Ақпарат өнеркәсіп. 015 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 849,9 млн теңгені



жүктеу 50.15 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі50.15 Kb.


2015 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

АҚПАРАТ
Өнеркәсіп.

2015 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 849,9 млн. теңгені құрады (2014 жылы -2 903,2 млн. теңге ), немесе өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға кем.

Өнеркәсіп өнім көлемінің табиғи индексі - 96,8 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы.

2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 16 297,8 млн.теңгені құрады (2014 жылы – 16 009,6 млн. теңге), былтырғы жылға 101,8 пайыз, табиғи көлем индексі 98,4 пайыз.

- мал шаруашылығының жалпы өнімі- 9736,5 млн. теңге, (2014 жылы – 10438,5 млн. теңге) немесе 93,3%, табиғи көлем индексі 101,6%.

- өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі - 6561,3 млн. тенге, (2014 жылы – 5571,1 млн. тенге) немесе 117,8%, табиғи көлем индексі 92,6%.

2015 жылы 11,4 мың тонна ет өндірілді (өсім 102%), сүт – 46,8 мың тонна (өсім 101,2%), жұмыртқа – 8,969 млн. дана (100,3%).

Статистика басқармасының есептік жолмен алынған мәліметтеріне сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарына мал басы төмендегідей: ірі қара 37,9 мың бас (9 пайызға азайған), қой мен ешкі – 70,8 мың бас (10% азайған), жылқы– 25,4 мың бас (өсім 101,9%), құс – 69,56 мың бас (100%).

2013-2015 жылдары «Аграрная кредитная корпорация» АҚ арқылы «Сыбаға», «Алтын Асық», «Құлан» бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде 94,7 млн. теңге бөлініп, игерілді, 64 бас ірі қара, 217 жылқы, 435 бас қой сатып алынды.

2015 жылы мал шаруашылығын дамытуға «Катон-Карагай» несиелік серіктестігі арқылы ауданның 20 шаруашылығы 60 млн. теңге, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 51,1 млн. теңге, «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 12,4 млн.теңге, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге «Егінжай» бағдарламасы арқылы 39,8 млн.теңге несие алынды. «Агробизнес - 2020» бағдарламасы аясында ауданның 9 шаруашылығы 19 млн. теңге инвестсубсидия алды.

Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру жұмысы жалғастырылып, аудан бойынша 216 ұсақ шаруа қожалықтары 27 ірі ауылшаруашылық құрылымдарының құрамына кіріп, қарапайым серіктіктестік негізінде жұмыс атқарып келеді.

2015 жылы облыс орталығында 9,2 млн теңгенің тауарлары саудаланған 3 ауыл шаруашылық жәрмеңкелер өткізілді. Ауданның шаруашылықтары 5 -Халықаралық бал фестивалінде, Катонқарағай ауданының Өскемен қаласындағы күндері аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеде де белсенділік танытты. Осындай 12 жәрмеңкелер Катонқарағай ауданында ұйымдастырылды.

Ауданның мал шаруашылығындағы бетке ұстар салалары - марал мен ара шаруашылықтарын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Дамир» шаруа қожалығы (басшысы Қалихан Дамир) Ресей мемлекетінен 40 бас марал әкеліп, маралдың қанын жаңарту жұмысын қолға алды. «Вет МТ ОСТ» ЖШС-і де облыстың басқа аймақтарынан 45 бас марал әкелді. Статистика басқармасына түскен мәліметтерге сай бүгінгі күні ауданда 21,0 мың ара ұялары тіркеліп, олардың саны 2014 жылмен салыстырғанда 29,9 пайызға өсті.

Өсімдік шаруашылығы. 2015 жылы егістік алқабы 75,8 мың га құрады, соның ішінде 17,1 мың га – дәнді дақылдар, 21,2 майлы дақылдар.

Дәнді дақылдардың жалпы өнімі -22,9 мың тонна, күнбағыс- 17,9 мың тонна, картоп-23,4 мың тонна, жеміс- 5,2 мың тонна.

Дәнді дақылдардың орташа түсімділігі- 14,5 ц/га, майлы дақылдар - 9 ц/га, картоп- 168 ц/га, жеміс - 257 ц/га.

2014 жылы «Казагрофинанс» АҚ арқылы 256 млн. теңгеге 46 бірлік техника сатып алынса, 2015 жылы 328,2 млн. теңгеге 42 бірлік техника сатып алынды.

Шағын бизнес. Аудан бойынша тіркелген шағын бизнес кәсіпорындары 139 бірлікті құрады немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 97,2 пайыз (2014 жылы -143 бірлік), соның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 106 бірлік немесе 96,4 пайыз (2014 жылы -110 бірлік), белсенді – 85 бірлік немесе 83,3 пайыз (2014 жылы-102 бірлік ).

Бөлшек сауда тауар айналымы, 2015 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 3244,2 млн. теңгені құрады, 2014 жылмен салыстырғанда 112,7 пайыз. Табиғи көлем индексі – 106,8 пайыз.

Инвестициялар. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2 556,4 млн. теңге (2014 жылы - 2 924,1 млн. теңге), немесе өткен жылмен салыстырғанда 87,4 пайыз. Табиғи көлем индексі 85,1 пайыз.

2015 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 2629,5 млн.теңгені құрады,2014 жылға қарағанда 107,8%. Табиғи көлем индексі 105,9%.



Тұрғын үйлерді қолданысқа беру, 2015 жылы жалпы көлемі 2005 шаршы метрді құрайтын 6 үй, немесе 2014 жылмен салыстырғанда 148 пайыз (2014 жылы -1355 ш.м.)

Мемлекеттік бюджетке түсім, 2015 жылы 673,4 млн. теңгені құрады (2014 жылы – 628,6 млн. теңге), немесе жоспарға 107,3 %, былтырғы жылмен салыстырғанда – 107,1%.

2015 жылғы аудан бюджетінің өздік кіріс бөлігі толығымен орындалып, бюджетке 568 млн.теңге түсті немесе жоспарға 102,7 пайыз, былтырғы жылға – 106,2 пайыз.

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 4 310,9 млн. теңгеге орындалды немесе 99,8%, (2014 жылы – 4391,2 млн.теңге немесе 100%).

Еңбек нарығы және әлеуметтік көмек. Еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 80 адамды құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 111,1%.

1322 жұмыс орны агылды немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 101,1 пайызға артық. Жұмысқа орналасу мәселесімен 457 адам жүгінді, оның жұмысқа орналастырылғаны-385 немесе 84,2 пайыз. Мемлекеттік жәрдемақы 5,2 млн. теңгеге 180 алушыға, тұрғын үй көмегі 1,2 млн. теңгеге 80 алушыға, балалар жәрдемақысы 17,7 млн. теңгеге 911 балаға төленді.

Білім беру. Ауданда 44 мектеп, 3 мектеп жанындағы интернат, 36 миницентр, 9 балабақша, 2 музыкалық мектеп, 1 жас туристер станциясы, 1 шығармашылық үй, 1 балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі (ДЮСШ), коррекциялық кабинет және агротехникалық колледж бар.

Мектептерде 827 мұғалім еңбек етеді, оқушылар контингенті 3796 бала.

2015 жылы Үлкен нарын ауылында жалпы құны 163,0 млн. теңге денешынықтыру сауықтыру кешені қолданысқа берілді, жалпы құны 928 млн. теңге 500 орындық Қ. Дамитов атындағы орта мектебінің құрылысы аяқталды, 118 млн. теңгеге 6 білім ордасында күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізілді.

Денсаулық сақтау. Тұрғындарға медициналық көмекті орталық аудандық аурухана, ауданаралық аурухана , 6 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшер-акушерских және 35 медициналық пункттер көрсетеді.

2015 жылы 304 нәресте туды, 2014 жыл мен салысьтырғанда 44 балаға кем. 323 адам қайтыс болды, былтырғы жылдан 4 адамға артық.

2015 жылы 1 нәресте өлімі тіркелді, 2014 жылы – 4 бала шетінеген.

Ана өлімі тіркелген жоқ.

Туберкулезбен ауырғандар саны – 7 адам, былтыр -9 адам.

Туберкулезден қайтыс болғандар тіркелген жоқ.



Қылмыс бойынша, 2015 жылы 178 қылмыс жасалды, былтырғы жылға 106 пайыз. Ауыр қылмыстар саны -14, 2014 жылы тіркелгені – 9 немесе 155,6 пайыз. Ауыр қылмыстарды ашу пайызы -85,7 пайыз, былтыр 80 пайыз болған.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж. Большманова


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет