Ақмола облысының Целиноград ауданында 30 жастағы ер адам көлігімен өзінің 1 жарым жасар қызын басып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 16 ақпан күні сағат 09:00 шамасында Ақмол ауылында болған.

Целиноград аудандық полиция бөлімшесіне сағат 10:46-да 1,5 жасар баланы көлік басып кеткендігі туралы хабар түскен. "Toyota Estima" көлігінің 30 жастағы жүргізуші Ақмол ауылындағы балабақша аумағында өзінің қызын басып кеткен. Әкесі қызына медициналық көмек көрсету үшін дереу Астана қаласына жеткізді. Алайда ауруханада бүлдіршін көз жұмды.

"Қазір осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің "көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.