Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сенатор кезінде министрлікті бірнеше рет сынға алған еді. Журналистер министрден проблемасы көп саланы басқару кезінде сын көп болатынын айтып, оған көзқарасы қандай екенін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Сыннан қорқудың қажеті жоқ. Біз керісінше сұрақ туындатқан жайттарды жинақтайтын боламыз. Халықтан неге көңілі толмайтынын сұраймыз. Сынға жақсы қараймын", — деді ол.

Су жаңа денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова нені өзгертуге ниетті?

"Елімізде транспонтология саласында өзекті проблемалар бар. Әсіресе, ағза донорлығы тапшылығы. 4000-ға жуық науқас ағза донорлығы кезегінде күтіп отыр. Ағза донорлығы қажетті масштабқа жетпей отыр. Екінші мәселе – алғашқы медициналық көмек көрсету. Халықаралық тәжірбиеге сәйкес, алғашқы көмек көрсету саласы мықты болған сайын аурулар азаяды. Оған қоса ауылдардағы дансаулық сақтауды дамыту проблемасы бар. Оған қатысты министрлікке орынды сын айтылған еді. Анализ жасауға тырыстық. Бүгін ревизия жасайтын боламыз. Қаржыны тиімсіз жұмсау бойынша тексеретін боламыз", — деді ол.

Бұған дейін жаңа денсаулық сақтау министрінің МӘМС жүйесін реттеуге уәде бергенін жазған едік.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.