Анықтама-негіздеме



жүктеу 23.92 Kb.
Дата24.07.2018
өлшемі23.92 Kb.

«Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және «Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1378 және «Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1378 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 400 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына анықтама-негіздеме
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен (бұдан әрі – Заң) Мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды бекіту Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелген.

Заңды іске асыруға қолданыстағы үкіметтік бағдарламаларды мемлекеттік бағдарламаларға өзгерту қарастырылған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасы (бұдан әрі – МЖЖ жобасы) қабылданды.

Үкіметтік бағдарламаларды мемлекеттік бағдарламалар форматында одан әрі іске асыру қажеттілігін анықтау мақсатында оларға өлшемшарттар бойынша тексеру жүргізілді.

Осылайша, тексеру қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламасының бірқатар нысаналы индикаторлары, міндеттер нәтижелерінің көрсеткіштері, іс-шаралары қолданыстағы мемлекеттік және және үкіметтік бағдарламалардың, тұжырымдамалардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының нысаналы индикаторларымен, міндеттер нәтижелерінің көрсеткіштерімен, іс-шараларымен қосарланғандығы анықталды («Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған, «Ақпаратты Қазақстан–2020», Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық», Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары, сондай-ақ «Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарламасы, «Ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасы, ҚР туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі, ҚР қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамалары).

Қызмет көрсету саласының көптеген салаларының даму мәселелері оларды дамытудың тиімді механизмдері бар және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген жоғарыда аталған МЖЖ құжаттарында кеңінен қолданылады.

Осыған орай, жоғарыда аталған Заңды іске асыру шеңберінде әзірленген, ММЖ-дағы өзгерістерді, сондай-ақ басқа бағдарламалық құжаттармен қосарланушылықты ескере отырып, аталған Бағдарламаның күшін жою, сондай-ақ «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысымен бекітілген Үкіметтік бағдарламалардың тізбесінен алып тастау ұсынылады.



Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика вице-министрі А. Жұмағұлов


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет