АҚШ-та ұшақтың фюзеляж қаптауының бір бөлігі жұлынып кеткендіктен әуе компаниялары Boeing үлгісіндегі ұшақтар рейстерін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Made for minds баслымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Craig Mitchelldyer/AP/picture alliance

АҚШ-тағы Alaska Airlines 1282 рейсімен ұшу кезінде апаттық шығу есігі қаптауының бір бөлігі жұлынып кеткен оқиғадан кейін авиакомпанияның Boeing 737 MAX 9 маркалы ұшақтарының рейстерін тоқтата тұру туралы шешімге келген. 

Жексенбі, 7 қаңтарда Turkish Airlines тасымалдаушысы осы компаниядағы бес "Боинг" модельіндегі ұшақтарың қауіпсіздігін тексеру үшін кері қайтарылғанын хабарлады. 

Түрік тасымалдаушысы Boeing 737 MAX 9 ұшағын пайдалануды тоқтатқан компаниялардың тізімінде бірінші емес. Aeromexico және Панаманың Copa Airlines әуе компаниясы да ұшақты пайдаланудан уақытша бас тартты.

1282 рейсіндегі оқиғадан кейін бірден АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы Boeing 737 MAX 9 арнайы модификацияланған ұшақтарын тексеруді талап етті. Бұл 171 ұшаққа қатысты. Осыған байланысты United Airlines өзінің Boeing-терін қайтарып алды. АҚШ-та тек екі компания Boeing 737 MAX 9 ұшағын пайдаланады. Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) де осы Boeing моделін Еуропа одағының аспанында пайдалануға рұқсатты уақытша тоқтатты.

Еске  салайық, бұған дейін Калифорнияға ұшып шыққан Alaska Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 MAX ұшағының апаттық шығу есігі жұлынып кеткені туралы жазған едік. Ұшақ Портленд әуежайына оралуға мәжбүр болды. 

Ал еліміздегі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Boeing MAX ұшақтары Федералды авиация ұйымының тыйымына кірмейді. Сондықтан бұл ұшақтардың әуеге көтерілуіне еш кедергі жоқ. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.