17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесіп, бас прокуратураның үйлестіруімен елдің бірқатар облысында қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты бойынша, олар Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты бейтараптандырды.

Олардың арасында деструктивті діни ағымның 23 жақтасы ұсталды. 17 адам тергеу изоляторына қамалды, ал 6 тұрғын келуге міндеттелді.

Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адам ұрлау, қорқыту, сондай-ақ есірткі заттары мен атыс қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінді.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Жасалған құқыққа қарсы әрекеттерін теріс бұрмаланған діни қағидалармен ақтап жүрген.

49 тінту барысында атыс қаруы, оқ-дәрі, діни әдебиеттер, ақша және есірткі тәркіленді.

Операцияны өткізуге республиканың 8 өңірінде бір мезгілде күштік құрылымның 250 қызметкерлері жұмылдырылды.

Тергеп-тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр.

Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.