(574.5)
ҚАН САРЫСУЫНДАҒЫ БӨГЕЛЕК АНТИГЕНДЕРІН ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРМЕН АНЫҚТАУ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

Халила Ә.Н. б.ғ.д., профессор, Бердібекова Аягөз магистрант, Адилбекова Ақмарал магистрант
Резюме

Бұл мақалада жануарлардың қан сарысуында кездесетін қой бөгелегінің антигендерін иммунологиялық әдістермен анықтау нәтижелері келтірілген.

Кілт сөздер: бөгелек, эстроз, антиген, диагностикум, гемагглютинация, иммунология.

Резюме


В статье приведены результаты определения антигены оводов иммунологическими методами в сыворотке крови животных.

Ключевые слова: овод, эстроз, антиген, диагностикум, гемагглютинация, иммунология.

Summary

In this article the results of definition of estrogeic hormones by immunologic methods in whey of blood of in-calf animals are involved.



Keywords: gadfly, Estrosi, antigen diagnosticum hemagglutination, immunology.
Қой бөгелегінің (Oestrus ovis) балаң құрттары қойдың танау, кеңсірік, маңдай қуыстарында дамып, эстроз (қой пысқырығы) ауруына шалдықтырады. Қой бөгелегі тірі туатын шыбын. Оның иесі қой, бірақ бөгелегінің балаң құрттарын басқа малдарда кездестіруге болады, әсіресе ешкіде. Қазақстанда эстроз кең таралған ауру. Қой шаруашылығына оның келтіретін зияны мол.

Қой бөгелегінің ересек шыбындарының (имаго) пішіні үй шыбындарына ұқсас. Денесінің ұзындығы 10-12 мм, түсі сарғыш-сұрдан сарғыш-қоңырға дейін өзгереді. Денесін қысқа сирек түк басқан. Басы сарғыш түсті, домалақтау, жалпы тұлғасымен салыстырғанда үлкен. Күрделі фасетті жұп көздері басының екі жағына орналасқан, жылтыраған күрең-жасыл. Көз аралығында ақшыл-қоңыр түсті кеңістіктің төбесінде үш қарапайым көздері орналасқан. Ауыз аппараты жоқ. Қанаттарының жүйкелері ақшыл-қоңыр, аяқтары қысқа қоңыр. Қой бөгелегінің құрсағы сопақша, тығыз, кеудесінен сәл қысқа, жоғарғы жағы қарақоңыр.

Ұрғашы бөгелек шыбыны тірі балаң құрттар табады. Жұмыртқадан шыққан балаң құрттарының ұзындығы 1-1,3 мм, түлер алдында 3-5 мм, ұршық тәріздес ұзыншақ, түсі ақ. Денесі 12 буынтақтан құралған. II сатыдағы балаң құрттарының ұзындығы 5-12 мм. Бұл балаң құрттарының бірінші кеуде буынының бүйірінде және VIII құрсақ буынының бүйірінде конус тәрізді ұсақ тікенектері бар. III сатыдағы балаң құрттары ның ұзындығы 10-30 мм, жалпақтығы - 3-10 мм. Дененің буындарының бүйірімен алдыңғы жағында тікенек қатарлары байқалады. Тікенектерінің түбі жуандау, үші үшкір. Балаң құрттарының өсіп жетілуіне сәйкес түсі өзгереді. Дамуын аяқтаған балаң құрттарының арқасында әрбір буындарының ортасында қара дақтар пайда болады. Артқы тыныс тесіктері VIII құрсақ буынының орта бөліміндегі ойысқа орналасқан. Тыныс тесіктерінің алдында аналь тесігі орналасқан.

Қой бөгелегінің қуыршағы қатты кутикуладан құралған жалған пілләмен коршалған, түсі өуелі қоңырланып, кейін қараяды, ұзындығы 12-15 мм, ені-5 мм. Жоғарғы жағында қақпақшасы бар.

Ересек бөгелектер пілләдан ашық күндері таңертеңгі уақытта шығып, тастың үстінде, өсімдік бұтағына немесе биігірек жерге жиналып, ұша бастайды. Бұл жерде еркек және ұрғашы шыбындар шағылысып, ұрықтанған ұрғашылары, көбінесе қой қораларында немесе басқадай таса жерлерде, балаң құрттары дамығанша, 15-20 күндей, қозғалмай отырады. Балаң құрттары жетілген ұрғашы бөгелектер таса жерден шығып, қой отарларына жақындап, қойдың танау қуысына бірінші сатыдағы балаң құрттарын шаша бастайды. Олар ұшып жүріп те, жерде қонып отырып та, шамасы 30-40 см қашықтықтан қойдың танау қуысына бір ретте 8-12 балаң құрттарын тастайды, кейде олардың саны 20-30 жетеді

Ұрғашы бөгелектер 2-4 күн ішінде балаң құрттарды түгелдей шашып тауысады, ал ауа райы бұзылып, температура төмендесе 10-15°С бөгелектің ұшуы бәсендеп, балаң құрттары шашуы 5-6 күнге созылады. Жылына бір ұрғашы бөгелек 600-дей балаң құрттары табады (7-сурет).

Бірінші сатыдағы балаң құрттар танаудың кілегей қабатымен, кеңсірік және кеңсірік пердесіне орналасады. Екінші және үшінші сатыдағы балаң құрттар маңдай және мүйіз қуыстарында дамиды.

Дамып жетілген III сатыдағы балаң құрттары наурыз-сәуірде маңдай қуысынан танау қуысына ауысады. Қой түшкіргенде ол жерге түсіп, топырақ арасында, 1-5 см тереңдікте қуыршаққа айналады. Алдымен жиырылып қысқарады, 1-2 тәулік өткен соң қуыршақ қатты кутикуладан құралған жалған пілләмен жабылады. Қой бөгелегінің қуыршағы ортаның температурасына қарай 14 күннен 46 күнге дейін дамуы мүмкін.




7-сурет.

Қазақстанда қой шаруашылығы дамыған барлық аймақтарда қойдың пысқырық (эстроз) ауруы кең таралған. Қозы-лақтар бөгелек балаң құрттары мен қатты зақымдалады. Ересек қойларда балаң құрттар саны аздау болады.

Жазы ұзақ, жылы далалық аймақтарда эстрозбен 100% қой ауырады, ал әрбір баста орта есеппен 40-қа дейін балаң құрттары болуы мүмкін. Таулы аймактарда, жаңбырлы, салқын жазда, эстроз қой басының 50-60% қамтиды, ал балаң құрттары саны бір басқа 6-8-ден аспайды.

Қой бөгелегінің тіршілігіне ең қолайсыз аймақ шөл дала. Онда эстрозға қойдың 40-50%-ы ғана шалдығады, ал балаң құрттары саны бір басқа 5-6 аспайды.

Бөгелек шыбындарының өсіп-өнуімен олардың саны тек ауа райымен ғана байланысты емес. Жайылымда қой неғұрлым көп болып, жаппай зақымдалса, келер жылдары бөгелек шыбындарының саны бірнеше рет өсіп, зақымдалған мал басындағы балаң құрттары лардың көп болуына мүмкіндік береді.

Танау қуысына түскен балаң құрттары өздерінің өте үшкір тікенектерімен кеңсірік пердесін, кеңсіріктің ішкі және сыртқы қабырғаларын, танау қуысының қабырғаларын зақымдап, қабындырады. Танау қуысының кілегейлі қабығында ашық жаралар пайда болып, одан мол сора ағып, тынысын тарылтады. Микроорганизмдердің әсерімен қабыну іріңді - некрозды түріне ауысып, іріңді қабыну ми қабатына шабуы мүмкін.

Қозы-тоқтыларда эстроз өте ауыр өтеді. Риниттің өсерінен олар демін аузынан алып, енелерін еме алмайды. Сондықтан қозылар мезгіліне жетпей шөпке ауысады да, олардың арасында ас қорыту жүйесінің аурулары тарап, өлім көбейеді.

Эстрозды анықтау клиникалық белгілері мен өлексенің басын жарып қарауға негізделген. Сонымен бірге эпизоотологиялық деректерге де назар аударылады, аурудың белгілерінің мерзіміне көңіл бөлінеді. Эстрозды анықтауда аллергиялық және серологиялық әдістерде қолданылады.

Қойда эстрозды жою үшін, емдеу және алдын-алу шаралар жинағы қолданылады. Ауру таралған шаруашылықта, жалпы мал дәрігерлік сақтандыру жұмыстарына қоса, жазда, қанаттанған ересек бөгелектерді құрту шараларын жүргізеді. Оңтүстік аймақтарда жазда және күзде, басқа аймақтарда - күзде-ерте химиялық емдеу, көктемде - кештеуленген химиялық емдеу жұмыстары жүргізіледі.

Эстрозды негізінен ауру малдар таратады. Сондықтан шаруашылыққа алынған және одан басқа жаққа жіберілетін малдарды алдын ала балаң құрттарын инсекцидтермен арылту қажет. Ауру малдарды толық емдемей жайылымға - шығаруға болмайды. Өлген малдарды тек арнайы жерде жарып тексеріп, бастан түскен тірі балаң құрттарын құрту қажет. Көктемде ауру малдардан күнделікті көптеген балаң құрттары бөлініп шығады. Сондықтан екі жұмада бір рет қой қораны тазалап, көңді шығарып, бір жерге үйіп, биотермальдық залалсыздандыру керек.

Бөгелек шыбындарының ұшу және жұмыртқа салу мерзімінде қойды қорада не лапас астында ұстаған жөн.

Қойды кеңсірік құртынан сақтандыру үшін, жайлауға малды бөгелек шықпай тұрып, ал қыстамаға оны шыбын ұшуы тоқталған соң қайтару керек.

Біз ғылыми зерттеу жұмыстарымызда қойдың кеңсірік бөгелегінің таралуын анықтау үшін иммунологиялық әдістерді қолдану жолдарын зерттедік.



Эстроз қойлардың қан сарысуындағы паразит антигендерін, антиденені бейтараптау реакциясы (АдБР) арқылы анықтау үшін олардың сәйкес иммунды қан сарысуларының жоғарғы титрін анықтап алу керек. Ол үшін иммунды қан сарысуының титрін эритроцитті антигенді диагностикумдармен кері гемагглютинация реакциясын (КГАР) қою арқылы анықтайды.
Кеңсірік бөгелегінің балаң құрттарының антигендерін АдБР арқылы анықтау




Малдың номері


Реакция нәтижелері

1:40

1:80

1:160

1:320

1:640

1:1280

1

4401

4+

4+

4+

3+

2+

-

2

4402

4+

4+

4+

4+

4+

-

3

4403

-

-

-

-

-

-

4

4404

4+

4+

4+

3+

2+

-

5

4405

-

-

-

-

-

-

6

4406

4+

4+

4+

4+

3+

-

7

4407

-

-

-

-

-

-

8

4408

-

-

-

-

-

-

9

4409

-

-

-

-

-

-

10

4410

-

-

-

-

-

-

11

4411

-

-

-

-

-

-

12

4412

-

-

-

-

-

-

13

4413

-

-

-

-

-

-

14

4414

4+

4+

4+

3+

2+




15

4415

-

-

-

-

-

-

16

4416

4+

4+

4+

4+

2+

-

17

4417

-

-

-

-

-

-

18

4418

-

-

-

-

-

-

19

4419

-

-

-

-

-

-

КГАР пробиркаға немесе пластинкаға қойылады. Пластинканың бір қатарының 1-шіден 8-ші шұңқырына дейін 0,5 мл еріткіш құяды. Еріткіш ретінде 0,007% желатиннен тұратын физиологиялық ерітінді (РН-7,2% пайдаланылады). Сонан соң 1-ші шұңқырға 0,5 мл 1:25 физиологиялық ерітіндідегі тексерілетін қан сарысуын құяды. Шприцпен 1-ші шұңқырдан 0,5 мл алып екінші шұңқырға ауыстырады. Осылай 7-ші шұңқырға дейін қан сарысуын титрлеп шығады. 7-ші шұңқырдан алынган 0,5 мл ерітінді төгіліп тасталынады. Барлық шұңқырларға 0,25 мл 1% эритроцит диагностикумын құяды. Пластинка жайлап шайқатылған соң бөлме температурасында (16-25 С) ұсталынады. Реакция нәтижесі 2 сағат өткен соң есепке алынып, 4 балдық жүйемен бағаланады:

4 балл-эритроциттер ойыс ойық түбін түгелдей жауып жатады;

3 балл-эритроциттердің жауып жатқан аймағы аздау:

2 балл-эритроцит агглютинаттары аз, тек ойықтың түбінде көрінеді:

1 балл-эритроцит тұнбасының шет жақтарында шамалы агглютинат түйіршіктері байқалады:

Теріс реакция-эритроциттер ойық түбінде түйме сияқты болып бір жерге жиналып, шоғырланады. Тексерілетін қан сарысуының ең жоғарғы титріне 3-4 балдық ерітінді алынады.

Эритроцитті диагностикумды тексеру үшін алдын-ала тексеріліп титрі көрсетілген иммунды қан сарысуын пайдаланады. Ол үшін иммунды қан сарысуын бір қатар шұңқырларға көрсетілген ерітіндіге дейін титрлеп, оларға эритроцитті диагностикумды қосады. Реакция барлық шұңқырларда оң 3-4 балдық көрсеткіште болу керек.

Кеңсірік бөгелегінің балаң құртының антигеніне қарсы иммунды қан сарысуының жұмыс титрін анықтау үшін оның ең жоғарғы титрін табу қажет. Табылған ең жоғарғы титрін 4 еселеп азайтып алу арқылы иммунды қан сарысуының жұмыс титрі анықталады.

Мысалы: иммунды қан сарысуының КГАР арқылы анықталған ең жоғарғы титрі 1:3200 болса, оны 4есе азайтқанда жұмыс титрі 1:800 болып саналады.

Жүргізілген зерттеу нәтижелерінде кеңсірік бөгелегінің балаң құртының антигені 6 бас қойлардың 4401,4402,4404,4406,4414,4416 номерлі қан сарысуларынан анықталды. АдБР нәтижелері мен лабораториялық көрсеткіштер бір-біріне сәйкес келіп, толықтырғаны байқалды.

Қорыта айтқанда кеңсірік бөгелегінің балаң құртының антигендерін АдБР-сымен анықтау тиімді екендігін көрсетті.


ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Халила Ә.Н. Паразитология.2012

  2. Леви М.И. Общие закономерности и классифакация серологических реакций. Микробиология, 1967, N 7,с.104

  3. Халилаев А.Н. Малдың паразит ауруларын иммунологиячлық әдістермен анықтаудың биологиялық негізі. Автореф. докт. дисс. А.,1997

  4. Сайдуллин Т. Основы серологии. А.,1992



ҚАН САРЫСУЫНДАҒЫ БӨГЕЛЕК АНТИГЕНДЕРІН ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРМЕН АНЫҚТАУ
Халила Ә.Н. б.ғ.д., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Биология» кафедрасының профессоры, Бердібекова Аягөз магистрант, Адилбекова Ақмарал магистрант
Определение антигенов сыворатки овод иммунологическим методом. Халила Ә.Н. профессор кафедры «Биологии» Бердибекова А.Т. магистр биологии , Адилбекова А.Н. магистр биологии.
Determination of antigens сыворатки gad-fly by an immunological method .Khalila A.N professor doctor of seiences biology. Веrdibекоvа А.Т. master of biology,Adilbekova А.N. master of biology.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет