Жастар арасында Dequine атымен танылған әнші Данеля Садықова Замандас” подкастында алғаш рет отбасылық өмірі туралы айтып берді.

Фото: ашық дереккөз

Өнер иесі алғаш рет әкесінің депутат екенін жариялады.

“Мен әкемнің қай жерде жұмыс істейтіні туралы айтуға, әлеуметтік желіде бөлісуге қорықтым. Өйткені былтыр отбасымыз Астанаға көшіп келді. Қазір әкем Мәжіліс депутаты. Бізде саясатпен қандай да бір түрде байланысы бар адамдар туралы көзқарас әртүрлі. Сондықтан отбасым туралы айтпауға тырысамын. Сіздерге бірінші рет депутаттың қызы екенімді айтып отырмын”, – деді әнші. 

Бойжеткен әкесінің қызметі өзі мен өнеріне кедергі келтіреді деп ойлайтынын жасырмады. 

"Енді мен бәрін түсіндім. Неге мен ұялуым керек? Менің әкем – адал адам. Ол жақсы нәрселер туралы айтады. Өз ісін адал атқарады", — деді Данеля Садықова.

  • "Күйеуі мәжбүрлесе, онда әйел хиджаб кисін": ҚМДБ желіде тараған видеоға қатысты жауап берді (видео)

  • Оқу-ағарту министрлігі мектепте намаз оқыған оқушыларға қатысты тексеріс бастады

Осы орайда Мәжіліс депутаты Асқар Садықов қызының өмірі мен шығармашылығы туралы пікір білдірді. 

“Қазіргі жастардың өмірге деген өзіндік түсінігі бар. Біз балаларымызды еркін, өз-өзін қамтамасыз етуге тәрбиеледік. Оның өз пікірі бар. Мен онымен әрқашан келісемін. Бес қыз, бір ұл тәрбиелеп отырмын. Тәрбиеге қатысты сұрақтар жиі қойылады. Біз оларды заманға сай тәрбиеледік”, – деп жауап берді. 

Сонымен қатар қызы Данеляның хиджабын не үшін шешіп тастағанын да айтты. 

“Бұл – оның жеке ісі. Менің міндетім – бастапқы діни білім беру. Егер мен мұсылман болсам, діннің іргетасын балаларымның бойына сіңіруге міндеттімін. Олардың діни жолға түсу немесе түспеуі – өздерінің еркі. Ата-анасы ретінде мен тек Құдайдың алдында ғана жауап беремін”, – ақталды мәжілісмен. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.