Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы 7 ақпанда өтеді. Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Үкімет пен министрлердің жұмысына қандай баға берілетіні 7 ақпанда өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылады деп ойлаймын", – деді Әшімбаев сенат кулуарында.

Сенат төрағасының сөзінше, үкімет белсенді жұмыс істеп, қойылған міндеттерді орындап жатыр. Дегенмен олқылықтар да бар.

Ұлттық қордан балалардың шотына неге уәде етілген ақшадан 60 доллар аз түсті – Вице-министр жауабы

"Жалпы алғанда үкімет мемлекет басшысы жариялаған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсап жатыр. Парламент тарапынан, сенат тарапынан біз қажет құқықтық база жасап жатырмыз", – деді Мәулен Әшімбаев 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.