ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде кітап шығару саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мәдениет және ақпарат министрлігі кітап шығару жұмысын күшейтуді қолға алып отыр. Бұл ретте, осы саладағы тың бастамалармен таныстыруды жөн көрдім. Біріншіден, кітап басу ісі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан бұл саланы дамыту үшін жаңа ереже қабылданады. Соған сәйкес кітаптар бірнеше сараптамалық сатыдан өтіп, тек үздіктері ғана жарық көреді", — деді Балаева әлеуметтік парақшасында жариялаған бейне үндеуінде.

Оның айтуынша, өтінімдер жылына екі рет қабылданып, түскен құжаттарды тексеру 10 күн алады. Қоғамдық талқылауға 15 күн, арнайы құрылған тәуелсіз комиссияға 15 күн, сарапшылардың қорытындысын дайындауға екі ай беріледі.

"Әрине, осы уақыт ішінде оқырмандардың пікірінен бөлек, отандық ғылыми-зерттеу орталықтарының әлеуметтік зерттеулері, кітап дүкендерінің сатылымға қатысты статистикалық мәліметтері, баспалардың басылым рейтинг-тізбесі назарға алынады. Осыдан кейін ғана өкілетті орган нақты шешім қабылдайды", — деді министр.

  • "Дініңізді тастаңыз, сонда ғана біздің қоғамда өмір сүресіз": Қазақстандық оқушы хиджаб кигені үшін қандай қысым көргенін айтып берді
  • "Мемлекеттен ақша алып, талан-таражға түсірді": Дариға Бадықова фильмін сынаған режиссерге жауап берді

Екіншіден, егер бұрын қолжазбаға гонорар төленсе, енді оның орнына жаңа әдеби туындыларға грант берілмек. Яғни, биылдан бастап қаламгерлердің бір парақ жаңа туындысына 6 ең төменгі жалақы мөлшерінде грант төленеді. Мәселен, орташа есеппен алғанда, 160 беттік кітапқа 4 млн теңгеден астам қаламақы беріледі.

Грант министрліктің жанынан құрылған сараптамалық комиссияның шешімімен бекітіледі. Ал кітапты басып шығару және сатылымға шығару құқығы автордың өзінде болады. Егер ол кітап бір жыл ішінде жарыққа шығып, кітап дүкендері арқылы сатылымда жақсы көрсеткіштер болса, оның кезекті басылымы мен таралымын мемлекет өз мойнына алады.

Бұған дейін Қазақстанның бір топ кинематографисті, қоғамдық бірлестіктер мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын” жаппау туралы қол жинап, ашық үндеу жолдаған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.