Аналар образы – Зере, Ұлжан Күндестер – Ділда, Айғыз, Қайша



жүктеу 95.53 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі95.53 Kb.


Мұхтар Әуезов шығармаларындағы әйелдер галереясы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Калиева Сара Сырымовна,



Хауанова Назым Хауанқызы
Аналар образы – Зере, Ұлжан

Күндестер – Ділда, Айғыз, Қайша (Бәйбіше-тоқал)

Ғашықтар – Тоғжан, Әйгерім

Қыздар – Айман-Шолпан, Жәмила, Екатерина

Ер мінезді әйелдер – Мөржан, Қалиман

Трагедиялық образ – Қарагөз, Еңлік, Ғазиза


Мұхтар Әуезов:

Адам баласы тағы болып, еркегі хайуандық дәрежесінде жүргенде әйелден бала туып, ол балалардың бәрі де жастық, қорғансыздықтан анасының айналасына үйіріліп үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын кіргізген.

Бұған қарағанда адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарақияты әйел халіне жалғасады. Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ мешел болып қалам демесең, тағлымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе!

Аналар образы

Мұхтар Әуезов: Арғы-бергі ұрпақтар тәжірибесі мен тәрбиесіндегі қадір-қасиеттер өрісінің тарылмауын көксейтін жандар, ерекше портрет – әжелердің үлгісі Зере және сарабдал, сабырлы ақыл иесі, аналар үлгісі – Ұлжан

Зере:

  1. (Ұршық үйіріп отыр, қасында кішкене бала Абай): - Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен?

  2. (Орнынан тұрып): Жат жиынның алдында жас балаларының жақсы талабын жер қылмаңдар. Балаларым мен келіндерім, сендер де төбеңмен жүр! Отымен кір, күлімен шық қонағыңның! Ердің сыны шабуылда емес – кішіпейіл, мейірде! Шалдықсаң да қабақ шытпа! Қуанып, жарқырап жүріп күт! Дабыратып, желігіп те кетпеңдер! Жым-жырт, момын жүріп күтіңіздер! Мына ағайынның төрт көзі түгел отырсын десең. Ізгілікті ойдың иесі болыңдар!

Ұлжан:

  1. (Абайға айтқандай боп): - Ерден әйел жамандық та алады, қасиет те алады. Ой да көп, уайым да көп ойлай берсе, ой да жоқ, уайым да жоқ ойнай берсе. Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола береді. Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айырылма».

Зере:

  1. - Өнегем... болса... тірлігімде көрсете алдым ба? Жоқ па? Өсиетім болса... құлағым, тілім барда айтып болдым ба, жоқ па? Қайтейін!… Енді қайтейін!… Бүгін мынау әлім біткен шағымда, не дәме етесің екеуің!... Не күтіп маған телміресің?… (сахнадан шығып кете береді)

Ұлжан:

  1. (Зеренің артынан қарап тұрып): - Анаң, ана-ақ еді-ау, жарықтық! Осы кісінің өсиеті, тәрбиесі болмаса, мен де бір түйіріп қалған қу түйіндей үндемес қатыбас болар ем. 305Бет



Желсіз түнде жарық ай

Күндестер

Мұхтар Әуезов: «Бәйбіше – тоқалдар» бейнесін беру арқылы қазақтың тұрпайы тіршілігін, заман шындығын көрсеттім. Шығарма кейіпкерлерінің қай – қайсысын алсаңыз, әрекеттері, арман, тілек, мақсаты бір ғана нәрсе – мал-мүлік төңірегінен өрбиді. Бұл шығармамда талас, өшпенділік, қатыгездікті, махаббат пен мейірімді де көрсете алдым.

Ділда:

- Сіңірі шыққан кедейдің қызы босағамды көруге тең бе еді! Енді міне, желек астында желігін жасыра алмай, күнде-күнде әнін шырқап, төбеме ойнап отыр. Қу кедейдің қызын құтыртып отырған... Бармайды балаларым... Ендігі қалғаны жәдігөй қатынның босағасынан сығалау ма еді, әкесі тіріде жетім боп!..


Айғыз:

- Мә, жеңдер! Талап түтіп жеңдерші бұл қуарғанды! Жабылыңдар, мә дейім!.. Әлім жеттік қыласың ғой! Сендер бір шешеден төртеусіңдер, көпсің. Керегі жоқ! Ер жеткенде білгенің сол ғой! Сен де күндестің баласы деп тұрсың ғой. Ұрған жақсы болса, ертең оқудан келер Қалел де. Сенің сыбағаңды берер. Тоқал демексін, мүйіздемексің ғой бірігіп ап... Көрермін... Келсін ертең .
Қайша (Бәйбіше-тоқал):

- Пәлені үйреткен –күндестік. Ағайынға қадірлі, байға сөзі өтімді, ақ дегені- алғыс, қара дегені –қарғыс, аюдай ақырған төркіні жуан күндесің болса, өзің қайтер едің? Кіші қатын мен болдым, тепкіні көрген –мен. Кеше соның денесі қара жерге кіргенге шейін азадан бойым сергіген күн болды ма екен? Күндестік бәрібір күндес неменесі бар? «Ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деп неге айтты дейсің кеше кіші бәйбіше?


Күй

Ғашықтар

Сахна сыртынан: Сүйіндіктің қызы – Тоғжан. «Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілі» арқылы Тоғжанның жүріп келе жатқанын сезесің. «Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабар жендеттің жебесіндей».
Мұхтар Әуезов: «Сап, сап көңілім» - Сүйіндік қызы Тоғжанға айтылған. Бозбалалық шағында Абайдың қатты ынтық болғаны – осы Тоғжан. Және жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының үлгісі – Әйгерім.


Тоғжан (сызылып):

- «Ілтифат қылмасам, мұңым не?»

- Ұмытпадым дейсіз, бірақ содан бері бір келмедіңіз ғой! 223бет

- Сізді мен бір көрдім. Көш жөнекей көрдім... Байқадыңыз ба, білмеймін!233бет

- Ай батқандай қылды да, адастырып кетті ғой! Бірақ сонда да жолы болсын! Жақсы қызық көрсін сәлем айт! 233бет

- Есіттім, Абай! Өлеңіңіз жақсы екен! Тағдыр бізді қоспады. Асығы болдым, сол асық күйде көзімнің жасын жұтам да кетемін, жаным! «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл...».



Әйгерім:

Тәңірі қосқан жар едің сен,

Жар ете алмай кетіп ең.

Ол кезімде бала едім мен,

Аямасқа бекіп ең.

Елжіреген жас емес пе ем,

Еппен айтсаң жұбатып.

Мен ғашыққа мас емес пе ем,

Кетсең еді ұзатып.

Сен жаралы жолбарыс ең,

Мен киіктің лағы ем.

Тірі қалдым, өлмей әрең,

Қатты батты тырнағың.


Жарқ етпес қара көңілім не қылса да

Қыздар
Мұхтар Әуезов: Табысып, сүйісіп қосылған екі таза сезім әдемі қосылған екі әншінің бірігіп айтқан әнінен кем бе екен!





Айман-Шолпан:
Айман: Сұм дәурен, қайда кеттің сайраңдаған,

Қызықты күнім қайда жайраңдаған.

Жағаға толқын ұрып, демім құрып,

Ақ шабақ болғаным ба қайраңдаған.

Іште дерт мыс қазандай жай қайнаған,

Жолы боп, жаудың жүзі жайнаңдаған.

Толас жоқ әлі есітем әкем даусын

Артымда күңіреніп Аймандаған.

Шолпан: (қосылады):

Баласы ек Маман байдың мыңды айдаған.

Қызыл көл дүниені ен жайлаған.

Сұр жорға, қара жорға теңселдіріп

Тұрманға меруерт, маржан зер байлаған.
(Хормен): Қан базар, шашылдың ба гүл жайнаған,

Өсіп ек қаққы көрмей шаужайлаған.

Шабынды олжасы боп құлын-тайдан

Тұғыр боп кетеміз бе жау жайлаған!



«Айттым сәлем Қаламқас» әні

Жәмила (Үйлену):

М. Әуезов «Үйлену» Алматы «Атамұра» 2002


- «Қатын үстіне тимеймін, ырза емеспін, бостандықтың заманы, өзімнің көңілім сүйген кісіге тиемін! Оның жасы да үлкен!» 51 бет

- «Сайлаушыға айтамын, басыма бостандық аламын, сотқа барамын!» 51 бет

- Өзгенің жөні бір басқа. Оспан, жалғыз-ақ сіздің жеңгетай болғаныңыз қисынсыз емес пе? Әйелге бостандық әперетін сіздер десек, өзіңіз бұны айтқаныңыз дұрыс па?»

- Сіздің сөзіңіз жерде қалмас, бірақ менің айтатын тілегіме өзіңіз де табылыңыз... 53 бет

- Біреу келіп қалады! 54 бет

- Айтқаныңыз жаңа, асыққаныңыз не? Әуелі менің тілегімді естіңіз! Тілегім – біздің жақындығымыз аз күндік жақындық болмасын. Лайық көрсеңіз, өмірлік жолдас болайық деймін. Осыны қалай көресіз? 54 бет


Екатерина (Сөніп-жану):

- Мен сіздің ақылыңызды, мінезіңізді жаратамын, құрметтеймін. Жүрегімде сізге деген бір сезім бар сықылды. Бірақ оның аты не екенін білмеймін... Өз жүрегімді бұл турада әлі сынап, тексеріп болғаным жоқ. Менің көңлімде өзіме ұғымсыз бір сезім бар. Сол әлде сіздің тілегіңіз шығар (ақырын дауыспен) ғашықтық әлде сол шығар?!






Ер мінезді әйелдер

Мұхтар Әуезов: Пьесада сөзі кесек, ер мінезді, ел билігін қолына ұстаған әйелдердің

ішкі жан дүниесінде астан- кестең сезім қақтығыстары, ой мен сезім қайшылықтары шиыршық атып, тартысқа ұласқан.

Мөржан (Қарагөз):

- Сұмдық! Бес ата, алты ата айырушы ма еді сендерді?! Жеті атадан бері қай қазақ қыз алысып еді. Сұмдық қой мынау. Жүзіқара, жерге кір! Жүзің неге күймей тұр, арсыз! Өлтір, өлтір екеуін де! Сал кісенді! Табанын тіліп, күң қылыңдар! Бетің тілінгір, қайтіп шыдап тұр мына бетің?! Кеселді, өл енді! Не бетім, не деймін енді ел-жұртқа!? Жердің үстімен келіп, астымен қайттым ба? Менің көзім тіріде менен туған арам қыз мұны істеді ме? Әкет, Жарылғап, мен таң атпай. Қара түнді жамылып, қара тұтып күңіреніп кетейін.
Қалиман (Кім кінәлі?):

- Жаратқаны бар болғыр, не қыл дейді маған! Кімнің қызынан кем ғылып өсірдім Ғазизаны? Жаманшылықтың бетін көрсеттім бе екен? Кімнің баласы менің баламдай болып өскен екен? Маған келіп ұрынғаны несі?! «Әке» деген атың бар емес пе, айт өзің ақылыңды! Мен білгенімді аяп жүр деймісің? Бишара-ау, өз балаңды өзің қорлап не болды? Кінәсі – қатыны өлген кәрі күйеуге бармаймын дейтіні ме? Ол үшін балам жазықты емес. Тіпті қас-қабағыңа қарап, үндемейін десем де, қоймадың ғой, өл де маған!

Драмалық қойылым музыкасы

Трагедиялық образдар

Мұхтар Әуезов: Мен өзімді қатты толқытқан, тебіренткен жайлар туралы жаздым. «Қаракөз» трагедиясы да өзім өскен Абай ауылы төңірегіндегі оқиғаларды өзек етеді. 1926 жылғы тұңғыш пьесалар конкурсында бас бәйге алған бұл әйгілі драма Құнанбайдың офицер ұлы Халиолла Өскенбаевтың және сол Құнанбайдың немересі Әмір Құдайбердиевтің, Шаған өзенінің сағасындағы Ғалия мен Ниязбек атты ғашықтардың басынан кешкен оқиғалары негіз болды...

Қарагөз (айнала қарап тұрып өз-өзінен):

- Тоғайға бардым... Тағы барам ба?.. Тоғайды қуалап кете-кете барып... азынаған көрге барам ба?! (Күліп) Тоғайда ән салады екен. Жібек шапаны бар... Біресе жел боп кетеді. Торғай болып кетеді. Жоқ-жоқ... шөп боп кете ме?.. Әлденеме боп кетеді. Ұйқым кеп кетеді... Тоғай... жапырақ... тоғай түн... (Шошып). Ойбай... пышақ... кісен...әже! Жығылып барам... Ұйықтайын ба? Өлсем бе?.. Құлап кетсем, тау басынан ұшып келем... жерде тоғай... тоғай...көп тоғай?.. (Сыбырлап, төрге қарап ақырын жүріп, қолымен ишарат қып). Шақырады... иә, иә барам... Келе жатырмын... тоғай...



