Ақпарат Катон-Қарағай ауданы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы филиалының 015 жыл және 2016 жылдың ай көлемінде атқарған жұмысы туралы Орта және шағын бизнесті қаржыландыру мәселелері



жүктеу 38.45 Kb.
Дата04.05.2019
өлшемі38.45 Kb.
түріБағдарламасы


Ақпарат

Катон-Қарағай ауданы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы филиалының 2015 жыл және 2016 жылдың 4 ай көлемінде атқарған жұмысы туралы
Орта және шағын бизнесті қаржыландыру мәселелері:

Ауылдық аймақтарда қойылатын кепілдеме мәсіелесі; субсидияның уақытылы төленбейтіні; құжаттардың көптігі және қарастыру уақытының ұзақтығы (несие беру туралы шешім ұзақ уақытқа созылады жарты жылдан бір жылға дейін); «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша міндетті 10 % -дық салым талабы; ауылды жерлердегі жобаларды қаржыландырудың жеткіліксіздігі. Мал шаруашылығы жобаларын несиелендіру бойынша негізгі қарыз төлеу уақытымен сыйақы төлеу жеңілдік кезеңін 24 айға дейін созу туралы мәселені қарастыру.



Туризм бойынша:

Туризм инфрақұрылымы дамымауы, оның ішінде туристік нысандарға апаратын жол мәселесі, ауданның туристік ресурстары туралы қажетті жарнаманың болмауы, туризм саласын қолдау үшін қаражаттың шектеулі бөлінетіндігі, өз үлесі және инвестиция көздері тапшы болып келеді.


Негізгі бағыттары:

  1. Әкімшілік кедергілер және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау -

2015 жыл көлемінде Катон-Қарағай аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалына бизнесті қорғау бойынша 8 шағым түсті, оның 8-де шешілді. 2016 жылдың 1 тоқсанында – 1 шағым түсіп, оң шешімін тапты.

Катон-Қарағай аудандық прокуратурасымен тығыз және жемісті жұмыс жалғасуда. Есепті кезеңде аудан прокурорының қатысуымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша 16 кеңес өткізілді, бизнес субъектілеріне қатысты 21 сұрақ қаралып, оң шешімін тапты.

Аудандық кәсіпкерлер палатасының атқарылған жұмысының көрсеткіші ретінде төменгідей мысал келтіруге болады:

ЖК Р.Нургалиев – аудандық кәсіпкерлер палатасының көмегімен ШҚО Мемлекеттік сәулеттік-құрылыстық бақылау басқармасынан рұқсат қағазын алды, ЖК М.Сабитовтың өтініші бойынша – аудандық кәсіпкерлер палатасының көмегімен салық басқармасымен жүктелген соманың қайта қаралуына қол жеткізді. Тағы атқарылған жұмыстардың ішінде әкімшілік кедергіні төмендету мысалы ретінде, «Катон-Қарағай аудандық кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария» ММ-сі субсидиялау бойынша құжаттарды қабылдау барысында ауылдық округ әкімшіліктермен егіс алқабтары туралы сұратқан анықтама. 2015 жылы ҚР Үкіметімен бекітілген Қаулы тізімінде ондай анықтама жоқ болғаны белгілі болды. Жергілікті әкімшілік кедергі жойылды.

Аудан бойынша – 2911 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, осының ішінде 104 заңды тұлғалар шағын және орта бизнес субъектілері, жеке кәсіпкерлер - 1246, шаруа қожалықтары - 1561.

Аудан бойынша екі ауылшаруашылық кооперативі ашылып, мемлекеттік тіркеуден өтті. «Тайшы» - 11 шаруа қожалықтарынан құралған ірі қара мал өсіру бойынша, «Нектар Катон-Карагая» ара шаруашылығы бойынша.



Кәсіпкерлікті қолдау орталығы – консультациялық қызметтер: бизнесті құру және жұмыс жасап тұрған бизнесті тиімді жүргізу бойынша кеңестер, қаржылық және құқықтық кеңестер, сыртқы рынокта бизнесті жүргізу бойынша кеңестер

  • Жеткізушілер мен тұтынушы кәсіпорындарының ақпараттық базасын құру

  • Маркетингтік зертеулер

  • Жұмыс жасап жатқан және әлеуетті кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы негізгі функциялар және бизнесті басқару бойынша курстар, тренингтер, семинарлар жүргізу.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жұмыс жасап жатқан және бастаушы кәсіпкерлердің ақпараттық-кеңестік қызметтерге және оқуға деген үлкен сұранысы байқалуда. Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау инфрақұрылымының елдегі субъектілерінің бәрі (КҚО, бизнес-орталықтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, бизнес-қауымдастықтар және басқалар) коммерциялық негізде қызметтер көрсетеді. Аталған қызметтер бөлшектелген сипатта көрсетіледі, олардың стандарттары бірыңғай емес, әрі сапасы да әртүрлі. Бұл орайда олар бағасы жағынан кәсіпкерлердің көпшілігінің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың қалтасына шақ келмейді.

Бизнесті жүргізуде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау инфрақұрылымының маңызы зор. Сонымен қатар аталған инфрақұрылымды дамыту кәсіпкерлер мен мелекеттік органдар арасындағы тиімді диалогтың құрылуына да жақсы әсерін береді.



.

КҚО келесі қызмет түрлерін тегін көрсетеді:

  • Салық салу саласындағы кеңестер, оның ішінде салық салу жүйесіндегі жеңілдетілген салықтық декларацияларды дайындау және толтыру

  • Бизнес-жоспар даярлау бойынша кеңестер және банкке қаржыландыруға дайындалатын құжаттар бойынша кеңестер

  • Бизнесті тіркеу бойынша кеңестер

  • Маркетинг саласындағы кеңестер

  • Білім саласындағы қолдау бағдарламалары бойынша жұмыс жасап жатқан және әлеуетті кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы негізгі функциялар және бизнесті басқару бойынша курстар, тренингтер, семинарлар жүргізу

  • Кәсіпкерлерге ақпараттық қызмет көрсету (шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары және т.б.).

2016 жыл көлемінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша – 161 адамға 279 кеңес берілді, заңды сұрақтар бойынша – 44 кәсіпкерге 54 кеңес, бухгалтерлік есеп бойынша 15 кәсіпкерге 22 кеңес берілді.

Бизнес жүргізуінің негіздерін тегін оқытуы - «Бизнес Советник» жобасының басты мақсаты, өйткені кәсіпкерлік потенциалды дамыту және кәсіпкерлік қызметінің қалыптасуына көмек көрсету - ең басты мемлекеттік міндет болып келеді.
Тренингінің барлық тыңдаушылардың саны - 61 адам болды.


Кәсіпкерлікті қолдау орталығының мекен-жайы:
Үлкен Нарын ауылы, Абая, 2 А көшесі.

тел. 8(72341)21405

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет