Ќант ќызылшасын су ќорларын ысырапсыз пайдаланатын тамшылатып суѓаруды ¤ндіріске енгізудіњ кейбір мєселелері



жүктеу 61.89 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі61.89 Kb.


Қант қызылшасын су қорларын ысырапсыз пайдаланатын тамшылатып суғаруды өндіріске енгізудің кейбір мәселелері
Масатбаев Қ., Койбаков С.М., Нурабаев Д.М., Избасов Н.Б.

Таразский государственный университет имени М.Х. Дулати, Тараз


Мақалада обылыста қант қызылшасын су қорларын ысырапсыз пайдаланатын тамшылатып суғару әдісімен суғаруды кең көлемде өндіріске енгізуге арналған іс- шаралар қарастырылған.
Қазіргі таңда дүние жүзінде азық-түлікке деген сұраныстың жоғарылауы және су қорларының тапшылығы бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл әлем жұртшылығның басына туып отырған проблемаларды елбасымыз 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында «ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ОН ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРІ» - деп атап көрсетті.

Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты Елбасы біздің зор мүмкіндіктеріміздің бар екендігін және қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарынада ендігімізді айта келе, біздің бұл мүмкүндікті жіберіп алмауымызды атап көрсетті.

Су ресурстарын тиімді пайдаланып, оның тапшылығын болдырмау мақсатында талай ел ғалымдары бас қатыруда. Қазақстанда да су қоры мәселесінде бірнеше проблемалар бар. Олардың ең өзектісі суды көп көлемде қажет ететін ауыл шаруашылығында дақылдардан тұрақты да мол өнім алу үшін - су қорларының жетіспеушілігі. Осы орайда, елбасымыз өз жолдауында еліміздің су ресурстарына қатысты тұжырымдалатын жаңа саясаттың ауылшаруашылығы бойынша негізгі қағидаларын атап көрсетті. Оларға басқа елдердегі сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешудің озат тәжірибесін мұқият зерделеп, оны біздің жағдайымызда пайдалану; елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең озат технологияларын енгізу; агроөнеркәсіп секторында ылғал үнемдеу технологиясына кешенді түрде ауысу; қоғамымыздағы су туралы ой-сананы түбегейлі өзгертіп, біздің ең асыл табиғи байлығымыз - суды ысырап етуді тоқтату жатады.

Елбасымыз атап көрсеткендей, ҚР аграрлық саясатының негізгі бағыттарының ішінде, ауылшаруашылық дақылдарын суғаруға ресурс үнемдейтін технологиялар мен заманауи техникалық құрылғыларын қолдану арқылы суармалы егіншілікті жан-жақты интенсивтендіру маңызды орын алады.

Қазақстанның оңтүстігіндегі суғармалы егіншіліктің ең көне ауданының бірі болып Жамбыл облысы табылады. Жамбыл облысының аумағында Қазақстан Республикасындағы суармалы жерлердің 10 пайызы шоғырланған және ол 226,5 мың га құрайды.

Жамбыл облысында өсірілетін негізгі аудандастырылған дақыл қант қызылшасы болып табылады және де, оның барлық егісі суғармалы жерлерде орналасқан. Осыған орай, Жамбыл облысында қант қызылшасын өсіруді және қант өндіруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасыда қабылданған. Бұл бағдарлама бойынша обылыста қант қызылшасы егілетін суғармалы жердің көлемін 12 мың гегтарға жеткізу көзделген. Қазіргі кезде осы құнды техникалық дақыл түгелдей дерлік жер бетімен уақытша арықтар жүйесімен суғарылады.

Біздің елімізде жер бетімен уақытша арықтар жүйесі арқылы суғару әдісі өзінің арзандығы мен қарапайымдылығына байланысты басқа суғару әдістеріне қарағанда көп тараған түрі. Осыған қарамастан, дақылдарды суғарудың бұл әдісі экологиялық тұрғыдан ең қауіпті әдістердің біріне жатады. Себебі бұл әдіс судың жер бетімен және жер астына сіңу арқылы көп мөлшерде ысырап болуына тосқауыл бола алмайды. Онсыз да тапшы суғаруға арналған судың көп мөлшерде ысырап болуы, суғармалы жерлердің батпақтануы, тұздануы және топырақтың шайылуы сияқты экологиялық қатерлі құбылыстарға әкеліп соқтырады, әрі құнды суғармалы жерлер ауылшаруашылық айналымнан шығып қалуына себепші болады.

Сондықтан, суғаруға арналған су өте тапшы, Жамбыл обылысы үшін обылыстың ең негізгі суғармалы дақылы – қант қызылшасын суғаруға судың жер бетімен, әрі жер астына сіңу арқылы көп мөлшерде ысырап болуына және топырақтың сумен шайылуына мүмкіндік бермейтін, әрі суғауға арналған суды қатаң өлшеп, мөлшермен беретін әдістер қолданылуы керек.

Бұл жоғарыда атты аталған мәселені шешудің жолдарының бірі болып, суғармалы алқаптарға тамшылатып суғару жүйесін енгізу. Тамшылатып суғару жүйесінің негізгі ерекшелігі болып, дақылдарға суды бүкіл вегетация мерзімінде жиі орналасқан полиэтилен құбырлармен арнайы тамшылатқыш қондырғылар арқылы дақылдың су тұтыну режиміне сәйкес, тамыр жүйесі орналасқан топыраққа, мөлшерлеп беру саналады.

Қазіргі кезде Жамбыл обылысының табиғи-климаттық жағдайында қант қызылшасын тамшылатып суғару жүйесін енгізу үшін көптеген ғылыми негізделген мәліметтер жетіспейді. Оларға қант қызылшасын тамшылатып суғару кезінде ылғалданатын топырақтың тиімді көлемі, тамшылатқыш тесіктердің (қондырғылардың) орналасу схемасы осыған сәйкес қант қызылшасын егу схемасы, қант қызылшасының тамшылатып суғару кезіндегі суды пайдалануының жиынтығы және тамшылатып суғарудың қант қызылшасының өсіп-дамуына, өнімділігіне тигізетін әсері жатады. Сонымен қатар біздің елімізде қант қызылшасын топырақты полиэтилен пленкасымен жауып тамшылатып суғаруды қолданып өсіру бағытында зерттеулер әлі күнге дейін қолға алынбаған.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер мен баяндаулар, қант қызылшасын тамшылатып суғарудың технологиялық элементтері мен параметрлерін зерттей отырып, қант қызылшасын тамшылатып суғарудың технологиясын жасау бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі екенін көрсетеді.

Бұған дәлел М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Шихези университетімен (ҚХР) жасалған білім және ғылым саласындағы халықаралық қарым-қатынас жөніндегі келісім-шарттың аясында 2010 жылдан қазіргі кезге дейін «Қант қызылшасын топырақты полиэтилен пленкамен жауып тамшылатып суғару арқылы өсіру технологиясын зерттеу» тақырыбында орындалған халықаралық жобаның нәтижелері.

Бұл жобада Шихези (ҚХР) университетінің ғалымдары: Панигүл Аханбике – агрономия институтының деканы, агрономия профессоры; Ма Фую – егіншілік кафедрасының профессоры; Фан Хуа – егіншілік кафедрасының оқытушысы зерттеу жұмыстарына қатысты.

Аталған жоба шеңберінде «Мелиорация және агрономия» кафедрасын тәжірибелік танабында қант қызылшасын тамшылатып суғару кезінде топырақты пластикпен жауып және жаппай өсіруді зерттеу бойынша тәжірибелер қойылды. Қант қызылшасының Xintian18 сортының тұқымдары мен тамшылатып суғару жүйесінің барлық жабдықтары Қытайдан әкелінді.

Осы тәжірибелердің нәтижесінде қант қызылшасын топырақты пластикпен жауып тамшылатып суғарудың тиімді технологиялық схемалары мен суғармалау мөлшерлері анықталды. Тәжірибенің тиімді нұсқаларында қант қызылшасының өнімділігі 630-670 ц/га және қанттылығы 15,5-15,8 % құрады.

Зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, біздің облыс үшін топырақты полиэтилен пленкамен жабу арқылы қант қызылшасын тамшылатып суғару технологиясы өте ыңғайлы, экономикалық тиімді және жеңіл бейімделеді. Тұқымды себу пленкаға жасалынатын тесіктен ҚХР-да жасалған күрделі сепкіштің көмегімен жүргізіледі. Бұл сепкіштің көмегімен жалпақ жиналмалы тамшылатқыш шлангты, пленканы төсеу және себу бір мезгілде орындалады. Және де бұл жерде қол еңбегі қолданылмайды. Бұл технологияның негізгі артықшылығы – су шығынын азайтумен қатар, қант қызылшасының өнімділігі 3 есе өседі. Сондай-ақ егісті күтіп-баптауға кететін шығындар бірнеше есе азаяды, себебі өңдеудің агротехникалық тәсілдері және арамшөптермен күресуге деген қажеттілік туындамайды.

Алынған екі жылдық нәтижелер тамшылатып суару тех­нологиясының қант қызылшасын өсірудегі пайдасының зор екенін және осы технологияға қажет қондырғы-жабдықтарын өндіріске қойып, шығаруға атсалысатын уақыт жеткенін көрсетеді.

Обылыста қант қызылшасын су қорларын ысырапсыз пайдаланатын тамшылатып суғару әдісімен суғаруды кең көлемде өндіріске енгізу үшін келесі зерттеулер мен шаралар іс-жүзіне асыруы қажет:



  • тамшылатып суғару жағдайындағы қант қызылшасының тиімді ауыспалы егістіктерін негіздеу;

  • Жамбыл облысының табиғи-климаттық жағдайында қант қызылшасын топырақ бетін полиэтилен қабыршығымен жаба отырып, тамшылатып суғарудың техникасы мен технологиясын өндірістік негізде зерттеу;

  • ауылшаруашылық дақылдарын тамшылатып суғару жүйесінің құрылғыларын жасайтын зауыт салу;

  • бір мезгілде жалпақ жиналмалы тамшылатқыш шлангты, пленканы төсеу және себуді атқаратын ауылшаруашылық техникасын жасау немесе басқа мемлекеттерден сатып алу;

  • тамшылатып суғару жүйесін жобалауға, салуға және пайдалануға арналған ғылыми дәлелденген ұсыныстарды дайындау.

Біздің ойымызша, жоғарыда көрсетілген зерттеулер мен шаралар іс-жүзіне асырылғанда, біз тамшылатып суару технологиясын сырттан әкеліп енгізумен ғана шектелмей, өзіміз құрастырып, оны инновациялақ үздік технология деңгейіне жеткізумізге болады.
Әдебиет


  1. Агроклиматические ресурсы Жамбылской области Казахской ССР. Л.: Гидрометеоиздат, 1978.

  2. Аймен А.Т., Талха А.А. Состояние производства сахарной свеклы в Республике Казахстан// Природопользование и проблемы антропосферы: Вестн. ТарГУ им. М.Х. Дулати. – Тараз, 2011. – №1.

  3. Жексембин Б.Б. Проблемы развития орошаемого земледелия в условиях дефицита водных ресурсов //Водосбережение: технологии и социально-экономические аспекты: Материалы международного семинара ИКАРДА, Тараз, ИЦ «АКВА», 2002, С. 3-6.

  4. Қойбаков С. Тамшылатып суғару-таңдаулы тәсіл //Ақ жол, 31қаңтар 2013

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2013 II
konf 2013 II -> Cырдария ¤зені алабындаѓы к¤ксарай контрреттегіші
konf 2013 II -> «теріс-ащыб¦ЛАЌ» су ќоймасыныњ су тастаѓыш ќ¦рылымын
konf 2013 II -> Виртуалды жеке желілердіњ жіктелуі
konf 2013 II -> Талас алабы ¤зендерініњ суын егістікке пайдалануды
konf 2013 II -> Инерциялыќ энергетикалыќ ЌондырѓЫ Ќ¦ру мєселесі
konf 2013 II -> Ш¤лейтті-далалы жайылым жаѓдайында ¤сірілетін ќ¦йрыќты ќойлардыњ жас айырмашылыќтарына байланысты
konf 2013 II -> Ќазіргі жол ќ¦рылыс ж¦мысшыларына арналѓан арнайы
konf 2013 II -> Авток¤лік ќ¦ралдарыныњ Ќала экологиясына єсері
konf 2013 II -> ¦лттыќ таѓам «наурыз к¤ЖЕ»
konf 2013 II -> Айќынсыз жиындар негізінде студенттердіњ білім сапасын


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет