“Майқайың” шахтасына құлаған автобус пен екі құтқарушы әлі де табылмай жатыр. Іздестіруге көңілі толмаған құтқарушының әйелі президентке үндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

“18 күннен бері қайғыдан қан жұтып отырмыз. Адам өмірі басты құндылық емес пе? Неге өзге мемлекеттерден көмек сұрамасқа? Неге техника алмасқа? Маған қазіргі таңда жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары маңызды да, қажет те емес. Оны кейін зерттеп үлгересіздер. Маған азаматым, бес баламның әкесі, отбасы қорғаны керек. Құрметті Президент, сізден осы апатқа байланысты жұмыстарды жеке бақылауыңызға алуды сұраймын”, – дейді Нұрсұлу Шаймерден.

Сондай-ақ үйінді астында қалған құтқарушы Айдос Шәймерденнің жұбайы бес бала әкесін сағынып күтіп отырғанын айтты.

"Кәмелетке толмаған, тіпті аузынан сүті кеппеген бес балам әкесін еңіреп күтіп отыр. Алланың құдыреті шексіз ғой, мүмкін олар тірі шығар. Мүмкін дәл қазір сіздердің көмектеріңіз қажет шығар. Біз 18 күннен бері қайғыдан қан жұтып отырмыз", — деді ол. 

Бұған дейін Павлодар облысындағы Майқайыңалтын кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткені хабарланған еді. Екі адамның денесі табылды. Тағы екі адам мінген жер астына құлаған автобус әлі іздестіріліп жатыр.

Сонымен қатар Айдос Шаймерденнің жұбайы сол күні оған шахтадан шақырту келгенін, бірақ күзетші ақпаратты дұрыс айтпағанын мәлімдеген еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.