Көзімнің қарасы

Мұхтар Әуезов: «Айнымаған: кешегі күні жа­қы­нымен жатша жағаластырған алтыбақан алауыздық. Алаштың аты озғанша, ауылдасының тайы озсын деген берекесі, тыныш­тығы жоқ, бітімі, тынымы жоқ қазақ әлі сол қазақ. Өз қайратын өзі жойып, қасындағы туысқанын қарақтап, өз қолын өзі байлап берген қазақ әлі күнге сол қазақ, өшпеген мінезі осы. Ұмытылмаған әдет, жазылмаған дерт осы». (М.Әуезов. «Еңлік-Кебек» 4 перделі пьеса, 5 суретті трагедия. Орын­бор, 1922, 2-б.)

Еңлік (айнала қарап):

- Кең дүние... Тар ғана бір жол тарттым, қызғаныш етпе, кең дүние. Мұғдасым да сырласым ең, туған жер. Еркелеп, еркін болып кетермін деп ем. Қашқындай жасырынып барамын сенен. Әке-шешем қолынан аттандырып, құтты жеріне қондыратын баласы ем. Олардың оң батасын алмай барам. Туған ел, өскен жермен қоштасып, бір-екі ауыз үн қатайын сендерге. (әнмен)

Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,

Тентек ел талқысына тастап кеттім.

Болсам да шұбар жылан іштен шыққан

Қарғамас, деген сенім сақтап кеттім.

Туған ел, амандасам жас-кәріңе,

Бірге өскен құрбы-құрдас дос бәріңе.

Жарасқан әзіл-сауық, аға-жеңге

Аласың мені не деп естеріңе!

Аман бол, Найзашоқы, тоғайлы өзен,

Өрістеп қой асатын, тұмсық кезең

Бөрлі мен батыр шыққан Қарауылым,

Ең дала көркі болып жалғыз безен.

Білмеймін қандай асу жолда жатыр,

Құз ба екен, қия ма екен таңдай татыр.

Сыйынып аруақ пен бір құдайға

Ұстадым етегіңнен, баста, батыр!

Қайта жүрсем біліп жүр, ұмытпай жүр Еңлігіңді. Жақсы күнде, жарқын жүзбен көрістірсін жасаған... Қош, бауырым!...


Ғазиза?:

- Сенің ойындағы сұмдығыңды білмей тұрмын ба?

Аулақ жүр! Мен сенің мазақ қылатын кісің емеспін! 23 бет

- Енді үйге кіріп қайтемін? Үйде мен көретін не қызық қалды? Бишара болған шешелерім ақырғы қайғымды көрмей-ақ, білмей-ақ қойсын! Қайғылы бір сыр көрге бірге-ақ кетсін. 25 бет

- «А, құдай, ендігі бар тілегім – осы көкемнің басына жеткіз!» 25 бет
Кемпір мен соқыр ана:

- «Қарағым-ай! Үсіп кетер ме екен? Құдай-ай, тағы неге ұшыраттың?». 26 бет

Кемпір:

- « Құдай, тағы төбемнен ұрайын деген екенсің ғой! Қарағым адасты ғой. Үсіп өлді ғой. Ақсарбас» 26 бет


Әйелдер:

- «Е, тәңірі, жоқ болды, өлді», 27 бет






Мұхтар Әуезов: Төрт кітапта үлкен-кіші, ірі-ұсақ образдағы жүзге тарта әйел кейіпкер бар. Бұлар жүрген жерлер кейде мұхит бойын түгел жайлаған жылы ағыс секілді, кейде қиырсыз кең-байтақ құрлықтың ойы-қырын тегіс сәулелендіре шүлен шұғыласына бөлеген күн нұры тәрізді, кейде көкжиекті керіп әкеткен кербез теңіздің көз жеткісіз көк айдынына сән берген аппақ ақ шағалалар сияқты.

Каталог: uploads -> doc -> 0c4d
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0c4d -> Үш тілде білім беру­–бәсекеге қабілетті, көп мәдениетті тұлға қалыптастырудың негізі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет