"Интер Майами" клубының жұлдызы Лионель Месси америкалық футболдан супербоулдың финалына шақырылды. Сонымен қатар ол іс-шарада көрсетілетін жарнамаға түсетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аpnews.com порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет Аpnews.com

Футболшы 11 ақпанда Лас-Вегаста өтетін Суперкубокта болады. 

Ал Месси түсетін жарнама АҚШ-та және бүкіл әлемде көрсетіледі деп жоспарланған. Матчты 100 миллионнан астам адам көреді деп күтілуде.

"Мессиді таныстырудың қажет жоқ. Біз тарихтағы ең жақсы футболшы Лионель Месси мен суперкубокты біріктіреміз. Бұл бізді жігерлендіретін жылдың керемет бастауы",-деді шоуға демеушілік жасайтын компаниялардың бірінің вице-президенті Рикардо Маркес.

  • Бокстан кіші әлем чемпионатына Қазақстан атынан кімдер қатысатыны белгілі болды

  • Қазақстан чемпионаты әлемдік футбол рейтингінде 50 саты жоғарылады

Мессидің осы компаниямен серіктестігі 2020 жылы басталды. Аргентиналықтардың арқасында компания футболдан Америка Кубогының басты демеушісі болуға шешім қабылдады. Сондай-ақ, Корпорация АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының серіктесі болады. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.