«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі есеп»



жүктеу 2.89 Mb.
бет11/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.89 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Орындалуда (жыл сайын)

Ақмола облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес ең тиімді басқару механизмі ЕСК «Оқжетпес», «Алмаз» санаторийі, «Rixos», «Парк Отель Кокшетау», «Айнаколь» отельдері, ЕСК «TERRASSA PARK», «ParkHouseKokshetau», «Самал», «Жолымбет», «Амегатур», Круиз», «Мурагер», «Яна», «СК-Тур», «LeaderTravelagency», «Глобус», «Золотой бор» турфирмалары және т.б. сияқты шипажайларда енгізіліп қолданылады. Облыстың туристік нысандары «Shelter», «Simple Order» басқару жүйесін келесі мақсаттарда қолданады: брондау және орналастыру қызметтерін автоматтандыру, ішкі ресурстарды басқару, қонақтар мен тұтынушылар үшін қолма-қол ақшасыз төлемдердің бірыңғай жүйесін қолдау, ағымдағы қызметін автоматтандыру, қонақтардың ақпараттар базасын жүргізу.

Атырау облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес Облыстың туристік әлеуетін насихаттау, жаңа туристік маршруттарды анықтау мақсатында туристік операторлар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін маусым айында Жылыой және Индер аудандарының туристік объектілеріне ақпараттық турлар ұйымдастырылып өткізілді.

Облыстың туристік имиджін қалыптастыру мақсатында жарнамалық –ақпараттық материалдар мен облыстың туристік картасы әзірленді. Бұл материалдар халықаралық және қазақстандық туристік көрмелерде таратылуда. Сонымен қатар, облыстың тарихи –мәдени, көрнекі орындары туралы бірнеше тілді туристік каталог әзірленді. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес өңірдің қонақ үйлерінде арнайы халықаралық «Опера» жүйесі істейді, оның көмегімен брондау, бақылау, бөлмелердің толу есебі және басқа да ішкі жұмыстары, сондай-ақ «МС» тауар тіркеу жүйесі қызмет жасайды. Қарағанды облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес облыстың туризм нысандарында, оның ішінде негізінен Қарағанды және Теміртау сияқты ірі қалаларында әкімшілік-шаруашылық қызметті тіркеу және ішкі үрдістерді басқару ішінара автоматтандырылған. Қызылорда облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес орналастыру орындарында ішкі процесстерді басқаруды автоматтандыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес бухгалтерлік пен әкімшілік қызмет Word, Excel, 1С бухгалтерия арқылы жүзеге асырылады. Алматы облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес Алматы қаласының 4 жұлдызды (24 дана) және 5 жұлдызды (6 дана) қонақ үйлерінде ішкі үрдістерді басқару, тіркеу және әкімшілік-шаруашылық қызмет автоматтандырылған және халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген. Ішкі үрдістерді басқаруға OperaPMS, MICROSSystems, AmadeusPMS және 1С бухгалтерия бағдарламалары қолданылады. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Интернет-ресурстарды қоса алғанда, БАҚ-та өнерлердегі туризм объектілері туралы кеңінен жария ету бойынша БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы аймақтың туристік әлеуеті туралы әртүрлі полиграфиялық жарнамалық өнімдер мен жарнамалық роликтер дайындайды. Павлодар облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес Павлодар қ. қонақ үйлерінде басқарманың, есеп және әкімшілік шаруашылық қызметтің ішкі үрдістері компьютерлік техника мен интернет-ресурстар арқылы автоматтандырылған. Солтүстік-Қазақстан облысы әкімдігінің Қазіргі уақытта «Қызылжар», «Алтын Адам», «Скиф» «Greenwich» ірі қонақ-үйлерінде ішкі процестерінің автоматтандырылуы өткізілді.



229

Мемлекеттік-жекешілік әріптестік шеңберінде туризм саласындағы сервистер мен көрсетілген қызметтерге қол жеткізу деңгейін арттыру үшін мобильді қосымшалар әзірлеу







есеп

ИДМ

жыл сайын 4-тоқсан

қаржыландыру талап етілмейді







Орындалуда (жыл сайын)

Ақмола облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес қазіргі таңда келіссөздер жүргізілген және GOTravel (Kazakhstan) жобасын ұсынатын компаниямен бірге өңірдің туристік әлеуеті туралы кеңейтілген бөлімді әзірлеу жүргізіліп жатыр.

Алматы облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес туристік навигация жүйесінің жобасы әзірленген. Жоба қалалардағы, МҰТП, автомагистральдарда және басқа да туристік орындары туристік навигацияның көптілді жүйесін қарастырады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік ақпаратына сәйкес «BNB» компаниясы мобильдік үстеме шығарып TOUREAST.KZ онлайн сатылым мен төлем мүмкіндігі бар қосымшасы жұмыс жасайды.

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес «BNB» компаниясы GOTravel (Kazakhstan) Қазақстан Республикасы үшін туристік, мобильдік қосымша әзірлеуде, соның ішінде Қарағанды облысы бар.

Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес 2016 жылы облыстың барлық туристік нысандары орналастырылған «ON Guide» мобильдік қосымшасы

Астана қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес http://welcometoastana.kz Астана қаласының ресми туристік интернет –порталы және Astana Guide мобильдік қосымшасы әзірленген. Интернет-портал қаланың туристік әлеуеті туралы ақпаратты ұсынады және орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жұмыс жасайды.

Алматы қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында Appreal компаниясымен бірге туристер үшін «TopTripTip Алматы» мобильдік қосымшасы әзірленіп жатыр. Мобильдік қосымшаның негізгі мақсаты туристер үшін ақпаратты біріктіру болып табылады.

Павлодар облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес Сервисті жақсарту үшін туристерге арналған тегін шұғыл желі іске асырылды +7(7182) 777 333, ол жерде кез келген телефон шалушы облыстың туристік әлеуеті туралы ақпарат ала алады (алдағы «Астана «ЭКСПО-2017» көрмесі, орналасу орындары, облыс маршруттар, қызықты жерлер туралы).


4. Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту

Мәдениет саласындағы АКТ-ны дамыту

Мақсат: Азаматтардың мәдениет мекемелерінің объектілері мен материалдарына қолжетімділігін кеңейту

Нысаналы индикатор 64: «Мәдени мұра» жобалары туралы халықтың хабардар болу деңгейі 2017 жылы – 82 %-ды құрайды


%

МСМ




МСМ










80,4







Мәдени кеңiстiктi дамытудың реттеуші функциялары жағында жұмыстар жүргізілді:

жобалар туралы халықты хабардар етуге тұрақты мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді, сондай-ақ интернет порталда жобаны құру, сүйемелдеу және бірге алып жүру жұмыстарын жүргізуде сапаны бақылау;

Археологияның, тарих және мәдениеттің, археологиялық қазбалардың бірегей ескерткіштері туралы барлық мәліметтер іздеуге оңай форматта «Мәдени мұра – Культурное наследие» (www.madenimura.kz) ақпараттық порталына орналастырылған.

230

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы туралы ақпараттық-танымдық веб-порталдарды контентпен толтыру







орындалған жұмыстар актісі

МСМ

жыл сайын 4-тоқсан

8 636

2820

1993,6

РБ

001.104

Орындалуда (жыл сайын)

ҚР Мәдениет және спорт министрілігімен арадағы 2016 жылғы 28 наурыздағы № 165 келісімшарт негізінде «Жасыл Орда» ЖШС 2016 ж. «Мәдени мұра» веб-порталын контентпен толтыру және оны техникалық сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетті. Келісімшарт бойынша веб-порталдың жұмысын қамтамасыз етуге 1993,6 мың теңге қаржы бөлінді.

Серіктестік порталда тарихи-мәдени мұра, өнер және мәдениет тақырыбындағы мақалалар мен жаңалықтар (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) жариялады.

Жаңалықтардың қатарында «Жидебай-Бөрілі», «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайларында және басқа да тарихи-мәденимұраны сақтау және қорғау ұйымдарында өткізілген мәжілістер туралы хабарлар, сондай-ақ, Ақтөбе облысы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті Сақ қорғандары бірегей археологиялық олжалар жайлы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы археологиялық қазбалар, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының Шыңғыстаудағы ғылыми-зерттеу экспедициясының өткізілгені, Жамбыл облысының тарихи және мәдени ескерткіштеріне ғылыми - қалпына келтіру жұмыстары туралы жаңалықтар мен мақалалар бар.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен шаралар, атап айтқанда, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының Грекия мемлекетінің астанасы Афины қаласына жасаған гастрольдік сапары, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінде өткізілген «Тәуелсіздік–тұғырым, Қазақ хандығы-ғұмырым» атты мәдени-көпшілік іс-шара, ҚР Ұлттық кітапханасының Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайымен бірігіп өткізген «Шежірелі отырар» жылжымалы көрмесі, ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде өткен «Қазақ көтерілістері. Азаттық мұраты», «Адамзаттың Абайы» атты көрмелері, ҚР Ұлттық музейінің өткізген фотокөрмесінің ашылуы туралы жаңалықтар мен мақалалар жарияланды.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық музейі ұйымдастырған ел ішіндегі мәдени тур туралы, Шығыс Қазақстанда өткізілген Қазақстанның суретшілері симпозиумы, «Астана Опера» гастрольдері және өзге де елімізбен, шетелде ұйымдастырылған шығармашылық ұйымдардың кештері, Ұлттық Хореография академиясының салтанатты ашылу рәсімі, және т.б. жаңалықтар орналастырылды.

Сонымен бірге, веб-порталда Б. Эйфман атындағы Санкт-Петербург академиялық балет театрының елімізге жасаған гастрольдік сапары, «Астана Опера» театрының Камералық залында өткен композитор әрі дирижер В. Соболевтің (Санкт-Петербор, Ресей) «Абай тақырыбына экспромт» атты музыкалық пьесасының әлемдік тұсаукесері сияқты шетелдік өнер ұжымдарының елімізде өткізген мәдени шараларына қатысты мәліметтер жарияланды.

Сонымен бірге, порталдан еліміздегі кино саласының жеткен жетістіктері туралы ақпаратты, атап айтқанда Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «Құнанбай» фильмінің Уфа қаласында (Башқұртстан) өткен «Күміс Ақбозат» атты ІІІ Халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалінде Әмір Әбдіразақов атындағы «Ұлттық рух» жүлдесімен марапатталуы, Францияда дүние жүзіне әйгілі XXIV Ресейлік кино фестивалі аясында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың өмір жолына арналған С. Снежкиннің «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің көрсетілімінің өтуі туралы ақпарат бар.

Сонымен қатар, порталда Моцарттың, А. Құнанбаевтың, И. Есенберлиннің, Ж. Жабаевтың, С. Калмыковтың, С. Нарыновтың, Қ. Мұхамедхановтың және басқа да атақты тұлғалардың мерейтойлары мен шығармашылығына қатысты, Министрліктің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жүргізіп жатқан дайындығы бойынша жаңалықтар жарияланды.


Нысаналы индикатор 65: «Қазақстан кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» ақпараттық жүйесіне кіру 2017 жылы – 55 мың бірлікті құрайды

мың бірлік

МСМ




МСМ







101







«Қазақстан кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» ақпараттық жүйесіне кіру үшін апталық мониторингтің жүйесі жүргізілуді.

Жүйенің тоқтаусыз жұмысты жүргізу үшін кітапхана қорының автоматты сақтық көшірмелеу жүргізіледі.

231

«Қазақстан кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қорын контентпен толтыру







орындалған жұмыстар актісі

МСМ

жыл сайын 4-тоқсан

91 402

91402

91 402

РБ

015

Орындалуда (жыл сайын)

Ұлттық электронды кітапхананың 2016 жылдың қорытындысы бойынша қатысушылар саны - 100 мыңнан астам адам. Сонымен қатар, жүйені 120 мемлекеттен келушілер қолданды.

Ұлттық электронды қорды толтыруға, 2016 жылы қортынды бойынша цифрлік формат – 8 мыңнан астам бірл. құрайды.

Жалпы электрондық қор 2016 жылы бойынша 30,3 мыңнан астам құрайды.

2016 жылы 91,4 млн. теңге жоспарланып, игерілген.


237

«Электрондық құжаттар мұрағатының бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесін жасау, оның ішінде құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты қорының құжаттарын автоматтандырылған есепке алудың бірыңғай жүйесін жасау







өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі

МСМ

2015 – 2017 жылғы 4-тоқсан

949 449

0

0

РБ




Орындалуда (жыл сайын 2015 жылдан 2017 жылға дейін)

«Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты» ақпараттық жүйесінің Техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамымен келісілді.

Осыған орай, Республикалық бюджеттік комиссиямен 1,661 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді (2016 жылға – 554,6 млн. теңге, 2017 жылға – 497,7 млн. теңге, 2018 жылға – 609,5 млн. теңге).

Алайда, Республикалық бюджеттің шығыстар бөлігін оңтайландыруға байланысты Республикалық бюджеттік комиссияның 2015 жылғы 17 ақпандағы № 2 хаттамалық шешімімен Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты ақпараттық жүйесін әзірлеуді қаржыландыру мәселесі алынып тасталды (хаттаманың 2.2 - тармағы).



Отандық БАҚ-ты жаңғырту

Мақсат: отандық бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының сапасын арттыру

Нысаналы индикатор 66: Ұлттық спутниктік желі абоненттерінің саны – 2020 жылы 500 мың абонент


мыңабонент

АКМ




ИДМ










1 236







2011 жылы 18 қаңтарда телерадио хабарлаудың спутниктік Ұлттық жүйесі қолдансықа еңгізілді: DVB-S2, MPEG-4 «OTAU-TV» телерадио хабар таратудың спутниктік желісі тұрғындарды 41 отандық телерадиоарнамен тегін қамтамасыз етті

«OTAU-TV» спутниктік Ұлттық жүйесін қолданушылар саны 2016 жылдың 31 желтоқсанында 1 236 048 абонентке жетті.



Нысаналы индикатор 67: Ел аумағында қолжетімді отандық телеарналар – 2017 жылы 45


бірлік

АКМ




ИДМ










Телерадиотарату спутниктік желісі халыққа 41 отандық телерадиоканалдарға тегін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.







23.02.2016ж. №213 «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы» ҚР уәкілдік берілген органы Бұйрығымен бекітілген еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізіміне сәйкес.

238

Спутниктік ресурсты жалға алу және аналогтік, цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде мемлекеттік және мемлекеттік емес теле-, радиоарналарды тарату








орындалған жұмыстар актісі

ИДМ, «Қазтелерадио» АҚ (келісім бойынша)

2013 – 2017 жылғы 4-тоқсан

4 875 507

3 891 395

3 891 395

РБ

003-100

Орындалуда (жыл сайын 2017 жылға дейін)

Ұлттық спутниктік телерадио хабарларын тарату желісінде теле-, радиоарналарды таратуды қамтамасыз ету мақсатында, Қоғам 36 МГц ресурсы бойынша «KazSat-3» спутнигінің В4, В6 және В10 транспондерін және 54 МГц ресурсы бойынша «KazSat-2» спутнигінің Т09 және Т015 транспондерін жалға алады.

Бұл ретте, Ұлттық спутниктік телерадиохабарларын тарату желісінде мемлекеттік республикалық және облыстық теле-, радиоарналарды тарату үшін «Kazsat-290 ҒА МГц спутниктік ресурс пайдаланылады, тікелей спутниктік хабар тарату желісінде еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды тарату үшін - «Kazsat-3» ҒА. 47,5 МГц, цифрлық эфирлік хабар тарату желісінде теле-, радиоарналарды жерсеріктік таратуды резервтеу үшін - 17,1 МГц.

Спутниктік телерадио хабарларын тарату.

2011 жылғы18 қаңтарда республика тұрғындарына 41 қазақстандық және еркін қолжетімді көрсетіліммен аймақтық теле-, радиоарналарды жаппай тегін қабылдауға алғаш рет мүмкіндік берген DVB-S2, MPEG-4 «OTAU-TV» стандартындағы Спутниктік теларадиохабарларын таратудың ұлттық желісі пайдалануға енгізілді, 2016 жылдың 31 желтоқсандағы нәтижесі бойынша «OTAU-TV» Спутниккік жерсеріктік телерадиохабарларын таратудың тікелей желісін пайдаланушылар саны 1 236 048 қосылуды құрайды.

Аналогтық эфирлік телерадио хабарларын тарату.

Қазіргі таңда республикалық деңгейде телевизия және радиохабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің мемлекеттік тапсырмасын іске асыратын телевизиялық және радиохабарларын трансляциялаудың республикалық аналогтық желісі телевизиялық және радиохабарлар бағдарламаларымен республика тұрғындарын келесі қамтулармен қамтамасыз етеді:

- «Қазақстан» телевидениесінің бағдарламасымен - 98,73 %;

- «Хабар» телевидениесінің бағдарламасымен - 97,25 %;

- «Хабар 24» телевидениесінің бағдарламасымен - 89,41%;

- «Евразия бірінші арнасы» телевидениесінің бағдарламасымен - 84,51 %;

- «Қазақ радиосының» бірінші бағдарламасымен– 88,74 %;

- «Шалқар» радиосы бағдарламасымен -62,04 %.

Бұдан басқа, Қоғам республикалық және аймақтық теле-, радиоарналарды таратуды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында телевизиялық хабар таратуларды цифрлық стандартқа ауыстыру жоспарына байланысты, соңғы бірнеше жыл ішінде аналогтық хабар таратулар кеңейтілмеуде.


239

Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу








ИДМ-ге ақпарат

«Қазтелерадио» АҚ (келісім бойынша)

2013 – 2017 жылғы 4-тоқсан

9 297 072

9 297 072

9 297 072

РБ

004

Орындалуда (жыл сайын 2017 жылға дейін)

2015-2012 жылдар мерзімінде өткізілген мемлекеттік сарап негізінде ТЭН 356 РТС-тық (Астана, Алматы, Жезқазған, Жанаөзен қалалары, оюлыстық орталықтарда, Манғыстау облысы бойынша, сонымен қатар Алматы, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының шекаралас райондарында), оның ішінде 20 РТС «Казтелерадио» АҚ-ның өз есебінен құрылуы және жаһандануы қамтамасыз етілген.

Қорытындылай, 2016 жылы 356 РТС-тың жалпы саның есептей, ЦЭТХТ халықты қамту 77,5% немесе 12,4 млн.адам құрады. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуда облыстық орналықтар деңгейінде және Астана, Алматы қаларында 30 телеканалдарға дейін, район орталықтарында және ауылды мекендерде 15 телеканалдарға дейін қарастырылды.


Нысаналы индикатор 68: Қазақстандық телевизия арналарын тарату географиясын 2017 жылы 100 шет елге дейін кеңейту


бірлік

АКМ




ИДМ










118







«Kazakh TV» - Қазақстан Рсепубликасының бірінші ұлттық спутниктік телевизялық каналы. Ірі спутникалық телевизялық операторлармен ыңтымақтастық – Eutelsat (HotBird 13B, Eutelsat 36B), GlobeCast (Galaxy 19) и RRMedia (AsiaSat 5) – канал өз сигналын дүние жүзінің 118 елдеріне таратады, 5,1 млрд. адамдай тұрақты көрермендерімен, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралиялық және Мұхиттық, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдерін қоса алғанда.


240

Қазақстанның медиа қоғамдастығы өкілдерінің халықаралық көрмелерге, форумдарға, конференциялар мен сыйлықтар алуға, конкурстарға белсенді қатысуын қамтамасыз ету








есеп

ИДМ, «Хабар» агенттігі» АҚ (келісім бойынша), «Қазақстан» РТРК» АҚ (келісім бойынша), «Казахстанская правда» РГ» АҚ (келісім бойынша), «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын 4-тоқсан

қаржыландыру талап етілмейді







Орындалуда (жыл сайын)

2016 жылы І тоқсанда 2016 жылғы 09 наурыздан 12 наурызға дейінгі кезеңде «Хабар» арнасы бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері – Ринат Думанұлы Кертаев Түркітілдес халықтар ынтымақтастығы кеңесінің Ақпарат және БАҚ мәселелері жөніндегі V отырысына қатысты. Өткен орны: Ыстамбұл қ. (Түрік Республикасы).

2016 жылы ІІ тоқсанда 2016 жылғы мамырдың 09-нан 18-не дейінгі кезеңде «Хабар» арнасы бағдарламалар өндірісі дирекциясы бағдарламалар өндірісі бөлімінің редакторы Хасан Галимович Ташенов ABU 2-ші Медиа саммитіне қатысты.

2016 жылы ІІІ тоқсанда 2016 жылғы қыркүйектің 8-нен 16-на дейінгі кезеңде Қоғамның техникалық дирекциясы директорының орынбасары – Ирина Александровна Голотовская International Broadcasting Convention – 2016 көрмесіне барды. Өткен орны: Амстердам қ. (Нидерланд).

2016 жылы IV тоқсанда 2016 жылғы 29 қыркүйектен 4 қазанға дейінгі кезеңде Қоғамның Басқарма төрайымы Алмагүл Ауғалиқызы Ахметжанова, Қоғамның «Хабар» арнасының директоры – Сандуғаш Нұрабайқызы Рақымжанова «Алтын көз» халықаралық теле және кино операторлар фестиваліне қатысты. Өткен орны: Батуми қ. (Грузия Республикасы).

2016 жылы қазанның 16-нан 21-не дейінгі кезеңде Қоғамның «Хабар» арнасының директоры – Сандуғаш Нұрабайқызы Рақымжанова, Қоғамның «Хабар» арнасы кинокөрсетілім және дистрибуция бөлімінің басшысы Динара Жаңатайқызы Абакаева, «Хабар» арнасы кинокөрсетілім және дистрибуция бөлімінің халықаралық мәселелер менеджері Дания Әлібекқызы Танақұлова Халықаралық телевидениеге арналған фильмдер мен бағдарламалар өндірушілерінің кинонарығына қатысты.

Өткен орны: Канн қ. (Француз Республикасы).

2016 жылы қазанның 19-нан 22-не дейінгі кезеңде Қоғамның басқарушы директоры Светлана Васильевна Фёдорова Орыс баспасөзінің бүкіләлемдік ассоциациясының конгресіне (ВАРП) қатысты. Өткен орны: Париж қ. (Француз Республикасы).

2016 жылы қазанның 26-нан 28-не дейінгі кезеңде Қоғамның «Хабар» арнасының директоры – Сандуғаш Нұрабайқызы Рақымжанова «СТС Медиа» холдингінің жаңа маусымының ашылу презентациясына қатысты.

Өткен орны: Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы).

2016 жылы қарашаның 02-нен 04-не дейінгі кезеңде Алматы филиалы "Kazakh TV" арнасының бас редакторы - Жанна Мухитовна Синельникова Орыс әлемінің Х ассамблеясының жұмысына қатысты.

Өткен орны: Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы).

Қарашаның 09-нан 24-не дейінгі кезеңде «Хабар» арнасының бас продюсері Айдос Ракымжанұлы Тұрысбек Астана-Пекин-Далянь-Шэньян-Чанчунь-Харбин-Сиань-Алматы-Астана бағыты бойынша баспасөз турына қатысты.

Қарашаның 15-нен 19-на дейінгі кезеңде «Хабар» арнасының бас режиссері теле, радио-, интернет таралым мен киноөндіріске арналған "NATEXPO" Халықаралық кәсіби жабдықтар мен технологиялар көрмесіне қатысты.

Өткен орны: Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы).

2016 жылы қарашаның 13-нен 17-не дейінгі кезеңде «Kazakh TV» арнасының бас продюсері Айкүміс Сәулетқызы Сексенбаева және «Хабар» арнасы халықаралық мәселелер менеджері Анар Ескендірқызы Какимова World Content Market Бүкіләлемдік көрмесіне қатысты.

Өткен орны: Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы).

2016 жылғы қарашаның 14-нен 20-на дейінгі кезеңде «Хабар 24» арнасының директоры Арман Балтабайұлы Сейітмамыт Жаңалық агенттіктерінің бүкіләлемдік конгресіне қатысты.

Өткен орны: Баку қ. (Әзірбайжан Республикасы).

2016 жылғы 29 қарашадан 03 желтоқсанға дейінгі кезеңде интернет жобалар дирекциясының директоры Ирина Петровна Тетерина Digital және жаңа масс-медиа бойынша халықаралық конференцияға және Russia Today, Mail.ru басшылығымен кездесуге қатысты.

Өткен орны: Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет