Анктік ақпараттық



жүктеу 113.85 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі113.85 Kb.
    Навигация по данной странице:
  • «Банк»

Банктік ақпараттық (кеңес беру) қызметті пайдалануға арналған

жария шарт




Осы жария шарттың (бұдан әрі – Шарт) талаптары «Kaspi Bank» АҚ пен жеке тұлғалардың арасында банктік ақпараттық (кеңес беру) қызмет көрсетуге байланысты туындайтын азаматтық құқықтық қатынастарды реттейді.


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Шарттың мақсаты үшін пайдаланылатын терминдер, анықтамалар мынадай мағынаға ие:

  1. Банк – «Kaspi Bank» АҚ;

  1. Биометрикалық деректер – Клиенттің физиологиялық (саусақтарының ізі, түрін тану, қол алақаны, көз торшасы, дауыс) және биологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтер, олардың негізінде оның жеке басын анықтауға болады;

  1. Жеке деректер – белгілі бір Клиентке немесе солардың негізінде анықталатын Клиентке қатысты мәліметтер, соның ішінде биометрикалық деректер электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдаушыда бекітілген;

  1. Клиент – іс-әрекетке қабілетті, Шарт жасасуға бағытталған іс-әрекеттер жасаған жеке тұлға;

  1. Тараптар – Банк пен Клиент;

  1. Интернет-бөлімше – интернет желісінде мынадай мекенжайдағы Банктің клиенттерінің электрондық өз-өзіне қызмет көрсету веб-порталы: www.kaspi.kz;

  1. Жинау – жеке деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер;

  1. Өңдеу – жеке деректерді жинауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, тосқауыл қоюға және жоюға бағытталған іс-әрекеттер;

  2. Электрондық өтініш – электрондық пошта арқылы көрінетін өтініш, сұрату, ұсыныс және хаттың өзге түрі;

  3. Сайт – интернетті пайдаланушыларға олардың таңдауы бойынша кез келген уақытта және кез келген жерде қолжетімді болатын және интернет желісінде бірегей домендік мекенжайларда орналасқан, интернет желісіндегі мәтін және кесте түріндегі деректердің жиынтығы.




2. ШАРТТЫҢ МӘНІ

2.1. Жеке жасалған шартта Банк көрсететін қызметке ақы төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарттың талаптарына сәйкес Банк Клиентке қаржылық қызметке байланысты жекелеген мәселелер бойынша ақпараттық (кеңес беру) қызметті (бұдан әрі – Қызмет) ақысыз көрсетеді.

2.2. Клиент www.kaspibank.kz сайтына орналастырылған Шарттың талаптарымен келіседі және ол бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын растайды.

2.3. Клиент Банкке Қызмет алуға өтініш білдірген сәттен бастап Шарт жасалған болып саналады.


3. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТАЛАПТАРЫ

3.1. Банк Қызметті Клиент төменде аталған әрекеттердің біреуін және (немесе) бірнешеуін жасаған кезде көрсетеді:

  1. оның өзінің лауазымдық міндеттерін орындайтын кезеңде Қызмет алуға Банктің қызметкеріне ауызша/жазбаша немесе электрондық өтініш білдіру;

  1. Шарттың №1 қосымшасында көрсетілген кез келген телефон нөмірі бойынша Банкке шығыс қоңырау соғу (дауыстап ақпарат беру);

  1. web@bankcaspian.kz электрондық мекенжайына өтініш білдіру – (клиенттікі қашанда дұрыс);

  1. Шарттың №2 қосымшасында көрсетілген телефон нөмірлерінің кез келгенінен Банктен келіп түскен кіріс қоңырауға жауап беру;

  1. Қызмет алу үшін Банктің терминалын/банкоматын пайдалану;

  1. интернет-бөлімшедегі Банк қызметін пайдалану;

  1. электрондық банк қызметін пайдалану.

3.2. Қызмет алуға өтініш білдіру арқылы Клиент өзінің Банктің Қызмет көрсету талаптарымен танысқанын растайды.


4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1. Клиент:

1) моральдық-этикалық ережелерді сақтауға;

2) Банктің үй-жайларында спирттік ішімдіктер ішпеуге ;

3) Банкке өзімен бірге жарылғыш, тез тұтанатын, улы және уландырғыш заттар, наша және спирттік ішімдіктер әкелмеуге;

4) Банкке өзімен бірге қару және оқ-дәрі әкелмеуге;

5) осы мақсатқа арнайы бөлінген орындардан басқа Банктің үй-жайларында шылым шекпеуге;

6) Банктің үй-жайларында сауда-саттық, буклеттер мен заттар таратуды ұйымдастырмауға;

7) Банктің басқа Клиенттерімен/келушілерімен және (немесе) Банктің қызметкерлерімен даудың туындауына итермелемеуге;

8) сыпайы болуға және Банктің қызметкерлерімен және (немесе) Банктің басқа Клиенттерімен/келушілерімен әдепті қарым-қатынас жасауға;

9) қауіпсіздік техникасының, тазалық сақтау, экологиялық қауіпсіздік, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауға;

10) Банктің үй-жайларын, қоғамдық орындарды және Банктің ғимаратына іргелес жатқан аумақтарды ластамауға;

11) Банктің, Банк қызметкерлерінің және (немесе) Банктің басқа Клиенттерінің/келушілерінің меншігіне зиян келтірмеуге міндетті.

4.2. Клиенттің:

1) Банктен Қызмет көрсетуін талап етуге;

2) Шарттың 6.9.-тармағына сәйкес Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларынан, Шарттың талаптарынан және міндеттеменің мәнінен туындайтын өзге де құқықтарды іске асыруға құқығы бар.

4.3. Банк:

      1. Қызметті Клиент Шарттың 3.1.-тармағында аталған әрекеттердің біреуін және (немесе) бірнешеуін жасаған кезде көрсетуге;

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жеке деректерді қорғау үшін қажетті, соның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолдануға және сақтауға;

      1. Жеке деректерді Жинаған және Өңдеген кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      1. Жеке деректерді Жинаған сәттен бастап және оларды жоятын немесе иесіздендіретін сәтке дейін Жеке деректерді қорғау бойынша:

  1. Жеке деректерге заңсыз қол жеткізудің алдын алуды;

  2. егер мұндай заңсыз қол жеткізудің алдын алу мүмкін болмаса, Жеке деректерге заңсыз қол жеткізу фактілерінің уақтылы анықталуын;

  3. Жеке деректерге заңсыз қол жеткізудің жағымсыз салдарын азайтуды қамтамасыз ететін қажетті шараларды қолдануға.

      1. Клиентке Банктің Сайтында немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы Қызмет көрсету талаптарымен танысып шығу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

4.4. Банк:

1) Клиенттің Жеке деректерін Жинауды және Өңдеуді (жүйеге келтіруді, жинауды, сақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесіздендіруді, тосқауыл қоюды, жоюды) жүзеге асыруға;

2) Банк пен үшінші тұлғалар арасында жасалған тиісті шарт болған кезде Клиенттің Жеке деректерін және ол жасаған операциялар туралы деректерді мұндай үшінші тұлғаларға беруге;

3) дауыстық қоңыраулар соғуға, сондай-ақ Клиентке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банк операцияларын жүргізуге оған берілген лицензияның шегінде Банктің көрсететін қызметтері туралы, соның ішінде Банк өткізетін акциялар, арнайы ұсыныстар, жаңа банк өнімдерінің енгізілуі және т.с.с. туралы ақпаратты жолдау мақсатында Банктен, сондай-ақ Банк өкілеттік берген өзге де тұлғалардан (олардың арасында жасалған шартқа сәйкес) Клиенттің телефон нөміріне sмs-хабарлар жолдауға;

4) Клиентке қосымша жазбаша хабарламастан, кез келген сәтте біржақты тәртіппен Шартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге. www.kaspibank.kz мекенжайындағы Банктің Сайтында жаңа редакция, аталған өзгерістер жарияланған сәттен бастап аталған өзгерістер күшіне енеді;

5) Клиенттің шығыс қоңырауы осы Шарттың №1 қосымшасында көрсетілген кез келген нөмірлер бойынша Банкке келіп түсіп, мұндай шығыс телефон соғу осы Шарттың №3 қосымшасында көрсетілген критерийлердің біріне жауап беретін болса, Қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.




5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

5.1. Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.

5.2. Банк Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл Клиенттің кінәсінен болса, соның ішінде егер бұл Клиенттің қате деректерді/мәліметтерді көрсетуіне байланысты болса, жауапкершілік атқармайды.

5.3. Клиенттің Шарттың талаптарымен және (немесе) Банктің Шарттың 4.4.-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәртіппен Шартқа енгізген өзгерістерімен және толықтыруларымен немесе Қызмет көрсету талаптарымен таныспауына және (немесе) уақтылы таныспауына байланысты Клиентте туындаған кез келген шығын үшін Банк жауапкершілік атқармайды.


6. БАСҚА ТАЛАПТАР

6.1. Шарт жасасу арқылы Клиент Шарт жасасу және жасалған шарттарды орындау мақсатымен оның Жеке деректерін Банктің Жинауына және Өңдеуіне, атап айтқанда, соның ішінде мынадай әрекеттерді жасауына: Банкпен жүйеге келтіруіне, жинауына, сақтауына, жоюына, пайдалануына, таратуына (соның ішінде беруіне), иесіздендіруіне, тосқауыл қоюына, өзгертуіне, толықтыруына келісімін береді. Аталған әрекеттер автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып жасалуы мүмкін. Клиент сондай-ақ осы тармақта көзделген әрекеттерді жүзеге асыру мақсатымен Банк пен үшінші тұлғалар арасында жасалған тиісті шарт болған кезде Жеке деректерді және Клиенттің жасалған әрекеттері туралы деректерді Банктің мұндай үшінші тұлғаларға беруіне келісімін береді.

6.2. Шарт жасасу арқылы Клиент Банкке дауыстық қоңырау соғу құқығын береді, сондай-ақ Банктен, сондай-ақ Банк өкілеттік берген өзге де тұлғалардан (олардың арасында жасалған шартқа сәйкес) өзінің телефон (ұялы/мобильді) нөміріне sмs-хабарлар алуға; сондай-ақ Клиентке Банктің көрсететін басқа да қызметтері туралы, соның ішінде өткізілетін акциялар, жаңа банк өнімдері, арнайы ұсыныстар және т.с.с. туралы ақпаратты жолдауға келісімін береді.

6.3. Банк пен Клиенттің арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы реттелуі тиіс, ал егер бұл мүмкін болмаса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктің орналасқан жері бойынша сотта қаралуы тиіс.

6.4. Әр Тарап Шартта көзделген өз міндеттемелерін орындауға байланысты барлық шығыстарды өз бетінше және өз есебінен төлейді.

6.5. Шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Шарттың мәтіндерінде алшақтықтар туындаған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін басым болып саналады.

6.6. Клиент Шарттың 3.1.-тармағында аталған әрекеттерді жасаған сәттен бастап Шарт жасалған болып саналады және күшіне енеді.

6.7. Егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты Шарттың бір немесе бірнеше ережесі жарамсыз болса немесе болып қалса, онда бұл Шарттың қалған ережелерінің қолданысын тоқтата тұруға негіз болмайды.

6.8. Осы Шартпен тиісінше таныспастан Қызмет алуға өтініш білдіру фактісі анықталған жағдайда, Банк Клиент Шарттың 3.1.-тармағына сай Банкке Қызмет алуға өтініш білдіру арқылы Шартпен танысқанын растағанға дейін Қызмет көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.

6.9. Шарт мерзімсіз қолданылады және Тараптардың біреуінің бастамасымен біржақты тәртіппен бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Банкпен жасалған шарт(-тар) бойынша Клиенттің орындалмаған міндеттеме(-лері)сі болған жағдайда, Клиент біржақты тәртіппен Шартты бұза алмайды. Клиент Банкке Қызмет алуға Шарт бұзылғаннан кейін өтініш білдірген жағдайда, Шарт қайта жасалған болып саналады.


7. БАНКТІҢ МЕКЕНЖАЙЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

«Банк»

«Kaspi Bank» АҚ,


Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 А үй,

электрондық мекенжайы: office@kaspibank.kz;

Интернет ресурс: www.kaspibank.kz


Банктік ақпараттық (кеңес беру) қызметті

пайдалануға арналған жария шарттың

№1 қосымшасы

Мобильді телефоннан қоңырау соғу үшін Call Center-дің қысқаша нөмірлері:

9999,

7777,


5555,

5577.


Үй телефонынан қоңырау соғу үшін Call Center-дің нөмірлері:

2585965,

2585995,

2585955,

88000801800,

88000801881

Банктік ақпараттық (кеңес беру) қызметті

пайдалануға арналған жария шарттың

№2 қосымшасы

+77015067932,  

+77015334913,       

+77015164957, 

+77015223924,

+7778-746-0615,

+77719341353,   

+77719342457,       

+77059479419,  

+77719341864

Банктік ақпараттық (кеңес беру) қызметті

пайдалануға арналған жария шарттың

№3 қосымшасы

Қызмет көрсетуден бас тарту критерийлері
Клиенттің Шарттың №1 қосымшасында көрсетілген кез келген нөмірлер бойынша Банкке соққан шығыс қоңырауы мына критерийлердің біріне жауап беретін болса:

1) Клиент алкогольден немесе есiрткiден масаң күйінде болса, байланыспайтын сөз, Клиент қаржы қызметіне байланысы жоқ мәселелер жөнінде хабарласып, бірнеше рет телефон соқса;

2) Клиент қаржы қызметіне байланысы жоқ мәселелерімен бірнеше рет хабарласып, сөйлескен кезде былапыт сөз қолданса;

3) Клиент дәл бір сұрақтарын қойып, оларға жауап алу мақсатында емес, Банктің қызметкерімен әңгімесу (сөйлесу) мақсатында бірнеше рет телефон соқса;



4) Клиенттің телефон нөмірінен қысқа шығыс қоңыраулары бірнеше рет соғылып, абоненттің тарапынан тұтқа қойылып тастаса;

5) Телефон нөмірінен қаржы қызметіне байланысы жоқ (балалар жасайтын қоңыраулар, тауарға тапсырыс беру, такси шақыру және т.б.) қоңыраулар бірнеше рет соғылса, Клиентке Қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.
Каталог: news -> file
file -> Что такое стандарт gmp
file -> Ережелері Осы «Салым бойынша қосымша төлем»
file -> Генеральные (примерные) условия договоров банковских услуг ао “Kaspi Bank” (версия 2)
file -> Генеральные (примерные) условия договоров банковских услуг ао “Kaspi Bank” (версия 2)
file -> Жинақ шотына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ағымдағы шотқа, төлем картасына банктік қызмет көрсетудің типтік
file -> «Kaspi Bank» АҚ-да тұтынушылық қарызын берудің Жалпы (үлгі) шарттары Осы «Kaspi Bank»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет